Шетелдік және отандық инвесторларды ынталандыру жолдары

Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды ынталандырудың маңызды факторы – саяси, әлеуметтік — экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Біздің еліміздің осы саладағы инвестициялық тартымдылығы инвесторлар құқықтарының деңгейін көтеретін бірқатар маңызды жаңа заңнамалық ережелерге ие. Қазақстан Республикасы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңының баптарына сәйкес, инвесторлар мүдделерін қорғау бойынша келесі кепілдемелер қарастырылған:

1) шаруашылық серіктестіктің жарғылық қоры мен акцияларындағы өз үлесіне басшылық жасауда немесе салықтар мен басқа да міндеттемелік төлемдерді төлеу шартында, капитал, табыс немесе пайданы еркін аударуға бекітілген инвестордың құқығын шектеуге жол бермеу;2) республика территориясында инвестормен өндірілетін тауарды сату мен шикізатты жеткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияны құруға тиым салу;3) инвестормен өндірілетін тауар немесе шикізатты өткізуде бағаны бақылау және реттеу шараларын қолдануға жол бермеу;4) либералды валюталық реттеу;5) инвесторды қорғау бойынша кедендік бақылау шаралары;

Шетел компанияларында өндірістік қызметпен айналысуға және өз табыстарын қайта инвестициялауға рұқсат беретін ережелерді жеңілдету керек. Бұл саладағы маңызды шара инвестор мен инвестициялар жөніндегі Комитет арасында жасалатын келісім шарт болып табылады. Барлық жеңілдіктер мен преференциялар осы келісімде толық және нақты көрсетілген. Келісім жасаудың бекітілген ережесі инвесторларды көптеген бюрократиялық процедуралардан босатады. Сонымен қатар, шетел компанияларының табыстарын қайта инвестициялау бойынша ұмтылысты күшейту керек.

Мерзімді депозиттердің және талап еткенге дейінгі депозиттердің ерекшеліктері

Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары. Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті. Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Билет

1. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау.Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытында есеп айырысу қабілеті. Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында көңіл аударатын ең бір формалды көрсеткіш болып табылады. Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.Қарыз алушының занды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен түрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипатайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты: 1)шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру; 2) несиені қайтару; 3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;5) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады. Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.

2. Ипотекалық несиелеу инвестиция көзі ретінде: мәні, ерекшеліктері. Ипотекалық несиелеу– жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға жəне салуға (қайта құруға) несиелер беру. Сонымен қатар, көптеген нарық субъектілерінің өзара əрекетін білдіретін маңызды экономикалық жəне əлеуметтік функцияларды орындайтын несиелік қатынастардың нысаны болып табылады. Жылжымайтын мүлікті несиелеудегі ең ірі бағыттар – тұрғын үйді сатып алу жəне салуға, жер учаскелерін игеруге, коммерциялық жəне өнеркəсіптік мақсаттағы құрылысқа берілетін ссудалар. Сонымен қатар, ипотекалық несие берілген жылжымайтын мүлікті сатып алу (салу) мақсатында жылжымайтын мүлік объектісінің кепіліне ақшалай немесе ипотекалық облигациялар нысанында берілетін несие. Ипотекалық несиенің мəні жылжымайтын мүлікті арнайы құжаттармен – ипотека келісімшартымен жасалатын қамтамасыз ету нысаны ретінде емес, оның мақсатты пайдаланылуы – жылжымайтын мүлікті сатып алу немес салу болып табылады. ҚИК қызметінің мақсаты – екінші дең гейдегі банктердің ипотекалық несиелер бе ру көлемін ұлғайту үшін ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын са тып алу жолымен екінші деңгейдегі банк терді қайта қаржыландыру болып табылады.ҚИК инфляцияның, инвесторлар мар жа ларының, ҚИК маржа ларының, сақ тандыру резервтері мен эмиссияға жұмсалатын шығыс тардың деңгейіне бай ланысты болатын бағамды мөлшерлеме бойынша талап ету құқығын сатып алады. ҚИКБҚ қызметінің мақсаты – екінші дең гейдегі банктер мен ипотекалық несие бе руші ипотекалық компаниялар, инвесторлар мен сақтандыру ұйымдары арасындағы несиелік тəуекелдерді бөлу жолымен ипотекалық несиелерге қолжетімділікті арттыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Наши рекомендации