Жағымсыз сыртқы эффекттер.Жағымды сыртқы эффекттер

Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтары сыртқы эффект дейді.Бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынуға ешқандай қатысы жоқ үшінші адамдар көтереді (шығын) немесе тегін алады (пайдалылық). Сыртқы әсерлер жағымсыз және жағымды эффекттер болып екіге бөлінеді.

Жағымсыз сыртқы эффект (экстерналии) – бұл өнімнің бағасында есептелінбеген өндірісте қолданылған ресустардың құны.Жағымсыз сыртқы әсерлердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсерлердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды. Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни, көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан, одан балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып, суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Қалада жүретін машиналар, қала ішінде немесе оның маңында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды, одан қала тұрғындары әр түрлі зардаптар шегеді.

Енді жетілген бәсекелі нарықтағы жағымсыз және жағымды сыртқы әсерлердің салдарын талдаймыз. өнімді өндіруге және тұтынуға байланысты барлық шығындарды (өндірушінің, тұтынушының және үшінші адамдардың) әлеуметтік (қоғамдық) шығындар дейміз (TSC). Ол жалпы жеке шығын (TPC) мен жиынтық сыртқы шығынның (ТЕС)қосындысы:

TSC=TPC+TEC.

Қоршаған ортаны ластайтын өнім көлемі өскен сайын жиынтық сыртқы шығын (TEC) шекті сыртқы шығынның (MEC) мөлшеріне өседі. Демек өнім көлемі өскен сайын қоршаған ортаның ластануы да өседі.

Әрбір қосымша өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығыны (MEC) өндіруші емес, өндіруге және тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам көтереді. Шекті сыртқы шығынның мөлшерін анықтау үшін жиынтық сыртқы шығынның өзгерісін өнім көлемінің өзгерісіне бөлеміз:

MEC=∆TEC/∆Q

Шекті сыртқы шығын мөлшері өссе, шекті әлеуметтік шығын да (MSC) өседі: MSC=∆TSC/∆Q

Өндірушінің шекті жеке шығыны:

MPC=∆TPC/∆Q

Яғни, шекті әлеуметтік шығын өндірушінің шекті жеке шығыны мен шекті сыртқы шығынының қосындысы:

MSC=MPC+MEC

Шекті сыртқы шығын өнім көлемі өскен сайын бір деңгейге өседі деп жорамал жасай отырып, 13.1.2 суретіндегі графиктің көмегімен жағымсыз сыртқы әсердің салдарын көруге болады. өнімге сұраныс тұтынушыларға әкелетін шекті қоғамдық пайдалылықты (MSB) көрсетеді. Өнім ұсынысының қисығы жеке өндірушінің шекті шығынын көрсетеді (MPC).

Егер жағымсыз сыртқы әсер туғызатын фирма оның қызметін зардап шегетіндерге әрбір өнім үшін 10 теңге төлейтін болса, фирманың әрбір өніміне 10 теңге салық (T) салынса, оның шекті шығыны өседі:

MSC=MPC+MEC=MPC+10 теңге.

Бұл жағдайда фирма өнім көлемін тиімді деңгейге деін қысқартады, өнімнің бағасы 100 теңгеден 106 теңгеге өседі. Қоршаған ортаны ластау DZ²FG төртбұрышының ауданына тең мөлшерге қысқарады, бірақ толығымен жойылмайды. Нарықтағы баға 106 теңгеге көтерілгенде, фирма үшін өнім көлемін қысқарта отырып, әрбір өнімге 10 теңге салық төлеу пайдалы болады.

Сонымен, тиімді өнім көлемін шекті қоғамдық шығын мен шекті қоғамдық пайдалылықтың теңдігімен анықтауымыз керек: MSB=MSC.Ол Z² нүктесіне сәйкес келеді, оптимальды өнім көлемі Q² мың дана өнімнің нарықтағы бағасы 106 теңге болуы керек. Жағымсыз сыртқы әсер болған жағдайда тиімділікке қол жеткізудің алғышарты:

MPC+MEC=MSC=MSB

Жетілген бәсекелі нарықта жағымсыз сыртқы әсердің болуы шекті жеке шығынның құрамында шекті сыртқы шығынды есептемеуге әкеледі. Осы себептен өнім көлемі тиімді мөлшерден көп өндіріледі және оның бағасы төменболады. Жағымсыз сыртқы әсердің болуы шектелген экономикалық ресурстардың тиімсіз қолданылатынын көрсетеді.

Игіліктердің бағасында есептелінбейтін пайдалылықты жағымды сыртқы эффект дейді.

Сонымен, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімдер мен қызметтер тиімді көлемнен аз өндіріледі және бағалары қымбат болады.Сыртқы жағымды және жағымсыз әсерлердің пайда болуы нарық экономикасы механизмдерінің жұмысындағы кемшіліктерді көрсетеді. Сыртқы әсерлердің пайда болуы жалпы экономиканың тиімсіз жұмыс істеуіне, экономикалық ресурстарды тегін қолдануға және қоршаған ортаны ластауға әкеледі.

Жеке шығындар мен қоғамдық шығындардың, жеке пайдалылық пен қоғамдық пайдалылықтардың бір-бірімен сәйкес келмеуі экономикалық ресурстарды тиімсіз қолдануға әкеледі. Бұл мәселені шешу үшін шекті қоғамдық шығындар шекті қоғамдық пайдалылыққа тең болуы керек:

MSC=MSB,мұндағыMSB=MPС+MEC,алMSB=MPB+MEBболғандықтанMPC+MEC=MPB+MEB.

Сыртқы әсерлерді реттеудің көптеген жолдары бар. Коуз теоремасына сүйенсек, сыртқы әсерлерді экономикалық ресурстарға меншік құқығының нақты анықталмағандағын туғызады. Коуздың ойынша, егер мемлекет әркімнің ресурстарға меншік құқығын нақты анықтаса, әрбір меншік иесі мемлекет анықтаған ережені ерікті түрде орындаса және меншік құқығы еркін сатылатын болса, өзара келісу арқылы және нарықтық механизмдердің көмегімен жағымсыз сыртқы әсерерді ішкі әсерге айалдыруға болады.

Бірақ сыртқы әсерлердің проблемаларын шешу барысында әр түрлі қиындықтар кездеседі. Көптеген ресурстарға меншік құқығын анықтау өте көп шығынды талап етеді немесек оны анықтау мүлдем мүмкін емес. Мысалы, ауаға немесе өзендегі суға меншік иесін анықтау және оның құқығын сату өте қиын болады. Коуз теоремасын қолдану үшін меншік иелерінің өзара келісуге шағатын шығындары келісімнен алатын пайдадан аз болуы керек. Сыртқы әсерлердің салдарын келісімге келе отырып шешу үшін оған қатысатын экономикалық субъктілердің немесе адамдардың саны көп болмауы қажет. Сыртқы әсер туғызатын нақты себептерді де анықтау қиын болады. Сонымен қатар сыртқы шекті шығындар мен шекті сыртқы пайдалылықтардың деңгейі туралы ақпарат та толық болмауы да мүмкін.

Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар әрбір өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынының мөлшерінде мемлекетке салық төлейді: Т=МЕС, мұндағы Т – салықтың мөлшері. Салықтың арқасында шекті жеке шығын шекті қоғамдық шығынмен теңеседі: МРС+Т=МSС.Ол жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнім көлемінің тиімді деңгейге дейін қысқаруына әкеледі. Оны жоғарыдағы мысалдан көрдік.

Жағымды сыртқы әсерлер туғызатын өнімдер тиімді деңгейден аз мөлшерде өндірілетін болғандықтан, мемлекет әрбір өндірілген өнімнің әкелетін шекті сыртқы пайдалылығына тең реттеу субсидін береді:

G=MEB

Мұндағы G – мемлекеттің реттеу субсиді.

Субсидтелген өнім көлемінің әкелетін шекті жеке пайдалылығы теңеседі. Мемлекеттің осы реттеу әдісі жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім көлемін тиімді деңгейге дейін өсіруге ынта туғызады.

Наши рекомендации