Аяси бейімделудің кезеңдері мен соған байланысты көзқарастар.
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырымдамасының екі тұрпаты бар. Біріншісі----өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу.Бұған Англия АҚШ сияқты ұзақ жылдар бойғы біртіндеп баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірген елдер ажатады.Олар дамудың жоғарғы деңгейіне табиғи түрде жеткен болыпесептеледі.Ал осы жолды кецін өтетін елдерге даму деңгейі, өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушы, “қуалай дамушы” мемлекеттер ретінде қарайды. Басқа елдердің Батыс үлгісін бойына сіңіріп, өзгерту, соған икемдеу жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде бұрынна келе жатқан және кең тарағанының бірі----бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша, дәстүрлік деңгейде елдер ерте ме, кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Оларға соған лайық әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым, саяси жүйе орнайды. Соның нәтижесінде олар да кәзіргі жоғарғы индустриялды жағдайға жетеді, мәдениеті және басқа салалары да өркениетті елдердің даму жолын бұлжытпай қайталайды дейді. Бұл теория бойынша саяси бейімделу алғашында а) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы; б) Батысқа бейімделу “үшінші елдердің” табысты әлеуметтік-экономикалық өсуіне жағдай жасайды және соның салдары болады; в) бұл елдер дамыған Батыс Европа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынастың, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылдаған. 60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша, әр түрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қазіргі капиталистік өмір салтына өту барысына бұл салаларда түрлі ерекшеліктер пайда болды. Сондықтан ғалымдар соған әкелетін себептерді іздестіре бастады. Олар бірқатар жағдайларға байланысты болады.
1. Әр түрлі елдердің жаңа жағдайға көшу, институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес.
2. Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлерді, әлеуметтік-экономикалық құрылымы өзгеше.
3. Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылуы және мәдени ерекшеліктері.Соған орай олар қазіргі тарихи жағдайды, оның әлеуметтік-мәдени мәнін, мазмұнын әр түрлі қабылдайды.
38. Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір
жүйелілік болуы керек дегенді айтады.Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаландырудан бастағанды,екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегімен, төртіншілері елді мекендерді қалаландырудан және т.с.с. бастаған жөн деп санайды.
Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар(Г.Альмонд,Р.Даль,Л.Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтың білім дәрежесіне баса назар аударды. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші роль атқарады. Себебі, солардың арқасында саяси реформалар атқарылады.Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол серіксіз,біртіндеп жасалуға тиіс дейді.
Консерваторлар (С.Ханингтон, Дж. Нельсон,Х.Линдз) бұған керісінше қарайды.Олардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленген, биік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араласатын керегі шамалы.Ол қоғамды саяси дамуға емес, құлдырауға әкеледі.Егер экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш өсу болса, саяси реформа үшін тұрақтылық керек.Сондықтан дейді олар, дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделу үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежейтін заңды, беделді саяси партия,авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Солар ғана билікке саяси басшылық жасай алады, мемлекетте мықты бюрократия қалыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады.Авторитарлық тәртіп әр түрлі кездескендіктен бейімделу де әр түрлі болуы мүмкін деп пайымдайды консерваторлар..
39. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Сыртқы саясатқажеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады.Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі ,және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.
40. жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
Халықаралық қатынастардеп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейдежүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық,әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.Екінші джс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды.80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек.Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда.адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен.Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда.Үшінші үлкен мәселе «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда эконқ артта қалу үрдістерінің күннен күнге артуы.Жаңаша саяси ойлау деп елдің сыртқы,ішкі саясатын белгілеп,жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар мен қазыналарды жоғары қою жүйесін айтады.Жаңаша Ойлау (ЖО) - 1980-ші жылдары ҚСРО-да қайта қүру саясатының негізі болған әлеуметтік-философиялық және моральдық-саяси катергория. Ұғым алғаш рет Рассел - Эйнштейннің"Манифестінде" қолданылған, онда ядролық қару адамзат баласын мәңгілігінен айырғандығы жайлы сөз етілді. С. Горбачев бүл ұғымды 1984 жылы Маргарет Тэтчермен әңгіме барысында қолданып, жаңа әлемдік саясат орнату қажеттігін меңзеді. Алайда, бұл ұғым халықаралық саяси лексиконда Горбачевтың "Қайта құру және біздің еліміз бен элем үшін жаңаша ойлау" еңбегі жарық кәргеннен кейін ғана кеңінен қолданыла бастады. Содан бері саяси ортада, публицистикада және қоғамдық ғылымда бүл ұғымды Горбачевтың іс-әрекетіндегі реформаторлық, бітімгершілік тәсілдерді атауда қолданады
41. Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде
Енді осы жаңа жағдайларға бейімделудегі — Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды мәселесін қарастырайық. Біз өзімізге, өз жерімізге және оның қойнауларына өкім жүргізе алатын тәуелсіз мемлекет боддық. Бірақ мыңдаған жылдар бойы жер қойнауы ашылмай жатты, біздің ата-бабаларымыз жердің үстіңгі қабатын ғана пайдаланды. Біздің ұлттық байлығымыз көпқатпарлы екендігін, оның ең маңыздысы оның қойнауында жатқандығын түсіне бастадық. Алайда қазіргі кезде бұл — менікі, оны мен ешкімге бермеймін принңипімен өмір сүруге болмайды. Бізге жатын алып жақсы өмір туралы аңсауға тағы болмайды. Жер қойнауының табиғи байлықтары шектеулі. Сондықтан қажет болған жағдайда оны алуға болады, бірақ ысырапқа жол берілмеуі керек. Біздің ұлы даламыз қаншалықты кең болса да Қазіргі кездегі каруланған әскерге оны жаулап алу түкке тұрмайтындығын ескергеніміз жөн. Сол себептен Қазақстан үшін өз кауіпсіздігінің халықаралық кепілдігін алу аса маңызды, ал бұл үшін ұлттық байлығымызды басқалармен бөлісу кажет. Белгілі бір кұрлықта өмір сүретін халықтар тағдырының ортақтығы қазіргі кездегі әлемдік шаруашылық қатынастарының қаншалықты дамығандығының өзінде тарихи және дөстүрлі тұрғыда қалыптасқан саяси басымдықтарды анықтауда құндылықтарға ие қауымдастық болып табылады.Еуропа бірлестігі, Еуразиялық кауымдастық, Азия-Тынық мұхит аймағы, Африка мемлекеттерінің ұйымы, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері мүдделерінің бірлігі тәрізді аймақтық ұлттық әлемнің көпполюсті моделінің қалыптасуында ерекше мәнге ие болуы мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық идеясы — өте жемісті және перспективалы идея. Ел басшылығының негізгі сыртқы саяси мәселесі — Қазақстан Республикасын әлемдік қауымдастықка бейбітшілікті жақтаушы және тату көрші мемлекет ретінде интеграциялауға ұмтылу. Қазіргі халықаралық қатынастарға айтарлықтай ықпал тигізетін фактор мемлекеттердің милитарлануы болып саналады. Олардың бюджетінің көп бөлігі әскери шығындарға жүмсалынады. Кең көлемдегі қару-жарақ өндірісі жолға қойылып, заңды және заңсыз қару-жарақ саудасы дамиды және қызмет етеді. Кару-жарақ шығару мен сату көптеген елдер бюджетінің басты кіріс көзі болып саналады. Байқалып отырған милитаризм саяси мәдениетке елеулі ықпалын тигізеді. Адамзат зорлық-зомбылыққа, қару қолдануға бейім тұрады. Халықаралық келісімдерде келісім жүргізуші елдер соғыстың, зорлық-зомбылықтың көмегімен өз позицияларын нығайтуды көздейді. Милитаризм өмірге тиімділігі жоғары қару өндірісін алып келді. бұл адамдарды жаппай жоюға арналған ядролық, химиялық, бактериологиялық және т.б. карулар. Қару-жарақ өндірісіне араластырылған адамзат жасампаздығы бүдан да қатерлі жаңа қаруларды ойлап табуы да мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының халықаралық позициясын орнықтыра түсуде оның үкіметінің бейбітшілікті жақтайтын саясатқа принңипті ұстанымдары, бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту, барлық халықаралық мәселелерді келісім жолымен шешуге бағытталынуын, өз территориясында ядролық қаруды сақтамау туралы жарияланымын айтуға болады. Ел үкіметінің осы және басқа жарияланымдары мен акңиялары біздің көршілеріміз бен әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тату көршілікке ұмтылушы, ешкімге территориялық және басқа да айыптар тақпайтын, барлығымен бейбітшілік және келісім жағдайында өмір сүруші мемлекет екендігін танытады. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның халықаралық саясатының негізгі принциптері көрсетілген 8-бапта былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-катынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші бо- лып қолданудан бас тартады». Тұтастай алғанда, қазіргі халықаралық жағдайға адамзат тегінің өсіп отырған субъектілігі айтарлықтай әсер етеді. Аса ірі мәдени потенциал жинақталған. Адамзат практикалық өрекеттің аспабы ретінде табиғаттың дүлей күштерін пайдалануға қабілетті. Адам табиғаттың тылсым құпияларын тани отырып, қоршаған ортаның өзгертушісі болады. Осының барлығы адам әрекетімен жүзеге асады. Адамзат субъект ретінде әрекет ететін өз мүдделері бар және оларды іске асыруға үмтылатын әрқилы құрылымдарға бөлінген: құрлықтар, аймақтар, мемлекеттер, нәсілдер, этникалық құрылымдар, ұлттар, таптар, сословиелер, әлеуметтік топтар. Олардың өзара қатынасы саяси шынайылықты құрайды. Халықаралық қатынастар осы саяси шынайылықтың бір бөлігі болады. Олар, ең алдымен, мемлекетаралық қатынастар ретінде қызмет етеді, өйткені саяси қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделері мемлекеттік саясатта көрінеді. Мемлекет оларды мемлекеттен тыс халықаралық аренада көрсетеді. Барлық мемлекеттік құрылымдар халыкаралық аренада әрекет етеді және байланыстың ерекше мемлекетаралық каналын — дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастырады. Мемлекеттің дипломатиялық қызметі өкілдік және ақпараттық тәрізді екі негізгі функцияны атқарады. Осы функциялардың екеуі де мемлекеттің табысты халыкаралық қызметі үшін аса маңызды.[1]