Ой сұрыптау, жұптау және қошқарларды саулықтарға тағайындау.

Қой шаруашылығында жалпы мал шаруашылығындағы сияқты жаңа, өнімдірек тұқым шығару жүйелі бір мақсатқа бағындырылған қажетті сападағы малды таңдау арқылы жүргізіледі. Таңдаудың нәтижелігі мал популяциясының, табынының генетикалық әр-түрлілігіне негізделеді. Популяциядағы мал неғұрлым әртүрлі сапада болған сайын таңдаудың да мүмкіншілігі арта түседі. Генетикалық әртүрліліктің қайнар көзі - тұқым қуалайтын сапа көрсеткіштерінің өзгергіштігі. Генетик–селекционерлердің ең басты міндеті - малдың ұрпақтан-ұрпаққа өзгергіштігін басқарудың, бағыттап отырудың пәрменді әдістерін табу, соларды өндірісте қолдану. Бұл жөніндегі ғалымдардың еңбегі табыссыз да емес. Мысалы, микробиологтар химиялық мутагенез арқылы антибиотиктердің аса пайдалы түрлерін өсіріп шығарды. Бірақ, әзірше қол жеткен нәтижелер аздау болып жатыр. Үмітсіз шайтан, жақсы нәтижелерге ұмтылыс ғылымда жалғастыруда. Пайдалы аяқталатына сенейік.

Популяцияның генетикалық құрылымын өзгертетін бірнеше факторлар бар екенін ғылым анықтады. Олар: мутация, гендердің кенеттен қозғалуы; олардың орта ауыстыруы; мал өкілдерінің жер өзгертуі; таңдау; іріктеу; кездейсоқ емес әдейі қолдан будандастыру. Осылардың ішінен ең кеңінен жай қолданылатыны – іріктеу, таңдау. Бұл әдіс белгілі бір популяция малын бағытты, мақсатты жақсарту үшін мүмкіндік береді. Сондай-ақ кездейсоқ емес, әдейі екі немесе бірнеше тұқымның таңдаулы өкілдерін будандастырып, солардан алынған буданның генетикалық қорының көбеюі де малдың жақсаруына, оның өнімділігінің артуына жақсы мүмкіндіктер ашады. Бұл малдарды да нысаналы мақсатқа жету үшін ұдайы бақылап, зерттеп, іріктеп, таңдап, ұнамдысын ғана алып өсіріп отыру керек. Қазіргі Қазақстандағы қой тұқымдары осындай бағалау, іріктеу, таңдау және мақсатты жұптау арқылы шығарылған.

Елтірі беретін қойлар үшін – шешуші көрсеткіш, ол елтіріге баратын қозы терісінің әдемі суреті мен бұйра құрайтын жүн түктерінің қасиеті.

Етті майлы қойлар үшін – негізгі талап тез жетіліп, жақсы ет пен майды көп өндіргіштігі. Сонымен қатар олар табиғаттың қатаң, шөл-шөлейт аймақтарына бейімділігі.

Қазір зоотехнияда малды бағалағанда бірнеше қалыптасқан әдістермен бағалайды, олар мыналар:

1. өзінің өнімі мен фенотипіне негізделіп;

2. шыққан тегіне қарай (құжаттарымен);

3. ұрпақ сапасымен (тексеру, тәжірибе жасау арқылы төлін алып, өсіріп бағалайды).

Қойды өсіру үшін таңдағанда да дәл осындай алдына осындай мақсат қойып, соған жауап бере алатын қойларды, әсіресе, қойларды таңдап алу керек.

Шыққан тегіне қарай таңдау – нақты қойдың (әсіресе қошқардың) тегін тексеріп, оның ата-анасының, одан да бұрынғы тегінің өнімділігін білу өте дұрыс. Бірақ сол ата-анасындай бола бермейді. Оны да ескеру керек.

Экстерьері, дене бітіміне және өнімділігіне қарай таңдау. Өсіру үшін малдың дене бітімі жақсы, өнімділігі жоғары болуы тиіс. пішіні, бітімі ұнамсыз болса, басқалай кемістігі болса ондай мал таңдап, қалдыруға жатпайды. Бұл әдіс жақсы фенотипте жақсы генотип болады деген тұжырымнан бастау алады.

Малды дене бітімі, пішінімен бірге оның тұқымының өнімдік бағытына қарай денесінің массасын, жүндестігін, еттілігін және олардың көрсеткіштерін егжей-тегжейлі анықтап, байыптап бағалап барып таңдау керек.

Жүндестігін бағалағанда оның ұзындығын, талшық жіңішкелігін, жүн қоюлығын, жүнділік коэфициентін, қырыққандағы жүн түсімін, таза талшық шығымын т.с.с. анықтайды. Сонымен қатар малдың тез жетілгіштігін, өсу қарқынның деңгейін, жем-шөпті (мал азығын) тиімді пайдалануын, төлшілдігін, селекциялық бағасын кешенді анықтайды.

Малды ұрпақ сапасына қарай бағалап таңдау. Бұл жерде аталықты және аналықты бағалап таңдау бірдей емес екенін айту керек.

Аналықтардың ішінде басқа жақсы қасиеттерімен бірге екі рет қатарынан екі-үш қозыдан берген аналық аса жоғары бағаланып, аналық ұялық басын құрайды.

Тұқымдық қошқарлардың сұрыптау және ұрпағының сапасына қарай баға беру.Қой отарлары үшін тұқымдық қошқарлар құнды биологиялық қасиеттері мен өнімділігін арттыру тұрғысынан алғанда табыстың қайнар көзі болып табылады. Себебі қошқар жылына жүзден бірнеше мыңға дейін саулықты ұрықтандырады. Осының нәтижесінде табын-отардың өнімділігін тездетіп, арттыруға тікелей әсер етеді. Сондықтан да тұқымдық қошқарларды таңдап өсіруге баса назар аударылады.

Асыл тұқымды қой шаруашылықтары отарларында болашақ аталық малды еркек қозылардан іріктеп-сұрыптап өсірудің бірнеше сатысын өткізеді. Алғашқыда оларды туған кезінде қарап, таңдап алады. Бұл кезде таңдаулы еркек қозылардың саны қажетті аталық малдың санынан 6-8 есе көп болуы тиіс.

Екінші рет қозыны енесінен айырған соң, 4-5 айлық кезінде қарап іріктейді. Мұнда ең таңдаулылары ғана (қажетті санынан 3-4 есе көп) іріктеп алынады. Бұл қозылардың сапасы жоғары, енесі элита болуы тиіс.

Үшінші рет қозы бір жасқа толғанда өткізіледі. Мұнда әр тоқты қошқарға жеке-жеке жүргізілген бонитировка деректері, шыққан тегі ескеріледі. Басы артық қошқарлар басқа шаруашылыққа ауыстыру үшін бөлініп әзірленеді. Ал асыл тұқымды шаруашылықтың өзіне қажетті қошқарлар ұрпағының сапасына қарай бағаланады. Ол үшін әрбір тексерілетін қошқарға бір текті бірінші класты 100 саулық бекітіледі. Егер шаруашылықта бірінші класты саулықтар аз болса, онда жақсарту үшін қалдырылған саулықтар мен шағылыстыру арқылы бағалайды.

Қошқарларды ұрпағының сапасына қарай былайша бағалайды:

а) әр түрлі қошқарлардан тараған элита және 1 класс қозылардың саны өзара салыстырылады;

ә) тексерілетін әртүрлі қошқардың ұрпағы мен сол жастағы басқа қошқарлар ұрпағының өнімділігі өзара, сондай-ақ шаруашылық бойынша алғандағы орташа көрсеткішпен салыстырылады;

б) қошқар мен оның ұрпағының ең басты қасиеттері жағынан бір-біріне ұқсастық дәрежесі анықталады;

в) өнімділігі, класы және басқа қасиеттері бойынша алғанда ұрғашы қозының сапасы мен оның енесінің сапасы өзара салыстырылады.

Қошқараларға қозыларды енесінен айырған кезде алдын ала, ұрпағы бір жасқа толғанда нақты баға беріледі. Егер қошқар ұрпағына өзінің ерекше қасиеттерін (тірідей салмағының жоғарылығы, жүнінің молдығы, ұзындығы, тығыздығы т.т.с.) бере алса ол жақсы.

Қойды таңдау мен бірге оған алға қойған селекциялық міндетке жеткізетін малды жұптаудың маңызы зор. Себебі сол жұптаудың нәтижесінде аталық пен аналықтың ең жақсы, ең қажетті қасиеттерін, өнім көрсеткіштерін беретін жаңа ұрпақ алынуы тиіс. Қой тұқымын асылдандыру жұмысының алдына қойған міндеті ұрпақтан-ұрпаққа қойдың жақсаруы, оның қажетті өнімділігінің артуы. Сондықтан да жұптау аса жауапты жұмыс.

Жұптаудың, әдетте екі түрін ажыратады. Бірі біртекті (гомогенді) жұптау - өнімділік қасиеттері ұқсас қойларды жұптау, екіншісі - әр текті (гетерогенді) жұптау - өнімділік қасиеттері әр түрлі, айырмашылығы бар қойларды жұптау.

Біртекті жұп таңдау арқылы селекционер аталық және аналық қойлардың ұнамды ұқсас қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа бекіту, ұнамды қасиеттері бар малдарды көбейту, олардың біртектілігін арттыру арқылы құнды белгіні онан әрі жетілдіру және ұнамды мал тобын көбейту міндетін орындайды.

Әдетте біртекті (гомогенді) жұптауға шыққан тегі бір, не өте жақын малдар қатынасады. Бұл жағдайда селекционер өз алдына 3 мақсат қоюы мүмкін.

1. Аса жоғары өнімді (элита, 1 класс), бір-біріне көп көрсеткіштерімен ұқсас (плюс вариантты) жүні де, ұзындығы да, еттік қасиеті де, конституциясы да т.т. тіпті жақын болса. Осы жақсы қасиеттерді жоғалтпау, керісінше байыту үшін жұптайды. Мұндай мал көп болмайды және олардан аталық немесе аналық басы болатын мал алуға тырысады.

2. Бір қасиетімен немесе бір-екі шаруашылық өнімдік көрсеткішімен біртекті малдарды жұптағанда селекционер өз алдына осы көрсеткіштерден аса жоғары сапалы мал алу үшін жұптайды. Алатын жүнінің ұзындығы немесе тығыз, қоюлығы бұл да үлкен табында жүргізілмейді.

3. Біртекті жұптау асыл тұқымды шаруашылықта, нақты бір атаның өсіретін фермада өлшемді жүргізіледі. Мұндағы отарлар негізінен бір текті болып келеді, не жүн түсімімен, не жүн ұзындығынан.

4. Бір текті жұп таңдаудың ұнамсыз жақтары да бар. Әдетте ұнамды қасиеттері ұқсас малдың ұнамсыз қасиеттері де ұқсас болады. Ол ұнамсыз қасиеттерді жою үшін басқа тектес малды пайдалануға тура келеді.

Сондықтан селекционерлер әр текті жұптау әдісін қолданады. Оны біліктілікпен қолданса жақсы нәтиже береді. Бұл әдістің құндылығы – келесі ұрпақта жаңа өзгешеліктер, жаңа көрсеткіштер пайда болады. Ол әртүрлі гендердің қосылып, жаңа генотиптің пайда болуының нәтижесі. Селекционерлердің шеберлігі – жаңа алынған ұрпақта қалаған, жоспарланған қасиеттердің пайда болуымен бағаланады. Әр текті жұптаудың нәтижесінде ұрпақтың гетерозиготалығы өсіп генефонды байи түседі. Ол болашақта іріктеуге үлкен мүмкіндік ашады. Дұрыс пайдаланбаса, әртекті жұптаудың да кемшіліктері орын алады. Ол ең алдымен жағымсыз қасиеттердің дамуынан біліне бастайды.

Гетерогенді жұптаудың пайдалы мүмкіндігі – ол малдың тұқымдық қорын көбейтеді, байытады, кейбір пайдасыз, қажетсіз қасиеттерден арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан әртекті жұптауды малдың қажетті кемшілігін түзетуге; ата-анасының көрсеткіштерінен шығатын ортақ қасиеттері бар мал өсіруге; өмірлік күшін, өміршеңдігін (гетерозис арқылы) жақсартуға бағытталып жүргізіледі.

Қойды жұптағанда селекционер:

а) ұқсас малдардан ұқсас мал өседі;

б) жақсы мен жақсы малды жұптағанда олардың ұрпағы жақсара түседі;

в) малдың асыл нәсілін бекіте түсу үшін гомогенді, ал нәсілін байытып өзгерту үшін – гетерогенді жұптау қолданылады деген қағидаларды басшылыққа алады.

Мысалы 2 – класс биязы жүнді қойдың жүні қысқа болады соны ұзарту үшін жүнді қошқармен жұптайды.

Ал 3 класта жүні сиректеу және денесінде әр жеріндегі жүн әркелкі болады. Міне осыларды түзеу үшін ол қойларға қою жүнді, денесіндегі жүні біркелкі аталық бекітеді.

Әдетте қойды бірімен-бірін жұптау малдың басты шаруашылық көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі.

1. Жүннің жалпы түсіміне қарай жұптау арқылы қойдың (отардың) жүн өнімділігін арттыруға әбден болады. Жалпы жүнінің салмағы мен таза талшық шығымының арасында оң корреляция бар. Сондықтан селекция жұмысын жүргізуде жүн түсіміне қарай жұптау арқылы жетістікке жетуге болады. 1-1,5 жасындағы бонитировкада көрсетілген көрсеткіштер кейінгі жылдары өзгеріп тұру мүмкін. Ол құбылыс малдың бағып қағуына көбірек байланысты болады.

2. Тірі салмағына қарай жұптау арқылы малдың дене бітімін жақсартып, ұрпақтың ірі болып өсуін қамтамасыз етуге болады.

3. Малдың еттік қасиетіне қарай жұптау арқылы еттілігінің өсуін, дәлдігінің жақсаруына жетуге болады.

4. Жүнінің ұзындығына қарай жұптау арқылы жүн өніміділігін көбейтуге болады. Жүннің 1 см ұзындығы 80-90 г жүн қосады. Осылай жүн ұзарту арқылы өнімді 13-15% көбейтуге болады.

5. Жүннің жіңішкелігіне қарай жұптау да нәсіл қуалайды. Сонымен қатар жүннің денеде өсуін біртектіге жақындатуға болады.

6. Жүннің қоюлығына қарай жұптау да жақсы нәтиже береді. 1 мм2 теріде 60 талшық өскенде 64 сападағы жүні бар қой 3,5 кг жүн береді, ал 70 сападағы – 2,7 кг, 80 сападағы 2,2 кг жүн береді. Бұл көрсеткіштер фенотиппен генотип арасында оң корреляциялы болады.

7. Терінің қатпарларына қарай жұптау өте құнды емес. Жүн өнімі тері қатпарымен оң корреляцияда емес.

8. Төлдегіштігіне қарай жұптау өте жақсы нәтиже бере бермейді, дей тұрғанмен будандастыруда пайда болады – 2,5-4,0% дейін.

9. Мал азығын пайдалану қасиетіне қарай жұптау біраз әсер етіп, 8,5-11,8%-ға дейін жақсартады.

Зоотехния ілімінде және өндірісте мынандай:

Әдейі жұптау – әр класқа бөлек аталықты белгілеу;

Жеке жұптау – селекциялық ядрода, топта қолданылады;

Кластық жұптау – бір кластағы саулыққа бір қошқарды бекіту.

Ата ізбен жұптау – ата із малын жұптаулар бар.

Универсалды жұптау – өте жақсы аталық қошқар барлық кластағы қоймен жұптала береді.

Осылардың әрқайсысының ерекшелігі де, қажеттілігі де бар.

1. Қойларда жүн түсіміне қарай жұптау. Әсіресе биязы және биязылау қой тұқымдарында пайдалы. Қойдан қырқылған жүннің салмағы мен оның таза жүн шығымы бір-бірімен тығыз байланысты және оң корреляцияда болады.

Дегенмен жүннің таза талшық шығымы көп нәрсеге байланысты. Әсіресе малды баққан ортаға қарай өзгеріп отырды. Құм-құмайт немесе айдалған жерде бағылатын малдың жабағысында кір, шаң тозаң көп болады. Шығым пайызы аз болады. Жүн түсімі жасына қарай да өзгеріп тұрады.

Қой жүн түсімі жүндестігі, малдың ұрпағына нәсілдік берілуі, қойдың тұқымына, шаруашылық жағдайына, бағып-күту дәрежесіне қарай үлкен алшақтықта өзгеріп тұрады.

Көптеген ғылыми тәжірибенің қорытындысына сүйене отырып, жүн түсіміне қарай қойды жұптаудың пайдалы екендігін айтуға болады. Бұл құбылыстың гендермен байланыста екендігі селекция жұмысын жоғары дәрежеде жүргізуді талап етеді.

2. Қой өсіргенде оның тірі салмағының маңызы үлкен. Оның жан-жақты өнім көрсеткіштеріне оңды әсер етеді. Төлдегіштігі, жүндестігі, еті тағы сол сияқты.

Малдың тірі салмағы да өмірінде көп өзгеріске ұшырап отырады. Ең сенімді көрсеткіш ретінде қойдың 2–3 жасында өлшеген дұрыс.

Асыл нәсілдігі жоғары аталық қошқарлар өмір бойы жоғары көрсеткішке ие болып тұрады. Ал асыл тұқымдығы жоғары емес, әлі де тұрғылықты болмаған мал өзі де өзгеріп тұрады. Одан алынған ұрпақта тиянақты түрде мол өнімді бола бермейді.

Наши рекомендации