Осман империясы құрылымы. Осман империясы орта ғасырдағы әскери-феодалдык құрылымдағы мемлекет болды

Осман империясы орта ғасырдағы әскери-феодалдык құрылымдағы мемлекет болды. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. I Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжактарға бөлінді. Уәлаяттарды бейлер басқарды. Олар санжактарға да билік жүргізді. Ол азаматтық және әскери басқару түрінде жүргізілді. Бұлар сонымен бірге өз аймақтарында ірі жер иелері болды. Феодалдық иерархиялық жүйеге кірді. Осман империясында coт жуйесі де болды. Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Сот ісін жүргізу орталықтандырылып, жоғарғы сот уәзірдің қолында болды. Діни бағыттағы сот істерін - шейх-уль-ислам жүргізді.

Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды:

· 1) Рухани феодалдар;

· 2) Әскери феодал;

· 3) Көпестер мен қала тұрғындары;

· 4) Шаруалар. Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды.

Түркияда жер мемлекет меншігі саналды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Олар сұлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір оскер шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер басшылары мен шенеуніктер неғұрлым ірі лендерді - хассаларды алып отырды. Халықтың ендігі бір бөлігі - феодалдық тәуелді шаруалар өздерінің жер үлестерін мүрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық – харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.

Сұлтанаралық (1402-1413)

I Баязит қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір жаулап алған Османлы Сұлтандығында ортақ билеуші болмайды. I Баязитте үш баласы өзін сұлтан деп жариялайды: Иса Бұрсада, Сүлеймен Эдирнеде, ал Мехмет Батыс Анадолыда. Бұл жағдай сұлтанаралыққа әкеп соқты. 1405-1406 жылдары Мехмет Исаны жеңіп, Бұрсаны басып алады. Кейін 1411 жылы I Баязиттің ортаңғы ұлы Мұса да өз ағасы Сүлейменді жеңіп, Румелияда (осм. Rumeli) өзін сұлтан деп жариялайды. Тірі қалған екі ағайындылардың шешуші шайқасы 1413 жылы болды. Сол шайқаста Мехмет жеңеді, ал жеңілген Мұса Валахияға қашып, сонда қайтыс болады.

Өркендеуі (1413-1453)

I Мехмет (1387-1421) сұлтанаралықтан жеңімпаз болып шығып, өзін күллі Османлы Сұлтандығының сұлтаны деп жариялайды. Ол Анадолыдағы бейліктердің бәрін (Қараманнан басқа) қайта жаулап алады. Сонымен, Османлы Сұлтандығы қайта өз қалпына келе бастайды. I Мехмет 1421 жылдың 26 мамырында қайтыс болады.

II Мұрат (1404-1451) 1422 жылы Константинопольды қоршайды. Бірақ сол кезде османлыларда флот та, артиллерия да болған жоқ. Бұған қарамастан олар Византия елордасына шабуыл жасап, көп жауынгерлерінен айырылады. Оған қоса Анадолыдағы бейліктер жаңа бүліншіліктерді бастайды. Сондықтан II Мұрат Константинополь қоршауын тоқтатады. Бүліншіліктерді басқан соң, ол Балқан түбегіндегі жерлерге бірнеше жорық жасайды. Балқандарда олар кейбір жеңістерге қол жеткізеді. Қожа Сұлтан Мұрат Эдирне қаласында 3 ақпан 1451 жылы мерт болады. Оның баласы әйгілі әскербасы әрі саясаткер II Мехмет ізбасары болады.

Зончио шайқасы — кемелерден зеңбірек атылған алғашқы теңіз шайқасы

Дамуы (1453-1579)

II Мехмет (1432-1481) 1453 жылы Шығыс Рим империясының елордасы Константинопольды жаулап алып, мемлекетті толығымен жояды. Сұлтан Константинопольмен шектелмей, Еуропаның басқа да жерлерін жаулауға кірісті. Бірақ оның жасы мен денсаулығы оның көптеген жоспарларына кедергі болды. 1481 жылы ол Гебза қаласында мерт болды.

Османлылардың Мохач шайқасындағы жеңісі — өз заманындағы ең жылдам жеңіс (2 сағат)

I Сәлім (1467-1520) 1517 жылы Мысырдағы мәмлүктердің мемлекетін жояды. Сол жылы сұлтан өзіне «халиф» атағын алады. Енді бұл атақ келесі османлы сұлтандардың да атағы болады. Осылайша Ұлы Османлы Мемлекеті «Халифат» атанады. I Сәлім өзінің бар-жоғы 8 жылдық (1512-1520) билік жүргізген заманында Күрдістанды, Шамды, Алжирды, Мысырды, Мекке мен Мединені жаулап алды.

I Сүлеймен (1494-1566) 1526 жылы Мохач шайқасында 55-60 мыңдық әскерімен мажарлар, чехтар, поляктардың 38-41 мыңдық әскерін екі сағат ішінде ғана толығымен жеңеді. Соғыс барысында Мажарстанның патшасы II Лайош батпаққа батып мерт болады. Соғыстың нәтижесінде османлылардың еуропадағы беделі арттырылды. I Сүлеймен өзінің 42 жылдық (1520-1566) билік жіргізген заманында Босния және Герцеговинаны, Славонияны, Мажарстанды, Молдованы, Иракты, Бахрейнді, Ливияны, Тунисті жаулап алды. I Сүлейменнің тұсында османлылардың билігі шарықтауының шыңына жетті. Ұлы Сұлтан 7 қыркүйек 1566 жылы Сигетвар қоршауы кезінде қаза табады. Бірнеше аптадан кейін оны Сүлеймение мешітінде жерлейді.

I Сүлеймен қайтыс болғаннан кейін, оның жалғыз тірі қалған ұлы II Сәлім (1524-1574) таққа отырады. Оның тұсында сарайдағы әйелдер османлы саясатына үлкен ықпал тигізді. Сонын ішіндегі ең көрнектісі сұлтанның әйелі Хасеки Нұрбану Сұлтан болды. Осылайша «Қатындар Сұлтандығы» (1566-1656) заманы басталды. Осы заман тұсында Османлы Сұлтандығы әлсіреп, дағдарысқа ұшырай бастады. II Сәлім 1574 жылдың 21 желтоқсанында Топқапы сарайында қайтыс болды.

Алайда шын мәнісінде II Сәлім тұсында елдегі ең беделді адам — садрағзам Соколлы Мехмет паша (1506-1579). II Сәлімнің билік құруы кезіндегі елдің дамуы осы садрағзамның арқасында болды. Ол Сары Сұлтанөлгеннен кейін тағы 5 жыл садрағзам болды. 1579 жылдың 11 қазанында садрағзамның қайтыс болуы Тоқырау жылдарына бастама болды.

Тоқырауы (1579-1699)

Көптеген көтерілістер мен бүлікшіліктерден әлсіреген Османлы Сұлтандығын көрген Тұрхан Қадиша сұлтан өз баласы сұлтан IV Мехметке Көпірлі Мехмет пашаны (1575-1661) садрағзам етіп тағайындауға кеңес берді. Көпірлі Мехмет пашаның саяси жетістіктері осыған себеп болды. Сөйтіп, 1656 жылдың 15 қыркүйек күнінде Көпірлі Мехмет паша садрағзам етіп тағайындалады. Бұл оқиға «Көпірлілер заманының» (1656-1710) бастамасы болды. Көпірлі Мехмет паша өзінің тағайындалуына дейін сұлтанға бірнеше шарт қойды:

· Садрағзамның шешімі қайта қарастырылмайды;

· Садрағзам өз еркінмен шенеуліктерді тағайындайды, марапаттайды және қызметтен босатады;

· Садрағзам сұлтанның кеңесісіз шағымдарға қатысты шешімді өзі қабылдайды;

· Сарайда ешкім де саясатқа араласпайды.

Көпірлі Мехмет паша өзінің 5 жылдық (1656-1661) билік жүргізген заманында Крит пен Шанаққала жерлерінде Венецияға қарсы сәтті соғыс жүргізді, Лемнос пен Тенедос аралдарын жаулап алды, секта Кадизаделидің, Трансильванияның, Абаза Хасан пашаның бүлігін басты, өзінің қарамағына саясаткерлер мен әскербасыларды жинап алды, және «лауазымды сатып алу» салтын біржолата тоқтатты.

Көпірлі Мехмет паша қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтары оның саясатын жалғастырды. Көпірлілер басқарған заманда Османлы Сұлтандығының ішкі және сыртқы саясатында тұрақтылық болды, және биліктің беделі қайта өрлей бастады.

Әлсіреуі (1699-1792)

1699 жылдың 26 қаңтарында Карловци бітім шарты жасалды. Бұл бітім шарт бойынша Венецияға Морея мен Далмация, Аустрияға Мажарстан мен Трансильвания, ал Польшаға Подолье өтті. Бұл оқиға елдің Әлсіреу дәуірінің бастамасы еді. 1700 жылдың 14 шілдесінде жасалған Константиние бітім шарты бойынша Ресейге Азов өтті.

1718-1730 жылдар османлы тарихында "Қызғалдақ дәуірі" деген атаумен әйгілі. Сұлтан III Ахмет пен садрағзам Наушаһарлы Дамат Ибраһим паша басшылығымен елде ғылым, өнер, мәдениет және экономиканы дамыту мақсаты үлкен іс-шаралар ұйымдастырылды. Ғалым Ибраһим Мутеффериқа алғаш османлы типографиясын ашты. Алайда осындай жаңартуларға қарамастан османлы халқына, әсіресе дінбасылар мен жаңа шеріктерге садрағзам саясаты ұнамады. Патрон Халил төңкерісі нәтижесінде 1730 жылдың 1 қазанында садрағзам Ибраһим паша өлім жазасына кесілді, ал келесі күні сұлтан III Ахмет тақтан тайдырылды.

Ыдырауы (1792-1922)

3 қараша 1839 жылы сұлтан I Әбділмәжит (1823-1861) «Шәріп Хат» (осм. Hatt-ı Şerif-î) жарлығын шығарды. Оның авторы садрағзам Қожа Мұстафа Рәшит паша болды. Бұл жарлықтың оған дейінгі жарлықтардан ерекшелігі — оның әскери емес, қоғамдық және экономикалық өзгерістері. Жарлықта сот отырыстарды жариялылық ету, алым-салықты дұрыс төлеттіру, құрлықтағы және теңіздегі әскерлердің шығының белгілеу және т.б. жаңартулар болды. Бірақ сол кездегі еш өзгерістерді қаламаған төрешілдердің жаңартуға қарсылық көрсетуі, османлы қоғамының ортағасырлық көзқарастары, жемқорлық және т.б. себептермен «Шәріп Хат» орындалмады.

VI Мехмет (1861-1926) 1922 жылы тақтан безіп, елден біржолата қашады.

Жас түріктер

XIX ғасырдың соңында жаңартудың жаңа толқыны түріктердің ұлттық қозғалысы түрінде көрініс берді. Түріктердің ұлттық қозғалысы XIX ғасырдың 50-60 жылдарында басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңінде артушылық сипаты басым еді. «Жаңа Османлылар» ұйымының мүшелері мен белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемел (түр. Namık Kemal) бастаған бірқатар зиялы топтар түрік тілінің дамуы мен оның әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне, ағарту ісіне зор үлестерін қосты. Ендігі реформалық қозғалыс толқынының өкілдері империяның тұтастығын сақтау шараларын іздестірді. 1889 жылы Ыстамбұлда «Бірлік және өрлеу» (осм. İttihâd ve Terakkî) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлімдері провинциялары мен шетелде де құрылды. Ұйымның алға қойған жақын арадағы мақсаты — конституциялық мемлекет құру болатын. Реформалық шаралар жүргізіп, елдің экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты жаңарту көзделді. Бұл қозғалыстың өкілдері Жас түріктер (түр. Jön Türkler) деп аталды.

XX ғасырдың басында Османлы Сұлтандығының халықаралық жағдайы нашарлап, мемлекет күйреу алдында тұрған кезде Жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде Батыс державалардың Македонияны Османлы Сұлтандығынан бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әскерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түріктер төңкерісінің басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы 2 шілдеде 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген Жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатты. 1909 жылы Жас түріктер II Әбділхамитті тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмет сайланды. 1908 жылғы Жас түріктер төңкерісінің нәтижесінде Османлы Сұлтандығының билік түрі абсолюттік монархияданконституциялық монархияға ауысты.

Өкіметке келген Жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық билікке көшу елдің шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерімен тіл табыса алмаған Жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Аустрия-Мажарстан Босния және Герцеговинаны аннексиялайды. 1911 жылы Ливиядағы османлы иеліктерін Италия басып алады. Османлы үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған Жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет мемлекетті сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Османлы Сұлтандығының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алады. Тек Ыстамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалады. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген Жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Әнуар бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған Жас түріктер мемлекеттің күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны арқа тұтқан Османлы Сұлтандығы бірінші дүниежүзілік соғыста үштік одақ жағында болады.

Османлы тұғрасы

Тұғралардың атқаратын қызметін Ежелгі Мысырдағы картуштардың қызметіне ұқсас болғандығын айта кету керек. Әр османлы сұлтанының өзінің жеке тұғрасы болған.

Тұғра сұлтан билік басына келген кезде жасалып, оны сарай хұснихатшысы (түр. nişancı) жазба құжаттарға таңбалап салатын болған. Ең алғашқы тұғра Ұлы Османлы Мемлекетінің екінші билеушісі Орханға (1284-1359) тиесілі болған. Дами отырып, тұғралар I Сүлеймен (1494-1566) кезіндегідей өзінің классикалық кейпіне түсті.

Тұғраның өзіндік ерекше бір пішіні болған: сол жағында екі имегі, ортасында үш тік сызығы, түбінде ықшамдалған жазуы және оң жағында екі ұзын бөлігі. Осы бөліктердің әрқайсысы өзіндік мағынаға ие болып, барлығы бірге тұғра екендігі оңай танылатын ерекше пішінге ие болды.

Тұғраның құрамдас бөліктері.

Сұлтанның есімі тұғраның «сере» (түр. sere) деп аталатын төменгі бөлігінде жазылатын. Басында ол «Осман ұлы Орхан» деген қарапайым сөйлемнен тұрса, уақыт өте ол күрделіленіп, сұлтанның есіміне қоса оның лауазымдары мен атақтары, сұлтанға шапағат тілейтін дұғалардан қосылатын болды.

Тұғраның сол жағындағы имектер «бейзе» (түр. beyze) деп аталды. Тұғраның мағынасын түсіндірушілер имектердің мағынасын сұлтанның билігінде болған екі теңізді білдіреді деген түсіндірме береді: сыртқы үлкенірек имегі Жерорта теңізін, ал кішірек ішкі имегі Қара теңізді білдіреді.

Тұғраның жоғарғы бөлігіндегі тік сызықтар «ту» (түр. tuğ) деп аталады. Үш ту билікті: Азия, Африка және Еуропа құрлықтарының үстінен Ұлы Османлы Мемлекеті жүргізген билікті білдіреді.

Туларды кесіп өтетін имек сызықтар «зүлфе» (түр. zülfe) деп аталады, оң жаққа қарай желбіреп тұрған тулармен бірге олар шығыстан батысқа қарай соққан желді, яғни османлылардың жылжу бағытын білдіреді.

Тұғраның оң жағындағы сызықтар «қанжар» (түр. hançer) деп аталады. Қанжар мұнда күш-қуат пен құдіреттің бейнесі ретінде қолданылады.

Көбірек ақпараты: Тұғра

Бұл османлы сұлтаны II Махмұт тұғрасы. Онда былай делінген: Махмұт ханӘбділхамит ұлы мәңгілік жеңімпаз. Османлыша:
- محمود خان بن عبدالحميد مظفر دائماً

Тұғра (түр. Tuğra) — османлы сұлтандардың ресми құжаттар мен хаттарында қолданылатын хұснихаттық мөр немесе қолтаңба. Тұғрада сұлтанның аты, әкесінің аты және атағы көрсетіледі.

Дуан

Cұлтан мемлекетте жоғарғы билеуші болса да, мемлекеттегі атқарушы билік уәзірлерге (осм. Vezir) жүктелінеді. Олардың күнделікті жұмыс орындары «Дуан» (осм. Dîvân-ı Hümâyun) болып саналды. Дуанның басшысы әрі сұлтаннан кейінгі екінші адам садрағзам (осм. Sadrazam) болып саналды. Бірақ 1320 жылдан бастап садрағзамдар сұлтандардың да кейбір міндеттерін орындай бастады. Садрағзамдар сұлтандардан толығымен тәуелсіз болды: олар сұлтанның мұрагерлік мүлкін өз қалауы бойынша басқара алды, мемлекеттегі кез келген уәзірді немесе пашаны қызметтен босатуға құқылы болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.

Наши рекомендации