Ауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.
Quot;Еңбек қорғау" пәнінің мақсаты мен мәселелері.
«Еңбек қорғау» пәні өндірістік қауіптіліктер мен кәсіби ауруларды анықтайтын, жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруларды, апаттар мен өрттерді жою мақсатымен әлсіздендіру мен алдын алуды жетілдіретін әлеуметтік-техникалық ғылым болып табылады.Еңбек қорғау – бұл заңнамалық және құқықтық актілердің, оларға сәйкес әлеуметтік-құқықтық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастырушылық, өрт қауіпсіздік, электрлік қауіпсіздік және емдік-сауықтыру шаралары мен адамның еңбек үрдісінде денсаулығын сақтау мен жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін құралдар жүйесі. Курстың әдістемелік негізі – еңбек жағдайының, технологиялық үрдістердің, апаттық жағдайлардың пайда болу, қауіпті факторлардың пайда болу, зиянды өндірістік заттардың бөлінуі мүмкіндігі тұрғысынан қарағандағы аппараттар мен жабдықтардың ғылыми талдауы. Осындай талдау негізінде өндірістің қауіпті аймақтары, мүмкін болатын апаттық жағдайлар анықталады және оларды ескерту мен салдарларын азайту бойынша шаралар жасалады.Еңбек қорғау ғылыми пән ретінде алғаш рет КСРО-да әлеуметтік-құқықтық, техникалық және медициналық ғылымдардың негізінде пайда болды. Оның зерттелуінің негізгі объектісі болып адам мен еңбек үрдісі, өндірістік орта, адамның өнеркәсіптік жабдықтармен өзара қатынасы, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, технологиялық үрдістер табылады
Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: қауіпсіздік техникасы, өндірістік
санитария, қауіпті өндірістік фактор, өндірістегі сәтсіз жағдай, жарақат,
еңбектің қауіпсіздігі, өндірістік қондырғылар және үрдістердің қауіпсіздігі,
Ауіпті аймақ, жеке және ұжымды қорғау құралдары, кәсіби аурулар, өрт
Жарылыс қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, қауіпсіз қашықтық.
Қауіпсіздік техникасы – қауіпті өндірістік факторлардың жұмыскерлерге деген әсерінің алдын алатын техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар жүйесі.
Өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге деген әсерін азайтатын немесе жоятын техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар жүйесі.
Қауіпті өндірістік фактор – белгілі бір жағдайдағы жұмыскерге әсері жарақатқа немесе басқа да денсаулықтың күрт нашарлауына алып келетін фактор.
Зиянды өндірістік фактор – белгілі бір жағдайдағы жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне алып келетін фактор.
Өндірістегі сәтсіз жағдай – қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге еңбек міндеттерін орындау кезіндегі немесе жұмыс басшысының тапсырмаларын орындау кезіндегі әсері.
Жарақат (грек тілінен аударғанда – рана) – сыртқы орта факторы әсерінен туындайтын адамның тіндері мен мүшелерінің бүтіндігі мен қызметінің бұзылуымен жүретін зақымдалуы.
Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге деген әсері болмайтын кездегі еңбек жағдайы.
Өндірістік жабдық пен үрдістің қауіпсіздігі – өндірістік жабдықтың немесе үрдістің нормативтік-техникалық құжаттамамен бекітілген жағдайлардағы еңбек қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сақтау қасиеті.
Қауіпті аймақ– қауіпті немесе зиянды өндірістік фактордың жұмыскерге деген әсері мүмкін болатын кеңістік.
Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары бір, екі және одан көп жұмыскерлерді қорғауға арналған (қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту немесе алдын алу).
Кәсіби аурулар зиянды еңбек жағдайының әсерінен туындайды.
Өрт немесе жарылыс қауіпсіздігі – өрт пен жарылыстарды жою мен профилактикасына, олардың әсерін шектеуге бағытталған ұйымдық және техникалық құралдар жүйесі.
Еңбек заңнамасы – бұл қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге қатысты еңбек заңнамасының бөлігі.
Қауіпсіз қашықтық – жұмыскерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге қажетті жұмыскер мен қауіптілік көзі арасындағы аз рұқсат етілген қашықтық.
ауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.
Көптеген өндіріс орындарында кездесетін негізгі зиянды факторлар келесілер болып келеді: жұмыс аймағындағы ауа газдылығы мен шаңдылығының артуы; жұмыс аймағындағы ауаның немесе қондырғылардың бетінің температурасының жоғары немесе төмен болуы; жұмыс аймағындағы ауаның ылғалдығы мен жылдамдығының артуы төмендеуі; шу деңгейінің артуы; діріл деңгейінің артуы; әртүрлі электромагниттік сәулелердің деңгейінің артуы; табиғи жарықтыңболмауы немесе жеткіліксіздігі мен жұмыс аймақтарының жарықтандыруының дұрыс болмауы және т.б.. Білім құрамында келесі түйіндік мәселелерді айқындауға болады:
• адам қауіпсіздігі мен денсаулығына әсер ететін жалпы ережелер (терминдерді, анықтамаларды, өлшем бірліктерді, тәуелділіктерді, білгені факторлардың өлшемі мен қорғаныс шараларын есептеу үшін қажет);
• факторлар өлшемін анықтауға арналған аспаптар, өлшеу әдістері;
• нормативтік құжаттар мен қарастырылатын фактордың нормалану принциптері;
• қорғану құралдары, әдістері мен принциптері.
Зиянды факторлардың саны мен мөлшері өндірістік үрдістің түріне байланысты. Зиянды заттар қауіптілік дәрежесі бойынша 4 классқа бөлінеді: I –төтенше қауіпті (ШРК 0,1 мг/м3дейін); II – жоғары қауіпті (ШРК 0,1 ден 1 мг/м3 дейін); III – орташа қауіпті (ШРК1 ден 10 мг/м3 дейін); IV – қауіптілігі аз (ШРК >10 мг/м3 ). Тиімді еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарында санитарлы-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етуге сонымен қатар өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруға шалдығу қатерін төмендетуге мүмкіндік беретін өндірістік санитария мәселелерінің маңызы көп. Инженер қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру бойынша өзіне жүктелген қызметтерді жақсы орындау үшін жоғарыда аталған мәселелердің өзектілігін құрайтын негізгі ережелерді білуі керек.