Экология және стандарттау
Соңғы уақытта экологиялық ақуалдар,қоршаған ортаны қорғау проблемалары өте маңызды мәселеге айналып отыр.Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықтар үшін де негізгі орынды иеленуде,оның бір бөлігі Киот хатттамасын дайындауда келтірілген,яғни барлық қол қойған елдер өндірістік гадардың шығуын төмендетуді жоспарлап отыр.Көптеген елдердің заңдарында атмосфераға электромагниттік сәулелердің,шулардың, газдардаың шығу деңгейін қатаң шектеледі.
Бұлардың барлығы стандарттау саласында байқалуда,әсіресе,олардың көп бөлігі экология мен табиғатты қорғауға арналған.Тек Еуропа елдерінде экология саласында 90-нан аса директивтер қабылданған.Бұл дерективтердің бағыттарына:
1.Еуропалық Одақтың (ЕО)басты саясаты бойынша:өнеркәсіптерде ластанудың бақылау құндылығын бағалау әдістері,табиғатқа тиетін өнеркәсіптік жобалардың әсерін бағалау;
2.Су бойынша:өзендерді,теңіздерді және басқа су ұңғымаларын ластанудан қорғау,ауыз су сапасы және өндіріс қалдықтарын су ұңғымаларына тастау мәселелері,су флоралары мен фауналарын қорғау бойынша іс шаралар;
3.Ауа мен өндірістік тәуекелдіктерде:кейбір затттардың қолданылуын шектеу,ауа бассейінің тазалығын қорғау,ауадағы зиянды заттардың нормаларын анықтау;
4.Өндіріс қалдықтары бойынша:қолданылған суларды тазалау,қоқыстарды жою,қауіпті заттарды тасымалдау және сақтау;
5.Шу бойынша:тұрмыстық құралдардың,транспорт құрылғыларының, өндірістік қондырғылардың шу деңгейін қалыпқа келтіру жатады.
ЕОда бұйымның экологиялық қауіпсіздігінің белгісіс енгізілген.Ол тұтыгушы бұйымның экологиялық қауіпсіздігі туралы ақпараттандырады.Белгі қолдануға қауіпсіз,бірақ рұқсат етілген дозадағы қауіпті заттар болуы мүмкін дәрілерге,сусындарға және азық түлік тағамдарына қойылмайды.Экологиялық стандарттауда маңызды орынды ИСО алады.1993жылы оның құрылымында «экологиялық басқару» техникалық комитеті құрылды.
Оның жұмысының нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардан тұратын ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттар қабылданды.
Соңғы нұсқадағы негізге алынатын стандарттар ИСО 14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару бойынша талаптар және нұсқаулар» және 14002:2004 стандарты «Қоршаған ортаны басқару жүйесі.Пайдалануды қамтамасыз ететін қағидалар,жүйелер және құрылғылар бойынша жалпы жетекшілік нұсқаулар».Экологиялық басқару жүйесі қоршаған орта жағдайының үзіліссіз жақсарылуын қарастырады.Экологиялық басқару жүйесін енгізу бірнеше кезеңдерден тұрады:
1.Қжымдар саясатын құру қоршаған орта жағдайының жалпы көрсеткіштеріне қатысты қызметтерінің қағидалары мен бағыттары туралы өтініш білдіру.Қағидалар қоршаған ортаны қорғау саласында ұжымдардың әрекеттері және анықталған тапсырмалары мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін анықталған шекті қарастыруы тиіс.Өтінішке қажетті қағидалар мен бағыттар,ұжымдық міндеттемелер,қызығушылық танытқан жақтарға байланысты жан жақты жақсару,мониторинг ,құжаттандыру мен бірлесушілік қырлары кіреді.Экологиялық бағыттағы саясат айқын болуы тиіс.Қағидалар мен мақсаттар орнықтырылған өтініш фирманың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және қоғамға таныстыру мақсатында ашық түрде басылымға шығарылады.
2.Белгіленген нәтижелер мен қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін нақтыланған іс шаралар жоспары дайындалады.Бұл бағытта өгдірістің жоғарғы экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін,бірлестіктің барлық қызметтерін регламенттейтін қажетті құжаттамалар қоры құрылады.
3.Бірлестік экологиялық басқару жүйесін функцияландыру басына жақындай түсе,жүйе жұмысының реті мен барлық қызметтердің жұмысын реттеу бойынша және олардың жаңа шарттарда тиімді де тұрақты жұмыстарға қол жеткізуі үшін іс шаралар жүргізуі қажет.
4.Экологиялық басқару ісінің жағдайына,оның қабылданған бағдарламаға сәйкестігіне дүркін дүркін бағалау жүргізіледі,ауытқулар болған жағдайда түзетулер енгізіледі.
5.Бірлестік жұмыстарының қазіргі күнгі талаптарға сәйкес келіп,жаңа заманға сай деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін басқару саясатын ,мақсаттары мен шешетін мәселелерін ылғи талдап отыру керек.