Контрфорсты бөгеттер.

Гравитациялық бөгеттерде бағасы қымбат материал бетон, негізінде тек ауыртпалық ретінде қолданылып отыр, тігінен бағытталған ауырпалықты көбейту үшін, яғни, бөгеттің жылжуға қарсы орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ғана. Гравитациялық бөгеттердің бұл кемшілігін жойып, бетонды үнемдеу тәсілдері, бөгеттің әртүрлі жеңілдетілген конструкцияларын ойлап табуға әкеліп соқты: контрфорсты түрін, бұл бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан контрфорс (тірек қабырға, сұлбасы трапецияға ұқсас), су тұратын жоғарғы жағынын тік не аркалы қабырғалармен жабылған. Судың, тасынды -лардың, су толқынының қысымын жоғарғы жақтағы қабырға контрфорсқа береді, ал контрфорс бұл қысымды бөгет табанына береді. Егер бөгет табаны жартас болса, қысым бірден жер табанға беріледі, ал бөгет табаны жартылай жартас не топырақ болса, онда бөгетке түсетін қысымды фундаменттік тақта арқылы береді, бұл шара жер табанға түсетін қысымды азайтуға мүмкіндік береді.

Контрфорсты бөгеттер. - student2.ru

8.9. сурет. Контрфорсты бөгеттердің схемалары.

а) жазық арынды тақталармен жабылған; б) көп аркалы; в) ауыр контр- форсты; г) жұмсақ арынды тақтамен; д) және е) фундаменті тақтамен. 1. арын ұстайтын тақта; 2. қаттылық балкалары; 3. контрфорстар; 4. тіс; 5. аркалар; 6. арканың қаттылық балкалары; 7. жұмсақ тақталар; 8. су ағар тақта; 9. су ұрма; 10. фундаменттік тақта; 11. дренаж; 12.қуыс; 13. қада; 14. тапталған топырақ;

Бақылау сұрақтару:

1. Гравитациялық бөгеттер дегеніміз қандай бөгеттер және конструкциясын келтіріңіз

2. Бетоннан соғылған бөгеттер табанымен және жағалаумен қалай қиылыстыру тәсілдерін көрсетіңіз.

3. Бетоннан соғылған су қашыртқы бөгеттердің конструкциясын көрсетіңіз

4. Аркалы бөгеттер конструкциясын көрсетіп, ерекшеліктерін атаңыз.

5.Контрфорсты бөгеттер конструкциясын көрсетіп, ерекшеліктерін атаңыз

Шы дәріс

Каналдар жэне олардың топтары, көлденең қималары және формалары мен өлшемдері Әр түрлі мақсаттарда қолданылатын каналдардың ерекшеліктері.

Сабақ жоспары:

· Канал дегеніміз қандай құрылым, оның атқаратын қызметі

· Каналдың көлденең қимасының түрлері және оларды пайдалану жағдайлары

· Каналдың ішкі бетін қаптау мақсаттары және қаптайтын материалдар түрлері

Канал дегеніміз қолдан соғылған арна, өзеннен алынған суды суармалы жерлерге және жайылымды суландыруға жеткізетін, халыққа ауыз су апаратын, су электростанцияларына су жеткізетін, сумен ағаш ағызуға пайдаланатын, жерді құрғатқандағы суларды алып кетуге және су қоймасынан тұтынушыға су жеткізуге арналған арна.

Атқаратын қызметіне қарай каналдар былай бөлінеді: суғару каналдары, құрғатқыш каналдар, ауыз суды тасымалдайтын каналдар, суландыру каналдары, кеме жүретін каналдар, энергетикалық каналдар, балық шаруашылығы және ағаш ағызатын каналдар болып. Көпшілік каналдар кешенді түрде пайдаланылады: суармалы жерді суғаруға, жайылымды суландыруға, халыққа ауыз су жеткізуге және кеме жолдары ретінде.

Контрфорсты бөгеттер. - student2.ru

Контрфорсты бөгеттер. - student2.ru

Каналдың көлденең қимасы: оны пайдалану мақсатына, құрылысты жүргізу тәсіліне, канал трассасының инженерлік-геологиялық және топографиялық жағдайына, су өткізу мүмкіндігіне және ішкі бетінің қапталған-қапталмағанына тығыз байланысты болып келеді. Каналдың су өткізу мүмкіндігі қабылданған есепті су жылдамдығына байланысты анықталады. Каналдағы судың ең аз жылдамдығы оның ішіне құм тұнбауына, шөп өспеуіне және қысқы мерзімде пайдалану мүмкіндігіне байланысты қабылданады. Ал каналдағы судың ең жоғарғы жылдамдығын пайдалану жағдайына байланысты қабылдайды, бірақ оның шекті мәні ішкі беті қапталмаған каналдардың арнасының жуылу жылдамдығынан көп болмауға тиісті. Каналдардың көлденең қимасы: трапеция, полигоналді және парабола тәріздес болып келеді. Олар жартылай үйіліп - жартылай қазылып; жерден қазылып және жер бетіне үйілген топырақта қазылып салынады. (9.1. сурет.)

Контрфорсты бөгеттер. - student2.ru

9.1. сурет. Каналдардың кесе көлденең қимасының түрлері.

а) жартылай үйіліп-жартылай қазылған трапеция тәріздес канал; б) полиганалді каналдар; в) парабола тәріздес каналдар; г) жер бетінен төмен қазылған каналдар; д) жер бетіне үйілген топырақта қазылып салынған канал; е) жол мен артық топырақты орналастыру; ж) және з) қияға орналастырылған канал; и) табаны жартас жерге салынған канал. 1. үйінді топырақ; 2. берма; 3. бекіту шекарасы; 4. артық топырақ орналасқан жерге ағаш пен бұта өсірілген; 5. суды алып кететін арық; 6. көлік жолы;

Каналдың ішкі бетін қаптайтын материалдар: каналдың ішкі бетін қаптау тәсілі- берілген су жылдамдығындаоның көлденең қимасының ауданын кішірейтіп, жерге сіңе- тін су шығынын азайтуға, каналдың құлама беткейлерін кеме жүргенде пайда болатын немесе жел қуғанда пайда су толқынымен жуылудан қорғап, шекті су жылдамдығын көтеруге мүмкіндік береді.

Жерге сіңіп шығын болатын су мөлшерін азайту үшін колматаждау (каналдың ішкі бетінің кеуектерін шөгінді майда топырақпен бітеу) тәсілін қолдану, немесе каналдың ішкі бетіне суды аз өткізетін топырақтан не полиэтилен пленкасынан қалқан (экран) салу арқылы күреседі. Каналдың ішкі бетін қаптау шаралары оны салуға жұмсалатын қаржы мөлшерінің көбейіп, құрылысты салудың және оны пайдалануының қымбаттауына әкеліп соғады. Осы себепті каналдың ішкі бетін қаптау шаралары техника – экономикалық есептермен негізделуі шарт.

Бетонмен не темірбетонмен қаптау: канал бетін қаптайтын элементтер тұтас бетоннан құйылуы не құрама темір бетон тақталардан салынуы мүмкін. Құрама тақталардан салынған қаптамалардың осал жері, тақталар арасындағы саңылаулар. Тақталар арсындағы саңылауларды бітеген сылақ- тар, герметиктер 5-7 жыл пайдаланғаннан кейін іске аспай қалады. Бұл саңылауларды бітеген сылақтардың бұзылу себебі, тақталардың шөгуі және ауа температурасының әсер етуі.

Соңғы жылдары тақта арасындағы саңылауларды бітеуге синтетикалық материалдар: полиизобутилен, элексидті шайырлар (смола) т.б. материалдар қолданыла бастады. Каналдың атқаратын қызметіне және каналдың трассасының геологиялық жағдайына байланысты құрамалы темірбетон тақталардың қалыңдығын 5-10 см аралығында қабылданады.

Асфальтпен қаптау: бұл материал суды өткізбейтін қасиетімен белгілі. Асфальтпен қаптау процессі толық механизацияландырылған. Асфальтобетонның құны бетон бағасынан 20-40% арзан. Каналдың ішкі бетін асфальтобетонмен қаптағанда бір қабат не көп қабатты қылып салады. Бір қабатты асфальтобетонның қалыңдығы 4-6 см аспайды.

Полимер материалдар: суды өткізбейтін қасиетіне байланысты өндіріске көптеп қолданыла бастады. Бұл материалдардың кемшілігі: кеміргіш жәндіктерге, өсімдіктерге қарсы тұра алмауы және күннің көзінде тез ескіруі. Пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, канал табанының бетіне топырақ салмай тасталған пленка бірнеше айда ескіріп жыртылған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, орталық аймақтарда полимер пленкаларды пайдалану мерзімі 40 жыл, ал оңтүстік аймақтарда 25-30 жыл.

Пленкаларды жыртылудан, күн көзінен қорғай үшін үстін топырақпен жабады не бетон құяды. Негізінде пленкаларды қорғау үшін, арзан және сенімді болғандықтан жергілікті материал - топырақ қолданылады. Топырақпен полимер пленканың бетін жабу үшін, каналдың құлама беткейінің еңістігі m≥2,5 кем болмауы керек, бұл шамадан еңістік аз болған жағдайда, топырақ пленка бетінде тұрмай, жылжып кетеді. (12.2. сурет)

Контрфорсты бөгеттер. - student2.ru Контрфорсты бөгеттер. - student2.ru

9.2. сурет. Каналдың ішкі бетін қаптау тәсілдері.

а) темірбетон тақталармен қапталған; б) жәшікке салынған тастармен бекітіл- ген; в) каналдың ішкі бетін бекіткен темірбетон тақталардың арасындағы саңылауларды бекіту тәсілдері. 1. каналдың көк шөп өсірілген ауданы; 2. темірбетон тақталар; 3. тақта арасындағы саңы-лаулар; 4. бекітілген саңылаулар; 5. беткейді таспен бекіту; 6. кері сүзгі; 7. тас салынатын жәшіктер; 8. екі жұдырықты резенке кілтек (шпонка); 9. фанера тақтай; 10. өзінен- өзі нығыздалатын сұлбалы резенкелі кілтек; 11. стекломата.

Бақылау сұрақтары:

1. Канал дегеніміз қандай құрылымдар, олар қандай қызметі атқарады

· Каналдың көлденең қимасының түрлері және оларды қандай жағдайларда пайдаланады

· Каналдың ішкі бетін қаптау мақсаттары және қаптайтын материалдар түрлерін атаңыздар

Шы дәріс

Наши рекомендации