Шәкәрім Құдайбердіұлының ағартушылық қызметі

Ағартушылық идеясы қазақ қоғамына Ресей арқылы келгені рас. Сонымен бірге, қазақ ағартушылығының мазмұндық және хронологиялық тұрғыдан өз ерекшелігі, тағдыры болды. Қазақ ағартушылығын, әсіресе оның ХХ ғасырдың басына тән кезеңін, еуропалық және орыстық ағартушылыққа еліктеуден туған құбылыс ретінде қарастыру оның табиғатын тура түсіне алмаушылыққа ұрындырар еді. Осы ретте қазақ ағартушылығына тиесілі оның мынадай ерекшеліктерін ескерген жөн. Қазақ топырағындағы ағартушылық идеясы ескі феодалдық тәртіп пен қоғамдық қатынастарға, діни фанатизмге қарсы бағытталуымен бірге, ресейлік отарлық езгіден құтылуға, заман сұранысына лайық білім мен ғылымды игеруге үндеді. Ұлт-азаттық үшін күрес басшылары бұл негізгі мақсатқа жетудің жолы қазақты ұлт ретінде біржола қалыптастырып, оның ұлттық мемлекеттігін жаңғырту арқылы жүретіндігін жақсы түсінді. Басқаша айтқанда, қазақ ағартушылығының идеясы қазақ ақын, жазушы, философ ғалымдарының шығармашылық ізденісі арқылы жалпы ұлттық жобаға айналды. Кезінде кеңестік идеология қазақ ағартушылығын Шоқан, Ыбырай және Абайдың қызметімен шектеуге тырысты. Ал қазақ ағартушылығының ұраны – ретінде ұлы Абайдың «орыстың ғылымы, өнері-дүниенің кілті... балаңа орыстың ғылымын үйрет!» ,-деген тұжырымы алынды. Қазақ ағартушылығының ұраны ретінде Абай сөзін алған идеологияның мақсаты қазақ мәдениетін ылғи да үйренуші шәкірт және еліктеуші мәдениет дәрежесінде ұстау болатын. Бұл ұстанымдағы қазақ мәдениетінің түпнұсқалық (оригиналдық) мазмұны күн өткен сайын әлсіреп, ең соңында көшірме мәдениет дәрежесіне түсуге тиіс еді. Мұндай тағдырдан бізді 1991 жылы келген мемлекеттік тәуелсіздік сақтап қалды. Осы тұрғыдан алғанда Мемлекеттік Тәуелсіздік бірнеше ғасырлардан бері халқымыздың ең озық, ойлы азаматтары аңсаған басты құндылық екендігі айқын. Бұл арада Абай айтқан пікірге күмандана қарауға негіз жоқ. Ұлы ойшыл сөзінде тарихи шындықтың табы жатыр. Орыс мәдениеті мен тілі қазақты әлемдік өркениетпен жалғастырған көпір болғаны даусыз шындық. Сонымен бірге, кеңестік идеология жасаған тұжырымды малданып тарихи шындыққа көз жұму да әділетсіздік болар еді.

Ал тарихи шындық қазақ ағартушылығының қоғам мойындаған девизі Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» (1909) деп тастаған ұраны болғандығын көрсетеді. Қазақты «Маса» болып ояту Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» (1909) және «Маса» (1911) атты кітаптарының негізгі өзегі болғандығы аян. Тіптен, XX ғасыр басындағы кітап, мақала жазған ұлт оқығандарының мақсат-мұраты осы ортақ ұстанымға келіп тоғысып жатты. Енді қазақ ағартушылығының хронологиялық ауқымы жөнінде. Салыстырмалы тұрғыдан алғанда, мәселен еуропалык ағартушылық ешқандай да сыртқы араласусыз барлық қалыптасу және даму сатыларынан емін-еркін жүріп өтті. Сондай-ақ оның өкілдері ешқандай да репрессия құрбаны болған емес. Ал қазақ ағартушылығы барлық белгілерімен толыққанды тұтас қоғамдық процесс ретінде XX ғасырдың басында қарқынды өріс алғанымен, ұзаққа созылған жоқ. Бар болғаны жиырма жылға жетер-жетпес мерзімге созылды.

Ал оны бастап, бағыт-бағдарын анықтаған тұлғалар түгелдей дерлік саяси репрессия құрбаны болды. Мұндай трагедияны бірде-бір еуропалық ұлт басынан кешірген жоқ. Соған қарамастан қазақ зиялыларының 20-30 жыл көлемінде жүріп өткен жолы кез-келген зерделі адамды таң қалдырмай қоймайды. Осы мезгілде олар заман сұранысына лайық ұлт-азаттық күрес идеологиясын қалыптастыра отырып, отаршыл билікке арыз-тілек (петиция) жазудан (1905) ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту мәселесін қолға алып, оны іске асыру әрекетіне дейін көтерілді (1917). Мұндай жағдайдың адамзат тарихында жиі көріне бермейтіндігін айтқан артық емес.

Қазақ ағартушылығының сондай-ақ мынадай бір ерекшелігіне назар аударған жөн. Ол қоғамдық ұстаным және көзқарас ретінде қазақ, ұлтшылдығына соқпай өте алмайтын еді. Ал қазақ ұлтшылдығы қоғамдық ойдағы негізгі де ықпалды ағым ретінде «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арқылы толық көрініс тапты. Бұл ретте «Айқаптың» орны мен рөлі (1911-1915) қазақ ұлтшылдығының бастапқы қалыптасу кезеңіне сай келсе, ал «Қазақ» газетінің қызметі оның, яғни қазақ ұлтшылдығының біржола кемел ағым ретінде орнығуына тұс келді. Ұлтшылдық (қоғамдық ойдағы ағым, ұстаным ретінде) бұл жалғыз қазақ қоғамына ғана емес, жалпы барлық отар елдерге ортақ құбылыс болатын. Сондықтан болса керек, Дж. Неру осы тарихи кезеңде ұлтшыл дық «бүкіл Азия елдерінде үстемдік құрған прогресшіл күш болды», - деп көрсетті. XX ғасыр басындағы қазақ қоғамы жағдайында білімді және саналы азамат қа ұлтшылдық ұстанымында болмау мүмкін емес-тін. Міржақып Дулат ұлы айтқандай сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамында «шын ұлтшылдың өзі аз еді. Ұлтшыл еместердің көбі, өзімшіл, дәрежеқұмар, зорлықшыл еді». Бұл мезгіл дегі қазақ ұлтшылдығының өзі ағартушылық сипат алды. Бұл тұрғыдан алғанда ол Абай мектебінен шыққан ұлтшылдық, яғни өз ұлты – қазақ елінің кемші лігін ашық сынға алып, онымен ымырасыз күреске шыққан сыншыл әрі қорғаныстық ұстанымдағы ұлтшылдық болатын. Советтік идеология XX ғасыр басындағы алғашқы зиялылар буынын қазақ қоғамын ілгері емес, кейінге сүйрейтін күш ретінде көрсетуге тырысты. Бұл тарихи шындыққа, ұлттық руханиятқа жасалған қиянат еді.

Шын мәнінде XX ғасырдың басындағы алғашқы буын ұлт зиялылары өздеріне аса зор да жауапты тарихи міндет жүктеді. Егер біз оны Мұстафа Шоқай сөзімен айтар болсақ, ол «халықты ұлт деңгейіне көтеру, яғни жері, суы, қазынасы, тілі мен діні бір болған халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын біртұтас саяси, әлеуметтік, ұлттық санаға жеткізу» еді. «Біздің ғасырымыз, - деп жазды Шоқай. Шоқан дәуіріне қарағанда мүлде басқа. Шоқан ол кезде жалғыз еді. Және оның алдында халқын ұлт деңгейіне көтеру міндеті тұрған жоқ болатын. Бұл мәселені ойдан шығарып алған жоқпыз. Тарих пен өмір қажеті, оянған халықтың мағыналы түйсінулері осы бір маңызды міндетті біздің алдымыздан шығарып отыр». Егер М. Шоқай пікірін қорыта айтсақ, XX ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының алдына қойған міндеті қазақ деген «халқын ұлт деңгейіне көтеру», өз елін «жат үстемдіктің тепкісінен құтқарып өз мекемелеріне ие, тәуелсіз бір жеке тұлғаға айналдыру» болды және осы мұратқа жету жолында халық бұқарасымен арада ортақ сана қалыптастыруға тырысты. Осы ретте қазақ ағартушылығы мен ұлтшылдығына тиесілі мынадай бір жағдайға назар аударуға тура келеді. Қалыпты да бейбіт даму жағдайында ағар ту шылық қызмет ұлттық тілдің, білім жүйесінің, жаңа сатыдағы ұлттық мәдениет тің, ұлттық бірегейлік пен сананың қалыптасуымен аяқталмақ. Басқаша айтканда, ағартушылық қалыпты да бейбіт жағдайда ұлттың қоғамдық өмірін жаңа сапаға өтуге бастайтын ұйытқы элемент міндетін атқармақ. Сол сияқты ұлтшылдықтың да түпкі мақсат-мұраты бар. Отарлық езгі жағдайындағы елдер үшін ол ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту немесе оны қалыптастыру. Ұлттық мемлекет азаттық жолына түскен елдің территориялық тұтастығы мен еркін дамуының кепілі.

Қазақ ағартушылығымен қазақ ұлтшылдығының тағдыры өкінішке орай қайғылы қалыптасты. Олар көздеген мақсатына жете алмай, бар болғаны жиырма жылға жетер-жетпес уақытта тарих сахнасынан ығыстырылды. Патшалық биліктің орнына келген кеңестік билік қазақ ұлт-азаттық қозғалысын гуманизмге, өркениеттік ұстанымдарға мүлдем жат әдіс-құралдар арқылы басып жаншыды. Бүгінгі казақ қоғамның көптеген мәселелері ағартушылық және ұлтшылдық идеяларының өзінің табиғи логикалық соңына жетпей үзіліп қалуына байла нысты. Сонымен, Алаш қозғалысы – бұл басқа елдердегі түрлі қоғамдық ағымдарға еліктеуден, солардың соңынан еруден туған құбылыс емес, ол ең алдымен қазақ қоғамының этнос ретінде сан ғасырлық қалыптастырған құндылықтарын сақтаудан, сондай-ақ оларды жаңа заман сұраныстарына бейімдеу қажеттілігінен туындаған құбылыс және ағым. Әрине басқа қоғамдар өмірінен үйренбейтін жағымды жаңа үлгілерді қабылдамайтын ел болмайды. Дегенмен «Алаш» қозғалы сының негізінде ұлттық, қазақ өмірінің талап-тілектері жатты. Нақты сол тарихи уақыт тұрғысынан алғанда «Алаш» идеясы кандай негізгі элементтерден тұрды? Оларды екі топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа қазақ қоғамның ішкі өміріне тән мәселелерді жатқызған жөн.

XX ғасырдың басындағы қазақ өмірінің басты ерекшелігі оның экономикалық және мәдени дамуда алдыңғы елдерден артта қалуы еді. Қоғамдық қызметпен тұрақты түрде айналыса бастаған ұлт зиялыларын мазалаған негізгі мәселе де осы жағдай еді. Қоғамдық дамуда, яғни білім, ғылым, жаңа техника мен технологияны игеру ісінде артта қалған елдің табиғи байлықтарына дамудың жоғарғы сатысында тұрған мемлекеттердің көз салмай қоймайтындығын ұлт зиялылары жақсы білді. Біз көп жағдайда «Алаш» қозғалысын өмірге әкелген себептер жөнінде айтқанда басымдылықты мәселенің тура осы ішкі себептеріне беруді естен шығарып аламыз. Алаш зиялылары қазақ қоғамына тән мерездердің түп төркінін сырттан емес, ұлттың ішкі өмірінен іздеді. Кезінде Абай негіздеген бұл дәстүр бүгін де өз өзектілігін жоғалта қойған жоқ. Алаш қозғалысының өмірге келуіне түрткі болған келесі бір себеп, ол әрине, қазақ өміріне отарлық тәуелділікпен бірге келген түрлі ауыртпалықтар жиынтығы еді. Адамзат тәжірибесі көрсетіп бергендей, кез-келген халық өзіне тән құндылықтарын, табиғи байлықтарын ұлттық мемлекеттік арқылы ғана сақтай алады. Ал ұлттық мемлекеттігі жоқ халық ең басты байлығы атамекен жеріне, оның байлығына ие емес, ол оның мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі, мінезі терең дағдарысқа ұшырамақ.

XX ғасырдың басында қазақ халқы өзінің ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйенің жоқтығын анық сезінді. Осы келтірілген салыстырмалы фактілерден мынадай тұжырым еріксіз сұранып – ақ тұр: XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары тарапынан байқалған ұлтшылдық идеологиясы мен ұстанымы қаншалықты негізді әрі табиғи құбылыс болса, ал Ресейлік оңшыл және солшыл күштердің, патшалық және советтік биліктердің тарапынан қазақ саяси элитасына таңылған «сепаратистік», «ұлтшылдық» сияқты айыптаулар соншалықты негізсіз әрі жасанды, сондықтан да әділетсіз шаралар еді. Дегенмен, 1917 жылы ақпан революциясынан кейінгі күндері қазақ зиялыларының белсенді қызметі нәтижесінде өмірге келген Қазақ Комитеттері ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту ісіндегі алғашқы қадам болды. Осы жылы шілде айынан бастап ұйымдастырыла бастаған «Алаш» партиясы бүкіл қазақ жұртын негізгі мақсат – ұлттық бостандыққа жету жолындағы күреске жұмылдыруға тиіс еді. Ал оның қабылдаған бағдарламасы большевиктер партиясы ұсынған советтік даму жолына балама жол ретінде ұсынылды. Ал бұл бағдарламаны іске асыру міндеті ІІ жалпықазақ съезінде (Орынбор, 1917 ж, желтоқсан) сайланған Алашорда үкіметіне жүктелді. Өкінішке орай, оқиғалар ағымы қазақ қоғамына Алаш партиясы ұсынған жолға түсуге мүмкіндік берген жоқ. Ал бұл тарихи мезгілдегі қазақ ұлтшылдығы – жалпы әлемдік даму арасында өмірге келген, қазақ елінің басқа да этностар сияқты толық табиғи құқығын айғақтайтын құбылыс-тын. Алдымен патшалық билік, сонан соң оның мұрагері советтік биліктің идеологиялық аппаратын XX ғасыр бойы қазақ ұлтшылдығымен реакциялық, кертартпа құбылыс ретінде жария түрде күрес жүргізді, қазақ халқының талантты, озық ойлы ұлдарын осы ұстанымда болғаны үшін аяусыз жазалаумен болды.

Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің жаңа жағдайда ұлтты қалай сақтап қалу керек, оның рухани өрлеуі, әлемдік өркениет биігіне қосылуы үшін не істеу керек деген өміршең пайымдаулары жастардың ұлттық сана-сезімі дамуының қайнар көздері болып табылады. Шоқан Уәлиханов – әлемдік деңгейдегі ғалым және ойшыл. Ш.Уәлихановтың ойынша, тек оқу мен білім ғана адамға күш береді және халықтың сауатын ашу мен әл-ауқатын көтеру үшін күресте жақсы қару болып табылады. Тек ағартушылық қана қазақ халқын еркін және адами кемелділікке алып шыға алады... Оның ойы бойынша, ағартушылық – бұл халықтың алға басу жолындағы қозғаушы күші, оның мақсаты еуропа лық өркениеттің (еуропалық ағар тушылық пен мәдениет) деңгейіне жету болып табылады. Халыққа білім беру мәселесін ғалым Қазақ даласы на қажетті «қайта құру» идеяларымен байланыстырды. Ол географиядан, этнографиядан, тарихтан, фольклористикадан, дінтанудан, шығыстанудан, философиядан, әлеуметтанудан және т.б. көптеген еңбектер жазып қалдырды. Оның ғылыми еңбектері алдыңғы қатарлы орыс ғылыми ойының көрнекті өкілдері жоғары бағалады. Ш.Уәлиханов өзінің ғылыми ізденістерінің арқасында ғана танымал болған жоқ. Орыс және қазақ қоғамының түрлі топтарында ол барлық халықтардың алға басуына тезірек жетуге және қоғамдық өмірдің жаңа, әділ бастамаларын нығайту жолында немқұрайдылыққа, ескілікке, ортағасырлық тоқырауға қарсы шыққан дана күрескер ретінде кеңінен мәлім болды. Ол өз кезінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-экономикалық және философиялық ойына баға жетпес үлес қосқан ұлы ойшыл ретінде де әйгілі. Ш.Уәлиханов қырғыздар мен қазақтардың екі түрлі халық екеніне және оларды «қырғыздар» деген бір ғана этнониммен атау дұрыс емес екеніне ғылыми әлемнің назарын алғашқы болып аударды.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда (ескіше 1 қараша) Торғай облысының Николаевск уезінің Арақарағай болысында туған. 1857 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте басқа пәндермен қатар орыс, араб, татар және парсы тілдерінен үздік нәтиже көрсетті. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-демократ, ғалым, ойшыл, қоғам қайраткері, жазушы, фольклорист, ғалым-этнограф, «Қазақ хрестоматиясы» (1879;2 басылым, 1906), «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (1879) қазақ тіліндегі оқулықтар авторы, мысалдар мен әңгімелердің, сондай-ақ Л.Н.Толстой, И.А.Крылов аудармаларының авторы болып табылады. Ол қазақ мәтіндері үшін орыс жазуы негізінде төл әліпби нұсқаларын жасады. Алтынсарин қазақ халқының зайырлы білім алуына жол ашты. Біреуі қолөнер, екіншісі әйелдерге арналған төрт екі сыныптық орталық орыс-қазақ училищелерін, бес болыс мектептерін, орыс тұрғындарының балаларына арнап екі училище ашты. Сондай-ақ Троицкіден, кейіннен Орынборға көшірілген мұғалімдер мектебін ашты. Ы. Алтынсарин адамгершілік тәрбиенің маңыз ды көзі ретінде қазақ халқының өмірі мен тұрмысын, ұлтжандылық, салт-дәстүрді бей нелейтін халық ауыз әдебиетіне ерекше көңіл бөлді. Бұл ретте нақты адамгершілік-этикалық тәр биелік мазмұндағы ертегілерден, қиссалардан, мақал дардан, ғибратты мақалалардан тұратын «Қазақ хрестоматиясы» айғақтайды. Адамдардың кісілі гінің қалыптасуының негізгі шарты ретінде Ы.Алтын сарин қалың жұртшылық арасында сауаттылықпен ғылыми көзқарастардың таралуын бірінші орынға қояды. Адамгершіліктің негізі – білім мен тәрбие. Ы.Алтынсарин өзінің «Шараитли ислам» шығармасында әлемді үйлестіре алатын қандай да бір ғажайып рухтың бар екенін мақұлдады. Алтынсарин діндар адамдарға «дұрыс білім алу оларға жақсылық пен зұлымдықты ажыратуларына мүмкіндік беретінін» түсіндіреді. Ағартушылық идея лармен шабыттанған ол ауылдарға барып, тұрғындарға зайырлы білімнің мәнін түсіндірді. Ол қазақ даласындағы әйелдер білімінің негізін қалаушы болып табылады. Оның бұл саладағы жетістігі ретінде Ырғыз қаласындағы қазақ қыздарына арналған мектеп-интернаттың ашылуы болды. Ағартушы сонымен қатар бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауға арналған оқу мекемесін ұйымдастыру ісімен де айналысты. Троицкіде ашылған, кейіннен Орынборға көшірілген мұғалімдер мектебі өз заманының алдыңғы қатарлы оқу мекемесі болды. Алтынсарин орыстың демократиялық оқу жүйесінің тәжірибесін кеңінен қолданды: өз мектептерінде Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің, ұлы жазушы Лев Толстойдың педагогикалық мұрасын енгізді. Ыбырай Алтынсарин жаңашыл педагог және ағартушы ғана емес, қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы ретінде белгілі. Оны халық тарихы да қызықтырды. Өз шығармаларында ол оның тәрбиелік мәніне де көңіл бөлді. «Қыпшақ Сейітқұл» деген белгілі әңгімесінде ол егіншілікпен айналысатын қазақтар өміріндегі өзгерістерді құптап, әрқашанда қазақ егін шаруашылығы дамуын қолдады. «Таланттың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында адам өмірі жайлы өз арманын, қазақ халқының жарқын болашағы жайлы үмітін білдірді. Ы.Алтынсарин есімі қазақ халқының ұлттық мақтанышын құрайтын тарихи қайраткерлердің есімдері қатарында құрметті орын алды. Ұлы ағартушы-педагог, ірі жазушы, талантты ақын өзінің барлық саналы өмірін халқының оның бақыты үшін күреске арнады. Ы.Алтынсаринның барлық сан қырлы шығармашылық және қоғамдық қызметі – қазақ халқының озық әлемдік мәдениетке қосылуы, халықтар арасындағы достықтың нығаюы міндеттеріне бағышталды. Ұлы ағартушы өмірден өтерінде өзіне тиесілі жерлерді Торғайдың ауылшаруашылық мектебіне пайдалануға беруді өсиет етіп кетті.

3. А.Құнанбайұлының ізгілік философиясы. Абай Құнанбаев – ұлы ақын, ойшыл, композитор, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералдық ислам негізінде орыс және еуропалық мәдениеттің жақындасуы рухындағы мәдениет реформаторы. Ахмет Байтұрсынов Абайдың ұлылығын былай көрсетті: «Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғысоңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ». Абай Таяу Шығыс тарихындағы ғана үздік тұлға емес. Ол дәуірдің қараңғылығы мен мешеулігін жарып өтіп, өз жолымен алға жүрді. Абай біздің ұрпақты қазақ халықтық және орыс классикалық поэзиясынан нәр алған өшпес туындыларымен таңқалдырып келді. Өз халқының тарихында ол тауға біткен биік шың іспетті. Ол қазақ халқының көпғасырлық мәдениетінен ең жақсыларын алып, бұл қазыналарды әлемдік және орыс мәдениетінің игі әсерімен толықтырды . Абай Құнанбаев ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында қалыптаса бастаған қазақ ұлттық зиялы қауымына үлкен ықпал етті. Осылайша, Алаш-Орда қозғалысының басшылары Абайды қазақ ұлтының өрлеуінің рухани көсемі деп қабылдады. Әлихан Бөкейханов Абайдың бірінші өмірбаяншысы болды. 1914 жылы түркітанушы В.В.Гордлевский белгілі шығыстанушы, академик Н.И.Веселовскийдің 70-жылдығына арналған «Шығыс жинағына» қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері ретінде Абай Құнанбаев пен Міржақып Дулатовты олардың мәтіндерін жариялау үшін таңдап алды. Абай Құнанбаев өмірі белсенді де жемісті болды. Ол өз халқының қамын жеп, оған адал қызмет етті, оларды: «Кітаптан бас алмай оқы, қажымай оқы» деп білімге, «Байлық – жауыздық, аман қалу еңбекте ғана. Байлыққа асыққан дана емес – жылпос» деп еңбек пен абырой биігіне; «Екіжүзді алаяқ сені бүкпес үшін адал бол, абыройлы бол» деп адамгершілікке шақырды. Абай ресми қоғамдық қызметпен белсенді айналысты. Екі үш жылдықта би болып сайланып қызмет етті, үш үшжылдықта – Шыңғыс болысының басшысы және келесі үшжылдықта – үкіметтен сайланған Семей уезі Мұқыр болысының басқарушысы, бірнеше рет түрлі уездер руларының арасындағы кикілжіңдерді шешуде төбе-би (бітісті руші) болып сайланды. Ол бұқарашыл ақыны болатын, домбырада тамаша ойнап, өз өлеңдерін әнге айналдырды. Оның туындыларын қазақ даласына таратып, ақындар әндері мен өлеңдері жиын-тойларда орындалып, ауыздан ауызға жетіп отырды, қағаз бетіне түсіп, қайта көшірілді. Осылайша қолжазба жинақтары пайда болды. Абайдың әйгілі шығармасы 45 қысқаша қара сөздерден немесе философиялық трактаттардан тұратын сөздерде» тарих, педагогика, мораль және қазақтардың этникалық құқығы мәселелері көтерілген. Абайдың «Қара сөздері» терең философиялық идеяларымен, адамгершілік тағылымымен, гуманистік ұстанымдарымен, адамды рухани-ізгілік кемелдендіру бағдарламасымен, адамның танымдық қасиеттері мен діл ерекшеліктерін саралауымен бағалы. Оларда қазақтың ойшыл ақыны замандар тоғысында күн кешкен өз халқының рухани-адамгершілік келбеті мен өмір қалпын зерделейді. Сондықтан да бұл еңбекті дәуірдің «сындарлы ары» деп атауғы толық негіз бар. «Қара сөздер» автордың қоршаған әлем болмысын танумен қоса адамның ішкі дүниесін зерделеуге бағытталған өзіндік қайталанбас әрі бірегей әлемін бейнелейді. Ол Абайдың өз-өзімен және бізбен - оқырмандарымен сұхбаты іспетті. Мұнда философиялық ой-толғамдар мен діни тәжірибе, көркем сөз мен адамгершілік өнеге, терең білім мен сарқылмас сезім, ойшылға тән даналық пен пайғамбарға хас көріпкелдік бір-бірімен үйлесім тауып, астасқан. Абайдың «Қара сөздеріндегі» философиялық көзқарастарын қарастыра отырып, Г.Гачев оның сөздерінің Дәуіт діни жырларымен (псалом), Екклезиаст Кітабымен, Соломоның Тәмсілдер Кітабымен мағынасы жағынан үндесіп жатқандығын айтады. Себебі оларда сыр мен уағыз, тарихтың шешуші сәтінде өзін-өзі тануға талпынған қазақ халқының дүниетанымы туралы толғамдар өзара үйлесім тапқан. Ол қазақ халқының халық ауыз әдебиеті мен Шығыс классикалық әдебиетінің, орыс мәдениетінің рухани құндылықтары мен Батыстық философиялық ойдың өзара әсер-ықпалының жарқын көрінісі. Сонымен қоса мұнда Абайдың ойшыл және философ ретіндегі өзіндік болмысы мен жеке қасиеттері барынша ашылған. Испан философы әрі жазушысы Унамуно айтқандай, «Барша испан философиясы Сервантестің «Дон Кихотында» болса, қазақтың бүкіл философиясы Абайдың «Қара сөзінде» деуге болады. Онда қазақ мәдениетінің негізі қаланып, жалғасын тапты. Абайдың «Қара сөздері» – сонымен қоса біздің санамызға, біздің арымызға қарата айтылған арнау сөз. Ол бізге қалай өмір сүретінімізді және қалай өмір сүру керектігін еске салады. Ол күнделікті күйбең тіршілікте ең бастыны – рухани дүниені ұмыт қалдырмау керектігін жадыға оралтады. Абайдың философия дамуына қосқан үлесін саралай отырып, Ғ.Есім былай деп жазады: «Қазақ философиясының тарихында Абай бірінші болып кемел тұлғаның болмысы моделінің тұжырымдамалық көрінісін сипаттап берді». Абай қазақтың оқыған, мәдени дамуда озық, әлемде беделді елдер қатарында тең болуын қалады. Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсариннің армандаған Абайдың ізгі-тілектері орындалды. Бүгінде Қазақстан Республикасы – өз университеттері, академиялары, институттары, консерваториялары, колледждері, лицейлері, техникумдары, гимназиялары, түрлі деңгейдегі мектептері, кітапханалары, театрлары, шығармашылық кеңестері және т.б. бар егемен мемлекет. «Қазіргі уақыт тұрғысынан қарайтын болсақ, Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың ақыны» – деген еді ол туралы БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымы – ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майор. Осы беделді халықаралық ұйым 1993 жылы қарашада Парижде өткен ХVІІ конференциясы аясында Абайдың туғанына 150-жыл толуын атап өтуді ұйғарды; сол кездегі оның мүшелері болған 180 мемлекет бір ауыздан бұл шешімді мақұлдап, 1995 жылды Абай жылы деп жариялады. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың: «Бізге, ашығын айтқанда, біздің жаңа бастамаларымыздың негіздемесін сырттан іздеудің қажеті жоқ. Бәрін Абайдан табамыз... Оның өсиетінде философиялық өмір ғана емес, бүкіл адамзаттық бірлік пен бауырластықтың негізі болатын принцип негізделген. Абай әлемі – біздің жол сілтейтін жұлдызымыз... Халқының амандығы, оның қуаты мен гүлденуін ойлайтын әр адам Абайды көбірек оқысын, оның дана кеңестеріне жүгінсін»,- деген сөздері ерекше құрмет белгісі болып табылады (1995 ж.).

4. Шәкәрім Құдайбердіұлыфилософиясының рухани-адамгершілік аспек тілері. Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақ әдебиеті тарихындағы жарқын тұлғалардың бірі. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) Шыңғыстау ауданының (қазіргі Абай ауданы) беделді өнегелі отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді – Құнанбайдың ұлы, ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың үлкен ағасы. Жеті жасында, 37 жастағы әкесі қайтыс болып, Шәкәрім Абайдың үйінде тәрбиеленеді, бұл оның көзқарасы мен шығармашылық қабілетіне өшпес із қалдырды. Бес жасынан оқуға үйреніп, әрдайым өзін өзі дамытудың арқасында араб, парсы, түрік, орыс тілдерін меңгерді, осылайша Шәкәрім сол кездегі білімді адамдардың бірі болады. Әдебиет, тарих, философия, шешендік өнер, музыка, дін, жаратылыстану ғылымдары – бәрі жас Шәкәрімнің қызығушылығын тудырып, оның шығармашылығының интеллектуалды тереңдігінің бірден бір көзі болады. Шәкәрім жазғандай:

Жасымнан жетік білдім түрік тілін, Сол тілге аударылған барлық білім. Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды, Жарқырап қараңғыдан туып күнім. Оятқан мені ерте Шығыс жыры, Айнадай айқын болды әлем сыры. Талпынып орыс тілін үйренумен Надандықтың тазарып, кетті кірі.

Пушкиннің «Дубровский» романына өлеңмен жазылған аудармасындағы алғысөзінде ол Байронды, Пушкинді, Лермонтовты, Некрасовты, Хафизді, Навоиді, Физулиді сөзі ауруға ем, жанға құмар, тауып айтқыш тәтті тіл сайраушылар деп атайды. Шәкәрім батыстық философиялық ой тарихымен, Огюст Конт пен Артур Шопенгауэр секілді ойшылдардың идеяларымен қызықты. Ол өз уақытының әлеуметтік мәселелері толғантып, ауқаттылар билігінің зорлық-зомбылығы, өзімшілдік пен надандық болмайтын әділетті өмір орнауын армандады. Шәкәрім ақиқат іздеудің қиын жолын таңдап алды, ол жаңаны білуге құштар болды. 1903 жылы ол Орыс императорлық географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің мүшесі болып сайланды. Жаңа ізденістер жолында Түркияға сапар шегеді, сондай-ақ діни көзқараспен ғана емес, танымдық мақсатпен де Меккеге қажылыққа барады. Шәкәрім «Мұтылғанның өмірі» автобиографиялық поэмасында жазғандай, ол түрлі кітаптар алдырып, жан-жағына сын көзбен қарады, жалғандықты теріске шығарды. Шәкәрім Құдайбердіұлы көптеген өлеңдер мен поэмалардың, повестьтер мен аудармалардың авторы болды. Ақынның көзі тірісінде «Қазақ айнасы» (1912) өлеңдер жинағы жарияланып, оның көптеген өлеңдері қолжазба түрінде және халық жадында сақталды. Шәкәрім сюжетті романтикалық «ҚалқаманМамыр», «Еңлік-Кебек» (екеуі де 1912 ж. жарыққа шықты), «Нартайлақ-Айсұлу» поэмаларын,«Әділ-Мария» романын жазып, адамгершілік тақырыбына бірнеше әңгімелер жазды. Ш.Құдайбердіұлы қазақтардың тарихы мен діні жайында 1911-1912 жж. Орынборда жарық көрген «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» трактаттарын жазды. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресін» Шәкәрім Абайдың кеңесімен жазды. Ол бұл еңбекке өзінің бар өмірін арнады. Шәкәрім мүлдем тәуелсіз болды және өз бетінше ой түйді. Ол ешқашан өзінің аяқасты пайда болмаған, ұзақ іздену мен табанды зерттеулері және терең ойларының нәтижесінде қалыптасқан пікірінен айнымады. Бұған оның тамаша философиялық «Үш анық» шығармасы дәлел, бұл еңбегінде Шәкәрім түрлі философиялық бағыттарды жақтаушылардың, материализм мен идеализмді қолдаушылардың, діни ғалымдардың, христиан, мұсылман, будда және басқа дін өкілдерінің қаламынан шыққан өте көп деректерді пайдаланды. Шәкәрімнің пікірінше: «Адал еңбек, ар-намысты сана, таза жүрек – осы үш қасиет бәрінен үстем болуы керек. Бұларсыз өмірде бейбітшілік пен татулық болмайды». Шәкәрім орыстың классикалық әдебиетін ерекше құрмет тұтты. Ол А.С.Пушкин нің «Дубровский», «Боран» прозалық шығармаларын өлеңмен аударып, Л.Н.Толстойдың бірқатар әңгімелерін қазақ тіліне тәржімалады. Ол Пушкинге, Лермонтовқа, Толстойға өзінің шын жүректен шыққан лирикалық өлеңдерін арнады. Шәкәрім Бичер-Стоудың «Том ағайдың лашығы» романын да қазақ тіліне аударған. Ш.Құдайбердіұлы көркем туындылары мен аудармаларында ағартушылық гуманизм ұстанымында болып, өз шығармашылығы арқылы ХІХ ғ. соңы–ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Ш.Құдайбердіұлы түрлі рухани тұжырымдамаларды терең зерделеу негізінде Ар ізгі сезімін тұғырландыру арқылы адамның рухани түлеуі идеясына негізделген өз ілімін қалыптастырды. «Адами қарапайымдылық, әділеттілік, мейірімділік бірлігін мен исламдық ұждан сөзімен атаймын, орысша – совесть (ар)», - деп жазады ол.

Шәкәрімнің пайымдауынша, жанның өсуіне жетелейтін себеп адамның адамгершілік тазалығы, істеген істері мен ниет тазалығы. Оны жоғары адамгершілік сезім, аморальды қылықтарға жол бермейтін тежеу, мейірбандылыққа бастайтын пейіл ретінде ар ғана іске асыра алады. Шәкәрімнің айтуынша, ар адамның адамгершілігінің өлшемі. Ардың мүлде болмауы оның мейірімділік пен зұлымдықты, сауап пен күнәні ажыратуға қабілетсіз етеді. Сондықтан, ізгілік пен дүниетанымдық бағдар бұлыңғыр тартқан заманда адамның адамгершілік тұрғыда түлеуі тек арға бет бұру арқылы ғана мүмкін болмақ деп есептейді ол. Шәкәрімнің ойына сәйкес:

- ар деген жанның асқақ қалауы мен мұраты. «Себебі жан ешқашан жоғалмайтын, бұзылмайтын, кемелдене түсетін, биіктей беретін болмыс. Ол өзінің өсуін жеделдететін мұндай себептерді міндетті парыз санады»

- ар өзгелерге ізгілік тұрғысынан қарау, адам арын аяққа таптайтын қылықтардан бойды аулақ ету, адал еңбек және т.б. маңызды адами қасиеттерді дарытады. Бұлардан тыс индивидтер өзінің адами келбетін жоғалтады, ол тұлға ретінде тұрлаусыз.

- ар жанның субстанционарлық негізі, оның жаңғыруы мен дамуының әмбебап заңы болып табылады; - ар адамның адамгершілігі мен жеке абыройын сақтап қалуға мүмкіндік береді;

- арды адамның өзін-өзі кемелдендіруіне қажет рухани арқау ретінде қабылдау адамды зұлымдық пен арамдықтан сақтайды, оны түзу жолға салады; Сондықтан адам болмысының мәні оның жеке адамгершілік кемелденуі, мейірімділікке ұмтылуы болуы керек. Шәкәрім философиясына сәйкес, осы мағыналардан тыс индивид өзінің шынайы адами болмысы мен жаратылысынан айырылады. Оның ойынша, егер адал да саналы адам өзге тұлғаларға зұлымдық жасамайтын болса, осындай қасиетке жаппай ие болу арқылы адамдар мен қоғам тұтастай игілікке кенелмек. Осыған орай, адам кемшіліктерін түзеудің қажет алғышарты қоғамның ізгіленуі, жеке тұлғаның рухани саушылығы тұтастай әлеуметтің рухани-адамгершілік келбетіне әсер ететіндігін саналы түрді мойындау. Ол саяси билікті реттеуге септігін тигізетін бірқатар шараларды ұсынады: жоғары моральдық қасиеттерге ие адамдарды лауазымдарға сайлау және тағайындау арқылы, сондай-ақ заң шығару ісін ізгілендіру арқылы. Шәкәрім Құдайбердіұлының ерекше діндар адам болғандығын айтып өткен абзал. Сондықтан ардың адамгершілік сезімін ол жанның өлмейтіндігіне деген сеніммен, сол арқылы Жаратушы идеясымен байланыстырады. Бұл ақиқаттар болмаған жағдайда, ар адамның қажет моральдық қасиеті ретінде өз құнын жоғалтады, ал мораль өзінің айқындауыштық мәнін жояды. Сондықтан ол адам ның адамгершілік тұрғыда тазаруына септігін тигізе алмайды. Құдайды күллі тіршілікті, өлімсіз һәм тәнсіз субстанция ретіндегі жанды, оның мұраты ретіндегі арды жаратушы ретінде мойындауға қатысты ақиқат қана адамды қайта түлете алады. Ш.Құдайбердіұлы келесі толғамдарға кәміл сенеді: - ақиқатты тек сезім арқылы ғана тану мүмкін емес, себебі сезім өтпелі әрі алдамшы. Тек сана арқылы ғана анық тануға болады. Себебі «адам ақиқатты жанарымен ғана емес, ақыл көзімен көріп, қабылдайды»

Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясының орталық мәселесі адамды адам етудің негізі мен қоғамдық дамуға ізгі бағдар нұсқайтын руханият болып табылады. Осыған орай, Шәкәрімнің пайымдауынша: - қоғамның міндеті адамды саналы, ізгі, рухани тіршілік иесі ретінде қалыптастыру. Адамның руханилықтан тыс іс-әрекеті өз мәнін жоғалтады. Руханилық адамның әлеуметтенуін іске асыруға қажет алғышарт әрі оны ізгілендірудің құралы; - рухтан айырылу адамдардың белсенді іс-әрекетінің мәнін жояды. Себебі оның негізгі міндеті материалды-заттық жағдайды жасау мен тұтастай тіршілік қамын күйттеу емес, адамгершілік түрғыда маңызға ие іс-әрекет пен оның оның өнімдері мен нәтижелерін өндіру; - жеке және қоғам санасында рухани құндылықтардың көмескіленуі адамның қоғамды жатсынуына, осының салдарынан кемшіліктердің көбеюіне, замандастардың ақыл-ойында өзімшіл пейілдің белең алуына, әлеуметтік шиеленістердің өрбуіне алып келеді; - адам мен қоғамның рухсыздығының белең алуы әлеуметтік мәселелердің өршітіп, оларды шешудегі тарихи перспективаларды айтарлықтай алыстатып жібереді; - рухтылық адамның өз күшіне деген сенімін қайта оралтады, әлеуметтік күйзелісті жойып, бұқараны тығырықтан алып шығады; - бұқара халықтың білім мен мәдениетке бет бұруы руханиятты қалыптастыратын, әлеуметтік өзгерістердің қажеттігін саналы түрді мойындататын жол. Рухтылықты жалпыадамзаттық қасиет, жеке тұлғадағы адамгершілік пен мәдениеттің әмбебап өлшемі ретінде бағалай отырып, және де рухсыздықты антигуманизм мен мәдениетсіздіктің айқын көрсеткіші ретінде бағалай отырып, Шәкәрім тұжырымдамалық және ғылыми негізделген жаңа оқу пәнін – АР ілімін енгізуді ұсынады. Оның ойынша, пәннің негізгі міндеті өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру, олардың бойында адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып дамыту, кемшіліктер мен олқылықтарға жиіркенішін ояту болып табылады. Р.Б. Омарғазин айтқандай, «Ш.Құдайбердіұлының философиясы төзімділікке арқа сүйейтін ойлау тәсілі болып табылады. Яғни кез келген тұжырымдаманы қабылдау, әрбір дүниетаным формасын сыни пайымдау арқылы ақиқатты іздеу, өз пікіріне, жоғары мұраттарға сенім негізіндегі құндылық кодына сәйкес ойлау типін таңдау».

Әдебиеттер:

1.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: 2011

2.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

3.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы.2009

Наши рекомендации