Азынашылықтың бүгінгі жағдайы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 29 қыркүйегіндегі №1449 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1129 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында бекітілген ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитет туралы Ережесіне сәйкес Қазынашылық комитетіне ҚР Қаржы министрлігі орталық аппаратынан республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын енгізу; несие мен қаржылық мөлшердің бюджетке қайтарылымын беруде республикалық бюджетке назар аудару; үкіметтік және мемлекеттік кепілдік берген борыштық міндеттемелер мен талаптардың есебін және үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету; жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу және сақтау – мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын игеру және шығыс есебінің мониторингі; Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды басқаруда республикалық бюджетке борыштанушыларды талаптармен бақылау сияқты жаңа міндеттер берілді.

Қазынашылықтың алдына қойған міндеттерді атқару 4044 қызметкері бар, 26 ұлт өкілдерінің басын қосқан үлкен ұжымға жүктелді. Бүгінде Қазынашылықтың құрамына 16 облыстық, Астана мен Алматы қалаларындағы қазынашылық департаменттері, 187 аудандық және қалалық бөлімшелері мен орталық аппарат кіреді.

Қазынашылық органдарында жас және тәжірибелі мамандар қызмет атқарады. Қызметкерлердің орташа жасы – 34 құрайды. Олардың 80 пайызға жуығы жоғары білімді мамандар. Жыл өткен сайын мамандардың біліктілігі артып келе жатыр. Сонымен бірге Қазынашылық комитетінің 370 қызметкері жоғары оқу орындарында өздерінің білімдерін жетілдіруде.

Қазынашылықтың аумақтық ұйымдардың жандануы күллі аймақтардың жұмыла жұмыс істеуіне байланысты. Әр облыстық қазыналық департаметтер – мекен-жайдағы шоттардың функциясы, тұрғындар санының есепке алынуы, өнімділік пен әлеуметтік базаның бар болуы сияқты мәселелерді анықтайтын өзінің міндеттері бар жеке ұйым.

Қазіргі кезде қазынашылық органдар 15 мыңнан астам республикалық және жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді.

Тәуелсіздігіміздің жаңа тарихи беттері ел астанасының Алматыдан Сарыарқа төсіне қоныс аударуымен сабақтасады. Ал бұл тарихи оқиға қазынашылықтың даму тарихымен де тығыз байланысты. 1995 жылы Ақмола қаласындағы орталық жоғары мемлекеттік ұйымдарды қайта құрылымдау басталды. Осы кезде жас елордаға Қаржы министрлігі қоныстанды. 1997 жылы 19 желтоқсанда Алматы қаласынан Ақмолаға Қазынашылық комитетінің 48 қызметкері көшіп келді. Қазынашылық департаменті бұрынғы «Каздорпроек» институтының ғимаратына орналастырылды. 1999 жылы желтоқсан айында Қазынашылық комитет жаңа ғана бой көтерген министрлер үйінің ғимаратына көшіп келді, комитеттің көптеген қызметкерлері тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2004 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы қазынашылық қызметтің негізі қаланғанына 10 жыл толды. Мерекелі күнге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде қазынашылықтың аумақтық органдары қызметкерлерінің қатысуымен бюджеттің атқарылуы тақырыбында семинар-кеңес және Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомства жетекшілерінің қатысуымен «Республикалық қаржы жүйесін дамытудағы қазынашылықтың рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Уақыт өте келе Қазақстандағы бюджеттік реформалар жұмыс істеп тұрған қазынашылықтың жүйесін қайтадан модернизациялау қажеттіліктері туды. Осыған орай Қазақстан Үкіметі халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, қарыз берудің мүмкіндіктерін қарастырды. 1996 жылы Халықаралық қайта құру және дамыту банкімен келісімге қол қойылды, соның негізінде қазынашылық комитет компьютерлер, оргтехникалар, спутниктік антеналар және тағы да басқа қазіргі заманғы техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.

ORACLE бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде жаңа қазынашылық жүйесі жасалды. Бұл Елбасы жүктеген – мемлекеттік қаржыны тиімді басқару басты міндетін жүзеге асыруды негізге алады. Жаңа жүйе қаржылық-экономикалық шешімдерді дұрыс қабылдауды және мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейде атқарылуын бақылау әрекеттерін жүргізеді. Сонымен бірге жүйе нақты уақыттағы бюджеттік құрылымдардағы аударымдарды тіркейді, олардың шығындарының мақсатты орындалуын қадағалайды.

Жаңа қазынашылық жүйе Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық базасына сәйкес жасала отырып, бюджеттік құрылымның шығындарын мақсатты және тиімді қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдар мен Үкіметтің жауапкершілігін бөлуді тіркейді. Комитетке жиынтық есеп беру және Бас кітап басқармасы, республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру басқармасы, түсімдерді есепке алу басқармасы, төлем операциялары басқармасы, бюджеттік есепке алуды ұйымдастыру басқармасы, қазынашылық жүйесін сүйемелдеу басқармасы сияқты басқармалар кіреді.

2004 жылдан бастап қазынашылықтың ақпараттық жүйесі республикалық аумақтарына толық енгізілді.

Бүгінде көптеген сарапшы мамандар Қазақстанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы ең жақсы, қазіргі талаптарға толық жауап беретін қазынашылықтың ақпараттық жүйесі жасалғандығын мойындап отыр. Қазынашылықты модернизациялау жобасы МВФ, МБРР және ТМД елдердегі жоба жетекшілері, Қытай, Словакия, Палестина, Моңғолия, АҚШ, Болгария елдеріндегі сарапшы мамандар тарапынан жақсы бағаға ие болды. Қазақстан тәжірибесінде қолданылып жүрген Қазынашылық жүйенің модернизациясы өте сирек модель ретінде де басқа елдердің тәжірибесінде қолдану ұсынылуда. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қытай үкіметінің арнайы сұрауы бойынша, қазынашылық жүйенің көрсетілімі ұйымдастырды. Оған Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген делегациялар қатысты. 2002 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасы ведомствалары мен министрліктер, Парламент палатасы, Үкімет жетекшілерінің, сонымен бірге әлемнің 18 елінен келген өкілдердің қатысуымен бюджеттік реформалар мен қазынашылық реформаларға арналған халықаралық конференция өткізілді.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы аясында дамып келе жатқан қазынашылық ақпарат жүйесі, бюджетке бүгінгі салықтарды және басқа да төлемдерді аудару, бюджеттік шығындарды жүргізу, қаржы ресурстарындағы жергілікті атқару органдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметін басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік бюджеттің атқарылуындағы транспаренттілік бағыттарына негізделген. Басқаша айтқанда, дамып келе жатқан қазынашылықтың ақпараттық жүйесі - ел Президенті қойған – мемлекеттік қаржыны тиімді басқару басты міндетін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде аяғынан нық тұрған Қазынашылық комитеті өзін жақсы дамып келе жатқан қаржы институты ретінде көрсете алды. Ол мемлекеттік қаржыны жедел басқарудың, барлық деңгейдегі бюджеттің атқарылу процесіне қатаң бақылау жасаудың ақпараттық негізі болып табылады. Бұл әрине, білімді, өз істерін жақсы білетін қазынашылық қызметкерлерінің және мемлекеттік бюджетті атқаруды тиімді бақылауды қамтамасыз етудің арқасында жүзеге асып отыр. Басқаша айтсақ, қазынашылық жүйеге мемлекеттік мекемелердің қаржылық операциялары мен оларға қатаң бақылау орнату сияқты жаңа міндеттері кіреді.

2005 жылдың қазан айында Hewlett –Packard компаниясының ТМД елдері бойынша өкілдігі Әлемдік компьютерлер қорының атынан Қазынашылық комитетіне Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесін енгізгені үшін медаль мен The ComputersworldHonors «Жаңа жеңімпаздарды іздеу» «Мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдар» санатында халықаралық бағдарламасының куәлігімен марапаттады.

Қазіргі кезде Қазынашылық комитетінің алдында қазынашылықты әлі де болса дамуын қамтамасыз ету, бюджеттің атқарылуындағы құқықтық нормативті актілерді дамыту, «Электронды қаржы министрлігі» және «Электронды үкімет» құрудағы көптеген шараларға ат салыса отырып ақпараттық қазыналық жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері тұр.

Наши рекомендации