Мемлекеттік құрылым формалары – бұл
Қазiргi мемлекеттердiң формалары. Әлемдегі елдердің саяси-мемлекеттік құрылысының әртүрлі формалары. Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың 4 формасы қалыптасып отыр: республикалық, монархиялық, бірлестік, «бұқараның мемлекеті».
Дүние жүзінде 127 республика бар. Бұл жалпы мемлекеттер санының төрттен үш бөлігі. Басқарудың бұл түрін - прогрессивтік және демократиялық формасына жатқызады. Бұл форманы өткен ғасырда Латын Америкасы елдерінің көбі қалап алды, осы ғасырдың басында Азиядағы бұрынғы отарлардың бәрі дерлік республикалық басқару формасын қабылдады. Оның ең ірілері: Үндістан, Индонезия, Вьетнам, Филиппин және т.б. қазіргі Американың 52 мемлекетінің - 48-і республика. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Италия, Грекия және мыңдаған жылдар бойына монархиялық формадағы басқаруда болып келген Египет, Эфиопия, Иран көшті.
Республикалық басқару формасындағы мемлекеттердің жүргізетін саясатында, әлеуметтік жағдайында, тағы басқа қатынастарында көптеген айырмашылықтар бар. Мысалы, Швейцария және Джибути, Франция, Иран, Аргентина және Гаитиді салыстыруға болады.
Қазіргі монархиялық басқару формасындағы елдердің саны 30: Америкада монархиялық басқарудағы ел жоқ, мұхиттық аралдарда - 2, Африкада - 3, Азияда - 13, Еуропада - 12. Еуропадағы бір елдің басқару формасы таласты. Ол Андорра: Франция мен Испанияның аралығында орналасқан небәрі 6 селолық қауымнан тұратын кішкентай ғана мемлекет. Іс жүзінде республика, формальді түрде конституциялық монархия, князьдік. Халықаралық мамандар Андорраны монархияға жатқызады. Жапония империясы монархияға жатады. Қалған көптеген монархиялар - корольдік, бірнеше князьдіктер, сұлтандар. Кейбір монархиялық формалардың республикаға ұқсайтын элементтері бар. Мысалы, Малайзиядағы монархты сұлтандар өз ортасынан 5 жыдық мерзімге сайлайды. Біріккен Араб Эмиратында эмирлердің кеңесінде мемлекет басшысы - президент 5 жылға сайланады. Көптеген мемлекеттер конституциялық монархия, бірақ бұрынғысынша абсолюттік монархиялықтар болмайды, монархтың жарлығымен жұмыс істейді. Еуропада абсолюттік теократтық монархия тек қана Ватиканда, ал Азияда мұның саны көп: Оңтүстік - Шығыс Азияда - Бруней, Оңтүстік Азияда - Бутан, Сауд Аравиясы, Оман, Біріккен Араб эмираты, Катар, Оңтүстік-Батыс Азияда - Бахрейн және Кувейт.
Мемлекеттік басқарудың үшінші формасы - бірлестік. Оған - Канада, Австралия жатады. Бірлестікке басшылықты Ұлыбритания жүргізеді. Бірлестікке кіретін елдердің саны 50, олар барлығына ортақ поблемаларды екі жылда бір рет өтетін конференцияда талқылайды. Оған премьер-министрлер қаржы министрлері қатысады. Бірлестіктің бәріне бірдей ортақ конституциясы, одақтың шарттары, ресми тулары жоқ. Халықаралық ұйымдардың жұмысына мысалы, БҰҰ т.б. қатыспайды. Бірлестіктің мүшелері қалаған уақытта бірлестіктен ешқандай кіріссіз шыға алады. Осы мүмкіндіктер Бирма, Ирландия, Пәкістан пайдаланды. Бірлестікке кіретін барлық мемлекеттер өздерінің ішкі сыртқы істерінде толық егемендікте. Конференцияның шешімдеріне қарсы дауыс берген мемлекеттер қабылданбайды. Бірлестікке мүше елдердің көпшілігінің басқару формасы республика. Мысалы, Үндістан, Бангладеш, Нигерия, Гана, Замбия, Зимбабе, т.б. келесі бір елдері монархты. Оларға Ұлыбритания, Малайзия, Бруней, Свазилент, т.б. Бірлестіктегі елдер өз еріктерімен мемлекет басшысы деп Ұлыбританияның корольдігін таниды. Олардың кейбіреу Ұлыбританияның жалауын пайдаланады. Мысалы, Жаңа Зеландия ағылшынның «Құдайым королеваны сақтасын» деген әнұранын, ағылшынның ордендерін қолданады, оны Жаңа Зеландияның үкіметінің ұсынысымен Ұлыбританияның королевасы наградтайды. Барлық елдерді әртүрлі дәрежеде Ұлыбританияның саясатына, заңына, тіліне, мәдениетіне, тұрмыстағы салттарына бағынады. Осындай ерекшеліктеріне қарай мемлекеттің бұл басқару формасы қазіргі кезде халықаралық саяси жағдайда өзін-өзі ақтаған басқару формасы деуге болады.
Басқарудың 4-формасы бір ғана елде - Ливияда бар. 1977 жылы Ливияда орнатылған мемлекеттік басқарудың жаңа формасы, араб тілінен аударғанда шартты түрде «бұқараның мемлекеті» дегенді білдіреді. Елдің толық аты - Социалистік халықтық Ливия Араб Джамахириясы.