Алматы облысының Индустрияландыру картасын жүзеге асыру бойынша

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, Алматы облысында өңірлік индустрияландыру картасы бойынша 7 177 жұмыс орнының құрылуымен, жалпы сомасы 282,6 млрд. теңгені құрайтын 48 жоба жүзеге асырылды;

-39 жоба (81%) жобалық қуаттылығына шығып 2015 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша жоспарлық қуаттылығын қамтамасыз етті.

- 2 жоба (4%) фармөнімдері сертификациясын және клиникалық зерттеулерін өткізу себептеріне байланысты 2015 жылға жоспарлы қуаттылығын көрсете алмады;

- 2 жоба (4%) орташа деңгейде (50%жоғары) («Алматинский вентиляторный завод» және «Жаркентский Крахмалопаточный завод» ЖШС);

- 2 жоба (4%) төмен деңгейде (50%төмен) («Казфильтр» ЖШС және «Dolce» ЖШС);

- 2 жоба (4%) өндірістерін кеңейту үстінде ("Сарқан Май" және «Байсерке Агро» жылыжайының құрылысы);

- 1 жоба (2%) "Hyundai Commercial Vehicle Manufacturing" ЖШС 2014 жылы Алматы қаласына өткізілді.

Қазіргі уақытта бекітілген Жол картасына сәйкес Индустрияландыру картасының проблемалық жобаларын жоспарлы қуатылыққа шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алматы облысының 2015 жылғы 15 сәуірдегі №178 қаулысына сәйкес 2015-2019 жылдарға аймақтық Индустриаландыру картасына 10 жоба бекітілді (32,2 млрд, теңге, 1378 жаңа жұмыс орны құрылуымен), (Іле ауданындағы, «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС фармацевтикалық зауыт құрылысы; Іле ауданындағы, «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығару зауыты; Қапшағай қаласындағы, «ЭкоПанель» Ұялы құрылымды бетонынан жасалатын блоктарды автоклавдық қатқылдану мен қабырға панелдер шығару; Жамбыл ауданындағы, «Күрті» Күрті кен орнында гранитті өндіру бойынша жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды және құрылыс материалдарын өндіру бойынша тасты өңдеуші цехты салуды жетілдіру; Қапшағай қаласындағы, «Казиндустрия» ЖШС тасты қайта өңдеу зауытының құрылысы, Текелі қаласындағы, «Bapy Mining» Инновациялық технология бойынша темір кенін өңдеу мен қайта өңдеу арқылы шекті шойынды алу; Қапшағай қаласындағы, «Базальт-НПА» ЖШС композиттік өнімдерден базальт талшықтарын шығару зауыты; Панфилов ауданындағы, «KAZKOMPOZIT LTD» ЖШС сумен жабдықтау үшін шыныпластикалық құбырларды шығаратын кәсіпорынды құру; Алакөл ауданындағы, «Селбесу Агро» ЖШС тамшылап суару үшін жинақтаушыларды өндіру зауыты,Темір бетон бұйымдары мен аса берік бетонды жаңа технологиямен шығару және көтеріңкі берікті бетонды енгізу «Фирма Әдемі» ЖШС, Қапшағай қаласы).

Ағымдағы жылдың сәуір-қыркүйек айларында Өңірлік Үйлестіру кеңесі тағы 5 жобаны мақұлдады (3,65 млрд.теңге, 223 жұмыс орнын құрумен) («Meat Processing and Service» ЖШС етөңдеу кешенінің құрылысы, Алматы облысының Жаркент қаласында «ЖарТас Products» ЖШС құрылыс өнімдерін өндіру бойынша бетон зауытының құрылысы; «Азия Агро Фуд»АҚ сұйық май және құрғақ крахмал алумын крахмал өндірісін кеңейту; «Аль TAS CAPITAL-2015» ЖШС туф табиғи тасын өңдеу бойынша зауыт, «Алакөл-Көмір» ЖШС.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Іле ауданында жалпы сомасы 2831 млн. теңге «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығару зауыты іске қосылды. Зауыттың жалпы аумағы 14 000 м2 құрайды. Зауыттың технологиялық үрдісі бастапқы кезеңдегі алюминийді қайта өңдеу жолымен 280 аса дайын өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Зауыттың жобалық қуаты жылына 12000 тонна. Зауыт қызметкерлері Түркия және Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби инженер-технолог мамандарынан құралған. Қазіргі уақытта 100-ден аса маман қызмет етеді. Зауыттың іске қосылғаннан бері 200 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын өндірді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Индустрияландыру картасы шеңберінде 5 жобаны іске қосу жоспарлануда («Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС фармацевтикалық зауыт құрылысы; Іле ауданындағы, «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС алюминий профильдерін шығару зауыты; «Күрті» Күрті кен орнында гранитті өндіру бойынша жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды және құрылыс материалдарын өндіру бойынша тасты өңдеуші цехты салуды жетілдіру; Қапшағай қаласындағы, «Казиндустрия» ЖШС тасты қайта өңдеу зауытының құрылысы,«Алакөл-Көмір» ЖШС).

Желтоқсан айының ортасында Елбасының қатысуымен өтетін Индустрияландыру күніне арналған Телекөпірде «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС фармацевтикалық зауыттың салтанатты түрде ашылуы болады деп күтілуде.

5. Более 3 тысяч объектов недвижимости легализовано в городе Астане, об этом центру деловой информации Kapital.kz сообщили в пресс-службе Департамента государственных доходов по г. Астане.
Так, по сообщению департамента, по состоянию на 1 октября 2015 года по легализации имущества, находящегося на территории РК, в комиссии при местных исполнительных органах города Астаны поступило 3833 заявления на легализацию имущества на общую сумму 55 596 423,8 тыс. тенге. Из них 4930 жилых объектов на сумму 32 786 868 тыс. тенге; 5248 нежилых объектов на сумму 22 351 606 тыс. тенге, в том числе 617 коммерческих объектов на 16 516 532 тыс. тенге; 5 долей участия в юридических лицах на сумму 457 949 тыс. тенге. Легализован 3331 объект на сумму 14 029 979 тыс. тенге.
Напомним, в Казахстане с 1 сентября 2014 года началась легализация капитала в соответствии с Законом «Об амнистии граждан Республики Казахстан в связи с легализацией ими денег», подписанным главой государства 30 июня 2014 года.
Кроме того, как отмечают специалисты Департамента государственных доходов, на заявителя возлагается обязанность по уплате 10% от легализуемой суммы.

6. Экономикалық өсуді ынталандыру – кез-келген елдің экономикалық саясатының аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені экономикалық өсу – халықтың әл-ауқатының артуына жағдай жасайды. Шағын және орта бизнес экономикалық өсу факторларының бірі болып табылады. Аса өзекті экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу барысында шағын және орта бизнестің рөлі ерекше болып табылады. Мемлекет тарапынан елеулі шығындарды талап етпестен, шағын және орта бизнес «салауатты» бәсекелі ортаның қалыптасуына, нарықтық тепе-теңдіктің орнауына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, жағдайы орташа тұрғындар тобының қалыптасуына, тұрғындардың әр-түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасайды, ал бұл – ақыр соңында, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.

Орта және шағын бизнестің даму мәселелері біздің еліміздің басшылығы үшін әрдайым басымдықты мәселе болып табылады. Мемлекет тарапынан қолға алынған, жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары ТМД елдерінің арасындағы ауқымы бойынша теңдессіз болып табылады. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында шағын және орта бизнестің дамуын – еліміздің экономикалық саясатының басымдықты бағыттарының біріне жатқызған. Шағын және орта бизнесті дамыту – Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылады. Біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса – Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болады. [1]

ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда соңғы 9 жылда шағын және орта бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны екі еседен артық мөлшерге өсіп, 2013 жылдың нәтижелері бойынша 1 542 мың бірлікті құраған. [2]. Осылайша, шағын және орта бизнес экономикалық тұрғыда белсенді тұрғындардың арасындағы барынша кеңінен тараған қызметтің түріне айналып отыр. Бұл – мемлекетіміздің жоспарлы саясатының дұрыс таңдалғанын, сондай-ақ еліміздегі бизнес-климаттың қолайлы екенін куәландырады.

7. Өндірістік және шаруашылық мекемелер, кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, банктер өздігінше күрделі объектілерді көрсетеді. Ақпараттық жүйе түсінігі өзара және элементтердің сыртқы ортасымен байланысқан жиынтық түсініледі. Олардың жұмыс істеуі нақты мақсатты немесе пайдалы нәтижені алуға бағытталған. Осы анықтамаға сәйкес әрбір экономикалық объект (мекеме) немесе оның бөліктерін қойылған мақсатқа жетуге ұмтылатын жүйе ретінде қарастыруға болады. Жүйе үшін келесі негізгі қасиеттер сәйкес: күрделілік, бөлінгіштік, бүтіндік, элементтердің әртүрлілігі және олардың табиғатының айырмашылығы, құрылымдылық. Жүйе күрделілігі оған кіретін элементтер жиынына, олардың құрылымдық әрекеттесуіне, сонымен қатар сыртқы және ішкі байланыс күрделілігіне қатысты. Кәсіпорын немесе мекеменің маркетинг қызметі осындай элемент мысалы болып табылады, яғни күрделі сыртқы және ішкі байланыстарды өндіреді. Жүйе бөлінгіштігі нақты мақсат пен міндеттерге жауап беретін, белгілі бір белгісі бойынша ерекшеленген ішкі жүйелер қатарынан тұрады. Бұл қасиет мыналарды талдау кезінде ерекше маңызды: экономикалық объектілердің жұмыс ерекшеліктері, олардың басқарушылық қызметін ұйымдастыру, құжатайналымды қалыптастыру мен жүргізу, ақпаратты қайта өңдеу орталықтарының жұмыс істеуі және т.с.с.

8. Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.


Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:

· мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;

· адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);

· елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;

· өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;

· әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;

· табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);

· технологиялық аяның жай-күйі;

· ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;

· қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.

Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болады.[1]

9. Франчайзинг[1] , франшизинг (ағылш. franchіse — жеңілдік; ағылш. franchіsіng — артықшылық) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым Франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар Франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы-лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым Франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, “ноу-хау”, жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, т.б. Шын мәнінде Франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек.[2]

10. 8 жауабы

11. Экономикалық талдау – экономика дамуының жай-күйі мен үрдістерін оның түрлі құрылымдары бойынша бағалау.

Макродеңгей мен микродеңгейде орындалады. Біріншісі ауқым‚ қарқын‚ үйлесімділік және құрылымдық-құндық ара салмақ туралы мәселелер төңірегіне шоғырландырылады. Екіншісінде (кәсіпорын деңгейінде) шығынды‚ пайда алу үшін сатудың ықтиал көлемін талдау‚ кәсіпорын (фирма) қызметінің жекелеген бағыттары бойынша кіріс пен шығыс сметаларын жасау‚ үрдістерді талдау және солардың негізінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар жасау‚ ресурстар мен дайын өнімнің бағасын талдау‚ т.б. қамтылады.[1]

12. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (2002-2004) ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен [1] ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі қаулысымен [2] агенттік туралы ережеге [3]өзгертулер енгізілді: комитеттің және оның департаменттерінің атауы өзгертілді; агенттіктің құқықтық мәртебесі мен негізгі міндеттерінен шағын бизнес(кәсіпкерлік) саласындағы мемлекетттік саясатты іске асыруға байланысты функциялары алынып тасталынды.

ҚР Президентінің 2003 ж. 13 маусымдағы Жарлығымен [4] агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынысты және есепті мемлекеттік орган болып қайта құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 20 маусымдағы Жарлығымен [5] агенттік туралы ереже және оның құрылымы бекітілді.

Ережеге сәйкес агенттік ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылаужәне реттеу, бәсекелестікті дамытуды қорғау және үйлестіру, сондай-ақ қызметін табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие нарық субъектілері жүзеге асыратын саладағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылды.

13. Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқарусаласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру.


Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмгемемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды.

14. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы - бұл үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерінің бірі. Бағдарламада қарастырылған тетіктер әлемнің көптеген елдерінде сәтті жүзеге асырылуда. Бұл пайыздық ставка бөлігін субсидиялау, несие бойынша жекелеген кепіл беру, өндірістік немесе индустриалды инфрақұрылымды дамыту, сервистік қолдау көрсету. Аталған тетіктерді Қазақстанда да қолдану тәжірибесі бар, дегенмен, алғаш рет бұл шаралар кешенді түрде қолға алынуда, ал олардың қаржыландырылуына мемлекеттік бюджетте онжылдық болашаққа арналған қаржы қарастырылған. Бағдарламада «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау», «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру», «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» және «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» сынды төрт бағыт бар.

Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді.

Атап айтқанда, жол картасының бірінші және екінші бағыттары бойынша несие портфелінің жалпы сомасы 279,071 млрд. теңгені құрайтын 1 108 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты бірінші бағытында 1003 өтініш, ал «Кәсіпкерлердің валюта тәуекелдерін төмендету» атты үшінші бағытында 105 өтініш қанағаттандырылды. Ал бағдарламаның «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» атты екінші бағыты бойынша Мемлекеттік комиссия жанындағы жұмыс тобы жалпы сомасы 149, 508 млрд. теңгені құрайтын 184 өтінішті мақұлдады. Осы бағытта субсидиялауға қол қойылған 139 жоба келісімдердің жалпы құны 101,706 млрд. теңгені құрайды.

15. Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу саласындағы қоғамдық қатынастарды және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғауды реттейді.

Наши рекомендации