Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры 3 страница

56.Ф.Голошекиннің Кіші Қазан революциясы.1928-1930 жж. Төтенше жағдай.

1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды. Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады. Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады. Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді. Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты екі бағытқа бөлінді:1)Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту. 2)Елді шикізат аймағына айналдыру. Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2 Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру. Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды.Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады - деп күйінішпен жазады Садуақасов, Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді. Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес, Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстары ескерілмеді. Голощекин, Құрамысов бұларды - Сәдуақасов пен Мыңбаев және сыбайластары жергілікті ұлтшылдық көрініс деп бағалады. Кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептеді.

57,58,59. Голощекин ауылды кеңестендіру ұранымен, жаңа революцияны жасауға бағыттанды. Бұған наразылық білдірген Рысқұлов, Сәдуақасов, Сейфуллин, Қожанов, Мыңбаев сияқты зиялыларымыз қарсылық білдірді. Оларды орталыққа шақыртып, қылмыстық айыптаулар ұйымдастыра бастады - Ұлтшыл деп айыптады. Кеңестік ұлт саясатын бұрмалау деп түсіндірді. 1928 жылы қаңтарда-ақпанда Сталиннің Сібірге іс сапар кезінде Омбы огруктік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат берді. Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді. Астық дайындау барсында 31 мың шаруа жазаланды,1928 жылғы 1 қазан - 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығында - 277 шаруа атылды. 1927 жылы желтоқсанда Компартияның 15 сьезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Орталық Комитет Қазақ АКСР-інде негізінен - 1932 жылдың көктеміне дейін өлкеде ұжымдастыруды аяқтау белгіленді. 1933 жылға дейін Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді аяқтау көздеді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер құрылды. Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы - ауыл шаруашылық артелі, Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы - жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы- қазақтық партия конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927 жылы 12 желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады. Бұл қаулыны іске асыру барысында басымдылық қоныс аударушыларға берілді. Ал көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын отырықшы тұрмысқа аудару мынадай қарқында жүргізілді: 1930 жылы — 87 136, 1931 жылы — 77 508, 1932 жылы — 77 674 және 1933 жылы — 242 208 қожалықтар арнайы белгіленген жерлерге орналастырылды. Қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару оларды мемлекет тарапынан материалдық және қаржылай қолдаусыз, құр науқаншылық шаралар арқылы жүргізілді.
Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер - Қатал жаппай қуғындаумен лаңкестікке негізделді.Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. Әкімшілдік-күштеу әдістермен жетелдете жүргізілді. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық обьектілер салу жоспары орындалмады. Ұжымдастыруды уақытында аяқтауды мақсат тұтып, 1932 жылдың ақпанында Шу ауданында аумағы 150 шақырым жердегі 100 деген шаруашылықты біріктіріп, 400 киіз үй қала үлгісіндегі поселка болып тігілді. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап жалған ұжымшар құра бастады.
Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бойынша тауарлары астық өндірудегі үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпанда ұжымшар қожалықтардың 87 пайызы, жекешелердің 51,8 пайызы малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңындағы мал саны - 40,5 млн, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн мал қалды.
59) 1930 жылы 313 мыңнан астам адам қайтыс болды. 1931 жылы 755 мың адам қайтыс болды.1932 жылы 769 мыңнан астам адам қайтыс болған және шетелге көшіп кеткен. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн 750 мың қазақ немесе халықтың 40 пайызы жаппай қырылды. Аштықтың зардаптары - 1931-1933 жылдары 2,1 млн адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн). Оның ішінде қазақстан басқа халықтың шығыны 0,4 млн, Қазақстардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді, 1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа ұлы жұт ретінде енді.1931 жылы ақпан айының басында Абралы ауданының №6 ауылында Кемпірбаев Ысқақ пен Тұрғанбаев Уайда бастаған ашынған ауыл азаматтарын кеңес өкіметінің жүргізіп отырған саясатына ашық наразылық білдіру туралы шешім қабылдауға мәжбүр етті. Көтерілісті басқаратын 11 адамнан тұратын орталық құрылды. 14 ақпанда көтеріліс аудан жеріндегі ауылдарды түгелдей қамтып, көтерілісшілер саны 700 адамға жетті. Көтерілісті басу үшін Семейден 66-атты әскер дивизионының оперативтік отряды жөнелтілді. Жазалаушылармен таудағы айтыс кезінде көтерілісшілер жағынан 37 адам қайтыс болды. Қылмысты ретінде 274 адам тұтқынға алынып, оларға ПП ОГПУ-дің ерекше үштігі 1931 жылдың 17, 22 маусымында 3, 14 қарашасында, 14 желтоқсанында үкімдер шығарды: 86 адам ату жазасына кесілді. 137 адам еңбек түзету концлагеріне 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге қамалды. 10 адам осы мерзімдерге шартты түрде сотталды, тағы 10 адам Қазақстанның өз ішіндегі аймақтарға 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге жер аударылды.

60.Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.

Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері - 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты, ауыр жағдай қалыптасты. 1921 жылғы наурызда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің белгілері - Азық-түлік салығы, Сауда еркіндігі, Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру және алу, Ауылшаруашылығы несиесі, тұтыну кооперациясын дамыту, Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру, Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
ЖЭС-тің мәні - салғыртты салықпен ауыстыру. 1921 жылы наурыз-сәуірде өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. 1921 жылы маусымда Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды. 1921 жылы шілдеде Орынборда Қазақстан комсомолының 1 сьезі өтті. Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді.1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80 пайызы қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. 1921 жылғы қарашада 1 млн 508 мың адам, 1922 жылғы наурызда 2 млн 303200 адам, Мамыр, маусым айларында бұл мөлшер кеми бастады.Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары - аштық жайлаған аудандар, Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар саны 82 пайызға жетті. Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді. 1921 жылғы 14 маусымда Нақты ет салығы туралы декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. 1922 жылы егістіктің 60 пайызына Кеңес үкіметі берген дән себілді. Кеңес өкіметі органдарынан өлкенін 2 млн-нан астам ашыққан халқына көмек көрсету жөніндегі төтенше шаралар қолданды.
Жер-су реформасы
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді.Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды. Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды.1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді.1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді. Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

61.Саяси қуғын-сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.

1937 – 1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:. Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтив, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев, С. Арғыншаев, А. Асылбеков т. б.
- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, К. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т. б.
- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, С. Жақыпов т. б.
- Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов т. б.
- Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. М. Рафальский, В. Н. Андроников т. б. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты. 1937-38 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген. Сотталғандар арасында совет саясатына қарсылық білдірген ұлт оппозициясының көшбасшылары да болды. Мамандардың пікірінше, сол кезеңдегі тарихи мәліметтердің ақтаңдақ тұстары әлі де көп.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, ЧСИР – отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Кейінннен ол «Алжир» - халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – обсервацияда Россиядан «халық жауы» ретінде жазалағандар орналастырылды.
1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, Әзірбайжан мен Армениядан 2 мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.
30–40 жылдар мен 50–жылдарда контреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) әміршіл - әкімшіл жүйені қолдану, 2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу (31 мамыр – Ұлттық қаза күні болып белгіленді).

62-72. 1941 жылдың 22 маусымы күні, шамамен таңғы сағат 4 кезінде фашистік Герман әскері КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді. Осылайша тарихта ІІ Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы - Ұлы Отан соғысы басталды. Гитлер 1939 жылы басталған ІІ Дүниежүзілік соғыста Батыс Еуропа елдерінің көбін жаулап алғаннан кейін, КСРО-ны басып алуға дайындыққа кірісті. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мерзімде басып алу мақсатында дайындалған «Барбаросса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Германия КСРО-ға қарсы негізінен үш бағытта шабуыл жасап, 8-10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Бірінші бағыт - Ленинград, екінші бағыт - Мәскеу, үшіншісі - Киев қалалары. Соғыстың түпкі мақсаты - социалистік ел КСРО-ны жою еді. 1941 жылы «Барбаросса жоспарын» жүзеге асыру үшін КСРО шекарасына 190 дивизия, оның 153 дивизиясы Германиядан, 5,5 млн адам, 47 мың зеңбірек, 4300 танк және 5 мың әскери ұшақ шоғырландырылды. Мұндай қарулы күшті жинақтау адамзат баласының тарихында бұрын-соңды болмаған. Кеңес үкіметі Фин соғысынан кейін ғана әскери күштерді қайта құрып, жаңа қару-жарақтармен жабдықтауға кірісе бастаған еді. Соғыс қарсаңында КСРО-ның әскер қатарында 5,3 млн. адам болды. Батыс шекарада 2,7 млн. адам, 170 дивизия, 147 танк және 1510 ұшақ, 375 әр түрлі зеңбіректер болды. Осы кезде Кеңес Армиясының қатарын тазарту мен репрессия кең етек алды. Кеңес Армиясының қатарындағы 5 маршалдың үшеуі репрессияға ұшырап (М.Н.Тухачевский, В.К.Блюхер, А.И.Егоровтар), атылды. 1937-1938 жылдардағы репрессия барысында 40 мың әскер басшылары тұтқындалды. 1941 жылы соғыс басталарда әскери және саяси басшылардың 70-75%-ы жаңадан келген, тәжірибелері жоқ жас адамдар болды. Сөйтіп, Германия әскері басып кірен 22 маусым күні Баренц теңізінен Қара теңізге дейінге аралықта орасан зор шайқас басталды. Жау соққысына бірінші болып шекарадағы 485 застава қарсы тұрды. Бұл застава Белоруссияның батысында орналасқан болатын. Жау күштерінің басымдығына қарамай, олардың бірде-біреуі бұйрықсыз өз орындарын тастап кетпестен, соңғы қарулары қалғанша шайқасты. Олардың бәрі қаза болды. Брест қаласының қорғанысы кеңес жауынгерлері ерлігінің жарқын мысалы болды. Жан-жақтан түгел қоршауда қалған олар азық- түліксіз, сусыз бір ай неміс-фашист әскерлерінің шабуылдарын тежеп тұрды. Олар: майор П.М.Гаврилов, капитан Зубачев, полк комиссары Е.М.Фомин, қазақстандық Ө.Жұматов пен Е.Фурсовтар еді. Кеңес әскерлері кескілескен табанды күрес жүргізе отырып, шегінуге мәжбүр болды. 22 маусым күні күндізгі сағат 12-де еліміздің барлық радиостанциялары Кеңес үкіметі атынан сөйлеген В.М.Молотовтың кеңес халқына үндеуін таратты. Үндеуде фашистік Германияның тосыннан соғыс ашқанын, оның түпкі мақсаты кеңес халқын құлдыққа көндіру екенін айта келіп, «Біздің ісіміз адал, жау жеңілуі керек, жеңіс біздікі» деп аяқтады. Елдің батыс бөлігінде соғыс жағдайы енгізілді. КСРО халық Комиссарлары Кеңесі мен БКП(б) Орталық Комитеті 1941 жылы 29 маусымдағы мәлімдемесінде кеңес халқын еліміздің әрбір сүйем жерін қорғап қалуға, майдандағы әскерлерге жан-жақты көмек ұйымдастыруға шақырып, елдің бүкіл өмірін майдан мүдделеріне бағындыру керек екенін айтты. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген үндеу бүкіл көпұлтты кеңес халқының жауынгерлік ұранына айналды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі өзекті жолдың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәчкеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды. Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына 1 млн. 200 мыңнан аса қазақстандықтар шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың жылқы жіберілді. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн. 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Жалпы, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғында елімізден аттанған 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын, оның 100-ден астамы - қазақтар. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары нақты айтқанда, 1946 жылы Құдайберген Сұрағанов, 1965 жылы генерал Сабыр Рахымов, ал 1990 жылы Бауыржан Момышұлы алды. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, ал Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі И.Н.Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа лайықты деп танылды. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Бұл соғысқа Қазақстан Кеңестер Одағының бір бөлігі ретінде қатысты. Қазақстан соғыс уақытында майдан қажетіне қарай бейімделді. Көптеген әскери дивизиялар мен бригадалар, артиллерия, миномет, авиация полктері және дербес батальондар құрылды. Қазақстан жауынгерлері кеңес-герман майданының шешуші шайқастарына қатысты. Соғыстың алғашқы сәтінде шекара шебіндегі Брест қорғанысын қорғаушылар қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. 1941 жылғы қыркүйектің аяғында басталған Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал И.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсті. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-гвардияшыл атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Мәскеуді қорғауда панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.Вихров, М.Ғабдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиев ерлік көрсетті. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі 1941 жылғы 9 қыркүйектен бастап Ленинградты қорғауға қатысты. Қазақстан 1942 жылдың жазында Сталинград шайқасының ең жақын тылына айналып, соғыс қимылдарына Батыс Қазақстандағы темір жол стансалары мен елді мекендер кеңінен тартылды. Курск шайқасында және басқа да майдандарда қазақстандық құрамалар мен бөлімдер болды. Балтық бойы республикаларын, Украина мен Белоруссияны, Шығыс Еуропаны азат етуге және Берлин операциясын жүзеге асыруға қазақстандық жауынгерлер де қатысты. Қазақстандықтар партизан соғысына да белсене қатысты. Ленинград облысындағы шайқастарда - 220, Смоленск жерінде - 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда - 3000-дай қазақстандық ерлік көрсетті. Бұлардың ішінде Қ.Қайсенов, Ғ.Ахмедияров, Б.Жангелдин, Ә.Шәріпов, Н.Байсейітова мен Т.Жұмабаева, Ж.Саин, Ғ.Омаров сияқты қазақтың ұл-қыздары болды. Партизандар командирлері А.Егоровқа, Н.Зебницкийге және Ф.Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 300-дей қазақстандық Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысты. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін қазақстандық жауынгерлер Квантунь армиясына қарсы шайқасты. Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамынан айырылды. 600 000-ға жуық қазақстандық майданда шейіт болды.

Еліміздің Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіптерінің құрылыстар шұғыл арада толығымен аяқталды. Ал соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 зауыт пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Мәселен, Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысынан Мәскеу авиация жасау зауыты, Урюпинск ет-консерві зауыты, Дзержинский атындағы электротехника зауыты, Мәскеу рентген зауыты, № 3 Александр радио зауыты, С. Орджоникидзе атындағы механика зауыты сынды 40-қа жуық Қазақстанға әкелінді. Сонымен қатар Украинадан да Харьков электротехника зауыты, Подольск механика зауыты, Запорожье ферроқорытпа зауыты, Днепропетровск вагон жасау зауыты 70 өнеркәсіп орны мен оған қажетті жабдықтар жеткізілді.Бұл кәсіпорындардың барлығы да республиканың Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істегендігі, қажетті мамандардың тапшылығы болғандығы анық. Сондықтанда Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мәселен, тек қана Донбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер- техниктердің де саны 700-ге жуықтады. Осылайша, Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды.Оған мына деректердің өзі нақты дәлел болады. Атап айтқанда, 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 пайызын, көмірдің 18 пайызын, молибденнің 60 пайызын, октанды мұнайдың 1 млн. тоннаға жуығын Қазақстан берді. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Елімізде соғыс жылдарында 19 жаңа шахта, жылдық қуаты алты миллион тонналық үш көмір разрезі салынып, пайдалануға берілді. Өлкеде көмір өндіру 1940 жылғы 6,6 млн. тоннадан 1944 жылы 11,2 млн. тоннаға жетті. Жалпы, соғыс жылдарында 460 зауыт, фабрика, шахта салынды. Петровский машина жасау зауытының екінші кезеңі, Атырау теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты, Текелі қорғасын-мырыш комбинатының алғашқы кезеңі, Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауыл шаруашылығы машинасы зауыты, Алматы вагон жасау зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Қару-жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзімде Қандыағаш-Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдыкорған-Текелі темір жол желілері тартылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. Қазақстанның қорғаныс қабілеті армияны киім-кешек, азық-түлікпен жабдықтаумен де анықталды. Соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары да бейімделді. Жеңіл өнеркәсіпте тігін, тоқыма, тері, аяқ киім салалары жылдам дамыды. 1941 жылы Алматыда тігін-тоқыма және тері-былғары фабрикалары, майдан үшін жұмыс істей бастаған фурнитура зауыты іске қосылды. 1943 жылдың басында республиканың жеңіл өнеркәсібі өнім өндіру көлемі жағынан бұрынғы КСРО-да Ресейден кейінгі екінші орынға шықты. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда шұлық бұйымдарын өндіру - 11,3 есе, мақта-мата - 7,4 есе, тоқыма бұйымдары - 4 есе, жүн мата - 2 есе, былғары аяқ киім өндіру 1,3 есе өсті. Соғыс жылдары 500-дей дивизия солдаттары жазғы киім-кешекпен, 70 дивизия - шинельмен, 67 дивизия - қысқы аяқ киіммен, 59 дивизия - жылы киіммен, 25 дивизия - шолақ тонмен қамтамасыз етілді. Соғыс кезіндегі дивизиялардағы әскер саны 10000 адамға жеткенін ескерсек, тауарлардың келтірілген тізімі бойынша қандай мөлшерде өнім дайындалғанын есептеу қиын емес. Толықтай алғанда, республика өнеркәсібі өндірісі соғыс жылдары 37 пайызға өсті. Бұл нәтижелерге үлкен қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізілді. Республика индустриясының одан арғы дамуы, оның жаңа салаларының, әсіресе жетекші салаларының пайда болуы Қазақстанды майданның қуатты арсеналына, маңызды экономикалық аудандардың біріне айналдырды. 1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды.

73. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы. Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды.Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашыдды. Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар дургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.

74. Тарих ғылымындағы Ұлы Отан Соғысының даулы мәселелері

Осыған орай айта кетер өкінішті жайт, кейбір тарихшылар екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбымен арнайы және терең айналыспағандықтан, кейбір сенім тудырмайтын әдеби шығармаларға сүйеніп қана, Ұлы Отан соғысының сипаты мен мақсаты жөнінде алып-қашпа пікірлер айтып жүр. Мақала көлемі мүмкіндік бермегендіктен, тек Ұлы Отан соғысының кері пікір тудыратын бір-екі мәселесіне ғана тоқталайық. Осыған байланысты біз Астанадағы Мемлекет тарихы институты даярлап, «Өнер» баспасында 2010 ж. шығарылған (640 б.) «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында» деген «тарихи-құжаттық зерттеудің» 13 беттік алғы сөзіндегі кейбір пікірлердің сын көтермейтіні, өйткені дәлелсіз екені туралы өз ұстанымдарымызды айтпақшымыз. Алғы сөзінде профессор Б.Ғ. Аяған “өзінің ойынша”(осы «зерттеудің» редакторы да, алғы сөз авторы да, құрастырушыларының бірі де, яғни, орыс мақалы бойынша: «и кузнец, и жнец, и на дуде игрец» – қазақша: «Ұста да өзі, орақшы да өзі, сырнайшы да өзі» рольдерін бірақ атқарыпты): «Біз жүргізген зерттеулер Кеңестік кезеңнің идеологемасымен қайшы келетін қорытындылар жасауға мүмкіндік берді», – [8] деп, өзі ашқан ғылыми «жаңалықтарын» тізбектепті. Бірақ әлгі бас авторымыз қандай «соңғы документалдық деректерді» тапқанын, қандай «жаңалықтар ашқан» «зерттеулер» жүргізгенін атын атап, түсін түстеп көрсетпейді. Есесіне құрметті профессор, ең алдымен, «екі жақ та, яғни Германия да, Кеңес Одағы да соғысқа белсенді даярланған. Сталин және оның жақтастары экономиканы милитаризациялауды күшейту арқылы Гитлерді алдап соқпақшы болды. Алайда Гитлер большевиктер көсемдерінің алдын орағытып кетті», – деп бастап, тарихи шындықты бұрмалайды. Осы ретте айта кетер гәп-бұл пікір Б. Аяғандікі емес, ол Кеңес Одағы келмеске кеткеннен кейін жарыққа шыққан сан алуан Ресей авторларының зертеулерінде үнемі айтылып жүр. Б. Аяғанның аталмыш «зерттеудің» алғы сөзінде ашқан басқа да «жаңалықтары» жөнінде де айтпасқа болмайды. Екіншіден, Молотов-Риббентроп пактісі Кеңес Одағы үшін зиян болды, үшіншіден, соғыс басталғаннан кейін бірнеше күн И.В. Сталин Кремльден көрінбеді, – деп, төртіншіден, У. Черчилльдің бұл соғыстағы рөлі әсіресе өте жоғары болды-мыс және т.б. «жаңалықтар» ашады [9]. Бұл жерде «жаңалық» пен «ойынша» деген сөздерді тырнақшаға алып отырған себебіміз, қадірменді профессор аталмыш пікірлердің бәрін Ресей ғалымдарының еңбектерінен алып отыр (мақаланың көлемі мен атқарар жүгі көтермейтіндіктен, бұл этикалық мәселенің егжей-тегжейіне тоқталып жатпадық). Сол профессор Б.Ғ. Аяғанның Кеңес Одағына таққан «айыптарын» осыдан 38 жыл бұрын Н.М. Некрич деген «1941. 22 июня», М., 1965, деген кітабында (176 бет) жазып, біраз шу шығарып, кейіннен 1976 ж. Израиль визасымен Лондонға, АҚШ-қа кетіп тынған-ды.

75. М.Шоқай және Түркістан легионы. Түркістан ұлттық бірлігі ұйымының негізі Түркияда қаланып, жұмысы 1924 жылдан Парижде жүрді. Оны азамат соғысынан жеңіліс тапқан орталық Азия елдерінен қашып келген ұлтшыл, түрікшіл саяси эмигранттар құрды. Түркістан ұлттық комитетінің мақсаты Орталық Азияда Кеңес билігін құлату болатын. Комитетті кейіннен М.Шоқай басқарды. 1930 жылдары комитет жұмысы біршама тоқырауға ұшыраса да, М.Шоқай «Жас Түркістан» газетін шығарып отыруға қаржы тауып отырды. Екінші дүние жүзілік соғыс басталысымен Түркістан ұлттық комитетінің қамқоршысы пайда болды. Ол фашистік Германия болатын. Тұтқынға түскендерден Түркістан Легионын құруға кіріседі. Оған басшылық жасауға Мұстафа Шоқайды лайықты деп тауып, оны 1941 жылдың жазында Парижден Берлинге шақыртады және өз мақсаттарына пайдаланғысы келді. М.Шоқайдан кейін легионды өзбек ұлтының өкілі Уәли Каюмов басқарды. Оның орынбасары болып Баймырза Хайтұлы сайланды. Ал Стамбулдағы саяси эмигрант башқұрт Заки Валиди өзін Түркістан легионының басшысымын деп санады. Ол У.Каюмовты Германиядағы менің өкілім деп есептеді. Ал У.Каюмов Заки Валидидің бұл талабын орындай алмады.Легионды жасақтау жұмысы 1941 жылдың тамыз айынан басталып, 1942 жылдың соңына қарай аяқталды. Легион құрамын негізінен Орталық Азия халықтары құрады. Түркістан легионы фашистердің арнайы қызметінің қатаң бақылауында болды. Сонымен қатар, КСРО ның НКВД сының назарына іліккен болатын. Белгілі тарихшы Көшім Есмағамбетов «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Соғыс тұтқындары» атты зерттеу мақаласында мынадай деректерді келтіреді: «Түркістан Легионын басқарған Баймырза Хайт өзінің «Түркістан ХХ ғасырда» деген еңбегінде: Германия жағында 181.402 түркістандық соғысты» десе, неміс тарихшысы Иоахим Гофман «Шығыс легиондары» атты кітабында «неміс формасын киген кеңес түріктерінің саны 250 мыңдай болды деп жазады». Ал қазақтардың легиондағы санының қанша болғандығы анықталмаған. 1942 жылдың жазынан бастап Түркістан легионы өзінің басты әрекетіне көшті. Азиат нәсіліндегі соғыс тұтқындарын легионға арбау және дайын-даумен айналысатын бірнеше арнайы лагерлер жұмыс істеді. Солардың бірі, Варшава қаласының түбінде орналасқан «Легиново» лагері мен Бреславл қаласы маңындағы «СС-20 жазғы лагері» болатын. Лагерлерде барлау-диверциялық мектептер жұмыс істеді. Кеңес-герман майданына төрт зондеркоманда аттандырылды. Олар тұтқындарды тергеу, арбау және лагерге аттандырумен айналысты. Сонымен қатар, команда агенттері Орталық Азияға да жіберілді. Олар ел арасында тыңшылық, антикеңестік арандату, бандиттік-бүлікшілікпен айналысты. Бірақ жергілікті халықтың қырағы көмек көрсетуі арқасында олар анықталып, арнайы қызмет, милициялар тарапынан көзі жойылып отырды.Польшадан Түркістан легионының алты ротадан тұратын бірінші батальоны 1942 жылы жазда Сум облысына партизандармен соғысу үшін аттандырылды. Батальонның күз айларында Калмақ жері арқылы Қырымға өтуге қолдары жетті. 1943 жылы қыркүйекте 130 адамнан тұратын екі рота Макеевка қаласында қызыл Армия қатарына өз еріктерімен өтіп кетті. Олар сол мезетте ақ гитлершілдермен шайқасқа жіберілді.1942 жылдың шілдесінде Уәли Каюмов 300 тұтқынды таңдап алып, олардан легионның жетінші батальонын жасақтады. Польшада дайындықтан өткен соң желтоқсан айының соңында кеңес-герман майданына жіберілді. Батальон 1943 жылы 27-қаңтарда Касторное ауданында шайқасқа түсіп, жеңіліс табады. Тірі қалған 46 жауынгері тұтқынға түседі.Түркістан Легионының фашистік Германияға барынша адал мүшелері Дрездендегі тыңшылық жоғары мектебінде тәлім алды. Оларды СС гауптштурманфюрері доктор Ольцша басқарды. Дегенмен, 1943 жылы неміс әскери барлау ісінің басшылығы Түркістан легионына сенімін жоғалта бастады. Легионды кеңес-герман соғысына жіберуін тоқтатып, басқа мақсаттарға қолдануды шешеді. Олар Каспий маңына, Түркменстанға диверциялық жұмыстар үшін жіберілді.Соғыс аяқталған соң Түркістан легионының жауынгерлері ағылшын және американдықтарға өз еркімен беріле бастайды, бірақ оларды одақтастар КСРО ның әскери әкімшілігіне қайтарады. Аман қалғандары Түркияға қашты. Кейіннен олардың кейбіреулері «Азаттық Радиода» жұмыс істеп, антикеңестік үгіт-насихат жүргізді.КСРО-ға қайтарылған легионшылардың ішінде Хамза Абдуллин, Мәулікеш Қайбалдин, Хәкім Тыныбеков секілді ақын-жазушылар болды. «Түркістан легионында» құрамында болғаны үшін оларға кеңестік билік аяушылық танытпады.М.Шоқай Дебиса лагеріне барып тұтқындармен сөйлескенде ондағы 40 мың түркістандықтардың ауру мен аштықтан шамамен 25 мыңдайы ғана қалғандығын анықтайды. М.Шоқай 1941 жылы 27- желтоқсанда Берлиндегі Виктория ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмады.

Наши рекомендации