Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясаты ерекшеліктерін талдаңыз
Фирма пайдасын максималдау нысанасы фирма құндылығынан туындайды. Өйткені фирма кұндылығы дегеніміз глобалды нысана. Осы глобалды нысанаға қол жеткізу үшін фирма уақытша пайдасын кемітуге барады. Мысалы, жаңа тауарды немесе нарыққа жаңа куысын игеру үшін фирма бағасын (пайдасын) уақытша кемітіп, құндылығын қамтамасыз етеді. Соның арқасында фирма өзінің болашағын қамтамасыз етеді, құндылығын одан әрі ұлғайтады. Сөйтіп, егер фирма өзінің нысанасы ретінде максималды пайда табуды көздеген болса және ол нарықтың сұранысы жайлы толык мәлімет ала алса, оған қоса өзінің маржиналды шығындары мен өндірісінің мүмкіндігі жөнінде анық хабардар болса, онда оның менеджерлері жоғарыдағы зандылықтарға сүйене отырып, үйлесімді коммерциялық саясатын жасай алады, яғни үйлесімді сату көлемін және оның толық сатылуын қамтамасыз ететін бағаны анықтай алады. Алайда, жоғарыда айтылғандай, нарықтың сұранысы туралы толық және сенімді мәлімет алудың мүмкіндігі шамалы. Нарықтың сұранысы тек жорамалдап болжануы мүмкін. Соның өзінде сату көлемінің, маржиналды шығындардың, маржиналды түсімнің және бағаның өзара байланысын дүрыс түсінудің негізінде үйлесімді коммерциялық іс-әрекеті белгілеуге болады. Келесі тарауларда соның жолдары қарастырылады. Жоғарыда қарастырылған баға құру теориясының кейбір мәселелерін аяқтай келе, тауар (рынок) түріне және нарыққа фирманың алған орнына байланысты нарықта әрекет жасап жүрген фирмалардың барлығын үлкен екі топқа бөлуге болады:
1.Бағаны қалыптастырушы (баға іздеушілер) фирмалар. Олар өз күшіне сүйеніп бәсекелес фирмалардан айрықша өзінің тауарларына басқа бағалар белгілей алады. Мұндай жағдай монополиялық бәсекеге және олигополия нарықтарына тән.
2.Қалыптасқан нарықтың бағаларын қабылдаушы (баға алушылар) фирмалар. Олар нарықта қуатсыз болғандықтан өз баға саясатын жүргізе алмайды. Сондықтан рынокта қалыптасқан бағамен тауарларын сатуға мәжбүр болады. Мұндай жағдай жетілген бәсеке рыноктарына немесе күші басым жетекші фирмалары бар нарықтарға тән. Осыған сәйкес бірінші топтағы фирмалар өзінің баға саясатын жасай алады және жасауы да қажет. Ал екінші топтағы фирмалар үшін ондай мақсат өзекті бола алмайды. Сондықтан олардың коммерциялық саясатының негізі ретінде әндіріс көлемін, өнім сапасын және шығындарды басқару мәселелері алынады. Бұдан әрі баға саясаты аясында әңгімеміз бірінші топтағы (өздері баға саясатын құра алатын және құруға қажетті) фирмалар жөнінде болмақ.
75 Бәсекелестерге қолайсыз нарық жағдайларын зерттеу нәтижелерінің талдауы (Алматы қаласының бір фирмасының мысалында)
Нарықтық экономиканың басты принципі – тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес, ол тауардың сапасы мен арзандығына байланысты.
ХІХ ғасырдың орта кезінде нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен байланысты болды. Ол тұтынушылардың талабымен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға, өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды. Бәсекелестің негізгі екі түрі бар.
1). Бір сала ішіндегі бәсекелестік – бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғары еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2). Салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-аухаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінен жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі – жұмысшылар жалдайды, үшіншісі – акция, облигация сатып алады, төртіншісі, ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады т.б. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып, байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күнін көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы – бұл таза монополия, монополиялық бәсеке, олигополия.
Таза монополия - өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма; 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ; 3) монополист нарықты билейді, бағаны бақылайды; 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Бұларға: электр, газ компаниялары, сумен қамту, байланыс, жылу жүйесі, транспорт, кәсіпорындары, метрополитен т.б. жатады. Көпшілік жағдайда бұл салалар мемлекет меншігінде болады, немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
1. Туризмдегі баға қалыптастыруды реттеу әдістері
2. Баға мемлекеттің әсері
3. Туризмдегі баға қалытастырудың методологиясы
4. Турфирманың баға саясаты
5. Туризмдегі баға деңгейіне әсер ететін факторлар
6. Туризмдегі баға қалыптастыру реттілігі
7. Туристік кәсіпорынның айқын және айқын емес шығындары
8. Туристік кәсіпорындардың тікелей және жанама шығындары
9. Турфирманың өндірістік және комерциялық шығындары
10. Турфирманың негізгі және қосымша шығындары
11. Бір элементтік және кешенді шығындар
12. Туристік өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау
13. Инклюзив турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
14. Пэкидж-турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
15. Баға қалыптасудың ішкі және сыртқы факторлары
16. Баға қалыптасудың әдісі
17. Баға стратегиясы
18. Жағымсыз сыртқы эфекттер .Жағымды сыртқы эфекттер
19. Трансакциондық шығындыр Познер Теоремасы
20. Ішкі экстернали. Сыртқы экстернали
21. Бәсекелестерге қолайсыз нарықтық жағдайларын зерттеу нәтижелерінің талдауы (Алматы қаласының фирмасының мысалында)
22. Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясат ерекшеліктерін талдаңыз
23. Баға құру мақсаттары. Өндірістің мақсаттары: нарықта сақталу, максималдық пайда, айналымның максималдау, сападағы лидерлік
24. Бухгалтерлік шегерімдерді пайдалана отырып туристік өнім бағасын анықтау (Алматы қаласының фирмасының мысалында)
25. Туристік өнімнің негізгі шығындарын анықтау (Алматы қаласының фирмасының мысалында)
26. Туристік қызметтің экспорттық баға деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар
27. Туристік қызметтердің баға саясаты
28. Туристік қызмет бағасы мен жеңілдік дифференциасы
29. Баға қалыптастасу туроператорлардың функциясы ретінде
30. Топтық турлардың баға қалыптасуы
31. Жеке турлардың баға қалыптасуы
32. Туристік қызметке баға қалыптастырудың негізгі факторлары
33. Комплекстік қызмет көрсетудегі баға құрастыру үлгілері (модельдері)
34. Туристік қызмет бағасына адаптациялану (модификациясы) жолдары
35. Туризмдегі баға түрлері
36. Директ-костинг әдісі
37. Туроператор әр адам басына 7000 тг ден экскурсия ұйымдастырды. Әр қызмет түрі 2500 тг. Айлық шығын 12500 тг. Қандай көлем өндірісінде шығынға ұшырамайды?
38. 120 ден тұратын тур үш этаппен бағаланды және де әр бағалауда бірдей санға өзгереді. Соңғы бағаланудан кейін тур өзіндік құнымен -35,6 ден сатылды. Бірінші, екінші бағалануда қандай бағалар орнатылды?
39. Қонақ үйдің іскерлік орталығында бизнесмен есеп дайындау үшін 6 компьютер және 3 маман көмегімен жұмыс жасайды. Жалға алынған мамандардың межелі өнімділігі MPL=9 бет/cағ.Жалға алынған компьютерлердің межелік өнімділігі MPK = 90 бет/сағ. Жалға алынған мамандардың жалақысы w = 150 теңге/сағ. Компьютерлерді жалға алған төлем r = 6 000 теңге/сағ. Шығындар минимизациясының принципін ескере отырып бизнесмен жұмысының режимі дұрыс па анықтаңыз?
40. Қонақ үй кәсіпорынының шаруашылығы келесідей сипатталады: Жалпы шығыны: 3000 000 теңге, сатылған түнеу саны-600. Сатылған өнімнің бірлігіне орта шығынды есептеңіз.
41. А,В,С аудандарының бірінде мейрамхана ашылуы қарастырылуда. Бұл аудандардағы күнделікті шығын (1 жылға) 450 000, 230 000, 900 000 теңгені құрайды. Ал өзгеріс шығындары өнім бірлігіне - 75, 35, 30 тенгені құрайды.
42. Қонақ үйдің іскерлік орталығында бизнесмен есеп дайындау үшін 6 компьютер және 3 маман көмегімен жұмыс жасайды. Жалға алынған мамандардың межелі өнімділігі MPL =8 бет/cағ. Жалға алынған компьютерлердің межелік өнімділігі MPK = 85 бет/сағ. Жалға алынған мамандардың жалақысы w = 150 теңге/сағ. Компьютерлерді жалға алған төлем r = 5 000 теңге/сағ. Шығындар минимизациясының принципін ескере отырып бизнесмен жұмысының режимі дұрыс па анықтаңыз?
43. Шығыс мәліметтері: Мейрамхана өндірісін кеңейту үшін 3 млн теңге өз қаражатынан 600 мың теңгені несиеге алып инвестициа жасай алады. Несие пайызы 25 % құрайды. Экономикалық рентабельдік-45%. Табыс салығы - 24%.
Анықтаңыз:
1) Қаржы тұтқасының арқауы;
2) Қаржы тұтқасының диффренциалы;
3) Табыс көрсеткіштері бойынша қаржы тұтқасының эффекті;
4) Қарызсыз таза табыс;
5) Рентабельділік көрсеткіші бойынша қаржы тұтқасының эффекті;
44. Шығыс мәліметтері: Жылдық есеп бойынша қонақ үй кәсіпкерлігі өз счетіндегі қаржыға тоқтаусыз шаруашылық жүргізген (млн. теңге)
Көрсеткіш | Жоспарланған жыл |
Өзіндік капитал | 7 564 000 теңге |
Айналымдағыдан тыс активтер | 9 850 300 теңге |
Экономикалық рентабельдік | 25% |
Несие пайызы % | 15,0 |
Жылдық есеп анализі және де тіркелген келісім шарттар бойыншаалдағы жылға, айналымға қаражат қажеттігі белгілі.Осы жағдайға байланысты кәсіпорынға несие алған тиімді ме,және де ол қажет пе?
45. Кәсіпорын үстел бұрғылау станогын дайындап оның әр қайсысын 7000 тг ден шығарып жатыр, сонымен қатар бір бірлікке үлесті шығын 2500 тг, айлық шығын 112500 тг. Қандай көлем өнім өндірісінде кәсіпорын шығынғы ұшырамайды?
46. Таза монополия ерекшіліктері
47. Баға өзгеруіне пайдаланушылардың сезімталдылығың талдау
48. Бухгалтерлік өздік баға байланысы және салық салу мақсатарына өздік баға
49. Бағалардың инициативтік өзгеру саясаты
50. Баға түрлері: айналымның қызмет көрсету сипаты бойынша, мемлекеттік әсерінен және реттеуіне байланысты, нарықтағы конкуренция деңгейі
51. Қонақ үй кәсіпорынының шаруашылығы келесідей сипатталады:Жиынтық шығыны: 500 000 теңге,сатылған түнеу саны-400.Сатылған өнімнің бірлігіне орта шығынды есептеңіз.
52. Қонақ үй кәсіпорынының шаруашылығы келесідей сипатталады: Жиынтық шығыны: 500 000 теңге, сатылған түнеу саны-400. Сатылған өнімнің бірлігіне орта шығынды есептеңіз. Баға бойынша сұраныстың көлемін аңықтаңы?
53. Мәліметтер: Қонақ үй кәсіпорынының шаруашылығы келесідей сипатталады:
Жылдар | 1 нұсқа | 2 нұсқа | |||||
Нөмір бағасы | Сатылған нөмірлер саны | Нөмір бағасы | |||||
190 (P1) | 520 (Q1) | 190 (P1) | |||||
210 (P2) | 220 (Q2) | 190 (P2) | |||||
Баға бойынша сұраныстың көлемің анықтаңыз.
54. Шығыс мәліметтері: Мейрамхана өндірісін кеңейту үшін 500 мың теңге өз қаражатынан 250 мың теңгені несиеге алып инвестициа жасай алады. Несие пайызы 20 % құрайды. Экономикалық рентабельдік-40 %. Табыс салығы -22%.
Анықтаңыз:
1) Қаржы тұтқасының арқауы;
2) Қаржы тұтқасының диффренциалы;
3) Табыс көрсеткіштері бойынша қаржы тұтқасының эффекті;
4)Қарызсыз таза табыс;
5) Рентабельділік көрсеткіші бойынша қаржы тұтқасының эффекті;
55. Шығыс мәліметі: Турфирма екі типті қызмет көрсетеді А және Б. Ол келесідей сипатталады(мың. теңге):
көрсеткіш | А қызмет | Б қызмет | Барлығы |
Кіріс | |||
Айнымалы шығындар | |||
Түпкілікті шығындар | |||
Пайда |
Бастапқы кірісі мен қорын ескере отырып турфирма жағдайын бағалаңыз.
56. Фирма бір типті қызмет ұсынады. Шығыс мәліметттері келесідей: Түпкілікті шығындар - 200 мың. теңге; қызмет бірлігінің бағасы - 450 теңге; орташа айнымалы шығындар - 250 теңге. Анықтау керек: а) Бастапқы кіріс (қысылшаң сатылым көлемі); б)150 мың теңге көлемінде фирмаға пайда түсіретін сатылым көлемі
57. Қызмет өндіруге кеткен толық шығынҚызмет өндіруге кеткен толық шығын 3000 теңге. Жоспар бойынша бекітілген шығын рентабельділігінің нормативі 15%. Қызмет бағасын анықтаңыз?
58. Қызмет өндіруге кеткен толық шығын. Қызмет өндіруге кеткен толық шығын 5000 теңге. Жоспар бойынша бекітілген шығын рентабельділігінің нормативі 15%. Қызмет бағасын анықтаңыз?
59. Қонақ үй кәсіпорынының шаруашылығы келесідей сипатталады:
Көрсеткіш | млн. теңге. |
Бір жылға түпкілікті шығын | 7,0 |
Бір жылға айнымалы шығын | 3,0 |
Бір жылға бюджетпен белгіленген пайда нормасы%, | 10,0 |
Нөмірлер саны |
Қонақ үйдің жалпы шығынын есептеңіз
60. Қонақ үй кәсіпорынының шаруашылығы келесідей сипатталады:
Көрсеткіш | млн. теңге. |
Бір жылға түпкілікті шығын | 7,0 |
Бір жылға айнымалы шығын | 3,0 |
Бір жылға бюджетпен белгіленген пайда нормасы%, | 10,0 |
Нөмірлер саны |
Нөмірлердің 70% коммерциалық тіркелуінде қонақ үйдің шығынсыздығын ескере отырып стандарт нөмірінің сатылым бағасын есептеңіз? Келесідей нөмір категориялары бойынша сатылым бағасын анықтаңыз:
номер «студия» – үстеме 50%;
номер «люкс» – үстеме 100%;
номер апартамент – үстеме 200%.
Қонақ үйдің жалпы шығынын есептеңіз
61. Төрт жұлдызды отельдің бәсекеге төтеп бере алу жағдайы эксперттермен анықталып, келесідей мәліметтер көрсетілді:
Нөмір типі | Нөмір бағасы$ | Бәсекелестік бағасының факторлары | ||||||
Персоналдар ізгілігі | Нөмір жабдықталуы | Комфорттылық деңгейі | Ванны бөлмесінің ыңғайлылығы | |||||
Номер (Б) люкс 2-адамдық | ||||||||
Номер (А) стандарт 2-адамдық | ||||||||
Фактор үлесі % | ||||||||
Шығынды есепке алмай ,сапасына байланысты баллдық әдіспен (Б) нөмірінің бағасын есептеңіз
62. Қонақ үйде бірдей түрдегі 1000 нөмір салынуда.Нөмір салу бағасы - 60 у.е., толық өзіндік құны - 56 у.е. Маркетингтік зерттеулер бойынша баға төмендесе нөмірлерді 1100-ге дейін көбейтуге болады.Тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы сәйкестік: 70% ,ал айнымалы - 30%. Қонақ үй нөмір бағасын 1 у.е ме әлде 2 у.е.ге төмендету қажет?
63. Оператор Болгарияға 1 аптаға чартерлі рейс ұйымдастыруда. Оператормен төленетін чартер бағасы - 21000$, Әуе кемесінің сыйымдылығы 155 адам. Туристерге ғажайып қызмет көрсету үшін оператор алдын ала жергілікті хотельерден орта бағасы бір түнге 7 $ бағасымен 100 орынды қатты блоктан сатып алды.қатты блок бойынша элотмент көлемі 4900 $. Қалған 55 туристке осы отельде жұмсақ блог бойынша элотмент жағдайында бір түнге түнеу орны 11$ ға шықты. Авиарестің бәсекелестері турды 260$-ға бағалағандағы Авиарейстің нөлдік рентабельділігін анықтаңыз?
64. Оператор Туниске чартерлі рейс ұйымдастыруда. Чартерлі рейс бағасы – 29000 $. Оператордың хотельер – элотмент жұмсақ блогтағы орны 130 $ адам басына. Туроператордың минималды мүмкіндігі 106 туристпен бағаланды. Егер әуә кемесі 12% ға адам санын өсіруге рұқсат берсе, турдың отпусктік бағасын, туроператордың пайдасын есептеңіз?
65. Қызмет өндіруге кеткен толық шығынҚызмет өндіруге кеткен толық шығын 9000 теңге. Жоспар бойынша бекітілген шығын рентабельділігінің нормативі 15%. Қызмет бағасын анықтаңыз?
66. Қонақ үй кәсіпорынының шаруашылығы келесідей сипатталады:
Көрсеткіш | млн. теңге. |
Бір жылға түпкілікті шығын | 5,0 |
Бір жылға айнымалы шығын | 2,0 |
Бір жылға бюджетпен белгіленген пайда нормасы%, | 6,0 |
Нөмірлер саны |
Нөмірлердің 80% коммерциалық тіркелуінде қонақ үйдің шығынсыздығын ескере отырып стандарт нөмірінің сатылым бағасын есептеңіз? Қонақ үйдің жалпы шығынын есептеңіз
67. Қонақ үй кәсіпорынының шаруашылығы келесідей сипатталады:
Көрсеткіш | млн. теңге. |
Бір жылға түпкілікті шығын | 17,0 |
Бір жылға айнымалы шығын | 13,0 |
Бір жылға бюджетпен белгіленген пайда нормасы%, | 110,0 |
Нөмірлер саны |
Нөмірлердің 80% коммерциалық тіркелуінде қонақ үйдің шығынсыздығын ескере отырып стандарт нөмірінің сатылым бағасын есептеңіз? Қонақ үйдің жалпы шығынын есептеңіз
68. 130 ден .тұратын тур үш этаппен бағаланды, және де әр бағалауда бірдей санға өзгереді. Соңғы бағаланудан кейін тур өзіндік құнымен -30,6 ден сатылды. Бірінші, екінші бағалануда қандай бағалар орнатылды?
69. 125 ден. тұратын тур үш этаппен бағаланды,және де әр бағалауда бірдей санға өзгереді. Соңғы бағаланудан кейін тур өзіндік құнымен - 30,6 ден сатылды. Бірінші, екінші бағалануда қандай бағалар орнатылды?
70. Қонақ үйде бірдей түрдегі 1000 нөмір салынуда. Нөмір салу бағасы - 50 у.е.,толық өзіндік құны - 54 у.е. Маркетингтік зерттеулер бойынша баға төмендесе нөмірлерді10% - 1100-ге дейін көбейтуге болады.Тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы сәйкестік: 70%, ал айнымалы - 30%.Қонақ үй нөмір бағасын 1 у.е ме әлде 2 у.е. ге төмендету қажет?
71. Туристік мекеменінің құлдырауы кезінде қолданылатын баға саясатын көрсетіңіз. Не себепті сол баға саясатын таңдадыңыз? Тұжырымды дәлелдеңіз
72. Бағаны анықтаудағы тәуекелді бағалау (Алматы қаласының фирмасының мысалында)
73. Халықаралық турлардың калькуляциясы (шығу туризм) (Алматы қаласының фирмасының бір өнім мысалында)
74. Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясат ерекшеліктерін талдаңыз
75. Бәсекелестерге қолайсыз нарықтық жағдайларын зерттеу нәтижелерінің талдауы (Алматы қаласының фирмасының мысалында)