Жаһанданудың қазіргі теориялары
Жаһандану теориясын жазу мен талдамас бұрын “жаһандану” термині мен жаһандану процесі арасында айқындылықтың жоқ екендігін айта кетейік. Бұрын “жаһандану” ұғымы ғылымда дүниежүзілік тарихтың орнығуы (К.Маркс), әлемдік жалпы адамзаттық өркениет (М.С.Горбачев, Ю.А.Замошкин), әлем-жүйе (И.Валлерстайн) терминдерімен көрсетілді. Жаһанданудың қазіргі таңда кеңінен қарастырылуына қарамастан, бұл ұғымға қатысты біржақтылық жоқ. Кейбір зерттеушілер жаһандануды жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығындағы әлеуметтік өзгерістің жаңа түрі ретінде бейнелейді. Басқалары жаһандануды адамзаттың бірлікке барар жолда жүріп өткен қадамдары деп түсінеді. Үшіншілері жаһандануды тұтас әлемді қалыптастырушы процестер деп ұғынады. Келіспеушіліктер жаһандану процесі мен ұғымдарын түсінуде ғана кездесіп отырған жоқ. Бүгінгі таңда неғұрлым пікірталас тудыратын мәселе - жаһанданудың шегі, оның қоғамның мәдени және саяси жүйелеріне әсері болып отыр. Осыған байланысты бірнеше пікір бар. Мысалы, саяси ғылым саласындағы танымал американдық профессор Самуэль Хантингтонның пікірінше, экономика мен ақпарат саласындағы жақындасу, мәдени алшақтықты шиеленістіріп, жаһандық және жергілікті деңгейдегі қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін. Басқа бір саясаттанушы Иммануил Валлерстайн жаһандық және жергілікті мәдениеттер арасында әмбебап пен жергілікті диалектика бар екендігіне назар аударады. Батыс ғылымында өзге де сценарийлер кездеседі. Мысалы, У.Ганнерстің ойынша, гомогенизация сценарийі (мәдени бірегейлендіру), жағдай сценарийі - бөтен, ең алдымен батыс мәдениетінің қаптауы, “перифериялық сыбайластық” сценарийі, яғни батыстық емес аймақтарда батыс мәдениетінің құлдырауы және оның сол жерлерде бұрмалануы, сұхбат және алмасу жолымен біртұтас мәдениеттің “пісіп-жетілу сценарийі” ықтимал. Алайда тұтас алғанда көп жағдайда жаһандану деп біртұтас технологиялық, ақпараттық және қаржы нарығының қалыптасуы айтылып жүр, онда ешқандай шекара жоқ және әлем біркелкі болады.
Кедергі болатын басқа бір жәйт – бұл жаһандық әлеуметтанудың зерттеу пәні не болуы мүмкін - жеке қоғамдар ма немесе жалпы адамзат қауымдастығы ма деген мәселе.
Әлеуметтануда жаһандануды әрі феномен және әрі ұғым ретінде қарастыру - батыстық қазіргі заман қалған барлық әлемге үлгі бола ала ма деген тағы бір пайымдау тудырады. Жаһандануды сынаушылар бұдан қазіргі батысты батыстық емес елдер мен мәдениеттерге телу дегенді көреді. Үшінші әлем елдеріндегі жаңғыру процесін сараптау көрсеткендей, жаһандану бүкіл әлем дамуының әмбебап және ортақ үлгісі болып табылмайды.
Ақырында, жаһандану әлеуметтану әдістерін өзгерте ме? Э.Тирикьяни сияқты қазіргі зерттеушілер әлеуметтанудағы классикалық әлеуметтану парадигмаларын кейінгі классикалықпен немесе модернистікпен алмастыру қажет деп тұжырымдайды.
Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті А.Мартинеллидің пайымдауынша, жаһандану технология, қаржы, ақпарат саласындағы жаһандық тәуелсіздік пен қоғамдардың, саясат пен мәдениеттің сақталып отырған бөлінуі арасындағы қарама-қайшылық шиеленісін өршітеді. Жаһандану басқарудың жаңа нысандарын талап етеді. Мартинелли қазіргі заманғы жаһандану процесін реттеудің үш негізгі перспективасын атайды: халықаралық мемлекеттік ұйымдардың либералды интернационализмі олардың ынтымақтастық этносымен бірге; ұлтаралық бірлестіктердің жаңа әлеуметтік қозғалысының түбегейлі республикалық рухы; мульти-азаматтықтың космополиттік жобасы.
Жаһандық әлемді қазіргі әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу ерекшеліктерінің бірі - жаңғыру теориясынан (соңғы он жылдықтарда үстемдік еткен) бас тарту, салыстырмалы интернационалдық саяси экономияның жаңа мектебінің пайда болуы, өйткені ол салыстырмалы жаһандық әлеуметтік дүние құрылымы мен тәртібін түсінуге мүмкіндік береді. Салыстырмалы-тарихи әдіс елдерді, ұлттарды және басқа субъектілерді сараптауда ұқсас келеді. Жаһандық әлеуметтанудың алдында тұрған басты мәселелер - жаһандық әлеуметтік қатынастар сахнасында кімдер негізгі субъект болып табылады және осыған байланысты мемлекет пен оның құрылымдарының рөлі қандай деген сұрақтарға жауап іздеу.
Жаһандық әлеуметтану сараптамасының тағы бір пәні - әлемдік нарық пен геосаяси құрылымдарды сараптау. Бұл жәйт қазіргі әлеуметтану еңбектерінде көбінесе жаһандық процестерді тауар алмасуы мен айналуына әкеліп тірегендігі үшін жиі сыналады.
Жалпы жаһандану туралы пікірталастарды төрт пайымдауға шоғырландыруға болады: аймақтық немесе өркениеттік; академиялық; идеологиялық; және жыныстық ерекшеліктер мәселесін қозғайтын пайымдау.
Аймақтық немесе өркениеттік пайымдауға, жаһандануға басты көңіл бөлінбейтін пайымдаулар жатады. Бұл жерде мынадай мәселе көтеріліп отыр: Үшінші әлемнің көптеген елдерінде ең алдымен нақты өркениеттер мен мәдениеттердің ерекшелігін ескеретін жеке бірегей тұжырымдама жасау қажеттілігі белсенді түрде талқыланады. Жаһандану теорияшыларының өздері осы елдер ғалымдарының Үшінші әлем елдерін сараптау мен бейнелеудің осы тектес ұмтылыстарын жергілікті теориялар мен тұжырымдамалар деп белгілейді. Сонымен бірге жоғары дамыған елдер авторларының әлеуметтану тұжырымдамаларында жаһандануға қарсы тұжырымдамалар жиі кездеседі. Мысалы, француз интеллектуалдары мен Германияның кейбір әлеуметтану мектептері жаһандануды француз және неміс қоғамдарына төніп тұрған қауіп деп есептейді. Орталық Еуропа мен Латын Америкасы елдерінің жаһандануға деген сенімсіздігі мен қауіптенуі жоғары. Академиялық пайымдауларда әдетте жаһандану белгілі бір ғылым шеңберінде қарастырылады, жаһандану сараптамасының ең жарқын мысалы оның экономика пәні шеңберінде зерттелуі болып табылады, осы тектес әдісті, экономикалық дамудың ерекше нұсқасын Иммануил Валлерстайн ұсынды. Жаһанданудың идеологиялық пайымдаулары әдетте оған қарсы шығудан немесе оны қолдаудан тұрады. Жаһандануды жақтаушылар оны капитализмнің бүкіл әлем бойынша жеңісті жорығы деп суреттейді. Жаһанданудың қарсыластары одан әлемнің батыстық емес аймақтарында Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк немесе Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты ұйымдар үстемдігінің орнығуын көреді.
Қазақстанның әлеуметтану ғылымы үшін жаһандану теориясының маңыздылығы неде? Ең алдымен оның тәжірибелік маңызы бар. Жаңа заман әлеміндегі кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттердің мүмкін-діктері мен болашағын бағалау үшін әлем-жүйе сараптамасына бет бұру көп жағынан жемісті болып табылады. Бұл әдіс әлеуметтік өзгерістерді мемлекеттік деңгейде талдауға құрылған дәстүрлі теориядан артықшылығын осыдан ширек ғасыр бұрын көрсетті, бұл халықаралық ғана емес, кейбір ішкі “эндогенді” процестерді ұғынуды шектейді. Жаһандану теорияларының кейбіреулерін егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.
Рональд Робертсонның