Апсырма: мәтінді оқыңыз.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін Жоғарғы сот оларға, теңестірілген соттар, аудандық, әскери соттар құрайды.

Қазақстан Республикасында заңға сәйкес мамандырылған соттар құрылады. Олар: шаруашылық, салықтық, әкімшілік, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі т.б. соттар. Бұл соттардың мәртебесі аудандық (қалалық) соттардың мәртебесіне сәйкес келеді. Қазақстан Республикасында округтік соттар да құрылады.

Тармақ (звено)- сот құрылысының ұғымы. Сот жүйесінің тармағы деп тең өкілеттіктері бар соттардың жиынтығы аталады. Қазақстан Республикасының сот жүйесі үш тармақтан тұрады.

Инстанция – сот ісін жүргізудің ұғымы. Ол істерді қарау кезеңдерін анықтайды. Қазақстанда төрт инстанциялық сот жүйесі жұмыс істейді. Олар: бірінші инстанциядағы, аппеляциялық, кассациялық және қадағалау инстанциясындағы соттар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-і бабында сот төрелігін тек сот жүзеге асырады деп жазылған. Азаматтық істерді, шаруашылық дауларды, қылмыстық істерді тек жоғарғы сот, облыстық және оларға теңестірілген соттар ғана қарайды. Бұлардан басқа ешбір орган немесе лауазымды адамның сот қызметін өз мойнына алу құқығы жоқ. Адамды жасаған қылмысы үшін айыптау және жазалау құқығы тек сотта ғана бар.

Тапсырма:Мәтінді мәнерлеп оқып, аударыңыздар.

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Қазақстан республикасының сот жүйесін қандай соттар құрайды?

2. Заңға сәйкес тағы қандай соттар құрылады?

3. Соттардың арасында қандай байланыс бар?

4. Тармақ, сот жүйесінің тармағы деген не?

5. Инстанция ненің ұғымы. Ол нені анықтайды?

6. Қазақстанда неше инстанциялық сот жүйесі жұмыс істейді?

7. Қазақстанда сот төрелігі қалай жүзеге асырылады?

8. Адамды айыптау және жазалау құқығы кімде бар?

Жазу

Тапсырма:Сөз тіркестерін аударыңыздар:

Судебная система, военный суд, статус судов, Верховый суд, создание специализированных судов, окружной суд, звенья судебной системы, разные полномочия, налоговый суд, четырехинстанционная судебная система, областные и приравненные к ним суды, уголовное дело, должностное лицо, рассматривать гражданские дела, признать виновным человека, совершенное преступление, совокупность судов, этапы рассмотрения дел, суд по делам несовершеннолетних, брать на себя функцию суда, осуществление правосудия, хозяйственные споры.

Тапсырма:Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударыңыздар.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының сегізінші бөлімі /суды и правосудие/ деп аталады

2. Осы жылдың 22-і қаңтарында Алматы қалалық сотының /открытый суд/ мәжілісі 20/уголовное дело/ қарады.

3. Жамбыл облыстық сот алқасының мәжілісінде 12 /гражданское дело/ қаралды .

4. Өткен жылдың бес айында /несовершеннолетние/ 200-ге жуық қылмыс жасаған.

5. Облыстық ішкі істер басқармасы апта сайын /зарегистрированных/, ашылған қылмыстар туралы хабарлар береді.

6. /Должностные лица/ жасаған экономикалық қылмыстар ашылуда.

7. Азаматтардың сұрақтарына Алматы қаласы Бостандық /районный суд/ судьясы жауап берді.

8. Қазақтың /известный ученый/ Шоқан Уәлиханов үлкен саяси маңызы бар. “Сот реформасы жайында хат” деген еңбек жазған.

9. Аптаның басында /Верховый суд/ кеңесінің мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтті.

10. Республикалық “Заң” газетінде шет елдердің /судебная система/ туралы мәліметтер жарияланады

Тапсырма.Мәтіндегі бірыңғай сөйлем мүшелерін атаңыздар.

Тапсырма.Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасасыңыздар.

1. теңестірілген 2. мамандандырылған

3. инстанциясындағы 4. кәмелетке толмағандар

5.азаматтық 6. жиынтығы 7. жүйесіндегі

8. мәртебесіне 9. өкілеттік 10. салықтық

Тапсырма.Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударыңыздар.

1. /Председатель областного суда/, коллегия төрағалары, төралқа мүшелері биыл қара түсті мантия киеді.

2. /Следственный отдел департамента КНБ по Карагандинской области/ екі милиция қызметкеріне қарсы қылмыстық іс қозғады.

3. Алдынала тергеу көрсеткендей, олар (вымогательством, сокрытием преступлений) айналысқан.

4. ҰҚҚ қызметкерлері (по факту незаконного хранения оружия) қылмыстық істі жапты.

5. (Пленум Верховного Суда) жасырын дауыс беру арқылы тәртіп коллегия мүшелерін сайлады.

6. “Бурабай” демалыс үйінде биылдан бастап (аппарат Верховного суда, судьи районных, городских.

Тапсырма:Сөйлемдерді аяқтаңыздар:

1. Республика күні болғанда,............

2. Комиссияның жаңа құрамы белгілі болғанда,........

3. Әділет министрі судьяларды ұсынғанша,........

4. Аудандық сот бірнеше азаматтық істі қараған соң,........

5. Аудандық соттың соңғы жылғы жұмысын талдағанда,........

6. Үкімет құрамы бағдарламаны қабылдағанға дейін,...............

Қазақстан Республикасының соттар құрамы

Тапсырма: Берілген мәтіндерді аударыңыздар

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасының сот жүйесін Жоғарғы сот, облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық), әскери соттар құрайды. Енді осы соттардың құрамына тоқталайық..

Аудандық (қалалық) соттар

Аудандық (қалалық) соттар әділет министрінің ұсынысы бойынша аудан, қала жөне қала аудандарында төрағаны және тұрақты судьяларды тағайындау арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің билігімен құрылады.

Аудандық (қалалық) соттың құрамына төраға және тұрақты судьялар кіреді. Судьялардың жалпы санын әділет министрінің ұсынысы бойынша Президент белгілейді. Әр сот үшін оның сандық құрамын әділет министрі анықтайды.

Аудандық (қалалық) сот бірінші инстанциядағы барлық істерді қарайды, сот статистикасын талдайды, заң арқылы берілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аудандық (қалалық) соттың төрағасы судья болып табылады және сот жұмысын ұйымдастырады. Ол судьялар арасында істерді бөледі, азаматтарды қабылдайды, сот аппараты қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар

Облыстық және оларға теңестірілген соттар әділет министрінің және Республика Жоғарғы соты кеңесінің ұсынысы бойынша Президент билігімен құрылады.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар төралқасына төраға, коллегиялар төрағалары, үш судья кіреді. Төралқа коллегиялар төрағаларының есептерін тыңдайды, сот практикасының материалдарымен танысады және оларды талқылайды. Істерді қарау нәтижесі бойынша қаулы шығарады. Соттар коллегиялары аппеляциялық және кассациялық тәртіптегі істерді қарайды. Коллегиялардың құрамын сот төрағасы бекітеді.

Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағасы судья қызметін қоса атқарады және өз қарамағындағы сот жұмысын жүзеге асырады. Коллегия төрағасы судья қызметін атқарумен қатар, коллегия жұмысын ұйымдастырады.

Әскери соттар

Қазақстан Республикасында әскерлердің әскери соты, әскери бірлестіктердің /армиялар, әскери құрамалар, гарнизондар/ әскери соттары құрылады. Қазақстан Республикасындағы әскери соттардың жалпы санын Президент анықтайды. Судьялардың санын әр әскери сот үшін әділет министрі анықтайды. Республика әскерлерінің әскери сотының құрамына төраға, коллегиялар төрағалары кіреді. Сот төралқасы, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі коллегиялар жұмыс істейді.

Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша әскери соттар облыстық соттарға теңестіріледі. Әскери бірлестіктің соты аудандық /қалалық/ сот мәртебесіне сәйкес. Ол төраға және судьялардан тұрады. Төраға судья болып табылады және құзірет шеңберіндегі әскери соттың жұмысын ұйымдастырады.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне қандай соттар кіреді?

2. Аудандық / қалалық/ соттар қалай құрылады?

3. Аудандық /қалалық/ соттың құрамына кім кіреді?

4. Аудандық /қалалық/ сот құрамын кім анықтайды?

5. Аудандық /қалалық/ сот қандай істерді қарайды?

6. Сот төрағасы қандай қызмет атқарады?

7. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қалай құрылады?

8. Облыстық және оларға теңестірілген соттар төралқасының құрамы қандай?

9. Бұл соттар қандай істерді қарайды?

10. Қазақстанда қандай әскери соттар бар?

11. Әскери сот құрамына кімдер кіреді?

12. Әскери соттардың мәртебесі қандай?

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - сот жүйесінің ең жоғары тармағы (буыны). Жоғарғы сот төрағадан, коллегиялар төрағаларынан, тұрақты судьялардан тұрады. Олардың жалпы санын Жоғарғы сот төрағасының ұсынысы бойынша Президент белгілейді.

Жоғарғы Сот органдары: пленум, төралқа, азаматтық істер жөніндегі коллегия, қылмыстық істер жөніндегі коллегия, шаруашылықдаулар жөніндегі коллегия, әскери коллегия және ғылыми-консультативтік кеңес болып табылады.

Жоғарғы сот пленумы сот практикасын талдайды, пленум хатшысын, ғылыми-консультативтік кеңес сайлайды. Сонымен қатар заңды және басқа нормативтік актілерді қолдану туралы материаолдарды оқып біледі.

Жоғарғы сот төралқасы сот төрағасынан, коллегиялар төраға-ларынан тұрады. Төралқа отырыстары айына екі рет өтеді. Жоғарғы сот төралқасы сот төрелігін жүргізгенде заңдылықты сақтау мәселелерін қарайды, коллегия төрағаларының хабарларын және есептерін тыңдайды.

Жоғарғы сот төрағасы сот төрағасы болып табылады және сот жұмысын ұйымдастырады. Ол уақытша болмаған жағдайда, өкілеттігін оның бұйрығы бойынша коллегия төрағаларының бірі орыңдайды.

Тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қандай мәртебеге ие?

2. жоғарғы Сот органдары қандай?

3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы кім?

Тапсырма.Мәтінді оқыңыздар.

Қазақ конституциясының тұңғыш жобасы

Революцияға дейінгі Қазақстанда конституция қабылдау, тәуелсіз мемлекет құру қажеттігі туды. Ең бірінші болып Қазақ Конституциясының Жобасын жазған адам Барлыбек Сыртанов.

Ол 1890 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін үздік бітірген. Өте білімді адам болған. Атқарған қызметі өмірдің көп саласын қамтыған. Атқарған қызметі өмірдің көп саласын қамтыған. Құқықтық мемлекет құруға атсалысқан. Еңбектерінің ең құндысы Қазақстанда Республика құрудың /конституциясын/ жасау болып саналады. Қолжазбада конституция деген терминнің орнына устав деген термин қолданылған. Оның себебі Ресейдің ой-пікірінің тікелей ықпалында болды. Ол кезде Ресейде Конституция деген ұғым, устав, ереже деген терминмен берілетін. Устав баптарының мазмұны терең. Кейбір баптары осы күнге дейін өз мәнін жоймаған. Устав қазіргі егемен Қазақстан Конституциясымен салыстырылды. Оның маңызды идеялары қазіргі Қазақстан Конституциясында пайдаланылған.

Тапсырма:

1. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қандай заңгерлерді білесіз?

2. Алматыдағы заңгерлерді дайындайтын қандай оқу орындарын атай аласыз?

Тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар:

Кодекс –латынның «кітап» деген сөзінен шыққан. Әр түрлі заңдарды біртұтас жинақ қылып шығарғаңдықтан кодекс деп аталып кеткен. Қысқартып айтсақ, Қылмыстық кодекспен тыйым салынған әрекеттер-қылмыс болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодекстің демократиялық мемлекетке сәйкес жақтары бар. Бұрынғы заңдарда өлім жазасы көп айтылса, бұл заңда көптеген жағдайда азайтылған. Жаңа Қылмыстық кодексте адамды түрмеге отыргызбай-ақ жазалау түрлері бар. Әрине, әрбір қылмысқа берілер жазасы бар. Түрме көп жағдайда адам баласын түзетеді деген, әрине, қате пікір. Бұрынғы Қылмыстық кодексте жалпы және ауыр қылмыс деп қылмыстың тек екі ғана түрін қарайтын, жаңа Қылмыстық кодексте қылмыс түрлерін бірнеше санаттарға бөлген. Онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар, ерекше ауыр қылмыстар. Қамау жазасы алғашқы екеуіне қолданылуы мүмкін. Әскери қызметтер бойынша шектеу жазасы тәртіптеуші әскери бөлімдерде ұстау арқылы жүзеге асырылады.Әскери адамдар болса, оларды әскери шенінен айырады. Қазіргі жаңа заңдар бойынша өлім жазасын қолдану азайтылған.

/”Заң” газеті/

Тапсырма:Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Бір-біріңізге сұрақтар қойыңыздар.

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы- Президентке есеп беретін мемлекеттік орган. Ол Республикадағы заңдар, жарлықтар, өзге нормативтік актілердің дәл орындалуын қадағалайды. Жедел-іздестіру қызметі, тергеу және жауап алудың заңға сәйкестігін бақылайды.

Прокурорлық қызметтің мақсаты – заң үстемділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының егемен құқықтары мен бостандықтарын бекіту. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы бірыңғай орталықтандырылған органдар жүйесі болып табылады: прокуратура өз қызметін басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады; прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар үшін міндетгі.

Прокурорлық қадағалау деп заңнын дәл орындалуын,, заңды бұзу фактілерінің дер кезінде айқындалуын және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға байланысты арнайы өкілеттіктері бар лауазымды адамдардың /прокурорлардың/ жүзеге асыратын қызметін айтамыз.

Прокуратура органдарының жүйесін Бас прокурор басқарады. Бас прокурорды бес жыл мерзімге Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындады. Бас прокурор Президентке есеп береді және Президент билігімен қызметінен босатылады. Бас прокурор Бас прокуратураны басқарады, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары болады. Бас прокуратураның құрылымын басқармалар және бөлімдер құрайды.

Тапсырма: Сөйлемдерді аударыңыздар:

1. В Кокшетау задержана преступная группа, занимающаяся кражей автомобилей.

2. По сведениям прокуратуры раскрываемость преступлений в городе Алматы составляет 0,9 %.

3. В заседании коллегии Генеральной Прокуратуры приняли участие руководители Министерства внутренних дел.

4. В июле было возбуждено уголовное дело против руководителя крупной фирмы.

5. Правосудие в Республике Казахстан осуществляется только судом.

6. Судами РК являются Верховной суд РК и местные суды Республики, учреждаемые законом.

7. Судебная система РК устанавливается Конституцией и конституционным законом.

8. Суды состоят из судей, их независимость защищается Конституцией и законом.

9. Законом могут быть установлены дополнительные требования к судьям Республики.

10. По конкретным делам судьи не подотчетны.

11. На очередном заседании Мажилиса был обсужден проект уголовно-процессуального кодекса.

12. Налоговая полиция должна усилить борьбу с “теневым” бизнесом, контрабандой.

13. Растет количество преступлений, совершаемых с применением огнестрельного оружия.

14. Четыре убийства, похищение человека раскрыли за неделю сотрудники криминальной полиции г. Алматы

15. Вчера было совершено разбойное нападение на ювелирный магазин

Тапсырма: Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар:

Қазақтың тұңғыш прокуроры

Сүлеймен Есқараев

1897 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Ірі мемлекет қайраткері. 1933-37 жылдары Қазақ АССР-нің прокуроры болған.

1937 жылы тұтқындалып, “Кеңес үкіметін құлатып, Қазақстанда буржуазиялық мемлекет құруды мақсат еткен, үкіметке қарсы ұлттық ұйымның мүшесі болған” деген айып тағылып, көп көшікпей атылып кеткен Сүлеймен Ескараев болған. Ол кісі Қазақстанның тұңғыш прокуроры болған көрнекті мемлекет қайраткері. Небәрі 41 жыл ғұмыр кешкен азамат еш жазықсыз қамауға алынып, жаламен тұтқындалған соң үкім шығарылғанға дейін әділет аталулыдан үмітін үзбей, заң тарапынан араша іздейді. Бірақ, амал нешік, оның үміті ақталмай атылып кете барған.Сүлеймен Есқараев тек 1957 жылы ғана ақталды. Бүгінде оның алпыстан асқан Марат деген ұлы, басқа да артында қалған туыстары, үрім-бұтақтары бар.

Халқымыздың және Қазақстанның тарихында өшпес із қалдырған, республикамыздың тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында және туғанына жүз жыл толуына байланысты Алматы қаласы әкімшілігінің шешіміме бұрынғы Западная көшесіне Есқараев есімі берілді.

Тапсырма:Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңыздар:

Қорғаушы қызметі

Егемен еліміздің мақсаты – құқықтық мемлекет құру. Мемлекеттің тірегі – заң. Заңсыз қоғам болуы мүмкін емес. Сондықтан қоғамымызда қорғаушылардың міндеті ерекше. Әрбір қорғаушы Қазақстан Республикасының “Адвокат туралы” заңы мен басқа заңдарды басшылыққа ала жүмыс істейді. Қорғаушылардың мекемелерге, өндіріс орындарына, халыққа көрсететін қызметі үлкен, көмегі зор.

Қорғаушы заң кеңесшісі ретінде мекемелердің, өндіріс орындарының, жеке кәсіпорындарының, акционерлік қоғамдардың басшыларына қабылданған заңдарды түсіндіріп береді. Оларды қалай дұрыс пайдалану жолын көрсетеді. Сондықтан қорғаушы заңнын әр саласын толық және жақсы меңгеруі керек. Азаматтарға қорғаушы кеңес беріп, тиісті құжаттарды толтыруға көмектеседі.

Тапсырма:Сөйлемдерді аударыңыздар:

1. Республикамыздың қорғаушылары халқымыздың мүддесін қорғайды.

2. Қорғаушы сот процесінде айыпталушыны қорғайды.

3. Әрбір мекеменің өз саласында қорғаушысы болады.

4. Жоғары оқу орыңдарында болашақ қорғаушыларды дайындайды.

5. Қорғаушы өз қызметінде тек заңға жүгінеді.

Тапсырма:Мәтінді оқып, асты сызылған сөздермен сөйлемдер құраңыздар:

Тергеуші қызметі

Баспасөз беттері тіршілікте күн сайын көбейіп бара жатқан қылмыстар жөніндегі хабарларға толы. Ал осы қылмыскермен күресетін заңгерлер туралы сирек айтылады. Республикадағы қоғамдық тәртіпті, азаматтардың және мемлекеттің мүддесін қорғап жүрген заң қызметкерлерініңеңбегі өте зор.

Жыл сайын жүз мыңдаған қылмысты істіркеледі. Бұлардың көбі аса қауіпті қылмыстар. Оларды жан-жақты тергеп, нәтижесіне соңғы нүкте қою аса күрделі, әрі күрделі, әрі жауапты іс.

Олар қылмыстық оқиғаболған жерге барады, қылмыстың себеп-салдарын айқындайды, іске қатысты бар және күә адамдардан жекелеп те, беттестіріп те, қайталап та жауап алуға мәжбүр болады. Оқиғаға дұрыс баға беріп, мәселені заңға сәйкес әділ шешуге әрекет жасайды. Бұл тұрғыда әрбір қылмыс фактісі бойынша жұмыстар атқаралады. Әр істің өз өзгешелігі, өз сипаты бар. Жәбірленуші мен қылмыс жасаған адамдардың кім екендігі, олардың өткен өмірі, отбасындағы, қоғамдағы, жұмыстағы тәртібі, мінезі ерекшеленеді. Осы істің бәрін ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып тергеуші жүргізеді.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Біздің институтымыз тергеушілерді дайындайды ма?

2. Тергеушінің негізгі қызметі қандай?

3. Тергеушіге қандай қасиеттер қажет?

Тапсырма: Төмендегі қанатты сөздерді қолданып, әңгіме құрастырыңыздар:

1. Әділет тілесе, атаңның басып айыбын айт. (М.Әуезов)

2. Не әділ болса, сол мәңгілік. (Д. Террари)

3. Мейрімді болу оңай, әділ болу қиын. (В.Гюго)

Тапсырма:Мәтінде айтылған ойға байланысты өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Еліміздегі тәртіпсіздік

Еліміздегі тәртіпсіздік – бүгінгі заманның ащы шындығы. Бұл құбылыс қоғамымызда күннен-күнге өсіп барады. Кешегі алаяқтар, алыпсатарлар, түп көтере сатып алушылар шаруасы қатайған бизнесмендерге айналды. Өндірістің қысқаруы, кәсіпорындарының жабылуы, жаппай заңсыздыққа тоқтау болмауы тәртіпсіздіктің базасын тереңдетті. Бізде тәртіпсіздік туралы әлі құқықтық түсінік жоқ. Сондықтан бұл тәртіпсіздікке қарсы жасалған күрес тәсілдері мен стратегия жоқ. Бүгінде қаржы-несие мекемелері қылмысты жасыратын ортаға айналып отыр.

Қазір қоғамның барлық құрылымында оңай ақша табу орын алған. Мысалы, алыпсатарлар салық төлеуден қашады, дүкендерге тауар мен азық-түлікке бағаны өздері қойып алады. Мұндай тәртіпсіздікке арнайы парламент комиссиясы керек. Бұл комиссия ашқарақтыққа қарсы заңдардың орындалу барысын қадағалау керек. Біздің парламентке осы жөнінде жұмыс істеуге негіз бар. Біз одан сапалы заң шығаруын күтеміз.

Тапсырма: Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыздар:

Өндірістің қысқаруы, күрес тәсілі, оңай ақша табу, қылмысты жасыру, салық төлеу.

Тапсырма:Еліміздегі тәртіпсіздік деңгейі, онымен күрес тәсілдері туралы әңгімелесіңіздер.

Тапсырма: Мақал-мәтелдерді аударыңыздар, оларды қолданып әңгіме құраңыздар:

1. Бұра сөйлеме, тура сөйле

2.Бірліксіз істе береке жоқ.

3. Ұры кісі басқа кісінің малын жейді, өзінің арын жейді.

4. Ұры ұрлығын қойса да, ұры аты қалмайды.

5. Ұрлағанды тыққандар, ұрыдан бетер кінәлі.

6. Ақиқаттың алдында хан да бір, қара да бір.

Тапсырма:Мәтінді оқып, сұрақтар қойыңыздар:

Жазалау шаралары

Жаза – қылмысы үшін мемлекет тарапынан сот арқылы қолданылатын мәжбүр ету шарасы. Жазаның мақсаты тек жазалау емес, заңды құрметтеуге үйретіп, қайта тәрбиелеу. Мемлекеттік соттан басқа ешқандай орган қылмыстық жаза қолдана алмайды. Қылмыстық әрекеттермен күресте сендіру мен мәжбүр ету ұштастыра қолданылады. Жаза белгіленгенде көпшілік алдында айыптау, жер аударғанда жақын адамдарынан, үйреншікті өмір жағдайынан айыру арқылы моральдық ықпал етеді.

Қылмыстық заң ең қатал заңдардың бірі. Қатал заң болмай, құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Қылмыстық заңның мәні қылмысты ашу ғана емес, қылмыстың азаюына ықпал жасау. Қылмыстыны түзу жолға салу айыпталғандардың арасында саяси тәрбие жұмысын жүргізу, пайдалы еңбекке қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Кейбір тұрақсыз азаматтарға жаза туралы ескерту, қорқыту арқылы да қылмыстың алдын алады.

Адам үшін өмірден қымбат ештеңе жоқ. Қатал жаза туралы үрей потенциялды қылмыскерді тұсайды. Жаза – тежегіш фактор.

Тапсырма.Берілген мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді оқып, аударыңыздар:

1. Адамды алдау – арыңның алдында қылмыс,

Ағаңды алдау – анаңның алдында қылмыс.

2. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас,

Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыға жақ бол. (Абай)

3. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме. (Абай)

4. Қарақшы қараңғыны тосады.

5. Арлы арына қараса,

Арсыз жеңдім дейді.

Тапсырма:Мәтінді оқыңыз дар.

Ұйымдасқан қылмыс

Қазіргі кездегі республикамыздағы күннен-күнге өсіп жатқан қылмыс мәселесі мазасыздандырады. Президенттің жарлығына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз жұмысын күшейте түсті. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, аз уақытта 145 қылмысқа тосқауыл қойылды. Республикамыздан тысқары жерлерге шикізаттарды, жабдықтарды заңсыз тасымалдаудың 300-ден астам фактісі ашылды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары демократиялық принциптерге сәйкес келуі керек.

Қазіргі кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзінің қызметін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруда. Ұйымдасқан қылмыстың көпке бармайтыны сөзсіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы заң жобасы қабылданды. Жақында 3,5 тонна күмістің сыртқа әкетілуіне тосқауыл жасалды. ҰҚК және оның органдары мен әскерлері халық мүддесін қорғау жолында өзінің күш-жігерін аямайды.

Тапсырма:

1. “Ұйымдасқан қылмыстың көпке бармайтыны сөзсіз”- деген пікірмен келісесіз бе?

Бір-біріңізбен әңгімелесіңіздер.

2. 1997 жылдың 17 мамырынан бастап, ТМД-ға қатысушы – елдерде ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірлескен күрес бағдарламасы жұмыс істеуде.

Бұл туралы не білесіз?

Қысқарған сөздер

Кез келген сөз қысқартыла бермейді. Тек күрделі атаулар қысқарады. Күрделі атауларды шартты түрде қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады.

Орыс тілінде қысқарған сөздер өте көп, қазақ тілінде одан әлдеқайда аз.

Сөз төрт түрлі жолмен қысқарады:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынады:

АҚ- Америка Құрама штаттары, БҰҰ- Біріккен Ұлттар ұйымы.

Бұған тек өлшем атаулары бағынбайды: м-метр, кг-килограмм, мм- милиметр, г-грамм т.б.

2.Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздерінің басқы дыбысы алынады:

ҚазМУ-Қазақтың мемлекеттік университеті.

ҚарМУ- Қарағанды мемлекеттік университеті

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буындары алынады: ауатком-аудандық атқару комитеті.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны алынып, келесі сөз түгел айтылады: педучилище, мединститут.

Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынып, қысқарғанда, жазуда ол дыбыстар бас әріппен жазылады.

Мысалы, СДП – социал демократиялық партия.

Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буындары алыну арқылы, не оған қоса сөз түгел алынғанда, олар кіші әріппен жазылады: кеңшар, пединститут, педсынып, ұжымшар.

Қысқарған сөздер жалқы есім мәніндегі атаулар болса, олар бас әріппен жазылады: ҚарМУ, ҚазМу т.б.

Жаттығу. Қысқарған сөздерді тауып, олардың қысқару жолын анықтаңыз.

Мен мехцехқа тез уақ тас пен құм және топырақ тасуға бұйрық бердім,- деді Асылбек.

Көбі сол СЭС-тің ашылуына шақырылған қонақтар. Сен секілділерге біздің совхозда орын жоқ.

(І. Есенберлин)

Ауатком елге төтенше өкіл шығарды.

Ұжымшар бастығының үйіне барудан бас тартты.

(Т. Әлімқұлов)

Іскерлік кездесу

ыңыз.

Наши рекомендации