Азақтың етті-жүнді биязылау қой тұқымы.

1945-1950 жылдарда Академик В.А. Бальмонт пен академик М.Ә. Ермековтердің басшылық етуімен қазақтың етті-жүнді биязылау жүнді қой тұқымының негізі қаланды. Ол былай басталды. Қазақтың биязы жүнді қой тұқымын шығару үшін жергілікті жетісу құйрықты қылшық жүнді қойлары прекос тұқымының қошқарларымен будандастырады. Соның барысында Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында 1-ші және 2-ші ұрпақ малдары негізінен біркелкі-біртекті биязылау жүнді болып шықты. Олардың жүн сапасы 60-58, кейбірі 56 болды. Осындай қойларды таңдап табиғаты қатал, жайылымы сирек шөл-шөлейт жерлерде өсіру үшін іріктеліп-сұрыпталып алынды. Ұнамды типтісі қойлар ірі, мықты, дене бітімі жақсы жергілікті жайылым жағдайына бейімді, дені сау, тез жетілгіш, жүнді-етті өнімділігі жоғары, ұзын камвольдық биязылау жүн беруі тиіс еді. Ол малдардың аталық 90-100 кг, жүн түсімі 4-4,5 кг және 6-6,5 кг, сапасы 58-56 ұзындығы 9-10 см кем болмауы тиіс деген талап қойылды. Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында осы талаптарға сай 600 қой таңдап алынды. Сол шығарылып жатқан жаңа тұқым малдардың бойында жергілікті құйрықты қойдың қатаң табиғат жағдайында өз бойына сіңірген қасиеттерін ұрпақтарында сақтап қалу көзделді. Сол үшін бұл будан малдар да қатаң жайылым жағдайында жыл бойы бағылып өсірілді.

Академик В. А. Бальмонт қойдың дене бітімін, өміршеңдігін, қоршаған ортаға қажетті қасиеттерін сақтап дамыту үшін бірінші және екінші ұрпақтың ішіндегі ұнамды малдарды “өзара” бірақ жақын туыстық емес жағдайда өсіру әдісін қолданып соларды зауыттық будандастыруды жүргізді. 1950 жылдың аяғына ұнамды қой отары 1000 басқа жетті және олардың өнімділігі де қанағаттанарлық дәрежеде болды.

42 – кесте. Қазақтың етті-жүнді қойларының аналықтарының өнім көрсеткіштері(Мыңбаев шаруашылығы)

Жыл-дар Мал саны Күздегі тірі салмағы, кг Қырқылған жүн, кг Жүн ұзындығы, см
Ор та-ша Ауыт-қуы Орта-ша Ауыт-қуы Орта-ша Ауыт-қуы
Ересек саулықтар
66,2 42-85 3,83 1,7-5,6 10,0 6-16
67,1 55-88 4,21 2,2-6,1 10,2 7-15
66,1 46-82 3,87 2,5-6,1 9,8 7-14
62,5 46-84 3,93 2,2-5,8 9,8 7-14
2,0-2,5 жастағы саулықтар
61,1 48-80 4,12 2,4-5,6 10,1 8-13
64,5 49-85 4,26 2,8-6,1 9,9 7,5-14,5
61,0 46-82 3,93 2,5-5,5 9,4 6,5-14
59,2 43-76 3,85 2,5-5,5 9,3 7,5-11,5
1,0-1,5 жастағы ұрғашы тоқтылар
59,4 45-47 4,03 2,7-5,5 10,1 7-18
56,9 43-73 2,96 1,6-4,9 9,5 7-13
55,8 42-70 3,80 2,3-5,1 9,8 7-17
50,9 37-64 3,69 2,8-,5 8,9 7,5-12
                 

Бұл кестеде көрсеткіштер малдың өнімділігін (еттілік, жүндік) жақсартудың потенциалдық мүмкіндігі жоғарлығын көрсетті.

1945-1950 жылдары отарда пайдаланылған аталық қошқарлардың тірі салмағы 94-102 кг, жүн түсімі 7,35-6,77 кг, ұзындығы 11,5 см болды. Жалпы отарлардағы қойдың 78,3% қойылған талаптарға сай өнімділік көрсетті. Жүндері ұзын, камвольды, 58-56 сапада болды. Зертхана қорытындысы бойынша жүн ақ, біртекті, жабағысы жабық, құрылымы штапельді биязы жүннен ірілеу, шайыры аздау, иректігі ірілеу деп бағаланды.

Осындай өнімділігінің жоғарылауымен бірге малдың шаруашылық қасиеттері, оңтүстік–шығыстың шөл-шөлейт жайылымына төзімді, ұзақ айдап жайылуға көнбіс, әр түрлі құрғақ жайылымға бейімделген қой екендіктерін де көрсетті.

Элита саулықтары мен тоқтылары бұдан да жоғары өнімділік көрсетті: ересек саулықтар орта салмағы 62,2 кг, ең жақсылары 82 кг жетіп, 4,14-5,8 кг жүн берді. Оның ұзындығы ортасы 10,2 см, таңдаулысы 14,5 см болды, ал 2,25 жастағылар тиісінше 60,1; 70,0; 4,11-5,4; 9,6-11 болса, тоқтылары 52,2; 64,0; 4,04-5,5; 10,3-11,5 жетті.

Осы кезде өнеркәсіптің кроссбред және кроссбред типтес ұзын биязылау жүнге сұранысының күрт өсуіне байланысты 60-шы жылдардан бастап бұл қойларды линкольн қошқарымен кіріспе будандастырды. Бірақ өсіруге таңдалған малдың жергілікті жерге, жайылымға бейімділігі мен өміршеңдігі сақталып отырылды. Бұл жерде өте жоғары өнімді, жергілікті жерге бейімді үш қошқар линкольн буданынан өсірілгенін айту керек. Олардың орта салмағы 105,7 кг, жүні 8,47 кг (жуғанда 5,3 кг), сапалары 56-50 және 46, ұзындығы 17 см, біртекті болды. Осы қошқарлардың жүнінің сапасын, ұзындығын жақсартуда орны жоғары болды. 1966 жылы биязылау жүнді бұл қойлардың саны 2758 басқа жетті. Осындай биязылау жүнді-етті қойларды көбейту үшін төлді жерде орналасқан Т. Бокин кеңшарына біраз қойлар берілді. Бұл кеңшарда биязылау жүнді қойларды тездетіп көбейту үшін жергілікті қазақтың биязы жүнді саулықтары етті-жүнді биязылау қойдың қошқарларымен шағылыстырылды. Бұл жұмысты профессор Касымов К.М. басқарды. Салыстырмалы ғылыми-шаруашылық тәжірибелер биязылау қойлардың өміршеңдігін, төлшілдігін көрсетті. Биязылау жүнді қойлардан 115-117 қозы, ал биязы жүнді қойлардан 105-106 қозы алынды. Өміршеңдігі биязылау жүнді қойлардың 6,0-13,3% жоғары болды, тірі салмағы 4-5 кг, ал ұшасы 11,4-13,3 кг басым болды. Ұдайы іріктеу, сұрыптау, нысаналы жұптаудың нәтижесінде бұл қой көбейіп, Алматы облысының шөл-шөлейт аймағына тарады.

Наши рекомендации