Тақырып. Сталин және сталинизм

1. Саяси бюро Ленин өлімінен кейін. «Съезге хат» («Завещание Ленина»).

2. И.Сталиннің билік басына келуі.

3. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал. Ф.Голощекиннің Қазақстанға келуі.

РКП(б) –ның ХІ съезі (1922 жыл, 27 наурыз, 2сәуір) В.Ленин қатысқан және ол басшылық еткен соңғы съезд болды. Съезд сайланған Орталық Комитеттің бірінші мәжілісінде Саяси бюро, ұйымдастыру бюросы және Секретариат сайланды. Орталық Комитеттің Бас Хатшысы болып И.В.Сталин сайланды.

1924 жылы 21 қаңтарда В.Ленин қайтыс болды. 1924 жылы 23-31 мамыр аралығанда өткен РКП(б) ХІІІ съезі В.Лениннің өсиеті деген атпен мәлім болған «Съезге хатты» жария етті.Бұл хатта партияның бірлігін сақтау қажеттігі, партияның жікке бөлінуіне жол бермеу қолынан келетін Орталық Комитетқұру керектігі айтылды. Лениннің хатын съезд делегаттары талқылады. Съезд делегаттары Сталиннің өткен кезеңдерге троцкизмге және троцкийшілдерге қарсы күресін және Лениннің хатында көрсетілген кемшіліктерді түзеймін деп берген уәдесін ескеріп, оның партияның орталық комитетінің бас хатшысы қызметінде қалдыруды мақұлдады.

Сталин (Джугашвили) И.В. (1879-1953) – кәсіби революционер. Ресей компартиясы және кеңес мемлекет қайраткері. РСДРП-ға 1898 жылы кірді, партияның ІІ съезінен кейін большевик.Ол «кеңес елінің тәуелсіздігі жолында» деген жалған ұранды жамылып, партияның «троцкийшілдерге», «оңшыл ағымға», «буржуазияшыл ұлтшылдарға» қарсы күресін басқарды.

1925 жылдың ортасында РКП(б) Орталық Комитеті Қазақстанға партиялық басшылыққа Ф.Голощекинді тағайындадаы. Бұл кезде Қазақстанада көптеген күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер өз шешімін тауып үлгермегенмен алға жылжулар бар болатын. Осы жылдары республика өмірінде көптеген маңызды оқиғалар болды. 1925 жылдың 19 ақпанында РК(б)П Орталық Комитеті Қазақ обкомын Қазақ Өлкелік Комитеті деп атау туралы қаулы қабылдады. Республика астанасы Қызылордаға көшірілді. 1925 жылдың 15-19 сәуірінде болып өткен Қазақ АКСР-нің Ү съезі осыған дейін «қырғыз» аталып келген халықтың тарихи есімін қалпына келтірді.

Республикадағы жұмысшы табының қатары қазақтармен толыға бастады. Мұнай өнеркәсібіндегі жұмысшылардың көпшілігі қазақтар болды.

Ф.И.Голощекин (Шая Ицкович) Қазақ Өлкелік Комитетінің жауапты хатшысы болып тамыз айында бекітілгенімен, Қызылордаға 13 қыркүйекте келді. Қазақстанда бұрын істемеген, республика өмірімен, жергілікті халықтың тарих, салт-дәстүрінен мүлдем хабарсыз адамның басшылыққа келуін ұлттық интеллигенцияның алдығы қатарлы белсенді тобы құптамады. ғасырлар бойы отарлық егіде келе жатқан елде революция жеңісінен кейін, оған бірінші басшы ретінде басқа ұлт өкілінің жіберілуі және ол басшының жергілікті халықтың ықтиярынсыз орталықтан бекітілуі одақта тоталитарлық жүйенің теориядан шын мәніндегі тәжірибеге асырыла бастағанын көрсетті.

1920-жылдары КСРО – да социализм орнату доктринасын іс жүзінде асыру басталды. Ол негізгі үш бағытты қамтыды: индустриаландыру, ұжымдастыру және мәдени төңкеріс.

1920 жылы халық шаруашлығының барлық саласын машиналы техникаға енгізудің кшенді бағдарламасын жасау ойластырылды. И.Сталин ВКП(б) – нің 1925 жылы желтоқсан айында өткен ХІҮ съезінде партияның басты бағыты елді индустриаландыру деп жариялады. Шет елдерден алынатын машина және құрал-жабдықтар орнына өз өнімдерін шығару, ауыр және жеңіл өнеркәсіп деңгейін көтеру, қала мен ауылда қол еңбегінің орнына өз өнімдерін шығару, ауыр және жеңіл өнеркәсіп деңгейін көтеру, қала мен ауылда қол еңбегінің орнына техниканы пайдалану жайы қарастырыла бастады.

Қазақстандағы ең ірі құрылыс Түркістан-Сібір темір жолы болды. Сібір мен Орта Азияны байланыстыратын 1445 км-ге созылатын темір жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталып, 1930 жылы сәуірде жоспарланған мерзімнен 17 ай бұрын бітті. Бұл кезеңнің ірі құрылысытары: Шымкент қорғасын заводы, балқаш мыс қортыу және Ащысай полиметалл комбинатары, сондай-ақ Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қортыу комбинаттарының т.б. өнеркәсіп орындарының құрылыстары басталды. Электр қуатын өндіру ұлғайтылды: Қарағанды ЦЭС-і, УЛьба ГЭС-і, Балқаш мыс қорыту ТЭЦ-і – осы кезеңнің екпінді құрылыстары саналды. Ембі мұнай ауданы өркендеді. Қарағанды Одақтағы үшінші көмір базасына айналды.

Индустриаландыру жылдары тамақ өнеркәсібі орталықтары ашылды: СЕмей ет комбинаты, Гурьев балық консервілеу заводы. Бірқатар елді мекендер қала деңгейіне көтерілді. Олар: Қарағанды, Риддер, Балқаш т.б. Соған сәйкес халық саны да 8,2 ден 27,7 пайызға өсті.

Индустриаландырудың келеңсіз жақтары да кездесті. Индустриаландыру өте үлкен қаражатты қажет етті. Қазақстан одақтағы шикізат өндіруге бағытталған ресублика болды. Дайын өнім шығару жағы ескерілмеді. Қазақстанға миграциялық тасқын ұлғайды. қазақстандағы индустриаландыру өзінің ұтымды пікірлерін ортаға салған С.Сәдуақасовтың «Большевик» журналындағы «Ұлттар және ұлт адамдары» мақаласындағы ой-пікірлер ескерусіз қалдырылды. С.Сәдуақасовтың бағыты бірінші хатшы Ф.Голощекинге ұнамады. Сондықтан да оны сынға алып, Сәдуақасовтың өзін саяси қуғын-сүргінге ұшыратты.

Ф.Голощекин өзінің теориялық және іс-тжірибесінде Сталиннің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алып, Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуын қаматамасыз етті.

Негізгі әдебиет: [2, 5, 7, 9, 10].

Қосымша әдебиет: [17, 20, 22, 24, 30, 31, 32, 37].

Наши рекомендации