Булгакова диляра асхатовна
Булгакова Д. А.
МЕМЛЕКЕТ
ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Оқу құралы
Алматы
ББК 67.99(2К)я7
Б 83
Оқу құралы Экономика жəне құқық академиясының Оқу
жəне Оқу-əдістемелік кеңестерімен ұсынылған
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Баймаханов М. Т.—заң ғылымдарының докторы,
ҚР ҰҒА академигі;
Котов А. К.—заң ғылымдарының докторы.
Булгакова Д. А.
Б 83 Мемлекет жəне құқық теориясы.Оқу құралы.— Алматы: Заң əдебиеті, 2006.— 106 бет.
ISBN 9965-620-31-8
Оқу құралы “Мемлекет жəне құқық теориясы” курсының оқу бағдарламасына сəйкес дайындалған жəне жалпы теориялық мəсе-лелермен танысуда бағыт-бағдар беруші рөлін атқаруға, оқушы-ларды аса маңызды теориялық ережелермен, заң ғылымының ерекше тілімен таныстыруға бағытталған.
Оқу құралы, ең алдымен, заң білімдерін беретін жоғары оқу орындары мен факультеттердің сыртқы бөлімінің студенттеріне арналған.
ББК 67.99(2К)я7
© Булгакова Д. А., 2006.
00(05)-04 Б© Заң əдебиеті, 2006.
ISBN 9965-620-31-8 4310020000
Кіріспе
Мемлекет жəне құқық теориясы – заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пəндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен – қолданыстағы заңнамамен, заң тəжірибесімен, мемлекет жəне құқықтың тарихы-мен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мəселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген.
Мемлекет жəне құқық теориясы студенттерде мемлекет жəне құқық, құқықтық жəне саяси мəдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың əртүрлі тарихи ке-зеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жəрдемдеседі. Алайда, жалпы тарихи білімердің барлығын толық меңгеру мем-лекет жəне құқықтың жалпы теориясы бойынша оқулықтар мен мақалалармен дербес, өз бетімен жан-жақты жұмыс істеудің нəти-жесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
Мемлекет жəне құқық теориясы бойынша бұл оқу құралы өзінің қысқа мазмұны бойынша жалпы теориялық əдебиеттердің барлы-ғының орнын толтыра алмағанымен, жалпы теориялық мəселелер-мен танысуда өзінше бір жол көрсетушінің ролін атқаруға, сту-денттерді əрбір тақырып бойынша мейлінше маңызды теориялық ережелермен, заң ғылымының ерекше тілімен, арнайы заң түсінік-терімен таныстыруға бағытталған. Бұл құралды қалған материал-дарды меңгеру үшін ақпараттық-əдістемелік негізді құрайтын не-гізгі заң түсініктері мен санаттарының кеңейтілген сөздігі деп те атауға болады.
Оқу құралын дайындауда А.Б.Венгеров, С.С.Алексеев, С.А.Ко-маров, В.В.Лазарев, Н.И.Матузов, А.В.Малько, А.С.Пиголкин, В.Н.Хропанюк жəне т.б. сияқты ірі мемлекеттанушы-ғалымдар-дың еңбектері пайдаланылды.
Қараңыз: Алексеев С.С. Теория права. М., 1996; Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.,1995; Ч.2.М., 1996; Комаров С.А. Общая теория государства и права. Саранск, 1994; Общая теория государства и права / Под ред. В.В.Лазарева. М., 1996; Марчен- ко М.Н. Теория государства и права. М., 1996; Теория государства и права / Под ред. Н.И.Матузова и А.В.Малько. М.,1997; Общая теория права / Под ред. А.С.Пиголкина. М., 1995; Хропанюк В.Н.
Теория государства и права. М., 1993.
ПƏННІҢ НЕГІЗІ ТҮСІНІКТЕРІ
1. Қоғам — экономикалық жəне рухани біртұтастықпен, өмір сүру жағдайын ұйымдастарудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
2. Тұлға — қоғамда автономды жағдайы (мəртебесі) бар адам жəне соған сəйкес құқықтарға, бостандықтар мен міндеттерге ие болады.
3. Билік — жекелеген тұлғалардың (билік етушілердің) еркі мен іс əрекеті басқа түлғалардың (бағыныштылардың) еркі мен іс-əрекетінен басым тұратын, үстемдік ету мен бағыныштылық қатынастары.
4. Норма — анықталмаған тұлғалар шеңберіне жəне жағ-дайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан үздіксіз əре-кет ететін жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесі.
5. Мемлекет — басқару-қамтамасыз етушілік, қорғаушылық функцияларды жүзеге асыру мақсатында арнайы аппаратты иеленетін жəне елдің бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуге қабілетті, жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы.
6. Мемлекеттік билік — мəжбүрлеу аппаратына негізделе отырып, мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын қарым-қатынастар жүйесі.
7. Муниципалды билік — өзін өзі басқаруға негізделген жер-гілікті билік.
8. Мемлекеттік егемендік — мемлекеттік биліктің ел ішінде жəне одан тыс жерде басқа кез келген биліктен (саяси жəне идеологиялық) тəуелсіздігі. Оның басты көрінісі: мемлекет өзінің барлық істерін дербес жəне ерікті түрде шешуге құқылы.
9. Саяси жүйе — елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
10. Саяси режим — билік етудің құралдары мен тəсілдерінде, демократиялық немесе демократиялық емес сипатында көрініс табатын биліктің мазмұны.
11. Демократиялық мемлекет — барлық биліктік органдар халықтың мандатына ие болатын мемлекет. Мұнда əрбір органға тиесілі биліктің көлемінің шектері заңмен анықталады, ал барлық
азаматтар сотпен корғалатын ажырамас құқықтар мен бостан-дықтарға ие болады.
12. Авторитарлық мемлекет — мемлекеттік билік заңмен анықталса да тікелей халық мандатына ие болмайтын, бірақ билік етуші органдар мен тұлғалардың шектелген аясымен баска-рушылық əкімшілік аппаратты, қарулы күштер мен жазалау меке-мелерін тікелей пайдалану арқылы жүзеге асырылумен сипатта-латын мемлекет. Құқық пен адам құқықтары қоғамда тəуелсіз мəртебеге жəне үстемдікке ие болмайды, олардың функциялары əрекет етуші заңдарды сақтауды талап етумен шектеледі.
13. Тоталитарлық мемлекет — əкімшілік басқару бəрін билеп-төстеуге негізделген мемлекет, ол заңмен анықталмайды. Қоғам өмірінде тəуелсіз сот төрелігі мен адам құқықтары бол-майды, бүкіл қоғам басқарушылық əкімшілік аппарат пен жазалау-шы органдардың тоталитарлық бақылауына алынады, адам құқық-тарын шексіз аяққа таптау жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік аппарат — мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік жəне қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік орган-дардын, мекемелер мен ұйымдардын біртұтас, иерархиялык жүй-есі (кешені).
15. Мемлекеттік орган — мемлекеттік міндеттерді атқаратын жəне тиісті биліктік өкілеттіктерге ие ұйым немесе басқарма.
16. Құзырет — мемлекеттік орган, сондай-ақ, сол бір немесе өзге лауазымды тулға иеленетін жəне тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі.
17. Мемлекет нысаны — басқару нысанында жəне мемлекет-тік құрылым нысанында көрініс табатын, елдегі мемлекеттік би-лікті ұйымдастыру.
18. Мемлекеттік басқару нысаны — мемлекетте жоғары би-лікті ұйымдастыру.
19. Мемлекеттік құрылым нысаны — мемлекет құрылымы, мемлекеттің біртұтас жəне аумақтық бөліктер ретіндегі ара қа-тынасы, мемлекеттік құрылымы.
20. Құқық — заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде көрініс тапқан құқылы-рұқсатты (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрыстың жалпыға міндетті талабы болып табы-латын жалпыға міндетті нормалар жүйесі.
21. Құқықтық реттеу — құқықтың көмегімен қоғамдық қа-тынастарға, адамдардың жүріс-тұрысына құқықтық құралдардың барлық жүйесімен əсер етуді жүзеге асыру.
22. Заңдылық — барлық заңды нормаларды, барлық құқықтық ережелерді барлық субъектілермен, яғни азаматтармен, олардың бірлестіктерімен, лауазымды тұлғалармен, мемлекеттік органадар-мен қатаң əрі мүлтіксіз сақтау мен орындау талабы.
23. Құқықтық тəртіп — талаптарының тəжірибе жүзінде жүзеге асырылуын көрсететін, қоғамдық қатынастардың іс жү-зінде ретке келтірілу жағдайы.
24. Құқықтық жүйе — құқықтық шындықтың басқа белсенді элементтерімен — құқықықтық идеологиямен жəне сот тəжіри-бесімен біртұтас қарастырылатың құқық.
25. Құқықтың қайнар көздері — мемлекеттен туындайтын немесе мемлекетпен ресми түрде танылатын құқық нормаларының көрінісінің жəне бекітілуінің, оларға заңды, міндеттілік мəн бе-рудің қужаттық нысаны.
26. Нормативтік акт — заңдық нормалардан құралған ресми құжат.
27. Заңды норма — заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде белгіленетін жəне құқық субъектісінің құқықты-рұксат етілген (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрысының талабы ретінде көрініс табатын жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі.
28. Құқық жүйесі — құқық құрылымы, оның салалар мен институттарға тармақталауы.
29. Құқық саласы — құқық жүйесінің басты тармағы. Ол заңдық реттеудің өзіне тəн режимімен ерекшеленеді жəне бір-тектес қоғамдық катынастарды камтиды.
30. Құқық субъектілері — құқық субъектілікке ие тұлғалар, яғни құқықтар мен міндеттерді иелене алатын, құқықтық қатынас-тарға қатыса алатын азаматтар, ұйымдар мен қоғамдық құры-лымдар.
31. Құқықтық қатынас — субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын субъектілер арасындағы байланыс.
32. Заңды жауапкершілік — кінəлі тұлғаға жасалынған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолдану.
1 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. Мемлекет жəне құқық теориясының анықтамасы.
2. Мемлекет жəне құқық теориясының ерекшеліктері.
3. Мемлекет жəне құқық теориясының функциялары.
1. Мемлекет жəне құқық теориясының анықтамасы.Мем-лекет жəне құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мəні, мақсаты жəне қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
2. Ғылым ретіндегі мемлекет жəне құқық теориясының ерекшеліктері мынада:
Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пəнін қоғамдық құбылыстар – мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерек-шелігі арқылы мемлекет жəне құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық жəне т.б.) ерекшеле-неді.
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет жəне құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі жəне жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол əдістемелік сипаттағы ғылым болып табы-лады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықта-рын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру əдісі мəселесін қарастырады.
3. Мемлекет жəне құқық теориясының функциялары.Мем-лекет жəне құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:
1. Теориялық-танымдық функция – мемлекеттік-құқықтық құ-былыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мəндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Тəжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет жəне құқық теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тəжірибесін жақсартуға жəне дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді.
3. Тəрбиелік функция. Мемлекет жəне құқық теориясы құқық-тық тəрбиелеу мəселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлға-ның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тəртіп жəне т.б. күрделі мəселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жəрдемдесуі қажет.
№ 1 кесте Мемлекет жəне құқық теориясы — мемлекет пен құқықтың олардың қоғамдағы мəні, мақсаты жəне дамуы туралы негізгі жəне жалпы заңдылықтары туралы жалпыланған білімдер жүйесіҚоғамдық ғылым Саяси-заңды ғылым Жалпы теориялық ғылым Əдістемелік ғылым Мемлекет жəне құқық теориясының функциялары Теориялық-танымдық Тəжірибелік-қолданбалық Тəрбиелік
2 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ПƏНІ МЕН ƏДІСТЕРІ
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні.
2. Мемлекет жəне құқық теориясының əдістері.
3. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы.
4. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теория-сының орны.
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні.Əрбір ғылым-ның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объек-тивтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теория-сының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктерді зерттейді.
2. Мемлекет жəне құқық теориясының əдістері.Ғылым əдісі – бұл пəнді түсінуге мүмкіндік беретін тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет жəне құқық теориясы өз пəнін зерттеу үшін көптеген əдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:
1. Жалпы əдістер – ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға мыналар жатады:
а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мəңгілік жəне өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;
ə) диалектика. Өз ішінде материалистік жəне идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сəйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік жəне субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір
сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.
2. Жалпы ғылыми əдістер – жалпы əдістер сияқты бүкіл ғы-лыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезең-дерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:
а) талдау – күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;
ə) синтез – құбылысты оның құрамдас бөліктерін шартты түр-де біріктіре отырып зерттеу;
б) жүйелік əдіс – объектінің тұтастығын ашуға, ондағы əртүрлі байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;
в) функционалды əдіс – бір əлеуметтік құбылыстардың екінші-леріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.
3. Жеке ғылыми əдістер – мемлекет жəне құқық теориясының техникалық, жаратылыстану жəне гумантарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нəтижесінде пайда болатын əдістер. Оларға мыналар жатады:
а) нақты-əлеуметтанушылық əдіс – сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың жəне т.б. тəсілдердің көмегімен мемлекеттік-құ-қықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы тура-лы мəліметтер алуға мүмкіндік береді;
ə) статистикалық əдіс – нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;
б) кибернетикалық əдіс – кибернетиканың түсініктері, заңдары жəне техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
4. Жеке құқықтық əдістер – тек заң ғылымдарына ғана тəн болып келеді, оларға мыналар жатады:
а) формалды-заңды əдіс – заң түсініктерін,олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге жəне т.б. мүмкіндік береді;
ə) салыстырмалы-құқықтық əдіс – əртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы жəне арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді.
3. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы.Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пəндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) тех-никалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гумани-тарлық ғылымдар.
Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, əлеуметтік қаты-
настар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары – гуманитар-лық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық əлеуметтік институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады:
– мемлекет жəне құқық теориясы;
– тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет жəне құқық тарихы, саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы);
– салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық, қылмыстық жəне т.б. құқық салалары);
– қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы жəне т.б.).
Мемлекет жəне құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүй-есінде бола тұра, философиямен, əлеуметтанумен, саясаттанумен жəне т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның кө-мегімен мемлекет жəне құқық теориясының дүниетанымдық ба-ғыттары қалыптасады, оның нəтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы əдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет жəне құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар үшін нақты материалдар береді.
4. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне құқық Тео-риясының орны.Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мем-лекет жəне құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тəн ортақ белгі – олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырма-шылықтары мынада – тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тəртіпте зерттесе, мемлекет жəне құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мəнін, олардың қызмет ету заңдылықтарын жəне т.б. зерттейді.
Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет жəне құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді; ол мемлекет пен құ-қықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңды-лықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пəні қо-ғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет жəне құқық теориясы барлық салаларға ортақ мəселелерді зерттейді, яғни, мемлекет жəне құқық теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады.
№ 2 кесте
№ 3 кесте Мемлекет жəне құқық теориясының пəні — мемлекет пен құқықтың пайда болуының, əрекет етуінің жəне дамуының жалпы заңдылықтары Мемлекет жəне құқық теориясының əдістері — бұл пəнді тануға бағытталған əдістер мен тəсілдер Жалпы əдістер Метафизика Диалектика Материалис-тік Идеалистік Ортақ ғылыми əдістер Анализ Синтез Жүйелік Функцио- налдық Жеке ғылыми əдістер Нақты-əлеуметтік Статистика-лық Тарихи жəне т.б. Жеке құқықтық əдістер Формальды заңдық Салыстыр-малы құқықтық Заң ғылымдарының жүйесі Жалпы теориялық заң ғылымы ↓ мемлекет жəне құқық теориясыМемлекет пен құқық туралы жалпы тарихи ғылымдар↓ - Мемлекет жəне құқық тарихы; -Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы;Салалық заң ғылымдары↓ - Конституциялық құқық; - Əкімшілік құқық; - Азаматтық құқық; - Қылмыстық құқық жəне т.б. Қолданбалы заң ғылымдары↓ - Криминалистика; - Сот медицинасы; - Сот психиатриясы жəне т.б.
3 тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама.
2. Мемлекеттің пайда болу себептері.
3. Мемлекеттің пайда болу нысандары.
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама.Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді жəне қандық туыстыққа негізделді;
- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, əскербасылары жəне т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мəселелерін шешіп отырды.
2. Мемлекеттің пайда болу себептері.Мемлекеттің пайда бо-луы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі, этнография жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері тура-лы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:
1. Діни теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.
2. Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отба-сымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің ең-бектерінен тапты.
3. Шартты теория – ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мем-лекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостан-дықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
4. Күштеу теориясы – мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу əрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.
5. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тəуелділікті сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қата-рынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бө-ліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет – биология-лық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.
7. Ирригациялық теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қа-наушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақ-тардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.-А.Вит-тфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
8. Материалистік теория – мемлекеттің пайда болуын əлеумет-тік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады.
Бұл теорияның өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин –мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау жəне бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
3. Мемлекеттің пайда болу нысандары.Мемлекеттің қалып-тасуы – əртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста «өндірістің азиялық тəсілі» (Египет, Вавилон, Үн-дістан, Қытай жəне т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның əлеуметтік-экономикалық бөліктері – жердік үлес, ұжымдық меншік жəне т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауым-дастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины – мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар –патрицийлерге қарсы күресінің нəтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам əлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мəні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік жəне жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен жəне азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.
№ 4 кесте
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
№ 5 кесте Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің ерекшеліктері Билік рулық қауымнан, рудың барлық ересек мүшелерінен туындайды Ақсақалдар əскери қолбасшылар, абыздар ру мүшелерінің жиналысымен сайланатын болды, олар биліктік функцияларды ру мүшелерінің жиналысының бақылауымен жүзеге асырды, жəне кез келген уақытта жиналыс мүшелерімен орындарынан алынуы мүмкін болатынТек қана басқарумен айналысатын арнайы аппарат болған жоқ Теологиялық –биліктің құдайдан пайда болғандығы туралы пайымдайды Фома АквинскийПатриархалды –мемлекеттің пайда болуын тікелей жанұяның таралуымен байланыстыра қарастырады Аристотель, ФилмерШарттық –мемлекет қоғамдық шарт негізінде пайда болды Г.Гроций, Т.Гоббс, Ж.-Ж. Руссо, А.РадищевКүштеу теориясы –мемлекет ішкі (экономикалық жəне саяси) жəне сыртқы күштеу (біреудің екіншісін жаулап алуы) нəтижесінде пайда болады Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. КаутскийПсихологиялық –мемлекет адамдардың ұйымдасқан қоғам ұжымдық арақатынас аясында өмір сүру жөніндегі психологиялық қажеттіліктері нəтижесінде пайда болды Л. Петражицкий, Г. ТардОрганикалық– қоғам мен мемлекет, тірі адам ағзасы тірі жасушалардан тұратын сияқты, адамдардан құралатын қоғамдық ағзаны білдіреді Г.Спенсер, Х.ПрейсИрригациялық –мемлекеттің пайда болуы шығыс аграрлық облыстарда ірі ирригациялық құрылымдарды салу қажеттілігімен байланыстырылады К.-А. ВиттфогельМатериалистик (таптық)– мемлекеттің пайда болуы əлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға
4 тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ МƏНІ
1. Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері.
2. Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.
3. Мемлекеттің мəні.
1. Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері.Мемлекет – бұл ар-найы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқа-ралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажыра-татын төмендегідей белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің бас-қару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-мелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-лық адамдарды өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.
3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.
4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік.
5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.
2. Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ре-тінде.Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын əлеу-меттік билікке анықтама беріп алу қажет. Əлеуметтік билік – бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың – билік құрушылардың – еркі мен əрекеттері басқа тұлғалардың – бағынушылардың – еркі мен əрекеттеріне үстемдік құрады. Əлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дəрежеде тұрақты адамдар тобына – руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қо-ғамға жəне т.б. тəн.
Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мəжбүрлеуге сүйенген, субъек-тілер арасындағы үстемдік жəне бағынушылық сипаттағы бұқа-ралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді жəне өз қызметінде бұқаралық негізге – қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.
2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді жəне олар арқылы жүзеге асырылады.
3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.
4. Егеменді билік–ол кез-келген биліктен дербес жəне тəуелсіз.
5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді жəне қоғам-дық тануды иеленген.
Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік жəне сот билігі.
3. Мемлекеттің мəні.Мемлекеттің мəнін түсіну мемлекет жəне құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табы-лады. Мемлекеттің мəні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мəнін бұл түсініктің кең жəне тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің əлеуметтік мəнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұ-тастығы сəйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынас-тарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар не-гізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің əлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен əлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші əрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің əртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анық-тайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мəнін қарас-тыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
2) мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мəнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сəйкес мемлекетті экономикалық үстемдік
құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы əлеуметтік, бұған сəйкес мемлекетті əртүрлі класстар мен əлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасай-тын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мəні саяси билік аппаратының көме-гімен қоғамның тұтастығын жəне қалыпты қызмет етуін қамта-масыз етуден көрінеді.
№ 6 кесте
№ 7 кесте
Мемлекетті түсінудің əртүрлілігі Мемлекет – басқару мен мəжбүрлеуді жүзеге асыратын арнайы аппараты бар. Жария биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы. Бұл ұйым қоғамды білдіре отырып, заңдардың көмегімен осы қоғамды басқарады жəне оның интеграциясын қамтамасыз етеді.Мемлекет белгілері:1) жария биліктін болуы; 2) тұрғындардың аумақтық бөлінуі; 3) салық жүйесі; 4) егемендік; 5) құқық. Аристотель –азаматтардың барлық ой жəне адамгершілік мүдделерін топтастыру Цицерон –ортақ құқық бастамаларымен жəне ортақ пайдамен біріккен адамдар одағы Коркунов, Шершеневич, Трубецкой –белгілі бір аумақ шегінде ерікті адамдарға жеке дара мəжбүрлі билік етуді білдіретін қоғамдық одақГумплович –белгілі бір тəртіпті қорғауға арналған табиғи жолмен пайда болған билік ету ұйымыЕллинек –заңды субъект болып табылатын жəне құқықтарды иеленетін тұлғалардың мақсатты біртұтастығы
№ 8 кесте Мемлекеттің əлеуметтік мақсаты Құқықтық тəртіпті, адам бостандықтары мен құқықтарын қорғау Қоғамның əртүрлі таптары тарапынан қолдау тапқан шешімдерді жүзеге асыру Əлеуметтік қарама-қайшылықтарды жою Бейбітшілікті сақтау, қарулы қақтығыстардың алдын алу Əлеуметтік тіл табысушылыққа қол жеткізу, халықтың əртүрлі топ тарының мүдделерін ескеру мен үйлестіру
5 тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
1. Мемлекет функцияларының түсінігі.
2. Мемлекет функцияларының түрлері.
3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары.
1. Мемлекет функцияларының түсінігі.Мемлекет функция-лары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мəні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мем-лекеттің мəніне тəуелді болып келеді жəне оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары – ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
2. Мемлекет функцияларының түрлері.Мемлекет функция-ларын түрлерге бөлуді əртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) əрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты жəне уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуы-ның барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз əрекетін жояды.
ə) маңыздылығына қарай – негізгі жəне қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына бай-ланысты – ішкі жəне сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функ-цияларға мыналар жатады: адам жəне азамат құқықтары мен бос-тандықтарын қорғау, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету функция-сы, экономикалық функция, салық салу функциясы, əлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция жəне мəдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыт-тары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тəртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттер-мен одақтасу функциясы жəне т.б.
3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары– бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық жəне ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қыз-мет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі мəселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға жəне кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға жəне т.б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-дың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеп-пен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық жəне шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабыл-данған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен жəне т.б. байланысты мемлекеттің əртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күн-делікті тəрбие жұмысы. \
№ 9 кесте
6 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІ
1. Мемлекет механизмінің түсінігі.
2. Мемлекет механизмінің құрылымы.
3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жəне оның қыз-метінің қағидалары.
4. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері.
1. Мемлекет механизмінің түсінігі.Əдетте заң əдебиеттерінде «мемлекет механизмі» жəне «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппара-тының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушы-лық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сəйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тəжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табы-лады жəне мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байла-нысты қызмет;
ə) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жү-зеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақы лаумен жəне қадағалаумен, кінəлі тұлғаларды заңды жауапкер-шілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.
2. Мемлекет механизмінің құрылымы.Бұл құрылымға мына-лар кіреді:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы жəне өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мəдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы əлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кəсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық,қаржылық жəне күштеу құралдары.
3. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жəне оның қызметінің қағидалары– бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын анықтайтын баста-машылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сəйкес, мемлекеттік қыз-метшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы жəне қорғауы тиіс;
2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді;
3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз əрекеттерді болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметші-лердің Конституцияны, заңдар мен заңға сəйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тəжірибелік қызметіне қатысты құқық субъекті-лерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;
6) кəсібилік қағиадсы, бүл қағида мемлекеттік аппарат қыз-метінде мейлінше кəсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды,
7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық жəне бюрократиялық бас-тамаларының саналы сəйкестігін қамтамасыз етеді;
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орта-лықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;
9) бағыныстылық (иерархичность) қағидасы, бұл қағида мемле-
кеттік органдардың мемлекеттік аппараттағы əртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.
4. Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері.Мемле-кеттік орган – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы жəне осы мақсатта сəйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме. Əрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі: а) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер; ə) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі; б) өзіне тəн ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік бағыныстылық жəне қызметтік тəртіп жүйесі; в) биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті əрекеттерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мем-лекет органдары өкілдік, атқарушылық, сот, прокурорлық жəне басқа да бақылаушы-қадағалаушы органдар болып бөлінеді.
2. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шыға-рушы, атқарушы жəне сот органдары.
3. Қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқықшығару-шы, құқыққолданушы жəне құқыққорғаушы органдар.
4. Бағыныстылық деңгейіне байланысты – республикалық жəне жергілікті органдар.