Iii-тарау. орталыҚ жӘне оҢтҮстік-шыҒыс 4 страница

1920 жылы СХС корольдiгiнде парламент (скупщина) сайлауы өттi. Сайлауға елдегi барлық саяси партиялар қатысты. Белград қаласында ЮКП-сы жеңiске жетiп, Белград қаласының мэрi (әкiмi) болып Ф.Филипович сайланды. ЮКП скупщина сайлауында айтарлықтай жеңiске жетiп, оларды 200 мың сайлаушылар қолдап, 59 депутатын өткiздi.

1920 жылы елде реакциялық күштер күшейiп, ЮКП-ны таратты, Хорват шаруалар партиясы (ХРКП) бөлiніп шығу үшiн күрес жүргiздi. Скупщинаны таратты, СХС королi Александрға қастандық жасалды. Пашич үкiметi елдегi реакцияны басу үшiн, скупщинаны қайтадан шақырып, 1921 жылы Косово шайқасы болған маусымның 28-і күнiне орайлап, қасиеттi Вида күнi конституция қабылдады. Бұл конституцияны Видовдан деп атады. СХС корольдiгi буржуазиялық-монархия болды. СХС үкiметi корольге бағындырылды. Король Александр парламенттi таратуға, үкiметтi тағайындауға құқықты болды. Ұлы Серб буржуазиясының үстемдiгi толық орнады. Жекеменшiк конституция арқылы қорғалды. СХС корольдiгi басқару-әкiмшiлiк жағынан 33 жупанға (облысқа) бөлiндi. Әр жупанды губернатор басқарды. Әйелдер мен әскери адамдардың сайлау құқы жоқ болды.

СХС корольдiгi құрылған күнiнен бастап, сыртқы саясатта Францияның ықпалында болды. Антисоветтiк саясат кең қолдау тапты. 1920 жылы тамыз айында Чехословакия мен СХС королдiгiнiң арасындағы келiсiм бойынша Кiшi Антанта саяси-әскери одағына бiрiктi, бұл келiсiмге кейiннен Румыния кiрдi. Францияның тiкелей қолдауымен 1920–1922 жылдары Кiшi Антанта одағы құрылды.

СХС корольдiгi капитализмнiң тұрақтану кезiнде.Капитализмнiң уақытша тұрақтанукезеңiнде де елдiң экономикасы дағдарыстан шыға алмады. Бұрынғыша аграрлы ел қалпында қалды. Ауыр өнеркәсiп саласы болмады. 2 мыңдай ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдейтiн өнеркәсiп жұмыс iстедi. 10 мыңдай ұсақ қолөнер шеберханалары болды. Таукен өндiрiсiнде шет ел капиталы үстем болды. Мемлекеттiң шет елге қарызы 30 млрд динарға жеттi. Ұлттық табыстың Iii-тарау. орталыҚ жӘне оҢтҮстік-шыҒыс 4 страница - student2.ru ауылшаруашылығы құрады. Жердiң 70% iрi жер иеленушілердің қолында болды. Шаруалардың жер мөлшерi 5 га артпады. Жердiң Iii-тарау. орталыҚ жӘне оҢтҮстік-шыҒыс 4 страница - student2.ru шаруалар-

дың меншiгiнде болды. Жарты миллион шаруада жер болмады. Ауыл шаруашылығы да дағдарыстан шыға алмады. Ауыл шаруашылығындағы жерсiз шаруалар күн көру үшiн қалаларға немесе шет елге жұмысқа кетуге мәжбүр болды. 10 жыл iшiнде, яғни 1928 жылға дейiн 250 мың шаруа шет елге кеттi.

СХС корольдiгiнде 1924–1929 жылдарда саяси дағдарыс кең етек алды. Ұлт саясаты шешiлмедi, Серб буржуазиясының шовинистiк саясаты күшейдi. Хорват Республикалық шаруалар партиясы (ХРКП) 1924 жылы скупщина сайлауында жеңiске жеттi. Үкiметтi Радич басқарды. ХРКП-сының үкiметi серб буржуазиясына қарсы күрес жүргiздi. 1928 жылы Радич оппозицияға кеттi. Серб буржуазиясы оппозицияға қарсы күрес жүргiзiп, елде террор ұйымдастырды. 1928 жылы скупщинадағы хорват депутаттары Басаричск пен П.Радичқа қарсы оқ атып, Степан Радич өлдi. Хорватияда халық қозғалысы кең етек алды. Жаңа үкiметтi словен халық партиясының уәкiлi А.Корошец басқарды. СХС корольдiгiнде саяси дағдарыстан шығу үшiн король мен серб буржуазиясы мемлекеттiк төңкерiс ұйымдастыруға дайындала бастады.

1929 жылғы мемлекеттiк төңкерiс.20-жылдардың соңында СХС корольдiгiндебуржуазиялық демократизм дағдарысқа ұшырады. Әлеуметтiк және ұлттық дағдарыс күшейдi. Ұлттық буржуазия саяси дағдарыстан шығудың жолы диктатуралық билiк орнату деп түсiндi. Бұл жолды монархия қолдап, елде ашық мемлекеттiк төңкерiске дайындық жүргiзiлдi. Король Александр Франция қолдауына сүйену үшiн Париж қаласына барды. 1929 жылы қаңтардың 6-ы күнi Белград қаласында төңкерiс жүзеге асырылды. Елдегi билiктi король өз қолына алды. Видовдан конституциясының қызметi тоқтатылды. Парламент таратылып, саяси партияларға тыйым салынды. Үкiмет басшысы болып генерал П.Живкович тағайындалды. СХС корольдiгiнде төңкерiстен кейiн террор кең етек алды. Төтенше соттар мен цензура құрылды.

Бiртұтас мемлекет идеясын құру үшiн король Александар СХС корольдiгiнiң атын Югослав корольдiгi деп өзгерттi. Әкiмшiлiк басқару реформасын жүргiздi. Жупандардың орнына 9 бановтар құрды. Облысты король тағайындаған банов басқарды. Басқа жергiлiктi басқару жүйесiн таратты. Әрбiр облыс басшылығын серб буржуазиясы басқарды. Ұлы серб идеясы кең түрде енгiзiлдi. Бұл саясат басқа ұлттардың наразылығын туғызды. Монархия террор мен реакцияны қолдау үшiн «мемлекеттi қорғау» заңын шығарды. Арнайы диктатураны қолдау үшiн Мемлекеттiк сот құрылды. Елде монархиялық-фашистiк диктатура құрылды. Ақ террор саясатының құрбаны ЮКП басшысы Д.Джакович 1929 жылы сәуiр айында өлтiрiлдi. ЮКП-сының көптеген басшылары шет елге кетуге мәжбүр болды.

Монархиялық төңкерiстен кейiн Югославияда экономикалық дағдарыс басталды. Ауыл шаруашылығының жағдайы өте ауыр болды. Шаруалар күйзелiске ұшырады. 1932 жылы шаруалардың мемлекетке қарызы 3,5 есеге көбейдi. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң бағасы арзандады. Югославия өндiрiсi де дағдарысқа ұшырады. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 50% қысқарды, Орта және ұсақ өнеркәсiп банкротқа ұшырады. Ұлттық табыс азайды. Өнеркәсiп орындарының 70% жұмыстарын тоқтатты. Елде жұмыссыздың саны 300 мың адамға жеттi. Үкімет шет елдiң капиталына сүйендi. Франция көмек ретiнде 3 млрд динар заем бердi. Немiс және Италия капиталына қысым жасалды.

1931 жылы қыркүйектiң айының 3-і күнi жаңа конституция қабылданды. Парламент қалпына келтiрiлдi. Халық скупщинасы мен сенатқа жалпыға бiрдей сайлау арқылы депутаттар сайланды. Бiрақ король елдiң билiгiн өз қолында ұстады. Бұрынғы төтенше заңдар сақталды. Парламенттiк жүйенiң қалпына келтiрiлуiн саяси партиялар қолдағанымен, профашистiк күштер ұнатпады. Германия мен Италияның арандатуымен 1934 жылы қазан айының 9-ы күнi Марсель қаласында Югославия королi Александр мен Францияның сыртқы iстер министрi Луи Барту өлтiрiлдi. Кейiннен белгiлi болғандай, бұл қастандықты Германияның арнаулы барлау ұйымдары ұйымдастырғаны белгiлi болды. Ол «Тевтон қылышы» атты арнаулы операция арқылы жүзеге асты. Германия мен Италияның мақсаты Балқан түбегiнде Францияның ықпалын әлсiрету болды.

Александр өлтiрiлгеннен кейiн, оның орнына регенттiк кеңестiң басшысы принц Павел елдi басқарды. 1935 жылы мамыр айында парламент сайлауы өттi. Сайлауға саяси партиялар белсендi қатысты. «Югослав радикалдық одағы бiрлiгi» жеңiске жеттi. Оппозициялық партиялар жеңiлiс тапты. Үкiметтi финанс буржуазиясынан М.Стоядинович басқарды. Стоядинович басқарған үкiмет принц Павелмен бiрiгiп профашистiк саясат ұстады. Оларды ұлттық және фашистiк ұйымдар (Борбаш, Збор) қолдады. Үкiметтiң бұл саясатын көптеген буржуазиялық партиялар қолдамады. ЮКП елде фашизмге қарсы күресте халық майдан құру үшiн күрес жүргiздi. 1937 жылы ЮКП-ның басшысы болып Иосит Броз Тито тағайындалды.

30-жылдарда Югославия үкiметi сыртқы саясатында фашистiк Германияға қолдау көрсетті. Стоядинович үкiметi «Кiшi Антанта» одағынан шықты. 1937 жылы қаңтарда Болгариямен «мәңгi достық» келiсiмiне қол қойды. Көп кешiкпей, 1937 жылы наурыз айында Италиямен байтарап және достық келiсiмiн жасасады. 1937–1938 жылдарда Стоядинович Рим мен Берлин қалаларына барып келiссөздер жүргiздi. Югославияда фашизм кең етек ала бастады. 1939 жылы Стоядинович үкiметтен кетуге мәжбүр болды. Өйткені халықтың қарсылығы күшейе түстi. Жаңа үкiметтi Цветкович басқарды. Хорватияда Югославиядан бөлiну қозғалысы кең етек алып, автономия берудi талап ете бастайды.

1939 жылы тамыз айының 26-ы күнi Цветкович Хорват крестьян демократиялық партия басшысы Мачекпен келiссөз жүргiзiп, Цветкович–Мачек үкiметiн құрады. Соғыс қарсаңында хорват мәселесi осылай өз шешiмiн табады.

1941 жылы наурыздың 25-і күнi Вена қаласында Югославия үштiк одаққа мүше болып кiрдi. Бұл саясат Югославияда халықтың наразылығын туғызды. Елде iрi шерулер мен қарсылық қозғалысы кең етек алды. Демократиялық қоғам құру үшiн күрес басталады. Югославияда диктатураға тiкелей қауiп төнедi. 27 наурызда Югославияда мемлекеттiк төңкерiс болып, Цветкович – Мачек үкiметi құлайды. Сол күнi генерал Душан Симович бастаған үкiмет билік басына келеді. Ол үштiк одақты қолдамайды. Бұл Германияға қарсы құрылған үкiмет болды. Югославиядағы мемлекеттiк төңкерiстi естiген Гитлер Кеңес өткiзiп, Югославияны жою үшiн тез жоспар жасау керектiгiн айтады. Шын мәнiнде, кейiннен белгiлi болғандай, Гитлер «Барбаросса» жоспарын iске асыру үшiн дайындалып жатқан болатын. Күтпеген жағдай «Барбаросса» жоспарын, яғни КСРОға шабуылды бiр айға кешiктiруге әкеп соқты.

КСРО үкiметi Югославиядағы мемлекеттiк төңкерiстi қолдап, көмек көрсетуге дайын екенiн бiлдірдi. Сәуiр айының 5і күнi Мәскеу қаласына Симович үкiметiнiң уәкiлi М.Гаврилович келедi. Сәуiрдiң 6-ы күнi Кеңес – Югославия келiссөздерi болып, бiр-бiрiне шабуыл жасаспау және достық келiсiмiне қол қойылады. Келiсiмде атап көрсетiлгендей, КСРО Югославияға көмек берудi өз мойынына алады. Сол күнi түнде, яғни 6 сәуiр күнi фашистiк Германия Югославияға шабуыл жасайды. Күштiң тең болмауына байланысты 15 сәуiрде Югославия жеңiледi. Югославия халқы жауға қарсы ұлт-азаттық күрестi бастайды. 1941–1945 жылдарда Балқан түбегiнде Югославия халқының ерлiк күресi екiншi дүниежүзiлiк соғыс тарихында ерлiкке толы күрес жылдары боолды. Югославия халқының фашизмге қарсы күресiн ЮКП басшысы Иосип Броз Тито басқарды. Югославия халқы қарулы күрес арқылы жауға қарсылық көрсеттi.

Наши рекомендации