Діни экстермизмнің алдын алу және кҥресу: саяси компаративистика тәжірибесі
Ұлттық қарама-қайшылықты саясаттандыру, мемлекетаралық және мемлекетішілік қарама-қайшылықты шешудегі тоғышарлық, соңғы кездерде жекелеген елдердің де, сонымен қатар бүкіл дүниежүзі қоғамдастықтарыныңда экстремизм мен лаңкестіктің күрделі мәселелерімен бетпе-бет келуіне ықпал етті. Лаңкестік қауіп-қатердің жолын бӛгеу, кедергі жасау әртүрлі елдерде құқықбұзушылықтың алдын алудың ұлттық жүйесінің басымды міндеттерінің бірі болып табылады. Оны шешу үшін шетелдердің ұлттық заңнамасына лаңкестік және экстремистік кӛшбасшыларын, сондай- ақ лаңкестік пен экстремистік актілерді ұйымдастыру мен жасауға бейімді басқа да тұлғаларды анықтау тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер енгізілген, құқыққорғау органдарына кӛмек кӛрсететін тұлғаларды қорғау мен ақтау шарттары, құқықбұзушылықтың жекелеген түрлері бойынша жауапкершілікті күшейту шаралары және т.б. анықталған [39].
Шетелдік тәжірибе, кӛптеген мемлекеттерде діни экстремизм сияқты қауіпті әлеуметтік-саяси құбылысқа қарсы тұру әрекеттерінің дағдылары жасалып, қазіргі уақытта қолданыста екенін кӛрсетеді. Қазіргі жағдайда әлемдегі ұлттық қауіпсіздікке, адамның конституциялық құқықтарына экстремизмнің әртүрлі формаларының күшейуі нақты қауіп тӛндіріп отыр.
Экстремизм ұғымының ӛзін кең және арнайы заңды мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада, экстремизм (латын тіліндегі extremus –
«шеткі») «тӛтенше кӛзқарастарға, шараларға (әдетте саясатта) бейім болу» ретінде, «ӛзінің қағиадаларын мәжбүрлі түрде тарататын, оппоненттерге есептеспеушілік пен оларды күшпен басуды меңзейтін идеология» ретінде анықталады [40].
Соңғы ондылдықтарда діни жорамалдармен байланысы бар экстремистік құбылыстар кеңінен қанат жайып келеді. Осы құбылыс «діни экстремизм» деген атқа ие болды.
Діни экстремизм – ол мемлекеттік құрылымды күшпен ӛзгертуге немесе билікті күшпен тартып алуға, мемлекет егемендігі мен аумақтық тұтастығын
бұзуға, сол мақсатта діни алауыздық пен жеккӛрушілікті қоздыруға бағытталған діни уәжделген немесе діни камуфляжданған әрекет [41].
«Экстремистік әрекеттерге қарсы күрес туралы» № 114-ФЗ[42] 2002 ж.
25 шілдеде бекітілген Федералдық заңда діни экстремизм «...діни алауыздықты қоздыру; адамның діни наным белгісі немесе дінге көзқарасы бойынша оның қайталанбастығын, үстемдігін немесе оның толық дамымағандығын насихаттау; адамның дінге нанымына немесе дінге көзқарасына байланысты оның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзу; діни бірлестіктердің заңды іс-әрекеттеріне күш көрсете отырып немесе оны көрсету туралы үрей тудыра отырып, кедергі жасау; Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 63-бабы бірінші бөлімінің «е» тармағында көрсетілген себептер бойынша қылмыс жасау; ...» деп анықталады.
Ресейде діни экстремизмнің күшейуіне ықпал ететін себептер ішінде
«лауазымды тұлғалардың дұрыс саясат жүргізбей, діни және этникалық аз халықтардың құқығын бұзуын, сондай-ақ конфессияаралық қарама- қайшылықтарды жандандыруға бағытталған шетелдік діни миссонерлер әрекеттерін» атауға болады [43].
Діни негіздегі экстремизм саясат және ұлтшылдықпен тығыз байланыста бола отырып, бір тұтастықты құрайды, сондықтан ғылыми әдебиетте «діни- саяси экстремизм» термині жиі қолданылады [44].
Бүгінгі таңда, лаңкестік сипаттағы акциялар кӛлемінің кеңейу үрдісі анық кӛріне бастаған кезде, эксремизмнің бір формасы ретінде лаңкестікпен күрес жаһанды халықаралық міндет болып табылады.
Экстремизм кӛлемі, оның мемлкетаралық сипаты оған қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіруді, әртүрлі мемлекеттер күшін ұзақ мерзімдік негізде үйлестіру қажеттілігін тудырды.
Экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша халықаралық құқықтық актілер, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің заңнама базасы үлкен қызығушылық тудырады, олар заманауи ресейлік жағдайда пайдалы болуы мүмкін.
Кӛптеген шетелдік мемлекеттерде нәсілдік сӛздер сӛйлеуге, нәсілдік насихат пен нәсілдік немесе этникалық сипаты, діни нанымы, тері түсі, ұлтын негізінде тұлғаларға немесе тұлғалар тобына жеккӛрушілікті немесе менсінбеушілікті білдіретін арандатушы ӛтініштер жасауға тыйым салатын заңдар бар.
Зерттеушілердің пікірі бойынша, Канададағы, Даниядағы, Франциядағы, Германия мен Нидерландыдағы діни алауыздық пен дінге сенушілердің діни сезімдерін кемсітуді қоздыруға (бірқатар елдерде бұл әрекеттер hate speech –
«жауыздық сӛзі» деп аталады) тыйым салатын заңдарды қолдану тәжірибесі ұқсас – барлық жерде бұл заңдар, қылмыстық жауапкершілікті де, азаматтық жауапкершілікті де қаарстыра отырып, адамның ар-намысын қорғау қажеттілігіне бағытталаған және белсенді қолданылады [45].
Канада, Дания, Франция мен Нидерландыда қабылданған Заңдар діни топтар және солармен қатар нәсілі, ұлттық және этникалық шығу тегінің бірыңғайлығына қарай бірлескен тоаптардың да мүшелерін қорғауды қамтамасыз етеді. Діни сезімдерін кемсіткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Заң Канадада [46] және Нидерландыда бар [47].
Канадада бұл құқықбұзушылық жалпы құқықта қарастырылған, діни сезімді кемсіткені үшін жауапқа тарту үшін, ол қоғамдық тыныштыққа қауіп тӛндіретіндігі туралы дәлелдеме беру керек.
Францияда міндеттеріне нәсілдікпен күрес кіретін ӛкіметтік емес ұйымдардың, нәсілдік әрекеттер үшін тек азаматтық қана емес, сондай-ақ қылмыстық іс те қозғауға құқықтары бар. Ондай істердің кӛпшілігін нәсілдікке қарсы күрес ұйымдары қозғайды. Қазіргі уақытта нәсілдікке қарсы күрес жүргізетін ұйымдарға Орталық және Шығыс Еуропаның, ТМД, Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың 29 елінде 60 ӛкіметтік емес ұйымдар жатады. Олардың ішіндегі ең ірісінің бірі Еуропа Кеңесінің Нәсілдікке қарсы комитеті болып табылады.
Канада, Германия мен Нидерланды қылмыстық істерге арласуға жекешеленген ұйымдарға осындай кең мүмкіншілік беру қарастырмаған.
Германияда 80-жылдардың ортасынан бастап, Конституцияға экстремистік ұйымдардың кез келген әрекеттеріне тыйым салатын арнайы түзетулер енгізілген. Германия Федеративті Республикасының Негізгі Заңында, діни нанымы, діни немесе саяси кӛзқарасы бойынша ешкімге қиянат жасауға немесе басымдық кӛрсетуге болмайды; дінге сенім, адамдардың ар-намыс бостандығы мен діни нанымдары мен дүниетанымдарына қол сұғуға тыйм салынады; мемлекет діни әдет- ғұрыптардың кедергісіз орындалуына кепілдік береді; мақсаты мен әрекеттері қылмыстық заңдарға қарсы келетін немесе конституциялық құрылымға қарсы бағытталған немесе халықтар арасындағы ӛзара түсінушілік идеясына қарсы бағытталған бірлестіктерге тыйым салынады; мемлекеттік қызмет атқару, мемлекеттік қызмет ету барысында берілген құқықтар, азаматтық және саяси құқықтарды пайдалану, діни сеніміне байланысты, тәуелді емес, деп атап кӛрсетілген (3, 4, 9, 33-баптар) [48].
ГФР Қылмыстық кодексінде азаматтар мен діни қоғамдарды кемсіткені, сондай-ақ, егер діни әдеттер, рәсімдер қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталмаған болса, онда оларды ӛткізуге кедергі жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе ақшалай айыппұл салу қарастырылған (130, 166, 167-баптар) [49].
АҚШ-та экстремизмнің қандай да болмасын кӛріністеріне қарсы күрес мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең мағызды міндеті болып табылады. Қаруланған экстремизм бұл жерде заңсыз қолданылған немесе күшпен қауіп тӛндіру, адамдарды немесе жекеменшікті мәжбүрлеу немесе
ӛкімет пен қоғамды қорқыту үшін, саяси, діни немесе идеологиялық мақсат үшін қарумен күш кӛрсету деп анықталады [50].
1988 жылы Италияда жаңа Қылмыстық-процессуалды кодекс жарияланды, онда әділ соттың конституциялық қағидаларын сақтау мен тұлға құқықтарын қорғау қажеттілігі атап ӛтілді. Италияның жаңа ҚПК-де ұлттық немесе діни алауыздықты, кемсітушілік идеяларын дәріптейтін ұйымдарды құруға және олардың әрекет етуіне тыйым салынған, оларды ұйымдастырушыларды, қатысушылары мен оларға ықпал ететін тұлғаларды жазалау шаралары, сондай-ақ тыйым салынған эмблемалар және символдарды қоғамдық орындар мен митингілерде кӛрсету үшін қылмыстық жауапкершілік бекітілген [51].
Үндістанда 1898 жылы Қылмыстық кодекс 153А-бабымен толықтырылған болатын, онда «үнді азаматтарының әртүрлі таптары» арасында алауыздық немесе жеккӛрушілікті тұтатқаны үшін жауапкершілік бекітілген [52].
Жапония Конституцииясында барлық адамдар заң алдында тең құқылы және саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан нәсіл, дін, жыныс, әлеуметтік жағдайы, сондай-ақ шыққан тегіне қатысты кемсітуге тыйым салынады; ой және ар-намыс бостандығы бұзылмауы тиіс және ол барлығы үшін кепілдік беріледі; бірдебір діни ұйым мемлекет тарпынан ешқандай басымдық алмауы керек және олар ешқандай саяси билікті пайдаланбау керек; қандай да болмасын діни актілерге, мейрамдарға, рәсімдерге немесе әдет-ғұрыптарға қатысу үшін ешкімді мәжбүрлеуге болмайды; мемлекет және оның органдары діни оқулар және қандай да болмасын діни әрекеттер жасаудан аулақ болу керек, – деп атап кӛрсетілген (14, 19, 20-баптар).
Халықаралық құқық тұрғысынан, экстремизмнің барлық формалары, егер олар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке зиян келтіруге және қауіп тӛндіруге бейім болса, сондай-ақ қатерлі болса және осы пәлеге қарсы мемлекеттер күшін салуды талап етсе, онда олар антиқұқықтық әрекеттер деп қарастырылады. Осыдан, экстремизммен, халықаралық, ұжымдық және ұлттық қауіпсіздікке тӛніп тұрған қауіп ретінде күрес жүргізу мақсатында, мемлекеттердің халықаралық-құқықтық ынтымақтастығын ӛзектендіру қажеттілігі туындайтынын кӛруге болады.
Мемлекет күштерін халықаралық экстремизммен күрес жүргізу үшін ӛзектендіру соңғы жылдары мемлекеттердің аумақтық ынтымақтастық контексінде экстремизмге, сепаратизмге, халықаралық лаңкестікке қарсы әрекет етуге бағытталған бірқатар халықаралық-құқықтық актілерді қабылдау арқылы шешіле бастады. Осыған байланысты «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» (ШЫҰ) құру туралы Декларацияны (2001 жылдың
15 маусымында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Ӛзбекістан Республикасы Елбасылары қол қойды) ерекше атап ӛту керек. [53]. ШЫҰ мақсаттары – қатысушы – мемлекеттер арасында ӛзара сенімді,
достық пен бейбіт кӛршілікті нығайту, олардың арасында саяси, сауда- экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа салалардағы ынтымақтастыққа қолдау кӛрсету, аумақта бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қолдау кӛрсету және қамтамасыз ету бойынша бірлесе жұмыла әрекет ету, жаңа демократиялық, әділ және тиімді саяси және экономикалық халықаралық тәртіп орнату болып.
Шанхай Конвенциясын жүзеге асыру мәселелері бойынша 2005 жылдың 5 шілдесінде Астана қаласында ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің лаңкестікпен, сепаратизм және экстремизммен күрес бойынша Ынтымақтастық Тұжырымдамасы қабылданды, ол «Жалпы ережелер» деп аталатын 1-бӛлімде тура кӛрсетілген, жалпы мойындалған және халықаралық құқық нормаларына сәйкес осы саладағы мемлекеттер ынтымақтастығының базалық мақсаттары мен қағидаларын анықтайды.
Тұжырымдама лаңкестік, сепаратизм мен экстремизмді қандай да болмасын жағдайда, қандай да болмасын себептеріне қарамастан ақтау мүмкін емес болып табылатын антиқұқықтық құбылыстар деп қарастырады, ал осындай әрекеттерге барған кінәлі тұлғалар мен ұйымдар Конвенцияға сәйкес жауапкершілікке тартылу керек. Тұжырымдама БҰҰ Жарғысына сәйкестігін атап ӛтеді.
2005 дылдың 26 тамызында лаңкестік және экстремизмнің басқа кӛрінісітерімен күрес мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамыту мақсатында ТМД мемлекеттерінің елбасылары «Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы-мемлекеттердің лаңкестік және экстремизмнің басқа да күш кӛрсету кӛріністерімен күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасы туралы шешім» қабылдады. Құжат, ТМД қатысушы-мемлекеттері лаңкестік және экстремизмнің басқа да күш кӛрсету кӛріністерімен күрестегі ынтымақтастық Тұжырымдамасын ӛздеріне қабылдаған халықаралық міндеттемелер мен осы саладағы ұлттық заңнамаға сәйкес қабылдайтынын кӛрсетеді.
Мысалы, ТМД қатысушы-мемлекеттері лаңкестік және экстремизммен күресті ӛзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең маңызды міндет ретінде қарастырады және осы бағытта ӛзара әрекетті әрі қарай дамыту үшін күш салады.
Демек, экстремизммен күресті басымды стратегиялық міндет ретінде қарастыра отырып, халықаралық қоғамдастық экстремистік акциялардың алдын алу және тоқтату бойынша ынтымақтастықты кеңейтеді, оларға қарсы әрекет етудің халықаралық-құқықтық негіздерін нығайту бойынша ӛзара әрекетті үйлестіру механизмін жетілдіреді.
Шетелдік тәжірибе, кӛптеген мемлекеттерде діни экстремизм сияқты қауіпті әлеуметтік-саяси құбылысқа қарсы тұру әрекеттерінің дағдылары жасалып, қазіргі уақытта қолданыста екенін кӛрсетеді. Бұл тәжірибені, сӛзсіз, Ресей Федерациясының құзіретті органдары тарапынан мұқият зерттеу қажет.
Атап айтсақ, діни экстремизмнің алдын алу және қарсы әрекет ету бойынша шетелдік ӛкіметтік емес ұйымдардың жұмыс тәжірибесін зерттеуге ерекше кӛп назар аудару керек.
Ұлыбритания экстремизммен жемісті күресіп келе жатқан және экстремистік кӛріністердің алдын алу мен тоқтату бойынша белгілі бір тәжірибелері бар елдер қатарына жатады. Осы елдің экстремизмге қарсы күрес бойынша тәжірибесі Ресей үшін пайдалы болуы мүмкін.
Ұлыбританияда (2005 жылдың наурыз айында) «Лаңкестіктің алдын алу туралы» Заң қабылданды, оған экстермистік әрекет мәселелері де кірген. Лондонда болған лаңкестік актілерінен кейін (2007 жылдың сәуір айында) экстремистік идеялардың таратылып кетуін тоқтату мақсатында «Күш кӛрсететін экстремизмнің алдын алу» (Preventing Violent Extremism) бағдарламасы қабылданды [54] [55] [56] [57], ол «Тӛрт - алдын алу, қудалау, жақтау және дайындық – қағидаларына негізделді. Нәтижесінде ІІД Ұлыбритания парламентіне экстремизмге қарсы күрес бойынша іс- шараларды, соның ішінде экстремизм немесе заңсыз немесе қоғамдық қауіпті әрекеттерімен күдікті немесе байқалған шетелдіктерді Бірлеске Корольдікке кіруіне жол бермеу кӛрсетілген тізімді ұсынды [58]. Британ үкіметі шетелдіктердің елге кіру ережелерін қатайту туралы шешім қабылдады. ІІД басшысы Джеки Смит, экстремистік кӛзқарасты дәріптейтін барлық адамдар үшін ел есігін жабуға дайын екені туралы хабарлады.
Жаңа заңнама шетелдік жаңаұлтшылдар және басқа да экстремистер үшін жақсы кедергі жасады. Үш жыл ішінде (2006-2009 жж.) Ұлыбританияға кіру үшін алатын визаны 230 адам осы негіздер бойынша ала алмады, олардың 80 діни экстремист болып танылды. Бірақ, соған қарамастан, Ұлыбритания Ішкі істер министрінің пікірі бойынша, иммиграциялық «сүзгі» арқылы да бәрібір радикалды идеяны дәріптеушілер мен жастар арасында тәртіпсіздік ұйымдастырғылары келетіндер ӛтіп кетіп жатты. Греция, Италия, Франция және Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Ұлыбританияда, елдегі жастардың этникалық, саяси, әлеуметтік және мәдени саналуандығына, сондай-ақ Ұлыбританияда кӛптеген радикалды ислам ұйымдарының кӛшбасшылары бассауғалап жатқанына қарамастан, экстремизм деңгейі (әсіресе жастар арасында) айтарлықтай тӛмен.
Жүзжылдан артық уақыт Ұлыбритания иммигранттарға Ұлыбритания оң кӛзқарас кӛрсетіп отырған болатын. ХІХ ғасырдың ортасында мұнда жүз мыңдаған ирландтықтар кӛшіп келді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халық санын бұрынғы отарлардан – Үндістаннан, Пәкістаннан, Кариб бассейні елдерінен келген тұрғындар кӛбейтті. Британдықтан ӛздерінің елдерінен саяси қуғынға ұшыраған қашқындарға құшақ жая қарсы алды.
Статистиканың ұлттық бюросының мәліметтері бойынша, 1997 жылдан 2006 жылға дейін иммигранттар саны (ЕО елдерінен келетіндерді есептемегенде) 2 млн. адамға жуық болды, ол 60-миллиондық Ұлыбритания үшін айтарлықтай сан болып табылады. Иммигранттар ел экономикасының
дамуына ықпал еткеніне қарамастан, Біріккен корольдіктің кейбір аймақтарында олар әлеуметтік қызмет: медициналық қызмет кӛрсету мен білім жүйесінің жүктемесін айтарлықтай үлкейтті, тегін баспана саласында жағдай қиындады. Тұрғындардың жартысының қобалжуын қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен үкімет қолдады.
Қазіргі уақытта балл бойынша таңдау жүйесінің арқасында Ұлыбританияда ӛмір сүру мен жұмыс істеу құқығын алуға ниеттенушілер саны айтарлықтай қысқарды. Бұл жүйе елге қажетті білімі, тәжірибесі мен дағдылары бар адамдарды ғана қабылдауға мүмкіндік береді. Адам құқығын қорғау туралы қам жей отырып, парламенттік оппозиция келетіндерді күмәнмен қарсы алу бойынша бастамамен кездесті. Адам теңдігі мен құқықтары жӛніндегі комиссияның тӛрағасы Тревор Филипс, жастардың білім деңгейін қалай кӛтеру қажет, оларды жақсы жұмыс іздеуге қалай қызықтыру керек екендігін нақты ойлану керек, – деп атап ӛтті. Консерватиті партиядан сайланған парламент депутаты Патрик Мерсердің пікірі бойынша, шекарада тиімді кордон қою екі талай, ал күшті қауымдастықтарда жасырын бүлдіру және үгіт жұмыстарын жүргізетіндерге қарсы жұмсау керек, ол үшін оларды анықтап, нақты айғақтар негізінде елден қуу керек. Және ол туралы Ұлыбритания полиция қызметкерлерінің алдына сәйкес міндеттер қойылды. Жастар экстремизмімен күресу мақсатында 2006 жылы Ұлыбритания Үкіметі ел университеттері мен коллдеждерінде экстремизмді тарату және үгіт- насихатпен күресу бойынша арнайы директива қабылдады. [59] [60]. 2010 жылдың қараша айында Ұлыбритания биліктері Интернеттегі экстремистердің белсенді әрекеттерімен күреске барлық назарларын аударды [61] [62].
Экстремистік әрекеттердің алдын алу мен тоқтату бойынша Біріккен Корольдік полициясының құжаттарымен танысу барысында, және Ұлыбритания полициясының бӛлімдеріне тиісті сайттарды қарап шығу барысында, Г.К. Нурлыбаева негізінде алдын алу сипатында болып табылатын жастар экстремизмен күрес кӛбіне жаһанды сипатта емес, ол кӛбіне «нүктелі» және «нысаналы» болатындығына назар аударған: осы күреске графтықтардың, жекелеген қалалардың және кіші-гірім тұрғылықты жерлердің онша үлкен емес полиция бӛлімшелері тартылған. Полиция қауымдастықтарда жасырын бүлдіру және үгіт жұмыстарын жүргізетіндерге назар аударады, экстремистік әрекетке дайындық жағдайларын анықтайды, халық хабарлаған айғақтарды талдайды [63].
Суррей графтығы полициясының қоғамда экстремизмнің алдын алу бойынша стратегиясына шолу жүргізуге арналған сайттың құндылығы – онда үнемі жекелеген азаматтар – жергілікті қоғамдастық мүшелері лаңкестік пен экстремизм қаупін жою үшін полицияға қалай кӛмек кӛрсете алатыны туралы нақты ақпарат беріліп отырады. Сайтта лаңкестік және елдегі экстремизммен күрес стратегиясы Біріккен корольдік Үкіметі жариялаған олардың алдын алу стратегиясы болып табылады. Ұлыбритания үнемі әлі күнге дейін сақталып
отырған халықаралық және ішкі лаңкестік пен экстремизм қаупімен кездесіп отырады, деп айтылған.
Экстремизмнің алдын алу стратегиясы қауымдарда әрекет ететін экстремистік ұйымдардың жоспарларын жүзеге асырмауға, тоқтатуға және болдырмауға бағытталған. Сайтта, күш қаупін кӛрсететін экстремизм кез келген қауымдастықта пайда болу мүмкін және оның пайда болу себептері әртүрлі болып келеді делінген. Ұлыбритания үшін, әрине, әлі күнге дейін Аль-Каидамен жігерлендірілетін исламдық экстремизм қауіп тӛндіріп тұрғанына қарамастан, экстремизмнің алдын алу стратегиясы сондай-ақ экстремизмнің басқа түрлерімен және олардың қаупімен күресуге де бағытталған. Экстремизм қатерінің алдын алу Ұлыбританияның нақты қауымдарында, графтықтарында, қалалары мен ауылдарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арналған, демек, жергілікті деңгейде әсер ете алатын тұрғындардың кӛптеген қызметтерімен негізделген.
Суррей графтығы полициясына тұрғындар топтарының шектелген санымен жұмыс жасаған ыңғайлы, оларға тӛтенше жағдай бола қалған кезде азаматтарға қызмет кӛрсететін ұйымдар – полиция серіктестері, азаматтардың әртүрлі Кеңестері мен жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдары, жергілікті кәсіпорындардың қызметкерлер топтары мен еріктілер топтары кіреді. Осы топтардың әрқайсысы жергілікті қауымдардың экстремизм қаупіне тұрақтылық мониторингінде ӛзінің инструменталды рӛлін атқарады. Бұдан басқа, қоғам ӛкілдері сондай-ақ олардың қауымында әрекет ететін экстремистік топтардың құрылуының алдын алу жұмысында да ӛте маңызды рӛл атқара алады.
Қарапайым азаматтар экстремистік әрекеттердің әлеуетті қаупін және олардың ӛздерінің қауымдастығында экстремистік жағдайға жетелеп отырған нәрселерді, сондай-ақ экстремистік әрекеттерді дайындаудың әртүрлі формаларын, азаматтардың топтары мен бірлестіктеріндегі ӛкілдерге қарағанда, кӛбіне жақсы және жиі анықтай алады. Суррей графтғы полициясының сайтында, тұрғындар байқаған кейбір әрекет түрлерін экстремистік әрекетке дайындық түрінде қарастыруға болады, деп кӛрсетілген. Оларға:
- күш әрекеттерін кӛрсетуге шақыруға байланысты ақпараттар берілген үнқағаздар немесе плакаттар тарату;
- Ғаламтор арқылы экстремистік бағыттағы хабарламалар тарату;
- ғаламтор-кафе арқылы экстремистік форумдар немесе сайттардың қолжетімділігі;
- қауымдастыққа немесе қауым орталықтарының иелігіндегі бӛлмелердегі экстремистік топтардың отырысы;
- күш әрекетіне және т.б. шақыратын лаңкестік және экстремистік жарнамалық роликтерді қарау жатады.
Әрине, бұл тізім осымен тоқтамайды. Экстремистік әрекеттерді дайындауға байланысты барлық оқиғалар халықтың назарынан тыс қалмайды, ол туралы полицияны ескерту Суррей графтығы полициясының сайтында кӛрсетілген полиция нӛміріне телефон соғу немесе электронды пошта арқылы хабарлау – полицияның электронды поштасының мекенжайы да сайтта кӛрсетілген. [email protected] электронды мекенжайда
«prevent» сӛзі «алдын алу» деген мағынаны білдіретіні де маңызды, яғни сол арқылы полициямен байланыс жасаудың нақты мақсаты, экстремистік, лаңкестік және қала тұрғындары мен қонақтарына, соның ішінде жастар қауымына, күш кӛрсету әрекеттерінің алдын алу екендігі кӛрсетіледі. Ұлыбритания полиция бӛлімдерінің басқа сайттарында да азаматтар үшін осыған ұқсас, экстремизм қатерін дер кезінде анықтауға және оған қарсы сәйкес әрекет жасауға мүмкіндік беретін ақпарат бар [64].
Ұлыбританияда экстремизм және лаңкестікпен күрес жалпы мемлекеттік деңгейде де, қоғамдық деңгейде де жүргізіледі. Жастар экстремизміне қарсы күресте полицияға ерекше рӛл беріледі. Нурлыбаева Г.К. келесі ерекшеліктерді бӛліп кӛрсетеді:
а) жастар экстремизмінен күрестің мемлекет тарапынан да, Ұлыбритания полициясы тарапынан да алдын алу сипатында болуы;
б) осы күреске жергілікті қоғамдастықтар мен жергілікті тұрғындарды кеңінен тарту және Ұлыбритания полициясының қоғамды осы күреске үйлестіруге қатысуы;
в) ел университеттері мен колледждерінде экстремизмді насихаттау және тарату жұмыстарымен күрес;
г) экстремистердің Ғаламтор арқылы белсенді жұмысымен күрес [65].
Ұлыбританияда экстремизммен күрес жұмысының жемістілігін қамтамасыз ете отырып, желілік қағида бойынша жергілікті полиция бӛлімдері деңгейінде үйлестіруші мен оның белсенді қатысушылары болып саналады. Экстремизммен күресті ұйымдастыру қағидалары, және, бірінші кезекте, оның алдын алу сипатында болуы және халықпен кең ынтымақтастық Ұлыбританияда жастар экстремизмінің алдын алу жұмыстарының жемісті болуының себебі болып табылады.
АҚШ сияқты Ұлыбритания да экстремистер мен лаңкестерге қаражаттық қолдау кӛрсетеді, мысалы, «Ваннахтың» Лондондық бӛлімі, Интернейшил Алерт, Эмигранттар қозғалысы, Ислам ағарту орталығы.
Еуропа елдерінде экономикалық дағдарысқа, жұмыссыздықтың ӛсуіне, жеткілікті деңгейде тиімді бола алмай отырған иммиграциялық саясат және басқа факторларға байланысты экстремизм жиірек белседіріліп келеді. Әлемдік қауымдастық алдында экстремизм мен лаңкестікке қарсы әрекетті қамтамасыз ету бойынша маңызды міндет тұр. Осындай әлеуметтік және саяси үрдістерді дамытуды болжау шетелдік мемлекеттердің заң шығару тәжірибесі мен сот практикасын білуді талап етеді.
Чех Республикасындағыэкстремизмге қарсы күрес бойынша саяси- құқықтық аспектілерді қарастырып кӛрейік.
Осы елдің ұлттық заңнамасы қылмыстық кодексте экстремизмнің ұғымы туралы ештеңе бермеген, бірақ ол жеткілікті деңгейде жиі қолданылады. Мысалы, экстремизм мәселелері бойынша жыл сайын жасалатын баяндамада (1998 ж.) Ішкі істер министрлігі Чех Республикасының Әділет министрлігімен бірлесе отырып, Қауіпсіздік және барлау қызметінің, Сыртқы байланыс пен ақпарат Басқармасының, Сыртқы істер министрлігінің, Білім, жастар және спорт министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және әлеуметтік істер министрлігінің, Жоғары Мемлекеттік прокуратураның, осы елдегі Адамдар құқықтары бойынша Мемлекеттік Кеңестің қатысуымен бірлескен жұмыс жүргізілетіні туралы айтылған.
Экстремизм ұғымы ЧР Ішкі істер министрлігінің 2002 жылдағы жұмыс қорытындысы туралы баяндамасында құқық нормаларынан айтарлықтай ауытқыған, интолеранттық элементтерін кӛрсететін және ЧР Конституциясының 1,2,5,6,9- баптарында және 1991 жылғы 9 қаңдарда қабылданған Негізгі құқықтар және бостандықтар Хартиясының 1 және 3- баптарында қарастырылған конституциялық қағидаларға озбырлық жасайтын идеологиялық позиция ретінде қалыптастырған. Чех Республикасы Конституциясының 3-бабына сәйкес бұл Хартия оның құрамдас бӛлігі болып табылады [66].
Чех Республикасының Конституциясы бойынша – Чехия адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандығын құрметтеуге негізделген егеменді, бірыңғай, демократиялық жән құқықтық мемлекет (1-бап). Халық барлық мемлекеттік биліктің кӛзі болып табылады (2-бап). Конституцияның 5-бабында, ЧР саяси жүйесі негізгі демократиялық қағидаларды құрметтейтін және ӛз мүдделерін қорғау құралы ретінде күшті жоққа шығаратын, еркін және ерікті құрылатын және еркін бәсекеге түсетін саяси партияларға негізделген, делінген. Констицияның 6-бабы сяаси шешімдердің негізінде ашық дауыс беру арқылы кӛпшіліктің еркі берілетінін анықтайды. Конституцияның 9-бабы 2-бӛлімінде, демократиялық құқықтық мемлекеттің негізгі атрибуттарын ӛзгертуге жол берілмейді, делінген.
Негізгі құқықтар мен бостандықтар Хартиясының 1 және 3-баптарында, адамдар намысы мен құқықтары бойынша еркін және тең болып табылады; негізгі құқықтар мен бостандықтар бӛлінбейді, ажырамайды, ескірмейді және алынып тасталмайды, ол құқықтарға, адамдардың жынысына, нәсіліне, тері түсіне, тіліне, діні мен сеніміне, саяси немесе басқа ұстанымдарына, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, ұлттық немесе этникалық аз халықтарына жатуына, мүліктік жағдайына немесе басқа жағдайларға қарамастан, кепілдік беріледі.
З.М. Бешукова мен Л.А. Прохоров, баяндамада экстремистік тұрғыдан уәжделген қылмыстар деп әділ бағаланған қылмыстар түрі деп түсіндірілетін,
«экстремистік мағынадағы қылмыс» деген ұғым пайдаланылады деп атап ӛтті. Осы ұғымға ұқсас, барлық орнатылған қылмыс белгілері бар және
apriori нәсілге, ұлтына, дініне, табына немесе басқа қанаушылыққа ұшыраған әлеуметтік тобына деген жеккӛрушілікпен уәжделетін тәртіпті «нәсілдік, ұлттық немесе басқа әлеуметтік жеккӛрушілікпен уәжделген қылмыс» деген ұғым қолданылады. Баяндамада, осыған ұқсас қылмыстарды кӛп жағдайда скинхедтер қозғалысы мен анархист-автономистер қозғалысының қатысушылары жасайтынына қарамастан, оларды экстремистік қозғалысқа ешқандай қатысы жоқ және ситуациялық шиеленістерде ашық түрде ешқандай экстремистік идеологияны дәріптемейтін тұлғалар да жасауы мүмкін екендігі де атап ӛтілген [67].
Баяндамада «экстремистік мағынадағы қылмыс» ұғымына немесе
«нәсілдік, ұлттық немесе басқа әлеуметтік жеккӛрушілікпен уәжделген қылмыс» ұғымына жататаын қылмыстар тізімі берілмеген. Бірақ соттарға экстремизм факторларын қарау барысында келесі қылмыстарды ескеру керек екені кӛрсетілген: 1) қоғамдық қауіп; 2) адамдар топтарына немесе жекелеген адамдарға қатысты күш кӛрсету; 3) ұлтқа, нәсілге немесе нанымдарға қатысты жала жабу; 4) ұлттық немесе нәсілдік алауыздық тудыру; 5) қоғамдық тәртіпті бұзу; 6) ауыр ӛлім; 7) денсаулыққа зиян келтіру; 8) адам бостандығын шектеу; 9) бопсалаушылық; 10) сенім еркіндігін шектеу; 11) бірлестіктер мен жиналыстар бостандығы құқықтарын бұзу; 12) басқа тұлғаның мүлкіне зиян келтіру; 13) геноцид; 14) адам құқығы мен бостандығын басуға бағытталған қозғалыстарды насихаттау және қолдау кӛрсету; 15) тұрғындарды қудалау.
Баяндамада, экстремистік идеология қолданыстағы демократиялық сяаси және экономикалық жүйеге қарсы бағытталған деқұрылымдық әрекетке айналуы мүмкін, деп атап кӛрсетілген. Әрекеттің осы түрімен Заңның 5 (а) бӛліміне сәйкес 153/1994 Қауіпсіздік және сыртқы барлау қызметі айналысу керек. Баяндама авторлары, ондағы «экстремизм» ғымы Чех республикасының конституциялық құрылымына қарсы бағытталған әрекеттерді белгілеу үшін бірегей түрдеқолданылған, деп атап кӛрсетеді.
Сонымен, 1998-2009 жж мәліметтер бойынша, экстремистік бағыттағы қылмыстар саны жыл сайын ӛсіп келеді, тек 1998 ж (133 тіркелген) алдыңғы жылдарда тіркелген осы санаттағы қылмыстардан 26 қылмысқа аз болған. Осы санатты қылмыстардың рекордтық саны 2002 жылы тіркелген – 473 қылмыс, ал ең тӛмен кӛрсеткіш 1996 жылы болған – 131 қылмыс.