Ежелгі Афиныдағы Солонның және Клисфеннің реформалары.

Б. д. дейінгі 594 жылы архонт болып Солон сайланды. Оның алдында екі мақсат тұрды: Афина полисін басқару жəне Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинаға бағындыру. Саламин аралы Афинаның Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға қолайлы орналасқан, сондықтан оны өзіне қаратудың Афина үшін маңызы ерекше болды. Солон - Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі. Бірақ мүліктік жағдайы бойынша Солон іс жүзінде демостың орта жігіне жататын, өйткені ол саудамен айналысатын (сол саудадан байыған) Солон жіберген афин отряды бұл тапсырманы орындады. Ол саяси тақырыпқа өлеңдер шығаратын елге белгілі ақын əрі философ еді. Солон өзінің реформалар үшін шығарған заңдарын өлеңмен жазған. Бұндай талант Солонның атағын, халық алдындағы беделін жоғары көтерді. Солон істеген елеулі жұмыстарының бірі - заң қабылдау. Солонның реформаларын нарықтық жəне саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық, негізінен ауқатты қалалық демостың жəне оларға қосылған евпатридтердің мүддесін жақсы сезініп, нарықтық мəселелерді айқын түсінетін.

Бірінші шешілуге тиісті мəселе - салық жəне жер болды. Евпатридтер өзінің көршісіне қарыз берген кезінде оның жер үлесіне қарыздың бағасы көрсетілген тас бағана қоятын. Жер үлесінің иесі алған егіннің алтыдан бірін евпатридке тапсыруға тиісті болды. Ал егер оған шамасы келмесе, оның жері қарыз берген қожаның қолына өтуі шарт. Одан кейін қарызды өтей алмайтын адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салып, ұзақ мерзімге қарыздар үшін құлдыққа түскен. Мұндай жағдайда ол шетелдерге сатылып кетуі де мүмкін еді. Солон бұл проблеманы шешу үшін "сисахфия" деген реформа өткізді. "Сисахфия" дегенде "ауыр жүкті сілкіп тастау" деп түсіну керек. Ол бойынша жер учаскесінде орнатылатын бағаналар жойылды. Сөйтіп, шаруалардың қарыздары жойылды. Қарыз үшін құлдыққа түсу дегенді де өмірбақи жойды. Солон шетелге қарыз үшін сатылған құлдарды іздестіріп, оларды қайтадан сатып алып, отанына қайтарып отырған.

Оның "сисахфия" реформасына бірде бір тап риза болған жоқ. Евпатридтар оған кедейлер қарызын төлемеді деп ренжіді, ал кедейлер жерді қайтадан халық арасында бөлмеді деп наразылық білдірді.

Солон Аттикадан астықты сыртқа шығаруға тыйым салды да, басқа азық-түлік өнімдерін (жүзім, бау-бақша шаруашылығын ) сатуға рұқсат етті. Қолөнер мен сауданы өркендету мақсатында Солон мынадай заң шығарды: егер кезінде əкесі баласына мамандық беріп, қолөнерге үйретпесе, баласы əкесі қартайғанда жəрдем көрсетуден бас тарта алады.

Солон бүкіл елге ортақ өлшем енгізіп, ақша реформасын жүргізді. Бұл реформа бойынша жаңа жеңіл евбей таланты қарым - қатынасқа енгізілді.

Солон Аттиканың нарықтық өмірін жандандырып, нысапсыздыққа қарсы күресті. Ол сый-сияпатпен жерлеуді, қымбат мазарларды салуды жəне тасаттық беруді тыйды. Солон қарыз берушіге 9 проценттен артық өсім белгілеуге тыйым салды. Солон өткізген нарықтық реформалардан кейін құлдарды тек қана шетелден əкелетін болды, Аттиканың азаматтарын құл ету мүлде тоқтатылды.

Солонның нарықтық реформасы саяси реформалармен толықтырылып отырды. Ол генократияны ("генос"-ру)"рулық аристократтардың билігін" жойып, оны тимократиямен ("тиме"-баға, күн), яғни, дүние, мүлік цензісіне негізделген билікпен алмастырды. Ол осы арқылы ақсүйектерді рулық құрылыстың ескі əдет-ғүрыптармен байланыстағы ерекше жеңілдіктерден айырды. Ареопагпен қатар Солон 400 кеңесі деп аталатын жаңа орган шығарды. Бүкіл Аттиканың азаматтары елдегі дүние-мүлік цензісіне қарай топтарға бөлінді. Оның негізіне егін шаруашылығынан алынатын натуралдық табыс алынды. Бірінші топқа өзінің жерінен астық түрінде немесе сұйық өнім түрінде 500 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар жатқызылды (Бір медимн-41-53 литр май, шарап немесе бидай). Бұл тап бес жүздік деп аталды. Екінші топқа өзінің жерінен 300 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар кірді. Оларды салт аттылар деп атады, өйткені олар өзінің əскери атымен атты əскер қатарына өтуі керек болды.

Үшінші топқа өзінің жерінен 200 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар кірді. Оларды зевгиттер деп атады, яғни, олар өз өгіздерін жегетіндер, олар жаяу əскер жасағында қызмет етуге жəне жеке өзінің ауыр қару-жарағын иеленуге міндетті еді. Үшінші топқа өзінің жерінен 200 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар кірді. Оларды зевгиттер деп атады, яғни, олар өз өгіздерін жегетіндер, олар жаяу əскер жасағында қызмет етуге жəне жеке өзінің ауыр қару-жарағын иеленуге міндетті еді. Төртінші топқа табысы 200 медимнен аз азаматтар жатқызылды. Олар феттер деп аталды. Əскери қызметте олар қосымша жұмыстар атқарды.

Ең бай топты Афины азаматтары-əскери кемелерді жасақтап, оларды қалыпты жағдайда ұстап тұруға тиісті болды. Солон Ареопагты əлсіретті, ол оның құзыретінен халық жиналысында қаралатын істерді дайындау міндетін тартып алып, төртжүздік кеңесінің қарамағына берді.

Бұл істерді əзірлеу үшін Солон Бүле (400 кеңесі) деп аталатын жаңа мемлекеттік орган құрды. Ол ертеден келе жатқан рулық төрт филаларының жиналысында 1, 2, 3, топтардың азаматтарынан сайланатын болды.

Халық жиналысы Солон реформаларының нəтижесінде Антиканың өмірінде бұрынғыдан əлдеқайда белсенді рөл атқара бастады. Онда ағымдағы саяси мəселелер талқыланып, архонттар жəне басқа да жоғарғы қызмет адамдары сайланатын. Кейін олардың бəрі өз жұмысы жөнінде жиналыс алдында есеп беретін болды. Халық жиналысына азаматтардың бəрі де қатынасты.

Наши рекомендации