Р-ның ақпараттық саясаты,баҚ-тың дамуы

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.

Бізде демократиялық мемлекеттерде «төртінші күш» деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) төңірегіндегі дау басылар емес. Әлемнің ең демократиялы, ең еркін саналатын елдерінің өзінде БАҚ сөз бостандығының жетіспейтіні және журналистердің проблемалары туралы ақпараттарды таратып жатады. Мұның негізінде жалаң кәсіби себептерден гөрі БАҚ-ты билейтін саяси, қаржы және экономикалық күштердің өз мақсаттарын толықтай орындай алмауы тұрса керек. Өйткені, қылмыскерлердің кесірінен тек журналистер ғана емес, көптеген қарапайым азаматтар да жапа шегуде. Ал, олардың қолында газет яки телевидение болмағандықтан, шулатып қоғамдық пікір тудыра алмайды. Сол себепті, БАҚ уәкілдеріне жасалған қылмыстық әрекеттерді, егер саяси астары немесе журналистің кәсіби функциясына қатысы болмаса, әдеттегі қылмыстармен бірдей қараған жөн. Сірә, мемлекет азаматтарын кәсіби ерекшеліктері бойынша емес, азамат болғандықтары үшін қорғайды.

Елімізде сөз бостандығы және БАҚ саласында кейбір өзекті проблемалардың бар екені рас. Бірақ, бұл заңдарымыздың шикілігінен яки еркіндікті шектеуінен емес, көбінесе журналистер уә атқарушы билік уәкілдерінің заң нормалары мен кәсіби ережелерді жөнді орындамауынан, өз құқықтары мен бостандықтарын жете білмеуінен туындауда. АҚШ, Германия (ГФР), Швеция, Швейцария, Түркия және Қазақстан елдерінің «БАҚ», «Бұқараны мәліметтендіру», «Ақпарат еркіндігі», «Баспасөз еркіндігі туралы Акт», «Баспасөз Заңы» сияқты заңдарын салыстырғанда 1999 жылы қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР Заңының» халықараық талаптарға сәйкес екені аңғарылады. Қайта, аталмыш елдердің заңдарында бізден өзгеше шектеулер мен жазалау шараларының (қаржылай санкциялар мен бас бостандығынан айыру) бар екенін байқауға болады.

Демакратияландыру және азаматтық қоғам мәселелері боиынша Ұлттық комиссияның қызметі

Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi бойынша жалпыұлттық үндесудi тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

Азақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшiсi орган ретiндегi Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын. 2. Ұлттық комиссияның құқықтары

4. Ұлттық комиссияның:
азаматтық қоғамды одан әрi демократияландырумен және дамытумен, Қазақстанның саяси жүйесiн жетiлдiрумен байланысты мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, сондай-ақ ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізуге;
мемлекеттік органдармен консультациялар жүргізуге;
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
жоғарыда аталған мәселелердi зерделеуге және талдауға;
жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен мамандарды, ғалымдар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
Ұлттық комиссия құзыретiне жататын жекелеген мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн жұмыс топтарын құруға;
мемлекеттік органдарға және қоғамдық бiрлестіктерге қарау үшiн статистикалық, талдамалық, әдiстемелiк және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;
қабылданған ұсынымдардың орындалу барысына бақылау жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.

Ық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру.2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру.

Бұл Жарлықтың жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын және 2000 жылғы 9 қарашада құқық қорғау органдары жетекшілерінің кеңесінде қабылданған шешімдері іс жүзіне асыру мақсатында талдап жасалған.
Жарлықтың негізгі мақсаты құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі жетілдіру және олардың құрылымын алға қойылған міндеттерге сәйкес келтіру болып табылады.
Жарлықта Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігін құру көзделген. Бұл Агенттікке экономика және қаржы қызметі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындау жүктеледі. Экономикалық қылмысқа қарсы күрестің ахуалына толық жауапты, дербес органның құрылуы бұл күрестің тиімділігін арттырады, сонымен бірге кәсіпкерлерді тексеру санының және жеке бизнеске заңсыз араласу жәйттерінің азаюына жағдай жасайтын болады.
Сот шешімдері орындалуының орын алып отырған проблемасы (соттың әрбір төртінші шешімі орындалмай қалады) атқару өндірісі органының мәртебесін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етті. Осы мақсатта Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетінің функциялары мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке беріледі.
Бұл шешімнің қабылдануы сот қаулыларының орындалуын жақсартуға ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге тұтастай алғанда сот билігінің беделін арттырады.
Сотқа құрмет көрсетпеу және сот шешімдерін орындау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер жөніндегі алдын ала анықтау құқығы ішкі істер органдарына беріледі.
Прокуратура органдарының қызметін жақсарту мақсатында Үкіметке прокурорлық қадағалау актілерін қолданыстағы заңда белгіленгеніндей міндетті түрде қарауды ғана емес, сонымен бірге міндетті түрде орындауды, сондай-ақ оларды мәжбүрлеп орындату тетіктерін анықтауды көздейтін заң жобасын әзірлеуге тапсырма берілді. Аталған өзгерістерді қабылдау прокурорлық қадағалаудың тиімділігін, әсіресе азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бөлігінде айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Кеден органдары таза фискалдық органдар болып табылуын ескеріп, оларда контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша алдын ала анықтау құқығын сақтай отырып, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру өкілеттігінен айыру бөлігінде құқық қорғау функцияларын шектеу шаралары алынды.
Әділет министрлігінің жанындағы Авторлық құқық жөніндегі комитет пен "Қазпатент" Патенттер және тауар белгілері жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны іс жүзінде бірдей функциялар атқаратындығына байланысты бір ғана Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетін құру ұсынылады.

Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабына (link is external) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндама (link is external) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Наши рекомендации