Емократия туралы ұғым және оның белгілері. Демократияның антикалық теориясы.

Демократия деген сөз гректің “Демос”— халык және “кратос’”— билік деген сөздерінен тұрады, яғни халык билігі деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада колданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

демократиялык мемлекеттердің көптүрлілігіне карамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтың заң жүзіңде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекетгерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы зандар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АКШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды.

2. Халык билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген гректің атакты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп тендікке негізделген мемлекетгі айтады деген болатын. Тендік барлық салада — халык жиналысында, мемлекеттік істерге катысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т. т. болуга тиіс.

3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. с. с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар өр түрлі болды. Солардың бәрін қалай тендестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық—жалпы және барлығына бірдей қоғамдык және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және корғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұксат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекетгерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірак қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, аксүйектер) заң мен кұқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?

4. Оның кепілі — әділеттілік. Әділетгіліктің де бірыңгай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу — әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, когам-дағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетініңдәрежесімен айқындалады.

5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостан-дық, еркіндік үшін алаңга шыққан болатын. Бұл—демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіңдікке жету үшін гасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, тендік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлык түрлерінен азат етілу үшін мындаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Тендікке, әділеттілікке, еркіндікке, демокра-тияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Кұкық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заң-сыздықтан кұтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты.

Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі; соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афинылык әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афиныға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа қатыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматгар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді. Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол_аткарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындады.

13. Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық теориясын қалаушылардың АҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж. Мэдисон (1751—1836) мынадай
Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық, яғни көпшіліктің
демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың
қоғамда экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. көптеген
саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған Артур Бентли (1870—1957).
Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелігі —
демократияның төбе топ, элитарлық теориясы жоғары көрсетілген теорияға ұқсас.Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. С.қ саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды.Бұл теория-ны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси шешім қабылдаушы кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері, сендіргілері келді. Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы бар.Францияның саясатшысы М. Рокар "ақпараттық демократия" деген тұжырымдаманыСоңғы кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр.Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына тиесілі.

14. Мемлекет пайда болуы мен мәні

Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.

Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.

Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:

Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.

Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.

Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.

Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.

Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.

Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

15. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері

Мемлекеттің мынадай белгілері болады:

1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.

2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.

3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.

4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.

5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.

6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.

Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.

2. Мемлекеттің қызметтері

Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.

Ішкі: Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады.

Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады.

Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік – зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді.

Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

Сыртқы: Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.

Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету.

Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.

Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту.

Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

16. Азаматтық құқық және құқықтық мемлекет

Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті. Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б. Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді. Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады

Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды, ал "азаматтық қоғам" толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша, азаматтық қоғам - жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды -деген Гегель. К. Маркстің пікірі — бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң ол азаматтық қоғамның санқырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады. Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті. Енді осы құнды ғылыми мұраға сүйене отырып қазіргі заманның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз — азаматтық қоғамның мазмұнының санқырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс: - экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қатынас; - адамдардың табиғи бостандығы мен құқықтарын қалыптастырып, қорғау; - заңды, демократиялық билік; - ақпаратқа бостандық беру; - заңның, соттың алдында адамдардың теңдігі болу; - таптық, ұлттық бірлік, достық, келісім болу; - адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, рухани білімін, санасын көтеру, жақсарту. Азаматтық қоғамның кұрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына сәйкес құрушы, реттеп-басқарушы - адам. Адам - қоғам кұрылымының негізгі элементі - діңгегі. .

17. Демократия мәні құндылығы және өзіне тән белгілері

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

1 Мемлекет түрі.

2 Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

3 Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық,әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Демократиялық қоғам белгілері

Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.

Экономика саласында Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;

1 Меншік түрлерінің әркелкілігі;

2 Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;

3 Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;

4 Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;

5 Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

Саяси салада

1 Саяси пікірдің әр алуандығы;

2 Көппартиялылықтың болуы;

3 Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;

4 Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;

5 Оларды іс жүзінде қолдану;

6 Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;

7 Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;

8 Оппозицияның болуы;

Рухани салада

1 Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;

2 Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;

3 Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;

4 Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;

5 Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;

6 Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;

Әлеуметтік салада

1 Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;

2 Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;

3 Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;

4 Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;

5 Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;

6 Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;

18. Демократия кезіндегі билік формалары және қоғамдық өмірді құру

Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысудемократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады.

19. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, қызметтері
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

1) аристократиялық үйірмелер;

2) саяси клубтар;

3) көпшілік партиялар.

Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады

Саяси партия қызметтері

Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

20. Саяси партиялардың жіктелуі. Қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар

Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:

а) маманданған;

ә) бұқаралық деп жіктейді.

Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:

1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;

2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;

3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;

4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.

Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.

Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).
Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).

аяси элиталар

олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік – саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр. Посткоммунистік элита статусына қатысты көптеген теориялық пікірлерге қарама-қарсы дәлел ретінде оның заңдастырылғаның көрсету қажет. Біріншіден, Қазақстанда да,Ресейде де ол қалыпты көп партиялы сайлау тәртібімен түзілген:президент пен парламентті тікелей халық сайлайды. Екіншіден, ол конститутциялық тұрғыдан сараланған. Коммунистік элита қатаң иерархиялық сипат иеленді:партиялық элита даусыз басымдық иеленді, оның сонынан өз кезектерімен мемелекеттік және шаруашылықтық элита ілесті. Бұл иерархия заң жүзінде қуатталды, алайда демократиялық тәжірибеден тым алшақ жатты. Посткоммунистік элитада үш орталықтың-парламенттің, президенттің, үкіметтің болуы, сондай-ақ олардың әрқайсысының іс әрекет аясы да (“құқық күші ”де ) контитутциялық тұрғыдан тәртіптелді. Осылайша саяси элита-нақты қоғамдағы, нақты тарихи сәттегі өкімет билігін ашық пайдаланатын саяси топқа айналды. Саяси жүйелердегі элиталар мен бұқараның арақатынасыаса маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Егер бұл кез- келген саяси жүйенің қажетті құрамдас бөлігі дейтін болсақ, онда олардың қолайлы арақатынасы туралы мәселе сөзсіз көлденең тұратыны анық. Элиташылар үшін элита-саяси процестің шынайы субъектісі, ал бұқара- қолайлы саяси жүйеге төнген қауіп-қатер сияқты көрінеді.Элиташыларға қарсылар үшін саяси процестің субъектісі-халық, ал элиталар-демократияға төнген қауіп- қатер ретінде қарастырылады.
Элита мен бұқараның қарым-қатынасындағы екі ұшқарылықтың да, басқаша айтсақ, элитаның бетімен кетуіне апарып соғатын нарсе оның соңынан бұқараның көз жұмып ере беруінің де, сондай-ақ өкіметтің заңдастырылғанына нұқсан келтіретін ұшқарылық бұқараның элитаға мүлдем сенбеуінің де саяси жүйеге тигізер кесірі көп. Сондықтан, домократияны бұқараның элитаға бақылау орнатуын қамтамасыз ететін, сол арқылы элитаның бұқараны саяси субъектіліктен айыруына мүмкіндік бермейтін, керісінше оның белсенділігін арттыратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұқараның сенгіштігі, бір жағынан, соңғысының басқару қызметін атқаруын жеңілдете түседі, екіншіден, оны билікті бір адамның қолында шоғарландыруға ынтықтырып,бұқарадан алшақтай бастауына , томаға-тұйық, деспоттық топқа айналып, сырттан “таза, жас қан” құйылып жатпағандықтан, біртіндеп азғындыққа ұшырауына итермелей түседі.

Наши рекомендации