Йымның ішкі ортаның негізгі факторлары.

Басқару процесі және оның элементтері.

Басқару процесі дегеніміз – бұл шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған шешімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Басқару процесінде кім не істеу керектігін анықтап, шешім шығару қажет, оны орындау үшін жағдай жасап, қалай орындау керектігін айтып түсіндіріп, жұмыс барысында пайда болған кемшіліктерді жою керек.

Әрбір ұйымда көздеген мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып табылады, ол барлық салаларда жүзеге асуы керек. Басқару процесінің негізгі элементтері: хабар, мақсат,міндеттері, шешімдер, атқару жүйесі, кадрлар, ресурстар, уақыт, бақылау.

Ұйымда әртүрлі мақсат болуы мүмкін, мұның әсіресе әр түрлі типтегі ұймдарға қатысы бар. Басты мақсат, оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру, ресурсты үнемдеу, табысты көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, жоғарғы еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, адамдарды, қоршаған ортаны қорғау және жақсарту.

Іскер менеджер көздеген мақсатына жету үшін басқару функцияларын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқару процесі жүзеге асу үшін мынандай негізгі функциялар орындалуы қажет:

1. Жоспарлау

2. Ұйымдастыру

3. Мотивация

4. Бақылау

Жоспарлау дегеніміз алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары. Жоспар туындаған жағдайларға байланысты өзгертуге ыңғайлы болу керек.

Ұйымдастыру функциясының мақсаты – басқарушы жүйе мен басқарылатын жүйенің арасындағы байланыстар мен қарым-қатынасты қалыптастыру.

Мотивация дегеніміз – көздеген мақсатқа жету үшін өзін және басқаларды жұмысқа ынталандыру. Мотивация адамдарда болатын әртүрлі қажеттіліктерге негізделген.

Бақылау — бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі. Бақылау бұл қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Ұйымның калыпты жұмыс істеуі үшін бақылаудың маңызы зор. Бақылау болмаған жерде берекесіздік етек алады, Бақылау — ұйымның өмір сүруінің негізгі элементі болып саналады.

йымның ішкі ортаның негізгі факторлары.

Ұйым алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы түрде үйлестірілуі. Әрбір топтың ұйым болып есептелуі үшін келесі сипаттамалар болуы қажет: осы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның болуы, барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы, топтың мақсатына жету үшін мүшелерінің бірегей арнайы еңбек етуі.

Ұйымның ішкі ортасына мынадай факторларды жатқызуға болады:

- Ұйымның ұйымдастырушылық – құқықтық формасын дұрыс таңдай білу;

- іс-қызмет түрін таңдай білу, әріптестерді іріктеу;

- нарық жағдайын білу, маркетингтік зерттеуді жоғары дәрежеде жүргізу;

- кадрларды таңдай білу, персоналды басқару және оларды материалдық ынталандыру мәселелері;

- кәсіпкерлік құпияны сақтай білу механизмі және т.б.

Ұйымның ішкі ортасының элементтері: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология, адамдар.

Ø Мақсаты – бұл ұйымның жұмысының соңғы нақты нәтижесі. Ұйым өзінің жұмыс жоспарын дайындау алдынданегізгі мақсатын анықтап, оны ұйымның мүшелеріне таныстырады, ұйым мүшелері өз жұмысының нәтижесі не екенін, қандай болатынын білу арқылы соған жетуге талпынып, еңбектенеді. Әртүрлі ұйымның мақсаттары, әрине, өзінің таңдап алған бағытына байланысты әртүрлі болады (түрлі өнімдер өндіру, қызмет көрсету, білім беру т.с.с.). Сонымен бірге ұйымның бөлімдерінің де өз алдына түрлі мақсаттары болады және олар ұйымның негізгі мақсатына жетуге бағытталады. Негізгі мақсатқа жету жолындағы кіші мақсаттарға нарық үлесін, өнімнің жаңа түрін өндіру, өнімнің, қызметтің бұрынғыдан да жоғары сапасын т.б. жатқызуға болады.

Ø Құрылымы дегеніміз – еңбекті (жұмысты) адамдарға кездейсоқ бөлу арқылы емес, мамандықтарына, салаларына, функцияларына, деңгейлеріне сай бөлу арқылы пайда болады. Ұйым мүшелерінің көздеген мақсатына жету үшін басқару деңгейін қисынды үйлестіру (тікелей және көлденең (көлбеу) еңбек бөлінісі арқылы) ұйымның құрылымын көрсетеді

Ø Міндеттер жеке адамдарға емес, құрылымдағы қызмет орнына жүктеледі. Әрбір қызмет орнының негізгі мақсатқа үлес қосу үшін бекітілген арнайы міндеттері болады және ол белгілі бір уақытта, белгілі бір әдіспен орындалуы тиіс.

Міндеттердің үш түрі болады:

а) ададмдармен жұмыс істеу;

ә) заттармен жұмыс істеу (техника, құрал-жабдық, шикізат т.б.;

б) мәліметпен жұмыс істеу.

Ұйым мүшелері өз міндетін атқару үшін сол орындалатын жұмыстың технологиясын білуі тиіс.

Ø Технология дегеніміз – шикізатты түрлендіру жолы, яғни көздеген мақсатқа жету үшін құрал-жабдықтар мен шикізаттың, сол жұмысқа сай білімнің басын біріктіріп жұмысты орындау.

Адамдардың ұйымдағы іс әрекеті үш түрлі көріністе анықталады: адамның жеке басының ерекшелігі, адамдармен қарым-қатынаста топ арасында өзін көрсетуі, сонымен бірге менеджердің жетекші, лидер ретінде өзін көрсетуі жеке адамға және адамдар тобына ықпалы.

Наши рекомендации