Еңбек өнімділігі

Кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім санымен анықталатын еңбек өнімділігі сипаттайды.

Еңбек өнімділігі – бұл кәсіпорын жұмысшыларының еңбегінің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш. Кәсіпорында еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жалпылама, жеке және көмекші көрсеткіштер жүйесі қолданылады.

Жалпылама көрсеткіштерге: бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру көлемі, құндық өлшемдегі бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндіру көлемі жатады.

Ал жеке көрсеткіш болып 1 адам-күндегі немесе адам-сағаттағы заттай нысандағы өнімнің белгілі бір түрінің еңбек сыйымдылығы табылады.

Көмекші көрсеткіштерге: жұмыстың белгіленген бір түрін орындауға кететін уақыт шығындары немесе уақыт бірлігінде орындалған жұмыс көлемі жатады.

Еңбек өнімділігін бағалау үшін жалпы, жеке және көмекші көрсеткіштер қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге орташа жылдық, орташа күндік, орташа шығатын еңбек өнімділігі жатады. Жеке көрсеткіштерге белгілі бір түрдегі өнім бірлігінің өндірісінің уақыт шығындары жатады. Көмекші көрсеткіштерге белгілі бір өнім түрін өндіруге кеткен уақыт шығыны жатады.

Еңбек өнімділігінің жалпылама көрсеткіштеріне бір жұмыскердің орташа жылдық өнім өнімділігі жатады. Оның көлемі тек қана жұмысшылар өндірісіне байланысты емес, сондықтан жұмысшылар санына, өнім санына, орындалған күндер және ұзақтығына байланысты.

Аналитикалық талдау барысында жұмыскердің орташа жылдық еңбек өнімділігі бір жұмысшының бір жылдағы істеген күндері, жұмыс ұзақтығының күндер бойынша және орташа сағаттық өнімділігіне байланысты.

ГВ=Д * П * ЧВ

мұндағы, ГВ– орташа жылдық еңбек өнімділігі;

Д – бір жұмысшының бір жылдағы істеген күндері;

П – жұмыс ұзақтығы;

ЧВ- орташа сағаттық өнімділігі.

Еңбек өнімділігінің көрсеткіші ретінде орташа сағаттық өнімділігі міндетті түрде талданады, оған жұмыскерлердің орташа күндік және орташа жылдық өнімділік тәуелді болып келеді.

Орташа сағаттық өнімділікті талдау үшін өнімнің еңбек сиымдылығы және оның бағасына байланысты. Бірінші топ факторына техникалық өндіріс, ұйымдық өндірісі, өндіріссіз уақыт шығыны. Екінші топқа өнім өндіріс көлемінің өзгерісі, тасымалдау өндірісі жатады.

Жоспар және нақты басқа орташа сағаттық өнімділіктің тағы 3 шартты көрсеткіштерін талқылау қажет.

Орташа сағаттық өндірім көрсеткіштердің бірінші шарты.

ЧВусл1 = (ВПф +;- ▲ВПстр) / (Тф – Тн +;- Тэ)

мұндағы, ВПф– нақты көмекші көрсеткіштер.

ВПстр – көмекші көрсеткіштің құрылымдық ілгерімі.

Тн– жұмыс уақытының өнімсіз шығыны.

Тэ– жоспардан тыс үнемділік енгізу шарасы.

Екінші шартты көрсеткіш – бұл көрсеткіштің біріншісінен айырмашылығы Тэқолданылмайды.

ЧВусл2 = (ВПф +;- ▲ВПстр) / (Тф – Тн)

Үшінші шартты көрсеткіш – бұның айырмашылығы екіншісінен жұмыс уақытының өнімсіз шығыны қолданылмайды.

ЧВусл3 = (ВПф +;- ▲ВПстр) / Тф

Орташа сағаттық өнімділік деңгейіне әсер ететін факторлар үшін корреляциялық-регрессиялық талдау үлкен роль ойнайды. Орташа сағаттық өнімділігінің көп факторлық корреляциялық моделіне мына факторларды енгізуге болады: қормен жарақтандырылу және қуатпен жарақтандырылу еңбегі, жоғары және орта квалификациясы бар жұмысшының пайызы, құралдардың орташа қолдану мерзімі және тағы басқа.

Осы факторлар арқылы жұмысшының орташа жылдық өнімділігін анықтау үшін, ол үшін алынған орташа сағаттық өнімділік өсімін бір жұмыскердің істелген сағат санына көбейтеміз.

▲ГВхі = ▲ЧВхі * Дф * Пф

Жұмысшының орташа жылдық өнімділігіне әсерін анықтау үшін, алынған жұмысшының орташа жылдық өнімділігін өндірістік-өнеркәсіптік қызметкерлердің нақты үлес салмағына көбейтеміз.

▲ГВхі = ▲ГВхі * УДф

Осы факторлардың өнім шығару көлемінің өзгерісіне әсерін есептеу үшін, жұмысшының орташа жылдық өнімділік өсімін і –нші факторы бойынша өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің тізімі бойынша орташа санына көбейтеміз.

▲ВПхі = ▲ГВхі * ПППф

немесе і-нші фактор бойынша орташа сағаттық өнімділік өзгерісін көбейтеміз жұмыс күнінің ұзақтығына, бір жұмыскердің бір жылда істеген күндер санына, жұмысшының үлес салмағының жалпы санына және кәсіпорын жұмысшыларының тізімі бойынша орташа санына көбейтеміз.

▲ВПхі = ▲ЧВхі * Пф * Дф * УДф * ПППф

Еңбек өнімділігінің жоғарлауын қамтамасыз ету үшін нақты шара ойластыру керек және жұмысшының орташа сағаттық, орташа күндік, орташа жылдық өнімділігінің резервін анықтау керек.

Еңбек өнімділігінің жоғарлауына жету үшін мына жағдайлармен байланысты:

а) өнім шығысының жоғарлауы кәсіпорынның барлық өнімділік қуаты арқылы, себебі бұл жағдайда өнімділіктің тек қана жұмысшының уақыт шығынын өзгермелі бөлігі жоғарлайды, ал тұрақты бөлігі өзгеріссіз қалады. Ақыр аяғында өнім шығару уақытының шығыны төмендейді.

б) еңбек өнімділігінің қысқарту шығыны арқылы өндіріс интенсификациясы, сапа өнімінің жоғарлауы, өндірістің механикалық және автоматикалық комплекстеріне енгізілуі, өндірістің техника және технологиялық жаңаруы, уақыт шығынын қысқарту арқылы өндіріс ұйымын жақсарту.

Орташа сағаттық өнімділік резервтерінің жоғарлауын мына көрсеткіштер арқылы есептеуге болады.

Р↑ЧВ = ЧВв – ЧВф = ВПф + Р↑ВП / Тф - Р↓Т + Тд – ВПф / Тф

мұндағы, Р↑ЧВ – орташа сағаттық өнімділік резервінің жоғарлауы.

ЧВв,ЧВф – мүмкін және нақты орташа сағаттық өнімділік деңгейі.

Р↑ВП – жалпы өнімнің жоғарлату резерві.

Тф - өнім шығарылымның жұмыс уақытының нақты шығыны.

Р↓Т – жұмыс уақытының қысқарту резерві.

Тд – қосымша еңбек шығыны.

Резерв өсімін орташа сағаттық өнімділіктің жұмыс күнінің жоспарлы ұзақтығына көбейтсек, резерв өсімінің орташа күндік өнімділігін аламыз. Егерде осы резервті бір жұмыскер уақытының жоспарлаған көлеміне көбейтсек, онда резерв өсімінің орташа жылдық өндірімін аламыз.

Өнім шығысын жоғарлату резервін анықтау үшін, ол үшін орташа сағаттық өнімділікті көбейтеміз барлық жұмысшының жұмыс уақытының жоспарланған қорына.

Р↑ВП = Р↑ЧВ * Тв

Еңбек өнімділігінің резерв өсімін белгілі бір шара өткізу арқылы мына формуламен есептеуге болады.

Р↑ПТхі = Р↓ЧР %хі / 100 - Р↓ЧР %хі

мұндағы, Р↓ЧР %хі - жұмысшылар санының салыстырмалы қысқарту пайызы

Наши рекомендации