Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару

Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармаларымен бөлімдері және қаржы службалары жүзеге асырады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары басқарады.

Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау қаржылық немесе қаржылық бухгалтерлік басқармалар жұмыс істейді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды, қаржыны: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, шаруашылық айналымына пайдаланылмай жатқан тауар-материалдық құндылықтарды тартуды, өнімсіз шығыстар мен ысыраптарды қысқартуды, ведомствоға қарасты объектілердің залалдығын азайтуды және жоюды; ішкі шаруашылықтық резервтерді жұмылдыруды, ресурстарды пайдалануды жақсартуды, шығындарды төмендетуді, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруды пайдалана отырып оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды. Олар сонымен бірге ведомствоға қарасты шаруашылық бірліктерінің қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқаулар, нұсқаулықтар, әдістемелік материалдар дайындайды.

Министрліктер мен басқа жоғары органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.

Фирмаларда, компанияларда қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлімше болып табылатын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өткізім бөлімімен немесе бухгалтериямен (қаржы өткізім немесе бухгалтерлік қаржы бөлімдері) қоса атқарылуы мүмкін.

Қаржы жүйесінің бұл буынында рынок жағдайларында басқару қаржылық менеджмент деп аталады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық үдерістерді және ақша ағындарының қозғалысын басқарудың нысаны болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет қауіп-қатерлі болып келеді және тауарларды өндіру мен сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден, мүлікті пайдаланудан табыс (пайда) алуға бағытталған.

Төменгі буындарда қаржылық менеджменттің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі
Жоспарлау-эко- номикалық бюросы Банктік және кассалық опера- циялар бюросы Есеп айырысу бюросы Бағалы қағаз- дар бюросы
Т О П Т А Р
Қаржылық-кредиттік жоспарлау Оперативтік жоспарлау мен бақылау Экономикалық талдау Кредиттік операциялар Кассалық операциялар Тапсырыс берушілер- мен есеп айырысу Сатып алушылармен есеп айырысу бюросы Кінәрат талап тобы Корпоративтік бағалы қағаздардың Бақсадай құралдардың
                     

3.1 сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару

Қаржылық менеджмент уәждемелерге – адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредиттік және есеп айырысу операцияларының (акцияның, векселдің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржылық ресурстармен оңтайландыруды жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруды басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар – олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктерідің жиналысы), акционерлік қоғамдарда – акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган – басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды кіріктіреді: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне – қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметшілер – шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

Қаржы бөлімінің құрылымы (3.1. сызбаны қараңыз) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, кінарат-талаптық, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын кіріктіреді.Қаржы бөлімінің типтік құрылымы мыналарды кіріктіреді: жоспарлау-экономикалық бюросы (қаржылық-кредиттік жоспарлау, оперативтік жоспарлау мен бақылау, экономикалық талдау топтары); банк және кассалық операциялар бюросы (тапсырыс берушілермен есеп айырысу, сатып алушылармен есеп айырысу, кінәрат-талап топары). Валюталық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарда валюталық топ құрылады.

Ірі кәсіпорындарда қаржылық қызметті экономика немесе қаржы жөніндегі директордың орынбасары, қаржы директоры, вице-президент (әсіресе, акционерлік қоғамда), қаржы менеджерлері басқаруы мүмкін. Бұл лауазымды адамдарға басқа экономикалық службалар: жоспарлау-экономикалық службасы, бухгалтерия, экономикалық талдау секторы және т.б. бағынуы мүмкін.

Қаржы-өткізім бөлімдері сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу бойынша, қаржылық жоспарлау және талдау, кассалық сияқты топтарға бөлінеді. Осыған ұқсас функцияларды жеке атқарушы-мамандар орындай алады.

Қаржы бөлімдері жоқ шаруашылық органдарында қаржылық жоспарлау мен қаржылық нормативтердің есеп-қисабы экономикалық службаға, ал оперативтік-қаржылық жұмыс, есеп-қисаптардың барлық түрлері және кассалық жоспарлау бухгалтерияға жүктеледі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рентабелділікті арттыру;

өндіріс, инвестициялар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;

мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;

есеп айырысуларды ұйымдастыру;

өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымдарды тиімді пайдалануға жәрдемдесу;

қаржылық ресурстарды дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.

Фирманың, кәсіпорындардың қаржысын оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.

Шаруашылықты жүргізудің рыноктық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржылық көздерін, қаржылық ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржылық менеджменттің басқа мәселелері рыноктық экономика жағдайларында кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.

Соңғы кезде ұлттық экономиканы басқаруда корпоративтік басқару жүйесі дамуда. Корпоративтік басқару жүйе ретінде иелену (акционерлер) және басқару (жалдамалы менеджерлер) функцияларының бөлінуімен байланысты пайда болды. Корпоративтік басқару компанияның акционерлері мен менеджментінің өзара іс-қимылының жүйесін білдіреді.

1990 жылдары экономиканың дамуы үшін жақсы басқару қағидаттарының маңыздылығын түсіну бірқатар елдерді Корпоративтік басқару кодекстерін әзірлеуге жеткізді, ал оларды қолдану компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруы тиіс.

Корпоративтік басқару ішкі және сыртқыболып ажыратылады.

Ішкі корпоративтік басқару шеңберінде басқарудың қолданыстағы жүйесіне зерттеу және талдау, негізгі компания мен еншілес (тәуелсіз) қоғамдарды басқару тұжырымдамасын әзірлеу жүргізіледі. Әзірленген тұжырымдама шеңберінде қоғамдардың өзара қарым-қатынастарын бекітетін ішкі нормативтік құжаттар (ішкі стандарттар) дайындалады. Бұл ішкі нормативтік құжаттар жарғылық капиталдарға немесе өзге ұйымдардың қорлдарына еншілес қоғамдардың қатысуы; құрылтайшылардың (акционерлердің) жалпы жиналыстарын өткізу тәртібін директорлар кеңестері мен еншілес қоғамдардың атқарушы органдарының құзыры, еншілес қоғамдардың дивидендтік саясаты, еншілес қоғамдардағы негізгі компания өкілдерінің жұмысы туралы қағида және өзге мәселелерді реттейді.

Сыртқы корпоративтік басқару жүйесінің мәнін ережелердің жиынтығы (Кодекс) қарайды, олар әлеуетті инвесторларға өз қызметінде компанияның қандай қағидаттарды басшылыққа алатындығы, компания және оның басшылығы жұмысының тиімділік деңгейі қандай екендігі туралы толық және айқын көрініс алуына жәрдемдеседі.

«Корпоративтік қылық кодексі» мазмұнының негізін корпоративтік басқарудың негізгі және неғұрлым әсерлі органы ретінде қарастырылатын директорлар кеңесінің ұйымдастырылуын, қағидаттарын және қызмет технологиясын реттейтін ережелер құрады. Директорлар кеңесі сонымен қатар компания иелерінің мүдделерін көрсету және қорғауға арналған негізгі орган ретінде де қарастырылады.

Корпоративтік басқарудың мәселелері қор рыногында акциялар айналатын тек акционерлік қоғамдар үшін қызықты деп саналады. Шындығында жақсы корпоративтік басқарудың стандарттары кез келген компанияның құнын күшті жоғарлатуы мүмкін. Қазіргі әлемдік экономикада корпоративтік басқарудың сапасы кәсіпорындар тұрақтылығының аса маңызды факторларының біріне айналып отыр.

Наши рекомендации