Бап. Ерекше қундылығы бар заттарды жымқыру

1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылыгы бар заттарды немесе құжаттарды жымқыру, оларды жымқыру тәсіліне қарамастан, -

2. Мынадай:

1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган;

2) бірнеше рет жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) ңылмыстық топ жасаса;

2) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген заттарды немесе құжаттарды жоюға не Бұлдіруге әкеп соқса -

Қазіргі жаңа Қылмыстық кодексте жымқырудың ерекше түрі - ерекше құнды заттар-ды немесе құжаттарды жымқыруға салуды қылмыстың затының ерекшелік белгісіне бай-ланысты жеке құрам ретінде бөліп қараған.

Қылмыстық кодекстің 193-бабының 1-тармағында ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мэдени жағынан құңды заттар мен құжаттарды жымқыру, жымқырудың жымқыру тэсіліне қарамастан осы қылмыс қүрамын құрайды деп белгіленген. Жымқырудың осы түрінің заты болып ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мэдени жағынан құнды затгар мен құжаттар танылады. Бұларға археологиялық қазбалар нэтижесінде табылған ерекше затгар, көркемдік маңызы ерекше заттар (картиналар, скульптуралық шығарма, эр түрлі нэрселерден жасалған көркем бұйымдар), көне кітаптар, сирек қолжазбалар, ар-хивтер, сирек кездесетін коллекциялық байланыс маркалары, көне мэнеттер, ордендер, ғылым немесе мэдениет үшін аса құнды құжаттар жатады.

Заттар мен құжатгардың ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мэдени жағынан құндылығы, олардың ақшалай бағасымен бірге тарихи, ғылыми немесе мэдениет үшін жэне бар немесе жоғына байланысты сарапшылық қорытындысы арқылы анықталады.

Қылмыстық куқьіқ бұзушылық объективтік жағынан ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мэдени жағынан құнды заттар мен кркаттарды талан-таражға салу, талан-тараждың тэсіліне (ашық, жабық, күш қолдану арқылы, алдау немесе сенімге қиянат жасау) қарамастан жүзеге асырылады. Мұндай эрекеттерді істеу ұрлық, алаяқтық, иеленіп кету немесе ысырап ету, тонау я болмаса қарақшылықпен жасалуы да мүмкін.

Қылмыстык кодекстің 193-бабы ерекше құлды заттарды мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдарды, мекемелер мен кэсіпорындардан, сондай-ақ заңды немесе заңсыз жолмен осы заттарға иелік етуші азаматтардан талан-таражға салғаны үшін қылмыстық құдық бұзушылық үшін жауаптылықты қарастырып отыр.

Ерекше құнды заттар мен құжаттарды талан-таражға салу сол заттарға кінэлі адам толық иелік еткен уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Қарақшылықта бұл қылмыстық құқық бұзушылық шабуьш жасаған сэтінен бастап аяқталған деп есептеледі. Мұндай ретте оның эрекеті осы 193-баппен косымша сараланбайды. Осы көрсетілген қылмыстық қүдық бұзушылық қүрамын - ұрлық, тонау немесе қарақшылық нысандары арқылы істеген 14-ке толған адам осы қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъектісі бо-лып танылады, ал талан-тараждан басқа нысандармен осы кылмысты істеген жағдайда -қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып - 16-ға толған азаматтар танылады.

Көрсетілген қылмыс қүрамы субъективтік жағынан тікелей касақаналықпен жэне пайдакүнемдік мақсатпен жүзеге асырылады.

Қылмыстық кодекстің 193-бабының 2-тармағында осы қылмыс құрамының мынадай ауырлататын түрлері көрсетілген:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) бірнеше рет жасалса;

Ал баптың 3-бөлігінде 1) қылмыстық топ жасалса;

2) Жымқыруға түскен ерекше құнды заттарды немесе қүжаттардың жойылуына, бұзылуына немесе Бұлінуіне экеп соғуы болып табылады (ҚК-тің 193-бабының 4-бөлігі). Бүл жерде ерекше қүлды заттар мен құжаттардың жойылуы деп оның іске мүлдем жа-рамсыз болып қалуы айтылады. Мүлдай ретте аталған нэрселердің тарихи, ғылыми жэне мэдени қүндылықтары түкке тұ_рғысыз болып қалады да, өз мақсатында пайдалануға жа-рамайды.

Ерекше қүндьт заттар мен құжаттардың бұзылуы немесе Бұлінуі деп дүрыс сақтамаудан олардың тарихи, ғылыми немесе мэдени қүлдылықтарының едэуір то-зуы, іске жарамдылығының кемуі, оларды бұрынғы қалпына келтірмесе немесе қайта өңдемесе, түзетпесе пайдалануға жарамайтындығын айтамыз.

Қылмыстық топтың түсінігі 31-баптың 31-тармақшасында көрсетілген.

§5. Талан-тараждың белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар

Жаңа қабылданған Қылмыстық кодексте талан-тараждың белгілері жоқ, меншік-ке қарсы пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың үш түрі көрсетілген. Қорқытып алушылық (194-бап); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (195-бап); көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу (196-бап).

Бап. Қорқытып алу

1. Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе Бұлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мәліметтерді не жариялануы жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін взге де мәліметтерді тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлікке ңуңықты беруді немесе мүліктік сипаттагы басқа да әрекеттер ma-cay ды талап ету -

2. Мынадай:

1) күш қолданып;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) бірнеше рет жасалган қорңытып алушылық-

3. Мынадай:

1) жәбірленушінің денсаулыгына ауыр зиян келтіріп;

2) ірі мөлшерде мүлік any мақсатында жасалган қорқытып алушылық -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) аса ірі мөлшерде жасалса, -

Занда қоркытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе Бұлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мэліметгерді не жариялануы жэбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мэліметтерді тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлікке қү_қықты беруді немесе мүліктік сипаттағы басқа да эрекеттер жасауды талап ету - деп белгіленген.

Қорқытып алушылықтың тікелей объектісіне меншік қатынастары ғана емес, жэбірленушінің немесе оның жақындарының ар-намысы жэне олардың жеке басының бостандығы, денсаулығы жатады.

Қорқытып алушылықтың жэбірленушісі болып талап етіліп отырылған мүлік иелігін-де, күзетінде немесе меншігінде түрған адам жэне оның жақындары танылады.

Қорқытып алудың заты болып: мүлік, мүлікке қү-қық немесе корқытушының пайда-сына жэбірленушінің мүліктік сипаттағы басқа да іс-эрекеттерді істеуі жатады.

Қорқытып алушылықтың объективтік жағы екі түрлі жеке эрекеттен - қорқыту арқылы жэбірленушіден талап етіп отырған мүлікті немесе мүлікке қүқықты беруді не-месе кінэлінің пайдасына мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттерді істеуді талап етуден тұрады.

Қорқытып алушылық қүрамындағы мүліктің түсінігіне кез келген қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Кінәлі адам қорқыту арқылы осы мүлікті өзіне беруді, яғни өз меншігіне өткізуді талап етеді.

Мүлікке қүқықты беруді талап ету дегеніміз қорқыту арқылы жэбірленушіден мүлікті пайдалану, иемдену немесе билеу қүзыретінің бірін өзіне беруді, сөйтіп сол арқылы мүліктен белгілі бір дэрежеде пайда көру жатады (тұрғын немесе түрғын жайға жатпай-тын құрылысты тегін немесе өзіне тиімді бағаға беруді талап ету, сондай жағдайда пай-далану үшін көлік немесе басқадай байланыс құралдарын ақысыз пайдалану, беруді тілеу т.б. эрекеттер).

Мүліктік сипаттағы басқа да эрекеттерді істеуге жәбірленушінің қорқытып та-лап етушінің пайдасына белгілі бір заңдылык мэні бар іс-эрекеттерді істеуі, соның нэтижесінде кінэлінің мүліктік сипаттағы пайда табуы немесе материалдық жауапкер-шіліктен қүлылуы жатады (қорқытып талап етушінің қарызы жөніндегі қолхатты жою; оның қарызын кешіру, өсиет туралы қолхатты жою, оның пайдасына белгілі бір жүмыс атқару және т.б.).

Қоркытып алушылықта жэбірленушінің меншігіне жатпайтын мүлікті де талап етушілік орын алуы мүмкін. Егер кінэлі адам талап етіліп отырылған мүлік жэбірленушіге тиесілі емес екенін біле түра соған қарамастан оны корқытып талап етсе, онда оның іс-эрекеті Қылмыстық кодекстің 194-бабымен коса басқа бөтеннің мүлкін талан-таражға айдап салушы ретінде саралануы мүмкін. Қылмыстық заңда қорқытып алушылықты жүзеге асыратын мынадай қбрқыту тэсілдері көрсетілген: 1) күш қодцанумен қорқыту; 2) бөтен мүлікті жою мен неме-се Бұлдірумен қорқыту, 3) жэбірленушінің немесе оның туыстарын масқаралайтын мэліметтерді таратуымен де жэбірленушінің немесе оның жақындарының мүдцелеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мэліметтерді жариялау.

Кез келген қорқыту нақты жэне жэбірленушінің пайымдарынша толық іске асатын-дай болуы қажет. Осы қорқытулар арқылы кінэлі адам істейтін қьшмысын жеңілдетіп, болашақта бөтеннің мүлкіне иелік етуді немесе мүліктен басқадай пайда көруді басты мақсат тұтады. Күш қолданып қорқытуға жэбір-ленушіге жеңіл, орта ауырлықтағы неме-се ауыр дене жарақатын келтіремін деген қорқытулар жатады. Бөтен мүлікті жоюмен не-месе Бұлдірумен қорқытуға эр түрлі тэсілмен жэбіленушінің немесе оның туыстарының меншігіндегі мүлікті қүрту, Бұлдіруге байланысты іс-эрекеттер жатады.

Масқаралайтын мэліметтерді таратамын деп қорқытуға үшінші жаққа жэбірленуші немесе оның туыстары туралы қолайсыз, шындыққа жататын немесе жатпайтын, олардың адамгершілігіне, ар-намысына тиетін эр түрлі қауесеттерді, деректерді жариялау арқылы олардың мүдделеріне елеулі зиян келтіру мүмкіндіктері жатады.

Қорқытып алушылық формальдық қылмыстық қүқық бүзушылық қүрамына жататындықтан, бөтен мүлікті немесе мүлікке қүқықты беруді немесе басқадай эрекеттерді істеуді талап еткен уақыттан бастап аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады.

Субъективтік жағынан қорқытып алушылық тек тікелей қасақаналықпен жүзеге асы-рылады жэне пайдакүнемдік мақсатты көздейді. Кінэлі адам бөтеннің мүлкіне ешқандай қүқығы болмаса да қорқыту арқылы мүлікті, мүлікке қүқықты немесе өзінің пайдасына мүліктік сипаттағы басқа да эрекеттерді істеуді заңсыз талап етуін сезеді жэне осындай қорқытулар арқылы жэбір-ленушіні өзінің талаптарын орындауға мэжбүрлеуді тілейді. Осы қылмыстық қүқық бүзушылықтың қүрамы үшін кінэлі адамның қорқытуды шын мэнінде жүзеге асыратынының немесе асырмайтынының ешқандай маңызы жоқ.

Қорқытып алушылықтың субъектісі — 194-баптың 2, 3, 4-бөліктері бойынша 14 жасқа ал осы баптың 1-бөлігі бойынша 16-ғатолған адам.

Қорқытып алушылықтың ауырлататын түрлері: 1) күш қолдану; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 3) бірнеше рет жасалған қорқытып алу (194-баптың 2-тармағы) болып табылады. Осы ауырлататын түрлердін соңғы екеуінің мазмүлы үрлықтың (188-бап) ауырлататын осындай түрлерімен үқсас.

Қорқытып алудың ауырлататын түрі күш қолдану болып табылады. Осы қылмыс қүрамына тэн күш қолдануға жэбірленушіге оның денсаулығына зиян келтірумен бай-ланысты емес (бостандығын шектеу, оларды үхтап түру, болмашы түрде денесіне қол тигізу), сондай-ақ оларға жеңіл немесе орта дэрежелі жарақат келтірулер жатады.

Қорқытып алушылықтың аса ауырлататын түрлері:

1) жэбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып;

2) ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасаған қарақшылық (194-баптың 3-тармағы). Бұлардың алдыңғысының жэне соңғысының түсініктері үрлықтың өте ауырлататын түріндегі осындай белгілердің түсініктерімен мазмүлы біртектес.

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-эрекеттер, егер оларды:

1) қылмыстық топ жасаса;

2) аса ірі мөлшерде жасалса, (ҚК-тің 194-бабы, 4-бөлігі) осы қылмыс қүрамының ерекше ауырлататын түрі болып занда белгіленген.

Жэбірленушінің денсаулығына ауыр зардап келтіру деп қорқытып алушының заңсыз талабын жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекстің 106-бабында көрсетілген ауыр дене жарақатын келтіруі болып табылады. Егер осындай жарақаттан адам өлімі туындаса, онда кінэлінің эрекеті (194-баптың 4-тармағы жэне 106-баптың 3-тармағы) қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Аса ірі мөлшерде мүлік алу мақсатындағы қорқытып алушылыққа кінэлінің кем деген-де айлық орта көрсеткіштен 500 есе асып түсетін мүліктің құнын, немесе залал мөлшерін өз пайдасына істеуін талап ету болып табылады. Қорқытып алушылықты тонаудан жэне қарақшылықтан ажырата білудің маңызы ерекше. Қорқытып алушылықтың Қылмыстық кодекстің 191, 192-баптарында көрсетілген осы қүрамдардан ажыратылу негіздерін осы құрамдарға талдау жасаған кезде толық көрсеткендіктен оны қайталап жатпаймыз.

Наши рекомендации