Кімшілік жауаптылық және әкімшілік жаза және оның түрлері.

Әкімшілік жауаптылық— өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік құқықтық нормаларда қаралған,құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі жеке адамдарға немесе заңды тұлғаларға қолданатын шара. Жалпы негізде әкімшілікке жауаптылыққа тартылу:

1. Ақыл- есі дұрыс, осы кодекс бойынша белгіленген жасқа жеткен жеке адам.

2. Заңды тұлға тартылады.

Ал әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән- жайларға мыналар жатады: қажетті қорғану, аса қажеттілік, негізгі тәуекел, т.б.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау барысында қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы— бұл әкімшілік жаза (44-бап).

Әкімшілік жаза дегеніміз— заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазаның мақсаты Ә.Қ.Б. туралы кодекстің 44- бабының 1-2-3-4 тармақтарында айқындалған. Сондай- ақ, осы Қ.Р. Ә.Қ.Б. туралы кодекстің 45- бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай әкімшілік жазалардың түрлері қолданылады:

1. Ескерту жасау;

2. Әкімшілік айыппұл салу;

3. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп, алып қою.

4. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәлкілеу.

5. Арнаулы құқықтан айыру.

6. Лицензиядан, арнайы рұхсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне, не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру.

7. Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу.

8. Заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрлысты мәжбүрлеп бұзып тастау.

9. Әкімшілік қамауға алу.

10. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қ.Р-ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

Әкімшілік құқығы және оның әдіс-тәсілдері, әкімшілік қатынастар және әкімшілік құқықтық нормалар. Әкімшілік құқығы ұғымы және оның зерттейтін мәселесі. Әкімшілік-құқықтық нормалар және әкімшілік-құқықтық қатынастар Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын: олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:

атқарушы биліктің жұмысты тиімді жасауына жағдайлар туғызу;

атқарушы биліктің демократиялық жолмен оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;азаматтардың, олардың бірлестіктерінің өз құқықтарын іске асыру үіпін басқару саласында жағдайлар туғызу;азаматтар мен қоғамды мемлекет аппараты қызметкерлерінің әкімшілдік өктемдігінен, қиянаттарынан, салақтығынан қорғауды қамтамасыз ету.

Кімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық және оның құқықтық негіздері мен әкімшілік құқығының қайнар көздері.

Әкімшілік құқығындағы әкімшілік құқық қатынастардың негізі бұл әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік жауаптылық мәселелері. Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз- құқыққа қарсы, кінәлі жеке адамның немесе заңды тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс реттейді. Ол бойынша 16 жасқа толған жеке адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшіліктік жазалану.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: обьекті, субьекті, обьективтік және субьективтік жақтардан тұрады. Әкімшілік жауаптылық— өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік құқықтық нормаларда қаралған,құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі жеке адамдарға немесе заңды тұлғаларға қолданатын шара. Жалпы негізде әкімшілікке жауаптылыққа тартылу: Ақыл- есі дұрыс, осы кодекс бойынша белгіленген жасқа жеткен жеке адам. Заңды тұлға тартылады.Ал әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән- жайларға мыналар жатады: қажетті қорғану, аса қажеттілік, негізгі тәуекел, т.б.Әкімшілік құқық бұзушылық жасау барысында қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы— бұл әкімшілік жаза (44-бап). Әкімшілік жаза дегеніміз— заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазаның мақсаты Ә.Қ.Б. туралы кодекстің 44- бабының 1-2-3-4 тармақтарында айқындалған. Сондай- ақ, осы Қ.Р. Ә.Қ.Б. туралы кодекстің 45- бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай әкімшілік жазалардың түрлері қолданылады: Ескерту жасау; Әкімшілік айыппұл салу; Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп, алып қою. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәлкілеу. Арнаулы құқықтан айыру. Лицензиядан, арнайы рұхсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне, не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру. Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу. Заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрлысты мәжбүрлеп бұзып тастау. Әкімшілік қамауға алу. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қ.Р-ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру. Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз— әрбір істің мән- жайын дер кезінде жан- жақты, толық түрде анықтап, істі сотта қарау. Іс жүргізу тәртібі Ә.Қ.Б. туралы кодекстің 579-бабына сәйкес жүзеге асады. Әкімшілік құықық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылар және олардың құқықтары мен міндеттері: іске қатысушылар хаттамасы және істің басқа да материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, хаттаманың мазмұны мен рәсімделуі жөнінде ескертулер жасауға, дәлелдемелер табыс етуге өтініш және қарсылық мәлімдеуге, қорғаушының заң көмегін пайдалануға, іс қаралғанда ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеуге, егер іс жүргізіліп отырған тілді білмесе, аудармашының қызметін пайдалануға, іс жүргізілуді қамтамасыз ету шараларының қолданылуына, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға және іс жөніндегі қаулыға шағымдануға және осы кодексте берілген өзге де іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құқық бұзған, іс жүргізушінің қатысуымен қаралады және басқа негіздер бойынша істерді реттеу осы кодекстің 584- бабына сәйкес реттеледі. Істерді реттеу барысында жеке және заңды тұлғаның өкілдері және оның қорғаушыларының іске қатысуы, жауапқа тартылушының мүддесін қорғауға құқылы. Мұндай негіздер 586-587-588-589- баптардың негізінде жүзеге асады. Әкімшілік құқық бұзушылықты реттеу, іс жүргізу құқығы негізінде жүзеге асады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән жайын дер кезінде, жан- жақты , толық және обьективті анықтау, оны осы кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай- ақ әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуна ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады. Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судьялар мен органдардың іс жүргізу тәртібі осы кодекске сәйкес айқындалады. Ал қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі осы кодекстің ережелерімен және Қ.Р-ның қылмыстық іс жүргізу кодексімен және Қ.Р-ның азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу істі қараудан басталады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мынадай жағдайлар жатады:

1. Уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы.

2. Құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар.

3. Жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары және мәлімдемелері, сондай-ақ Б.А.Қ-ғы хабарламалары.

4. Сертификатталған арнайы бақылау өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздеме болады.

Наши рекомендации