Төртіншіден, біз жұмыспен қамту және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға тиіспіз.

Әлемдік тұрақсыздықтың басты қаупі – жұмыссыздықтың өсуі. Нақтылы жұмыспен қамту елімізде іске асырылатын олардың қандай да бөлігі емес, мемлекеттік те, салалық та, барлық бағдарламаларды қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар Елбасы Үкімет пен әкімдерге 2013 жылы бұрын қабылданған бағдарламаларды барлығын кәсіпкерлікті дамыту мен бизнесті қолдауға кіріктіруді, жұмыссыздар мен табысы төмен адамдар көрсеткішінің жоғарғы пайызы байқалатын аудандарға бюджеттік қаражат бөлудің механизімін жасауды тапсырды.

Әлеуметтік саладағы қойылған тапсырмаларды іске асыру шеңберінде келесі азаматтар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады:

- өмірдің қиын жағдайлары болған кезде қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде, психоневрологиялық потологиялары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде және белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімделу орталығында тегін болу түрінде әлеуметтік көмек беріледі (МӘМ-де арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандартының 7 түрі: әлеуметтік-психологиялық, медициналық, тұрмыстық, еңбектік, заңгерлік және т.б. енгізілген).

- мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (әлеуметтік көмек пен қызметтің 16 түрі, олар: зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектерге, көп балалы отбасыларға (62 мың адамды қамту) қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүру); мерекелік күндерге біржолғы төлемдер және тағы басқалар.

- аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын төлеу (2013 жылы табыстары ең төмен күнкөріс деңгейінің көлемінен 1,6% халықтың үлесін, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын 6%-ға төмендету жоспарлануда);

Бүгінде атаулы әлеуметтік көмек, БМЖ, ТЖ алушылар саны төмендеп келеді. Бұл нәтижеге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына т.б. және аудандық әкімдіктер жанындағы жұмыс топтарының белсенді жұмысының, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларын қолдану арқасында қол жеткізілді.

Осыған қарамастан, алдағы уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендету және Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында 2013 жылға мыналарды жоспарлап отырмыз:

- энергетика, көлік және құрылыс салаларының жұмыс берушілерімен кадрларды қайта даярлау бойынша одан әрі оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шеше отырып, кәсіпорындардың базаларында өндірістік тәжірибеден өту жұмыстарын жүргізу. Бұл үшін жұмыс берушілер талап етілген мамандықтар бойынша кәсіпорындар үшін кадрларды даярлау бойынша оқу орындарымен шарттар жасасады.

- жоспарланған жұмыс орындарына тек жұмыс берушілерден өтінім қабылдағаннан кейін еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарға жұмыссыз азаматтарды оқыту және қайта даярлау өткізу;

- жұмысшылар мен еңбек нарығында талап етілетін мамандардың оң беделін бұқаралық ақпарат құралдары (бейне-роликтер, банерлер, документальдық фильмдер, жәрмеңкелер және т.б.) арқылы жариялау;

- халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа тарту мақсатында жұмыс берушілерді ынталандыру бойынша (мақтау, салық тәртібін оңайлату және т.б.) әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалаық үшжақты комиссияның жұмысын жандандыру;

- барлық меншік түріндегі жұмыс берушілермен уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау және ұжымдық шарттарды жасау жөніндегі жұмысты жандандыру.

Сонымен қатар бос орындар жәрмеңкесін, дөңгелек үстелдерді, шағын аукциондарды, бос лауазымдық орындарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту шеңберінде 2013 жылы 3 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде бірінші«Астаналық жас түлек-2013»жәрмеңкесі жастар мен оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға бағытталды. Жәрмеңкеге барлығы 10 мың жұмыссыз адам қатысты. Сондай-ақ мүгедектер мен жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша 2 шағын жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін төртінші жыл жұмыс атқаратын Астана қаласы әкімдігінің жанында жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс тобының жұмысын атап өтуге болады.

Жұмыссыз азаматтарды анықтау мақсатында үйді аралау топтары құрылып, жұмыссызлдарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-әрекет алгоритмі құрылды. Сауалнама, сұрау және т.б. жүргізу арқылы халықтың жұмыссыз азаматтарын анықтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Жұмыссыздық деңгейінің төмендетілген бір жағдайларының біріwww.job.astana.kz порталының құрылуы болып табылады.

Одан басқа ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес еңбек нарығын реттеу және еңбек ресурстарының сұраныстары мен ұсыныстарының теңгеріміне ықпал ету мақсатында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүдделі басқа да мемлекеттік органдармен 2013-2015 жылдарға арналған Астана қаласының Жұмыспен қамту картасын әзірледі. Астана қаласының Жұмыспен қамту картасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бекітілді, қазір ҚР Үкіметінде бекіту кезеңінде.

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру нәтижесі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективті халықтың өмірлік жағдайын реттеу қажеттілігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен, макроэкономикалық үрдістердің сандық және сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекет тарапынан реттеліп отыруымен де түсіндіріледі. Себебі, қазіргі таңда еліміздің экономикалық, саяси, демографиялық, әлеуметтік дамуының басты шешуші факторы адам, яғни ел азаматы танылады. Сонымен қатар ол адамдардың белгілі тобы еңбекке тағы басқа жарамсыз болуымен түсіндіріледі. Елбасымыз айтқандай еліміздің дамуының көзі – бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауымен сипатталады. Сондықтан кейбір адамдар әлеуметтік қорғауды қажет етеді. Яғни, мемлекет, кәсіпорындар және тағы басқа субъектілер арнаулы шараларды қолдануды талап етеді. Бұл жөнінде олар бағдарламаларды стратегиялық жоспарларды әзірлеп, тиісті жұмыс жүргізуге араласу қажет. азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі. Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады. Даму деңгейі бірдей мемлекеттердің өзінде де тарихи, мәдени, саяси және өзге де факторларға байланысты, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынтымақтастықтың және мемлекеттік институттардың қатысуының әртүрлі деңгейі орын алуда. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында өзара байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған сәттен туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді болмайды. Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілер мойнына түседі де, әлеуметтік қорғау жүйесінен төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады. Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден бір көзі мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады. Шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы адамның жарнасына байланысты болады. Әдетте, мұндай жүйе еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің аударымдары есебінен қаржыландырылады, ал жарнасына қарай төлемдерді алу құқығына аударымдар жасаған (немесе олар үшін жұмыс беруші аударым жасаған) азаматтар ғана ие болады. Мұндай жүйелер, әдетте, халықтың белгілі бір тобын, мысалы, ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді немесе белгілі бір еңбек ұжымының еңбеккерлерін әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі болып табылады. Бұдан басқа, ынтымақтастық белгісі жоқ, әр азамат өмірдегі қатер жағдайына қаражатты дербес жинайтын әлеуметтік қорғау жүйелері де бар. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте: 1) мемлекеттік жәрдемақылар; 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру; 4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады. Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған. Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған. Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған. Бұдан басқа, азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін өзі ерікті сақтандыруға құқығы бар. Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет. Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауап қадамдар болды. Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен сипатталады. Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады. Азаматтардың білім және медициналық көмек саласында қызметтер көрсетуге қол жеткізуі бұл Тұжырымдаманың шеңберінде қаралмайды, өйткені олар басқа бағдарламалық құжаттармен айқындалады. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Мұнда нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз. Табыс құрылуының нарықтық механизмі және әлеуметтік саясат. Табысты нарықтық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктың механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде «берекелі мемлекетє деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісі реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады. Елбасымыздын жолдауы бойынша, әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді және болып қала да береді. 2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң қолданысқа енгізілді. Заңда келесі шараларға назар аударылды.

§ халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;

§ негізгі әлеуметтік қателардің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;

§ тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;

§Әлеуметтік қорғау – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды: ірдей жағдайына ие болу мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қамқорлығы болып табылады. Бұл азаматтарға көмектесу – біздің қоғамымыздың ізгілену мен кемелдену дәрежесінің көрінісі, сіздер мен біздің борышымыз. Адам дамуының басым міндеттерін шешудің маңызы аса зор. Сондықтан облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс.

Кең мағынада әлеуметтік қорғау мына функцияларды жүзеге асырады: экономикалық, әлеуметтік, талдамалық, технологиялық, ақпараттық және еңбек. Тар мағынада: құндылықты, өтемақылы, ынталандырушы, бейімделуші

Экономикалық функция - өмірлік деңгейін көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуге бағытталған.

Әлеуметтік функция - адамның өмірлік деңгейін жақсы тұрмысын жоғарылатуға әлеуметтік қорғауды бағыттау, халықтың әлеуметтік осал бөлігін өмір сүру кепілдігін қамтамасыз ету.

Талдамалық функция - халықтың өмірлік деңгейін жүйелік талдауды және аштық пен өзге де әлеуметтік салдарлар үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарды, аумақтарды анықтау мақсатында қолданылады.

Технологиялық функция - барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау белгілі бір кезеңдерден, операциялардан құралатын технологиялардан тұрады.

Ақпараттық функция - азаматтарға өзінің қызығушылығын қорғау бойынша адамның құқықтары мен мүмкіндіктері туралы, Қазақстанның және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың нәтижелері туралы толық және сенімді ақпараттарды ұсыну кепілдігінің жүйесін құруға бағытталған.

Еңбек функциясы – бұл нақты мақсаты, заты және құралы болатын нақты еңбек. Әлеуметтік қорғау функциясын орындайтын әлеуметтік институттар жоғары біліктілікті еңбек ресурстарымен қамтылуы тиіс.

Әлеуметтік қорғау функциясы - нақты әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қазақстанда өтпелі кезеңде ең алдымен әлеуметтік қорғаудың құндылықты функциясы өзіндік күшке бағытталды. Нарықтық қатынастарды халыққа қойылған жағдайды жанға бататындай бастап кешіруге мүмкіндік беретін ерекше қызметті өтемақы функциясы алады. Көптеген өркениетті елдерде белсенділікті ынталандыру функциясы орындайды. Ынталандыру барлық әлеуметтік топтар және азаматтар өзіндік экономикалық жағдайларын жасауға бағытталған. Сонымен бірге, бейімдеуші функциясы жаңа қоғамдық нақтылыққа халықтың әрқилы санаттарын бейімдеуді қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік қорғаудың экономикалық, саяси, құқықтық механизмдерінің негізінде әртүрлі принциптер (қағидалар) жатыр. Бұл принциптер мемлекеттің өзінің азаматтарының өмірлік деңгейін қолдауда жауапкершілік дәрежесін көрсетеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағыттау жағдайында әлеуметтік қорғау жүйесі келесі принциптерге сүйенеді және оларды келесідей бөлуге болады: жалпы, арнаулы

экономика мен саясатты әлеуметтік қорғау жүйесінің өзара байланыстыру принциптері Жалпы тарихымыз көрсеткендей, кедейшілікпен күресудің негізгі қаруы орташа тұтыну деңгейін өсуге мүмкіндік беретін экономикалық өсу мен минималды өмірлік деңгей болып табылады. Саясаткерлер кедейлерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды анықтайды, ал өз кезегінде кез келген үкіметтің тағдыры әлеуметтік орта мен жалпы экономикада іс-әрекет жағдайына байланысты. Әлеуметтік қорғаудың принциптері

Принциптер Жалпы Арнаулы Экономика мен саясатты әлеуметтік қорғау жүйесімен өзара байланыстыру Сақтандыру әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы мен дамуының ақырындығы Бірыңғай әлеуметтік кеңістік әлеуметтік қорғау жүйесін құру ке-зіндегі баламалылық әлеуметтік көмек «динамизациясыє атаулы әлеуметтік қорғау өкілеттіліктердің шектілігі өзін-өзі басқару Сақтандыру мен ынты-мақтастықтың үйлесімі Шығындарға қатысу әлеуметтік қамсыздандыру Превенция

) әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы мен дамуының ақырындық принципі. Дамыған елдердегі қолданылып жатқан әлеуметтік қорғау жүйесі – ұзақ жылдардағы дамудың нәтижесі. Олардың қалыптасуы эволюциялық жолмен жүзеге асырылады. Көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемінің ұлғаюы экономикалық өсумен бірге жүреді. Сондықтан да ұзақ уақытқа еркін және қоғамдық құрылысты сақтап қалу үшін әлеуметтік саясаттың еркіндігін бекітуге ұмтылуға тырысу керек. б) әлеуметтік қорғау жүйесін құру кезіндегі баламалық принципі. Бұл принцип әлеуметтік қорғау жүйесін құру кезіндегі оның жеке құраушыларының негізінде (қаржыландыру, ұйымдастырушылық құрылым, әлеуметтік қорғауға жататын тұлғалар шеңбері, әлеуметтік қорғаудың көлемі мен формасы) «маневрдыңє еркіндігінде көрсетіледі. Бұл құраушылар өзара тығыз байланысты және оларды бөліп қарастыруға болмайды. в) өкілеттіліктердің шектілік принципі. Әлеуметтік көмек мемлекеттік, аймақтық, дергілікті және деңгейлерінде жүзеге асырылады. г) әлеуметтік қорғау жүйесінің өзін-өзі басқару принципі. Оның мәні мынада: өзін-өзі басқару органдарының тікелей мемлекеттік басқару жүйесінен бөлінуі, яғни әлеуметтік қорғау жүйесі құралдарының мақсатты қолданылуы мен қоғамдық шиеленістердің әлсіреуін жүзеге асыру. д) шығындарға қатысу принципі. Белгілі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру азаматтардың жеке құралдарының қатысуымен іске асырылады. е) превенция принципі. ¦леуметтік көмекті беру қажеттілігінен құтылу үшін апатты әлеуметті жағдайдың туындауын ескерту (денсаулық сақтауда алдын алу шаралары, өндірісте қайғылы оқиғаларды болдырмау, әлеуметтік оңалтулар) ж) сақтандыру принципі. Сақтандыру – нарықтық экономика жағдайында халықты әлеуметтік қорғаудың ең тиімді құралы. Адамдар мүмкін немесе болмай қоймайтын сипатты жағдайларды алдын ала жеткілікті ойламайды. Олар жиі жағдайларда мұндай жағдайлардың өршуіне байланысты қтелінетін толық шығындар көлемін дер кезінде таба алмайды және ақша қаражаттарын жинамайды немесе жиналған қаржы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан мемлекет жұмыскерлерді сақтандыру бағдарламалары арқылы мәжбүрлі сақтандыру жолымен жағдайды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ал әлеуметтік көмекті қаржыландыру арнайы сақтандыру төлемдері есебімен іске асырылады.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік мәні неде ?

2. Әлеуметтік қауіпсіздік кепілін атаңыз

3. Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары

Ұсынылатын дебиет

1. Аженов М. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы 1997ж.

2. АгафоновА.Н.,Менлибаев К.Н. идр.Основы теории социальной работы.Караганда2002.

3. Әлеуметтік қорғау. Алтын Орда. 16 мамыр, 2002 ж.

4. Бабакумов Е.Ж. Социальная политика государства. Алматы, 1996

5. Зейнышев И.Г Взаимосвязь социальной политики и социальной работы-
М, 1996

8- ші дәріс.

Тақырып.Халықты әлеуметтік қорғаудағы әлеуметтік –саяси негіздің мазмұны

Негізгі мақсаты:Халықты әлеуметтік қорғаудағы әлеуметтік –саяси негіздің мазмұнын ашып беру

Негізгі түсініктер: әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саясат

Жоспары

1. Халықты әлеуметтік қорғаудағы әлеуметтік –саяси негіздің мазмұны .

2. Әлеуметтік мемлекеттің принциптері мен тұжырымдамасы.

Тоталитарлық қоғамда әлеуметтік саясат әлеуметтік саладағы тоталитарлық тәртіпке дейін тарылады. Демократиялық қоғамда- әлеуметтік саясат демократиялық мемлекеттің және басқа азаматтық қоғам субъектілерімен біріккен функцияны атқарады. Тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтү кезінде ерекше өтпелі кезеңңің әлеуметтік саясатын қалыптастырады.

Тоталитарлық қоғамдағы әлеуметтік саясат абсолютті мемлекеттік үкімек талабымен, халықтың толық пассивтігімен іске асады. Тоталитарлық кезеңнен кейінгі қоғамның демократияға өту мемлекеттік басқарудың абсолютизмінен және халықтық пассивтіліктен алшақтаумен қамтамасыз етіледі. Тоталитарлықтан кейн қоғамның пассивтілігі, ұйымсыздығы, әлеуметтік құрылымсыздық - әлеуметтік сасаттың, мемлекеттік үкімнің бұзылуының негізі. Барлығы өтпелі кезеңңің мемлекеттің мінездемесіне, оның халықтың, елдің қызығушылықтарына назар аударуының деңгейіне байланысты. Бұл жағдайда мемлекеттік үкіметтің тарихи жауапкершілігі, халықтың және барлық топтар мен қоғамдастықтардың жағдайы туралы сүрақ күрделенеді.

Әлеуметтік саясаттың келесі мазмұнды мінездемесі - әлеуметтік саясатқа белсенді қатысушыларының өз алдыларына қоятын мақсаттар жүйесі. Бұл- қоғамдық өзгерістердің нәтижелі көрсеткіштері. Әлеуметтік топтың әрқайссысы өзінің нақты жағдайын және жақсыға өзгеру мімкіндігін толық сезінеді.Егер әлеуметтік топ белсенді қоғамдық іс-әрекет жасаса (әлеуметтік саясаттың субъетісі болса) ол өзінің қоғамдағы жағдайының жақсаруын өз іс-әрекетінің мақсаты деп сезінеді. Егер әлеуметтік топ пассивті болса, онда оның мақсатының орнында арман, ғажап жағдайды күту немесе әлеуметтік саясаттың «мейірімді» субъетісіне кудер болады.

Тоталитарлық қоғамда көптеген субъектілер шынайы емес, декоративті келеді. Әлеуметтік сасаттың нақты субъектілері тек басшылық ететін әлеуметтік топ, қалған барлығы- әлеуметтік саясаттың объектілері.

Демократиялық қоғамда бір субъектілі жағдайдың болуы мүмкін емес. Сондықтан, әлеуметтік саясатта барлық субъектілерге бір мақсаттың болуы мүмкін емес. Әлеуметтік саясаттың нақты субъектілерінің әр қайсының өзіндік мақсаты бар. әлеуметтік мақсаттың көптігі- бұл көп субъектілі азаматтық қоғамның нәтижелі қалпы. Мақсатттардың әртүрлі болуы негізгі мақсат болып табылады және қоғамның сапалы ерекшелігінің белгісі. Бұл кез келген қоғамның мақсаттарының бір болу идеясынан, үлшылдық идеясынан, құндылықтардың бір болуынан алшақтамайды. Демократиялық қоғамда бұл мақсаттар тоталитарлықтан ерекше қойылап шешіледі.

Әлеуметтіксаясатқұрылымдыққоғамдыққарым-қатынасболыптабылады.

Әлеуметтіксаясаттыңкелесітүрлерінбөліпқарастыруғаболады:

- әлеуметтіктұрақтықоғамдағыәлеуметтіксаясат ( қоғамдықформацияларда);

- жүйелікризистердегіқоғамдардыңәлеуметтіксаясаты (революциялықжағдайдағы);

- деформацияжағдайындағықоғамдардағыәлеуметтіксаясат (қоғамдықжүйеніңперманентікризистерінде);

- күрделіреформаларарқылыжүйелікризистерденшығужағдайындағықоғамдағыәлеуметтіксаясат, яғниөтпелікезеңніңәлеуметтіксаясаты.

Әлеуметтіктүрақтықоғамдағыәлеуметтіксаясаттыңерекшіліктері:

әлеуметтіктоптаржәнекласстардыңқарым-қатынасындағытұрақтытәртіптіңболуы;

- өзжағдайыменқанағаттанбағанкейбіртоптарғабілімберу;

- басқарғанкласстардыңжәнеоныңбөлігініңқызығушылығыныңбаланстаболуы. Бүндайбасқарудыңтүріқұқықтыңқоғамформасындабелгіленеді;

Сонымен, қандайдабірмемлекетболмасынхалықтыңтүрмысы

нашарлауынажолбермеудікөздейтін, халықтыеңбекпенқамтудыжәнежұмыссыздықтышектентысөспеуінқадағалапотырудыіскеасыратын, халықтыңтүрлітоптарыменжіктерінматериалдықжағдайыментұрмыстіршілігінбіртіндепжақсартуғабағытталғанәлеуметтіксаясатжүзегеасырылуытиіс.

Негізінен әлеуметтік саясат дегеніміз- ішкі саясаттыңқ ұрамдас бөлігі, және адамдардың қоғамдық, топтық мүдделерін үйлестіру және экономикалық әлеуметтік саяси, идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі саяси қызмет болыпта былады.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясат және әлеуметтік қауіпсіздік мәні неде ?

2. Әлеуметтік қауіпсіздік кепілін атаңыз

3. Әлеуметтік саясаттың негізгі фуңкциялары

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Конституция РК – Алматы, 1995

2. Вилли Брандт Демократический социализм (статьи и речи) – М.: Изд. «Республика», 1998

3. Б.В. Ракитский Социальная политика, социальная защита, самозащита трудящихся в обществе. Часть первая. Социальная политика – М.: Институт перспектив и проблем страны, 1998

№9 ші дәріс.

Наши рекомендации