Жанұяның тарихи түрлері.

Отбасы әлеуметтануы

1. Отбасының пайда болуы және даму түрлері

2. Отбасының құрылымы мен қызметтері

3. Отбасының типтері

4. Отбасы әлеуметтік институт ретінде

Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға , оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады.

Отбасының құрылымы мен қызметтері. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.

Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметті. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметті болып келеді.

Отбасының қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік қызметі: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірбиесін жас ұрпақа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке – шешенің маңызды міндетті.

Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. Патриархальды туыстар тобы (туы стық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады

Отбасы әлеуметтік институт ретінде. Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамнының қалыптасуы мен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Отбасы – кіші әлеметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.

79/ Білім әлеуметтануы Өткен уақыттағы оқу, білім беру жүйесінің бір артықшылығыол оның адамгершілік (гуманистік) бағытының күштілігінде болды. Қоғамның белгілі бір тобыгың өкілдері тілді, әдебиетті, көркемөнер, суретті талдай білуі қажет болды. Жалпы адамзаттық құндылықтармен танысу олардың қоршаған дүниені терең, кең түсіне білуіне әсер етті. Зиялы қауым - әрбір қоғамның мақтынышы. Бұлар бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдардың ішінде қалыптасады, істелінеді.

Қандай да бір басқару түрі болмасын, зиялы қауымның өкілдері қоғамның кішігірім әлеуметтік тобын құрайды да әрбір ұлттың терең парасатын, шығармашылық қабілетін жария етушісі, жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ұлттың адамгершілік, мәдени, рухани үлгісі (эталон) болып саналады.

Қоғамның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университтердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде, деңгейде қызмет атқарады, соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университтерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді, ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жартылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгілерімен жүргізілді. Ақыл –ой, еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып, тек қана нақтылы тиімді, пайдалы ғылымдар (мысалы, математика, физика, химия, биология, техникалық ғылымдар, т.с.с. жүргізілді.) Ал, адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына, оның адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі-бұрынғы университетті қайта жаңғырту. Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты, негізгі мәселе-қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі- гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес, ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады

Мектеп оқушылардың мемлекеттік тапсырыстың жасырын оқу бағдарламасын меңгеруін қамтамасыз ететін мәдени қайта өндіру элементі.

Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңға байланысты білім беру құрылымына, мазмұнына, оқу жоспарына, бағдарламаларға, оқулықтарға өзгерістер енгізілді. Заңда «Бәріне бірдей білім беру» моделінен «Таңдау бойынша білім беру» моделіне көшу арқылы жүзеге асыру көзделген.Қазіргі мектептің болашағы туралы Н.Назарбаевтың Жолдауында (2004ж.) былай делінген: «әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет. Мектепке дейінгі даярлық бірінші сыныпқа сәйкес келетін болады. Балаларымыз он жыл оқудан кейін не жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға, не тиісті кәсіптік-техникалық білім алып, өз бетінше еңбек жолына түсу жөнінде шешім қабылдауға тиіс. Мұғалімдер мен балалардың жайлы мектепте оқып, жұмыс істеп, оқу жабдықтарының, кабинеттердің, спорт алаңдарының тапшылығын сезінбегені өте маңызды. Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуге тиіс».

Мектеп реформасы оның құрылымына өзгеріс енгізуді, оқу орындарының жаңа түрлерін құруды, оқытудың әдіс-тәсілдері мен мазмұнын жаңартуды, тәрбие жұмысының жаңаша түрлерін іздестіруді қарастырады.Мектептің ерекше оқыту жағдайына байланысты түрлері:

Жалпы орта білім беретін мектеп – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш сатыдан: бастауыш, негізгі, жоғары сатыдан тұратын жалпы орта білім беретін оқу орны.

Жалпы орта білім беретін мектептің мақсаты – жеке адамның ақыл-ой, адамгершілік, эмоционалдық, дене дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін барынша ашуға, баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде гүлденуіне әртүрлі жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.

Наши рекомендации