Экологиялық жағдай
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялықжағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды. Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады.Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді.Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды. 1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді. 70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.
83. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды.Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды.Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.
84. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады.Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. «Неміс автономиясына жол жоқ!» «Қазақстан бөлінбейді!» деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді.
85. Диаспора деген грек сөзі, шашыранды өсу деген мағына білдіреді. Осылайша басқа жаққа кетіп, шашыранды жүргендердің немесе шоғыр болып отырғандардың өз ата – мекеніне қайтып оралғандарға репатрианттар деген термин қолданылады. М. Тәтімов диаспора сөзін қазақша шашырау, ал репатрианттарды ізгі тілекпен тарихи Отанына қайтып оралған майтабадар деп атаған. Ал екі халықтың ортасында отырып, не қазақ не тағы басқа халықтың құрамына кірмейтіндерді маргинал терминімен аталады. Қазақстанан тыс жерде саны қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай жерлерде шашырап кеткен қазақ диаспорасының саны 1991 жылдың соңы мен 1992 жылдың басында жалпы саны 3 миллион 400 мың деп есептелінді. Ол халқымыздың 32,2% яғни үштен бірін құрайды. Қазақтардың шет елдердегі шашырандысын салыстыратын болсақ, туысқан, қырғыз халқынан біршама көп, ал түркмендармен бірдей, башқұрттардан екі еседен артық. Осының өзін – ақ олардың бәрін қоссақ, бір қауым халық екені белгілі. Қазақ диаспорасының кең ауқымды екенін келесі салыстырулар арқылы байқауға болады. Айталық өз республикасынан тыс жердегі пайызыдық көрсеткіштері жоғарлығы жағынан армян, тәжік, белорустардан кейінгі төртінші, ал шет елдеріндегі жалпы саны жағынан бұрыңғы Кеңес одағында армян мен украиндардан кейінгі үшінші орын – қазақтарға тиесіл болды. Ұлттық диаспора деп Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп келген халықты айтамыз. Себебі Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақтардың жартысынан астамы, яғни 1,8 миллионы (1993 жыл бойынша) өзінің ежелгі ата – мекенін бұрынғыдай жайласа, ал қалған 1,6 миллионы бөтен жерлерді қонстанған. Қазіргі Қазақстан Республикасының территориясы бүкіл қазақтың ата – мекеніні тек үштен екісін ғана қамтиды. Демек қазақтың ежелгі ата – мекені 4 миллион шаршы километрге жайылып жатыр. Оның 12 млн. Шаршы шақырымы Ресейде (600 мың шаршы шақырым), Орта Азияда (200 мың шаршы шақырым) және Қытайда (400 мың шақырым) қалып қойды.
Айта құру бағыты.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру.Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.