Бап. соз ауруын жұқтыру

1. Өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның осы ауруды басқа адамга жүқтыруы -

2. Ауыр зардаптарга әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты екі және одан да көп адамга не көрінеу кәмелетке толмаган адамга жүқтыру -

Қылмыстың объектісі адам денсаулығына, ал кейбір соз ауруларын жұқтырғанда адам өмірі де болуы мүмкін.

Қылмыс объективтік жағынан өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның ауыр зардаптарға экеп соктырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екі не-месе одан да көп адамға не көрінеу кэмелетке толмаған адамға жұқтыруы арқылы жүзеге асырылады.

Өзінде соз ауруы бар адамның кез келген эрекеттер арқылы (жыныстық қатынас жасау, сүйісу, бір ыдыстан тамақ ішу, гигиеналық тазалықты сақтамау) басқа адамға жұқтыруын осы ауруды жұқтыру деп танылады. Соз ауруы жұқпалы аурулардың тобына жатады. Бұл ауру негізінен жыныстық қатынастар арқылы жұғады. Соз ауруларына: сифилис (мерез), гонорея, жұмсақ шанкр, лимфогранулематоз, соз гранулемасы т.б. жатады.

Соз ауруы бар адаммен жәбірленушінің өзінің келісіп жыныстық қатынас жа-сауы Қылмыстық кодекстің 117-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты жоққа шығармайды, мұндай ретге де кінэлі осы бап бойынша жауапқа тартылады.

Егер кінэлі адам әйелді зорлау кезінде өзіндегі соз ауруын жэбірленушіге жұқтырса, онда оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-тармағының «е» тармақшасы бойынша саралануға жатады.

Соз ауруларын жұқтыру субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де (менмендікпен) жасалады. Кінэлі адам өзінің эрекетімен немесе эрекетсіздігімен жэбірленушінің денсаулығына зиян келтіру қаупін туғызғанын сезеді, оның іс-эрекетінен өзі ауыратын соз ауруының басқа адамға жұғатынын біледі жэне оған саналы түрде жол береді. Қылмыстық кодекстің 117-бабында көрсетілген қылмыс абайсыздықтың немқұрайдылық түрі бойынша жасалмайды.

Қылмыстық ниет эр түрлі нысанда көрініс табады: кек алу, қатыгездікпен өзгеге жұқтыру, ішімдівсгің, нашақорлықтың эсерінен, тағы сол сияқтылар. Кінәлі адам өзінің соз ауруымен ауыратынын білуі қажет. Ондай аурумен ауыратыны дэрігер арқылы ескер-тіледі, ауруға одан емделу туралы, мү_ндай күйде жыныстық жэне басқадай қатынас жасаудың қауіптілігі туралы ескертіледі.

Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам.

Бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру

1. Басқа адамды АИТВ/ЖИТС жұқтыру ңаупіне көрінеу душар ету -

2.Өзінде АИТВ/ЖИТС бар екендігін білген адамның осы ауруды басқа адамга жуқтыруы–

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, екі немесе одан да көп адамга қатысты не көрінеу кәмелетке толиаган адамга қатысты жасалган іс-әрекет -

Ескерту.

Осы баптың біріншінемесе екіншібөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді жасағанадам, егер АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупіне душар болған не оныжұқтырған басқа адамбіріншісін-де осы аурудың бар екендігі туралыуақтылы ескертілген жәнежұқтыру қаупін туындатқанәрекеттерді жасауға өз еркіменкеліскен жағдайда, қылмыстықжауаптылықтан босатылады.

Қылмыстық кодекстің 118-бабының 1-тармағында басқа адамды көрінеу АИТВ/ ЖИТС-ны жұқтыру қаупінде қалдырғаны үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың тіке-лей объектісі — адамдардың өмірі жэне денсаулығы.

Қылмыс объекгивтік жағынан басқа адамды көрінеу көрсетілген ауруды жұқтыру қаупінде қалдыруы арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта ғылымда осы ауруды жү_ктырудың екі түрлі жолы белгілі. Оның бірін-шісі жыныстық қатынас арқылы, ал екіншісі қан арқылы (медициналық құралдарды, шприцтерді тиісті дэрежеде пайдаланбай, осы аурумен ауыратын адам қанының басқа адамға жағылуы т.с.с).

Қылмыс құрамы формальдық, 116-баптың 1-тармағы бойынша жауаптылық АИТВ/ ЖИТС - ауыруын жұқтыру қаупін туғызған сэттен бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қылмыс зардабы орын алмайды. Жүқтыру тэсілінің қылмысты саралауға эсері болмайды.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде ауруды көрінеу жұқтыру деп тура көрсетіліп тү_р. Кінәлі адам өзінің эрекетімен басқа адамға АИТВ/ЖИТС - ауруын жүдтыру қаупін төндіргенін сезеді жэне осы эрекеттерді істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, өзінде иммун тапшылығы вирусы (АИТВ/ЖИТС) бар адам Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-тармағында өзінде АИТВ/ЖИТС бар екендігі туралы білетін адамның оны басқа адамға жұқтыруын қарастырған. Бұл қылмыс көрсетілген ауруды нақты жү_қтырған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осы баптың 3-тармағында екі немесе одан да көп адамға, не көрінеу кэмелетке толмағандарға АИТВ/ЖИТС-ны жүдтырғаны үшін жауаптылық белгіленген.

Әйел зорлау, нэпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, он алты жасқа толмаған адам-мен жыныстық қатынаста болу жэне нэпсіқұмарлық өзге іс-әрекеттер, жас балаларды азғындату эрекеттерін жүзеге асыру кезінде жэбірленушіге кінэлінің АИТВ/ЖИТС ви-русын жұдтыру эрекеттері қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

ҚК-тің 118-бабының ескертуіне сэйкес осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-эрекеттерді жасаған адам, егер АИТВ/ЖИТС жұқтыру қаупіне душар болған не оны жүдтырған басқа адам біріншісінде осы аурудың бар екендігі туралы уақтылы ескертілген жэне жұқтыру қаупін туындатқан эрекеттерді жасауға өз еркімен келіскен жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Наши рекомендации