Жобаның тұжырымдамасы

Кіріспе

Жобаның атауы мен мекен жайы: «ENU RIVERS» қонақ үйі, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Урунхайка ауылы

жобаның тұжырымдамасы - student2.ru

Сурет 1. Қонақ үйдің картадағы орны

жобаның тұжырымдамасы - student2.ru

Сурет 2. Қонақ үйдің сыртқы көрінісі

Жобаның идеясы:Қазіргі таңдағы қонақ үйлерде туристің қонуына ыңғайлы жағдай жасалуы және қосымша қызмет түрлерінің көрсетілуі талап етіледі. Себебі, келген туристердің біздің еліміз жайлы, болмаса осы Шығыс Қазақстанға деген көзқарастары, дәл осы қонақ үйден алған әсерлеріне байланысты қалыптасады. Сондықтанда біз еліміздің әсем жерлерінің бірі Марқакөл өңірінде осы «ENU RIVERS» қонақ үйін ашпақпыз.

Мақсаты:Шығыс Қазақстан кластеріне 6 маңызды туристік қызығушылық орындарының бірі ретінде Марқакөл көлі енгенгіндіктен, болашақта бұл өңірді экологиялық туризм бойынша туристік әлеуеті жоғары мекенге айналдыру, халыққа заңды да мардымды табыс көзін тауып беру, яғни осы қонақ үйді салу арқылы көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуы, сондай-ақ бұл өңірде әрі қарай туристік бизнестің дамуына бастама болу.

Ерекшелігі:

1. Қонақ үйдің дизайны мен интерьеріндегі ерекшелік;

2. Заманауи техникамен жабдықталуы;

3. Арнайы мамандандырылған қызметкерлер;

4. Қол жетімді баға;

5. Қолжетімділік (кафе, бассейн, бильярд, мини-гольф алаңы, теннис алаңы орналасқан)

6. Қауіпсіздік шаралары жоғары дәрежеде ұйымдастырылған;

7. Қосымша қызметтер: турларды ұйымдастыру (жаяу туризм, тау туризмі, ат туризмі, веложорықтар және балық аулау).

Жоба құрылтайшылары:

Құрылтайшы есімі Мекен-жайлары Жеке пайызы
Жакия Мухаммедрахман Астана қ., Жұмабек Ташенов көш.17/1 үй, 79 пәтер 40%  
Амерханова Айнұр Астана қ. Жұмабаев көш.14. 30%
Амангелды Дидара Астана қ., Б.Майлин көш. 8 үй, 53 пәтер 30%

Жобаның жалпы құны:шамамен 70 млн теңгені құрайды.

Нысандар Құны, тг
Жер телімі 15 млн
Құрылыс материалдары 20 млн
Жиһаздар 15 млн
Коммуналдық шығыстар (жылу, электр энергиясымен жабдықтау)   2 млн
Сантехника 1 млн
Қосымша шығындар (салық, жарнама, қызметкерлердің жалақысы, коммуналды төлемдер) 17 млн
Жалпы құны 70 млн

Кәсіпкерліктің түрі:Шағын кәсіпкерлік.

Заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер оның ішінде жеке тұлғалар тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға немесе оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асыратын бірлескен кәсіпкерлік және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бір жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан құралған.

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы:

Қызметкерлер лауазымы саны
Әкімшілік басқару құрамы
Директор
Басқарушы
Әкімші
Бас бухгалтер
Менеджер
Өндірістік құрамы
Қонақ үй қызметшісі
Аспазшы
Даяшы
Ыдыс-аяқ жуушы
Қызмет көрсетуші құрам
Тіркеуші (reception)
Бөлмелерді тазалаушы
Кір жуушы
Қосалқы құрам
Күзетші
Аула жинаушы - бағбан
Сантехник
Электрик
  Қызметкерлердің жалпы саны
       

Салық жүйесі:

Салық түрі %
Жер салығы  
Корпорациялық табыс салығы  
Қосылған құнға салынатын салық  
Мүлік салығы  
Әлеуметтік салық  

Жобаның тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Урунхайка елді мекенінде қонақ үй ашуды қарастырады.

Жоспарланған кәсіпорынның қызметтерін тұтыншылары жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Марқакөл аймағына демалуға келетін туристер болып табылады.

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

ü жаңа жұмыс орнын құру, бұл халыққа тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді;

ü Жаңа қонақ үй салу Күршім ауданының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі.

Әлеуметтік әсері жағынан:

ü Халықтың қонақ үй қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыруды;

ü Туристер мен саяхатшылардың талаптарын қанағаттандыру үшін демалыс, тамақтану және басқа да сервистік қызметтерді ұйымдастыруда жағдайлар жасауды бөліп көрсетуге болады.

Компанияның басымдықтары:

ü Қонақ үй кешенінің оңтайлы орналасқан жері;

ü Қонақ үйде орналастыру қызметімен қатар тамақтану қызметтері (кафе) және спорттық қызметтер (бассейн, шағын теннис, гольф алаңдары) көрсетіледі;

ü Қонақ үйдің қызметтері табысы жоғары клиенттерге ғана емес, орташа табысы бар тұтынушыларға да қол жетімді.

Наши рекомендации