Азақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар

Азақстан тарихы пәнінен тарих емес мамандықтарға арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасы

Кіріспе

Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы» оқу пәнін қазіргі тұрғыда түсіну. Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері. «ҚР тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж.). Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу. Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Қазақстан тарихы пәнінің деректері мен әдебиеттері. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта түсуі.

Бірінші тарау. ЕРТЕ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.

1.1. Тас ғасыры. Палеолит дәуірі (ерте тас ғасыры). "Тарихқа дейінгі" ұғымның ғылымға енгізілуі. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка және Азия территорияларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар (олдувей ескерткіштері, синантроп адамы). Қазақстан палеолитінің зерттелу тарихы. Ежелгі адамдардың Қазақстан террриториясын қоныстану уақыты. Х.Алпысбаев жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ашылған ежелгі палеолиттік тұрақтар (атауы, хронологиясы). Төменгі палеолит ескерткіштерінің табылуы. А.Г.Медоевтың Батыс Қазақстан мен Балқаштың Солтүстік жағалауына жүргізген жұмысының маңызы. Орталық Қазақстанда жүргізілген зерттеулер және Ж.Таймағамбетовтың басшылығымен зерттеген экспедиция нәтижелері. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері.

Мезолит (орта тас ғасыры).Дәуір ерекшеліктері. Қазақстандағы мезолит дәуірінің ескерткіштері. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын өзгерістердің археологиялық деректермен дәлелденуі. Садақ пен жебенің пайда болуы. Тас еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері жағалауларынан табылған мезолиттік археологиялық ескерткіштер.

Неолит (жаңа тас ғасыры). «Неолит революциясы». Дайынды иемденуден өнім өңдіруші шаруашылық түрлерінің қалыптасуы. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолит тұрақтары. Қара үңгір тұрағы. Батыс Қазақстан территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай жырасындағы Мақанжар мәдениеті. Энеолит. Ботай мәдениеті. Аңшылық.

Неолит дәуірінде тас өңдеу технологиясының дамуы. Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді үйренуі. Рулық құрылыстың тууы. Матриархаттық рулық қоғамның дамуы. Ер адамдар үстемдігінің артуы, матриархат орнына патриархаттың келуі. Неолит өнерінің көптүрлілігі: саз балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастағы суреттер.

Қола дәуірі (б.з.б. ХҮІІІ-ҮІІІ ғғ.). Дәуір ерекшеліктері. Қазақстан тайпаларының шаруашылығы мен тұрмысындағы өзгерістер. Металлургия мен мал шаруашылығының дамуы. Малды бағып өсіру, жайылымдық жерлерді пайдалану, көшпелі мал өсірушілікке ауысу. Мүлік теңсіздігі, жеке отбасының пайда болуы, тайпалык үстем топтың бөлініп шығуы. Қазақстандағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері, кезеңдерге бөлінуі және мәдениеттері. Андронов мәдениеті алғаш табылған жері таралу аймақтары. Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениетінің даму кезеңдері Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Археологиялық ескерткіштер, тасқа салынған суреттер (петроглифтер). Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас, ежелгі қалашық Арқайым т.б. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген адамдардың қоғамдық құрылысы.

Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғары дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Дін. Жерлеу салты.

азақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар

Сақтар (б.з.б. ҮІІ-ІІІ ғғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай көшу. Еуразия кеңістігінде сақ-скиф қауымдастығының орналасуы. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар. Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты жазба мәліметтер: «Тарих атасы» Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей, Ахаменидтік (ежелгі парсы) сына жазбалар. Сақтардың тарихын оқып үйренудегі ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабы «Авеста». Сақ одағындағы тайпалар және олардың орналасу ареалы: тиграхауда, парадарая сақтары, массагеттер, Батыс Қазақстан аймағын мекендеген сармат-савроматтар.

Сақтардың тарихын зерттеудегі археологиялық ескерткіштер. Бесшатыр, Тасмола мәдениеттері, Шілікті обалары. «Алтын адам» табылған Есік қорғаны және оны зерттеуге үлес қосқан ғалымдар. Сақтардың этномәдени ареалы. Сақтар өнеріне тән аң стилі, петроглифтер Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтар территориясынан өткен керуен жолы және оның байланыстырған аймақтары. Сақтардың саяси тарихы. Көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. Ассирия, Мидия, Парфия, Иранмен байланысы. Парсы патшалары Дарий, Кирмен соғыстары. Александр Македонскийдің сақ жеріне жорықтары.

Ғұндар және үйсіндер.Ежелгі қытай тіліндегі тарихи еңбектер «Ши цзы», «Хоуханьшу». Ғұндар мен үйсіндердің тегі туралы мәселе. Ғұндардың саяси тарихы. Шаруашылығы. Қоғамдық құрылысы. Әскер өнері. Мәдениеті.

Үйсіндердің орналасқан жері. Шығу тегі туралы жазба мәліметтер. Үйсін мемлекетінің құрылуы және территориялық аймағы. Үйсін мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысы, жоғарғы билеушісінің титулы. Үйсін мемлекетінің астанасы. Тұрмысы. Мәдениеті. Үйсіндердің ғұн, қаңлы және қытайлармен ара-қатынасы. Үш бөлікке бөлінуі.

Қаңлылар. Қаңлылар туралы деректер. «Кангюй» терминінің тарихи деректерде алғаш айтылуы. Қаңлылардың орналасқан территориялық аймағы. Қаңлы мемлекетінің құрылуы, орталығы, қоғамдық-саяси, әлеуметтік құрылымы. Саяси тарихы. Қалалары мен қоныстары. Шаруашылығы. Қолөнері. Мәдениеті. Сауда. Басқа елдермен қарым-қатынасы.

Наши рекомендации