Бәсекелік ортаны қалыптастыру мен монополияға қарсы реттеу.

Постиндустриалды экономикаға көшудің маңызды шарты ретінде бәсекелік ортаны қалыптастыру қажеттілігі. Монополияға қарсы саясат: мазмұны, түрлері, әсер ету әдістері. Заңсыз бәсеке түрлері мен тұтынушы құқығын қорғау. ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы.

Кәсіпкерлік қызметтің түрлі формаларын дамыту мен қолдау. Мемлекет – бәсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлікті ынталандырудың нормативтік-құқықтық аспектілері.

Жұмысбастылық пен халықты әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу.

Жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық мәні, құрылымы мен қағидалары. Еңбек нарығы, субъектілері мен объектілері, реттеу механизмдері. Мемлекеттің жұмысбастылық саясаты. Активті және пассивті модель.

Әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері. Табысты бөлудегі теңсіздік мәселесі. Қазіргі нарықтық экономикадағы әлеуметтік басымдылықтар. Адам капиталын қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі.

Экономикалық өсу мен әлеуметтік саланың дамуының өзара байланысы. Денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттеу

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттеудің мәні мен негізгі бағыттары. Сыртқы сауданың мақсаттары. Еркін сауда саясаты мен протекционизм саясатын салыстырмалы талдау.

Сыртқы сауда мен валюта курсын ырықтандыру. ДСҰ-ға кіруге дайындық жағдайында экспорттық-импорттық реттеу. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізгі құралдары. Тарифтік және тарифтік емес реттеу. Сыртқы экономикалық қызметтің заңдық-құқықтық аспектілері.

Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінің басымдықтары мен келешегі.

Муниципалды менеджмент» пәні

Муниципалды менеджмент ғылыми пән ретінде.

Аймақтық басқару ғылым саласы және ғылыми пән ретінде. ҚР аймақтық басқару реформасы. Муниципалды менеджмент анықтамасы. Муниципалды менеджменттің аймақтық негізі. Ғылыми пән ретіндегі муниципалды менеджменттің пәні мен әдістері. Муниципалды менеджменттің теориялық базасы.

Муниципалды басқарудың даму тарихы

Антикалық дәуірдегі полистік демократия. Ортағасырлық сословиелік мемлекеттің қалалық және ауылдық қауымдастықтары – буржуазиялық муниципализмнің бастамасы. ХІХ ғасырдың муниципалдық реформалары.

Аймақтық басқарудың теориялық негіздері. Еркін қауым теориясы. Жергілікті басқарудың қоғамдық теориясы. Жергілікті басқарудың мемлекеттік теориясы. Муниципалды басқару реализмінің теориясы. Социал-реформисттік муниципалдық концепциялар.

Аймақтық басқарудың негізгі типтері. Жергілікті басқарудың англосаксондық типі. Жергілікті басқарудың француздық моделі. Аймақтық басқарудың германдық типі. Жергілікті басқаруды дамытудағы заманауи үдерістер.

Жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарының өзара қатынасы.

ҚР әкімшілік-аумақтық бөлінісі. ҚР жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың жүйесі. Мәслихаттар – депутаттар жиналысы – облыс, қала, аудан көлеміндегі өзін-өзі басқару формасы. Жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарының функциялары мен құзіреттіліктері. Жергілікті тұрғындарға арналған негізгі міндетті ережелер. Әр деңгейдегі мәслихаттардың ара қатынасы.

Жергілікті әкімшілік басшысы – ҚР Президенті өкілі. Белгілі бір аймақтағы жергілікті әкімшілік басшысы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың функциялары. Жергілікті жердің әр деңгейіндегі әкімшілік басшыларының құзыреттері. Жергілікті әкімшілік басшыларының дара басшылық принципі.

Жергілікті басқару органдарының жұмысындағы жоспарлау.

Қазақстан аймақтарындағы бағдарламалық-мақсаттық жоспарлау. Жергілікті басқару органдарының сәйкес территорияны кешенді және мақсаттық дамыту бағдарламаларын әзірлеуі. Жергілікті әкімшіліктің баланс құруы (қаржылық, халықтың ақшалай табысы, еңбек ресуртары, жер ресурстары және т.б.). Жергілікті басқару органдары қабылдайтын өзге де жоспарлы актілер. Муниципалды органдардың ішкі қызметін ұйымдастыруда жоспарлауды қолдану.

Наши рекомендации