Рузвельт ҮкіметініҢ сыртҚы саясаты жӘне екінші дҮниежҮзілік соҒыс жылдарында

Жаңа әкімшіліктің сыртқы саясаттары бірінші актісі 1933 жылдың қарашасында Кеңестер Одағымен дипломатиялық қатынас орнату болды. Рузвельт үкіметі Латын Америкасы елдеріне икемді саяси бағыт ұстанды. 1933 жылы "Тату көрші" деп аталатын саясат жарияланды [35]. Ф.Рузвельт Гаитиден Американ әскерін шақырып алды. Куба мен жасалған жаңа келісімде АҚШ-тың интервенцияға "кұқын" негіздеуге пайдаланылған "Платт түзетуі" алынып тасталынды. Жаңадан жасалынған сауда келісімдері Латын Америкасы елдеріне қолайлы болды. АҚШ саясатындағы реолистік тенденцияның басым болуы Латын Америкасы халқының азаттық күресінің жаңа толқынын туғызды. Осы елдерге экономикалық енудің икемді методтарына көшу АҚШ- ың Англия мен Германия бәсекелестігіне қарсы тиімді күрес қүралы болды.

30-шы жылдардың ортасында АҚШ-тың басқарушы тобын Еуропалық жөне қиыршығыстық саясат проблемалары мазасыздандырды. Осы мәселе шиеленіскен күрес туғызды. Кейбіреулері фашистік мемлекеттер блогының кұрылуы АҚШ-қа әскери қауіп төндіреді деп есептеп Батыс Еуропаның буржуазиялық-демократиялық елдерімен, оның ішінде Англиямен жақындасудың және Совет-Американ қатынастарын жақсартудың кажеттігін насихаттады. Мұны президент Ф.Рузвельт, оның кабинет мүшелері жақтады.

Басқарушы топтың арасында АҚШ-тың халықаралық позисиясын нығайту үшін әрекет ету бостандығын жақтау және Еуропа елдерінің әскери-саяси одаққа бірікпеу қажет деп есептеген дер де болды. Импералистік "Изоляционизм" топтарының лидерлері-сеноторлар Р.Тафт, А.Ванденберг, конгрессмен Г.Фиш және басқалары 30-шы жылдардың аяғында туындаған екі коалицияның қақтығысы өзара бірін-бірі әлсіретіп, АҚШ шешуші кезенде өз шарттарын талап ете алады, әрі КСРО-да социалистік құрылыстың жойылуына қол жеткізеді деп есептеді [36]. Фермерлер мен қаланың орта тобының көзқарасын білдіретін дәстүрлі оқшауланушылар тобының Еуропа істеріне араласпау ұранын қолдауы басқарушы топ ішінде "оқшаулануы" ағымының күшін көбейтті. Американ халқының антиәскери көңіл күйін қоштаған, демократиялық оқшаулану тобының өкілдері-сенаторлар У.Бора, Х.Джонсон, Дж.Най және баскалары-АҚШ бейтараптығын ұстанды.

Рузвельт үкіметі оқашауланушылығымен бірнеше рет компрамисске барған болатын. 1935 жылы тамызда "бейтараптық" заң қабыиданды: Онда соғысушы елдерге соғыс материалдарымен қару-жарақтар беруге тиым салынған. Бұл фашистік агрессорлар шабуылдаған елдерге оңай тимеді. Солай бола тұра, заң мұнай мен басқа стратегиялық материалдарды шығаруды шектемеді, ол агрессор державалардың әскери өнеркәсібінің дамуы стретегиялық шикізатпен қамтамассыз етті.

АҚШ-пен фашистік блок елдері арасында кайшылықтың шиеленісе түсуіне карай Ф.Рузвельтпен оның одақтастары табанды позиция ұстай түсті. 5 қазан 1937 жылы Чикагода сөйлеген сөзінде Рузвелы агрессорлар айналасында "карантин" орнатуға шақырды [38]. Алайда, 30-шы жылдардың аяғындағы АҚШ-тың сыртқы саясаты "карантин сөзіне" қайшы келді. Кеңес Одаға ұсынған ұжымдық Қауіпсіздік жүйесін құруды қолдамай АҚШ Англия, Франция мен бірге Германия және Жапонияға "умиротворения" (татулық, тыныштық) [39] саясатын жүргізді.

1939 жылы нацистер Польшаны басып алып, II дүниежүзілік соғыс басталғанда Американдықтар еркін тыныс алды. Франция құлаған соң және 1940 жылы Англияға әуе шабулы басталған кезде Еуропаның демократиялық режиміне көмекті жақтаушылар және "Ең алдымен Америка" комитеті маңында топтасқандар мен арасында талас туды. Соңғысын Орта Батыстың консерваторларының солшыл-нацистеріне дейін қолдады. Соңында "Одақтастарға көмектесу, Американдық қорғау" деп аталатын комитет қолдаған "интервенционистер" жеңіп шықты. АҚШ Канадамен бірге өзара қорғаныс Басқармасынын құрды және латынамерика республикаларымен Батыс жарты шардың демократиялық державалардың өзін-өзі қорғаудың ұжымдық жүйесін кеңейту туралы келісті. Экономиклық дағдарысқа қарамастан конгресс қайта қарулануға үлкен каржы босатты, ал 1940 жылы қыркүекте АҚШ тарихында тұңғыш рет бейбіт кезенде әскери қызметке шақыру жарияланды. 1941 жылдың басында конгресс Ленд-лиз програмасын қабылдады, ол президент Рузвельтке Құрама Штаттардың қорғанысы үшін өте қажетті кезкелген елді барлығымен және қару-жарақпен қамтамассыз ету мүмкіндігін берді (Ұлыбритания, КСРО, Қытай сияқты елдерге). Бүкіл соғыс барысында ленд-лиз бойынша американ көмегі 50 млрд. доллардан асып түсті [40].

1940 жылы президентгік сайлау қанша даурыққанымен оқшаланушыларды қолдайтындардың аз екенін көрсетті. Рузвельттің оппоненті Уэнделл Уилки халықты өзіне ілестіре алатын програманы ұсына алмады, ол президенттің сыртқы саясатын қолдады және оның ішкі саясатымен негізінен келісті. Қараша сайлауы Рузвельтке қосымша дауыстар берді, Американ тарихында тұңғыш рет атқару өкіметінің басшы үшінші мерзімге сайланды.

Американдықтардың көпшілігі бар назарын аударып, Еуропадағы соғыс барысын бақылап отырғанда, Азияда шиеленісті жағдай өсе түсті. Өзінің стратегиялық позициясын нығайту мүмкіндігін пайдаланған Жапония, Тынық мұхит аймағыңда гегемония беретін "жаңа тәртіп" туралы ашық жариялады. 1940 жылдың жазында Жапония Виши үкіметіне Француздық Үндіқытай аэродромын пайдалану құқығына ие болды. 1940 жылы қыркүйекте Берлин-Рим "осіне" Токио қосылған соң, АҚШ бүған жауап ретінде Жапонияға металлдық сыныктарды шығаруға тиым салды [41]. 1941 жылы шілдеде Жапония Үндіқытайдың қалған жерлерін оккупациялады, мұнан соң АҚШ өз банктеріндегі Жапон акцияларын тоқтатып тастады.

1941 жылы қазанда Жапонияның премер-министрі Хидеки Тодзио болды. Қарашаның ортасында ол өз өкілін АҚТТТ мемлекеттік хатшысы Корделл Хэллмен келісім жүргізуге жіберді. Жапония Американ үкіметінен авуарларды босатуды және Тынық мұхитта экспанциясын тоқтатуды талап етті. К.Хэлл өз тарапынан АҚШ банктеріндегі оның активтерін босату үшін Қытай мен Үндіқытайдан өскерін әкетуді ұсынды. Жапония Американ ұсынысын зерттеу үшін екі апта мұрсат сүрады, алайда 1 желтоқсанда келіспеді. 6 желтоқсанда Рузвельт император Хирохитомен тікелей сөйлесті. Бірақ, 7 желтоқсан күні таңертеңгісін Жапондық теңіз авиациясы күтпеген жерден Перл-Харбор (Гавай аралдары) базасындағы АҚШ-тың тынық мұхит флотын атқылады. 19 Американ кемесі, оның ішінде 5 линкор және 150 ұшақ жойылды. 2300 адам қаза тапты. АҚШ-тың бақытына карай авионосецтер бұл кезде теңіз бетід; е болатын [42].

Ашуланған Рузвельт Бұл шабуылды "Неспровоцированным и подлым" деп атады. 8 желтоқсан 1941 жылы конгресс Жапонияға соғыс жариялады. Үш күннен соң Германия мен Италия Құрама Штаттарға соғыс жариялады. 9 желтоқсанда президент Рузвельт американ халқына жағдайды түсіндіріп сөз сөйледі: "Мы, американцы, не разрушаем, а созидаем" [43].

Ел соғыс кажетіне адам және материалдық ресурстарды тез мобилизациялады. 8 қаңтар 1942 жьшы Рузвельт жыл сайын 60 мың үшақ, 45 мың танк, 20 мың зениттік қару және жүк сиымдылығы 18 мың тонналық сауда кемелері құрылысы жоспарланғандығы туралы хабарлады. Мемлекет ауылшаруашылығы, өнеркөсіп, шикізат өндіру, капитал салу, сауда, байланыс құралдары, білім және мәдениетті өз баьсылауына алды. Қарулы күшке 15.1 млн. адам мобилизацияланды. 1943 жыддың соңына қарай 65 млн-ға жуық американдықгар әскери фкиді немесе әскер мен флотта қызмет етті. АҚШ соғысқа кірген соң көп ұзамай-ақ оның Батыс одақгастары соғыс қимылдарының негізгі театры жаудың басты күші орналасқан Еуропа болады деп шешті, ал Тынық мұхиттағы соғыска онша назар аударылмады. Ал Америка Құрама Штаттары авианосецтерінің арқасында осы жерде алғашқы маңызды жеңіске жетті [44].

Еуропадағы соғыс қимылдарының американ қару-жарақтары келіп түсіп жатты. 7 караша 1942 жылы АҚШ-тың экспедициялық корпусы француздық жеріне түсіріліп, итальян және герман әскерін талқандады. 1942 жылы Шығыс майданда да түбегейлі бетбұрыс жасалды. Кеңес Одағы Ленинград пен Москва қақпасы алдында нацистік күштерді тоқтатты, Сталинград түбінде немістерді талқандады. 1942 жылы шілдеде ағылшындар мен американдықтар Сицилия аралын басып алды, 1943 жылдың жазының оратсына қарай Жерорта теңізінің оңтүстігі фашистік әскерлерден тазартылды. Одақгастар Италяда шабуыл операциясын бастады, оның үкіметі сөзсіз капитуляцияға келіскенімен нацистермен ұрыс өте ауыр болды. Рим тек 4 маусым 1944 жылы азат етілді.

1943 жылдың соңывда одақгастар Батыс Еуропада екінші майдан ашты. Ағылшын-американ күішнің бас қолбасшысы болып Дуайт Д.Эйзенхауэр тағайындалды. Нормандия жағалауына әскер түсірілді. Франция териториясы арқалы Д.Эйзенхауэр әскері Германияға қарай жылжып, 25 тамызда Парижді азат етті. 1945 жылы ақпан-наурызда олар Германияға батыстан кірді. неміс әскерлері шығыста орыстарды тоқтатуға жанталасты [45]. 8 мамыр 1945 жылы Ш-і рейхтың жаяу әскер, әскери-теңіз жөне әскери-өуе күшінің калдықгары одақтастарға берілді.

АҚШ бір мезгілде Тынық мұхитта шабуыл қимылдарын жүргізді.1942 жылдың басында американ әскер Филиппинді Жапондықтарға берседе, олар көп ұзамай-ақ табысқа жетті. АҚШ-тың ӘӘК генералы Джеймс (Джимми) Дулитл сәуірде Токионы әуеден бомбалады, Коралла теңізінде авиасия қатысқан теңіз үрысы өтті. Жапондықгардың көп шығынға үшырағаны сонша, олар Австралияны басып алудан бас тартты. Мидуэ түбіндегі 1942 жылы маусымдағы ұрыс соғыс қимылдары барысындағы түбегейлі бетбүрыс болды: жапон флоты ірі жеңіліске үшырады, төрт авионоцесін жоғалтып, осы аудандағы шабуылын тоқтатты. 1943-1944 жылдары американдықгар Австралиялықгармен бірге солтүстік бағытқа қарай жылжып, Тынық мұхит Соломон, Гилберт, Маршалл, Мариан жөне Бонин аралдарын бірінен соң бірін азат етті [46].

1944 жылдың маусымымында жапон эскадрасының Филиппин аралдарындағы сәтсіздігі Тодзио кабинетінің күйреуін тездетті. 1942 жылы Филиппинді тастап шықкан генерап Доглас Макартур түтқындалудан аман қалу үшін 1944 жыьдың қазанында американ флотына жол аша отырып, қайта оралды. Лейте шығанағындағы шайқас жапондықтардың жеңілуімен аяқгалып, Филиппиңдегі бақылау одақтастар қолына көшті. 1945 жылдың ақпанында американдықгар Маниланы, ал наурызда Иводзима аралын ауыр шайқаспен адды. АҚШ авиациясы жапон аэродромдары мен әскери-теңіз базаларын жойқын шабуьшға алды. Мамыр мен тамыз ралығында АҚШ-тың 20-шы әскери әуе күштері Жапония жағалауын үздіксіз бомбалады. Ал, 6 тамыз күні Херосимаға және 9 тамызда Нагасакиге атом бомбалары тасталды. 10 тамызда жапон үкіметі император Хирохито тағының сақталу шартын қоя отырып, капитуляциялану туралы шешім қабылдады. 1945 жылдың 2 қыркүйегінде капитуляциялық актіге қол қойды. 7 мамыр 1945 жылы Германия капитуляцияланды [47]. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Құрама Штаттар дүниежүзінде басымдылыққа жетті. Осы ұлы ұрыстарда ел ешқандай зардап шеккен жоқ, американ халқы ішкі және халықаралық істерге өз ақыл-ойымен қатысты. Соғыстан кейінгі жылдарда «Қырғи қабақ соғыс» саясаты жүргізілді. Ол АҚШ пен КСРО арасындағы ұзаққа созылған келіспеушіліктен туындап еді. 1917 жылы орыс революциясының нәтижесінде орнаған большевиктік құрылысты АҚШ 1933 жылы дипломатиялық таныды. АҚШ мұнан кейін де КСРО-ны жақтырткан жок, алайда екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өз алауыздықтарын бүркемелеп, екі держава одақтастар ретінде осы елдерімен сәтті күресті [48].

Соғыстан кейін екеуі арасындағы антагонизм қайтадан белең алды. АҚШ басқа елдермен өзінің бостандық, теңдік және демократия концепциясын бөлуді көздеді. Азамат соғыстары мен империялардың күйреуінен дірілдеген мазасыз дүниеге Америка бейбіт қайта қүру процесі аркылы түрақтылық орнатуға үмтылды. «Ұлы депрессия» салдарларын ұмытпай АҚШ жаңа рыноктар құру үшін кедендік барьерлерді алдыртып тастауға ниеттенді. Халықаралық сауда бостандығы АҚШ пен басқа мемлекеттердің экономикалық даму қарқыны стимулы ретінде ойластырылды.

КСРО-ның өз программасы болды. Соғыста бөлінген, 20 млн. адамынан айырылған КСРО өз экономикасын қалпына келтіруге және тағы да соҒысты қайталатпау қорғанысына кірісті. КСРО шекараларын жапты, Шығыс Европада Өзін тыңдайтын саяси режимдер орнатуға ықпал етті [49]. Бірақ та АҚШ өзінің соғыстағы мақсатының бірі Польша, Чехословакия және Орталық пен Шығыс Европаның баскя елдерінің суверенитеті мен тәуелсіздігін қалпына келтіру деп жариялады [50].

ОРЫТЫНДЫ

Франклин Делано Рузвельт 1881 жылы Нью-Йорк штатында туған. Оның арғы атасы Ван Рузвельт Америкаға ХҮІІ ғасырда Голландиядан келген. Ол кезде Нью-Йорк голландылық болып, Жаңа-Амстердам деп аталған. Ағылшындар басып алған соң, қаланың аты өзгерген. Рузвельт ағылшын манерінде Рузвельт болып ауысты [51].

Биржаның күйреуінен туындаған қорқыныштан есін жинаған демократиялық партияның босстары қалыптасқан жағдайды пайдаланып республикадықтардан Ақ үйді жеңіп алуға тырысты. Демократиялық партияның маманданған насихатшылары Гуверге «жалқау-президент" деген ат тақты, сол тағылған аты оған көпке дейін сақталып қалды. Елдегі жағдай және қоғамның республикандық әкімшілікке көзқрасы демократиялық партияның жоспары мен үмітін жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызды. Демократтардың Ұлттық комитетінің пресс-атташесі Михельсон мұны былай деп сипаттады: "Стол был накрыт, нам оставалось только есть" [52].

1920 жылы 38 жастағы Ф.Рузвельт демократиялық партиядан АҚШ-тың вице-президенттік қызметіне ұсынылады. Алайда сайлауда республикадықтар жеңіске жетеді. Тек 1928 жылы, ол Нью-Йорк штатының губернаторы болған соң ғана, Франклин туралы айтыла бастады. Ф.Д.Рузвельттің демократиялық партиядан президенттік қызметке бірден-бір лайық кандидатура екендігі туралы әңгімелер көбейді. Рузвельттің позициясы әсіресе 1930 жылы Нью-Йорк штатына кезектегі губернаторлық сайлауда жеңіске жеткен соң, тіпті нығайды. Ол бұл сайлауда өзінің бәсекелесі республикадықтардан 3,5 млн. дауыс көп жинады. Осы сайлаудың соңғы нәтижесін алған соң, Нью-Йорк штатының демократиялық партиясының төрағасы Джеймс Фарли енді ол келесі президенттік сайлаудан Рузвельт қалай қашып құтыла алатындығын білмеймін деді. Ол ешкім қол ұшын бермесе де келесі президенттік сайлауда Рузвельттің жеңетініне толық сенді. Рузвельт өз сөзінде былай деді: "Наступило время, чтобы сказать вам правду, всю правду, открыто и смело. Не пристало нам также уклоняться от честной оценки ситуации, в которой находится сегодня наша страна. Эта великая нация выстоит, как она выстояла в прошлом, возродится и будет процветать. Поэтому разрешите мне первым делом выразить тывердую уверенность в том, что единственным чего нам следует опасаться, является страх, парализующий усилия, необходимые для превращения отступления в наступление" [54]. Экономикалық дағдарысты жеңуге Америкада барлық мүмкіндік бар деп Рузвельт американдықтарды сендірді.

Сол қолыңыздың немен айналысып жатканын оң қолыңыз ешқашан білмесін, дейді Франклин Рзвельт өзі соншалық жақсы көретін Г.Моргентау есімді жас жігітке. Мен сіздің қай қолыңызбын, деп сұрайды ол.

Оң қолымсыз. Мен сол қолымды әрқашан столдың астында ұстаймын, деп жауап береді Рузвельт [55]

Сіз тамаша адамсыз. Бірақ мен істес болған кісілердің ішіндегі ең киыны да сізсіз, дейді. Бір жолғы ерегіс кезінде әбден ашуланған Икес есімді министр Рузвельтке.

Мен соншалық қаталмын ба? Деп сұрайды президент. Жоқ мүлде олай емес. Сіз ешқашан шектен тыс қатал болған емессіз. Сіз өзіңізге шын берілген, өзіңіз әбден сенетін адамдармен ашық сырласпайсыз. Сіз қолыңыздағы картты карныңызға жапсырып ұстап, ешқашан столдың үстіне ашып тастамайсыз. Министр Икестің айтып тұрғаны шындыққа саятын. Өйткені Ф.Рузвельттің тірлігі төңрегідегілер үшін жұмбақ еді. Осыған байланысты Т.Кораран есімді түлға былай деп жазады.

Жүзеге асырған ойыңды әркіммен ақылдасып түсіндір, ұқпағандарды үгіттеуге уақыт қайда. Егер президент жүзеге асырмақ болған мақсатын әркімнің талқысына салса ешқашан дегеніне жете алмас еді. Сол себепті де ол кейде төңрегідегілерге өтірік айтуға, оларды әдейі шатастыруға мәжбүр болады [56]. Қандай жағдайда да қарауындағылар мен халық өзіне шын сенетіндей әрекет жасаған президент ұтады. Жалпы ұлы адам ешқашан жақсы адам бола алмайды. Осыған байланысты бүкіл америка әскерінің қолбасшысы болған Макартур былай деді. «егер өтірік мақсатының орындалуына қызмет жасаса ешқашан шындықтың жағына шықпайтын адам- Рузвельт кайтыс болды».

1946 жылы бүкіл Америка бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. «Американы билеген президенттердің ең ұлысы кім?» деген сауалнамаға халықтың 39 пайызы Рузвельт деп жауап берген. Екінші орында Линкольн 37, онан кейін Вагшингтон 15, ал Вильсон 5 пайыз дауыс алған. Дәл осындай әлеметтік зерттеу он жылдап кейін тағыда жүргізіледі. Жоғарыдағы көрсеткіш сол күйінде қайталанады [57]. Халық тағы да бірінші орынға Ф.Рузвельтті қояды.

Президенттің баяндамалары мен сөйлейтін сөзін әдепкіде Г.Гопкинс пен С.Розенман деген адамдар жазып жүрген. 1940 жылы бұл екеуіне атақты драматург Р.Шервурд келіп қосылды. Бұрын президенттің баяндамалары мен сөздері теорияға қарай бұрылып тұрса, енді тұздығы көбейіп, шешендікке қарай ауысты. Бірде Гопкинс Англияға барып келді.

Черчилдің сөзін кім дайындайды екен? деп сұрайды одан Рузвельт. Президенттің сұрағына жауап беру Гопкинске оңайға түспейді. Амал жоқ, шындықты айтады.

Уинстон Черчилл баяндамалары мен сөздерін өзі жазып, өзі дайындайды екен, дейді Гопкинс. Рузвельт сол жылы Черчилл сияқты қабылетті болмағанына катты күйінеді.

Рузвельт өте дәлдікті ұнататын. «мен президент Вильсоннан бір істі үйрендім, дейді ол. Бірде ол маған мынадай ақыл айтты: «Егер сіздің жазғаныңызды оқысын десеңіз, ойыңызды бір бетке сыйғызыңыз». Оның осы ақылын ескеріп, президент болып сайланған соң арнайы декрет шығардым [58]. Соған қарамастан, қызметтестерім іс-әкреттін қатаң басшылыққа алғанымен бұрынғы президенттерге қарағанда 100 есе артық қағаз қарауға мәжбүр болатынымды айтады».

Расында да ол кезде Ақ үйге күн сайын 5-8 мың хаттар келетін болған. Президент Ф.Д.Рузвельт Бұл хаттардың барлығын оқи алмаса да, хаттардың мазмұнымен кысқаша болсада хабардар болуға тырысаты.

11 сәуір президент үшін қиын еді. Почтамен хаттар, іс-қағаздар келді, Джефферсонды еске алу күнінде сөйлейтін сөздерді дайындау керек еді, дипломатиялық шарларды қарастыру және т.б. Пресс-хатшысы Хассетпен сәуірдің соңына дейін жұмыс күн тізбені құрастыру оңайға соққан жоқ. (Президент Уорм-Спрингстон 18 сөуірде шығып, Вашингтонда бір күн болып, содан кейін Сан-Францискоға келуді жоспарлаған болатын). Кешке Ақ-үйде қаржы министірі Генри Моргентау президентпен болашақ Германия туралы әңгіме бастаған. Қоштасқанда Рузвельт әңгімені жалғастырмағаны үшін кешірім сұрады, себебі ертеңге көп жұмыс жоспарланған еді.

12 сәуір әдеттегідей газет оқудан басталды. Газеттерде Советтердің Венаны алуы, Маршал Жуковтың Берлиннен 40 милл кашықтықта шайқасу туралы, жүздеген мың фашист әсерінің қолға түсіру туралы және Американдықтардың Болония түбіндегі шайқастары туралы жазылған [59]. Бұдан кейін суретшісі Шуматова президент суретін салумен айналысты. Бір орнынан қозғалмай тұру оңайға түспеді. Сол кезде президент туысқанына Лаура Деланоға: "Отставкаға кетіп БҰҰ басқарғым келіп тұр деген".

Осы күні 13:00 ден кейін ол өзінің қатты бас ауруын сезді, содан талып та қалды. Күндіз 15:00 дер шамасында АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт көз жұмды /60/. Президент Рузвельттің кенеттен кайтыс болу Америка халқы үшін теңдесі жоқ қайғы болды. Рузвельттің америка халқы үшін істеген еңбектері орасан зор және президент дипломатиялық қарым-қатынастарды өте шебер жүргізе білген. Соның бір дәлелі АҚШ пен КСРО арасындағы қатынастың орны ерекше. Г.Гопкинс Москваға келгенде "Рузвелът екі елдің экономикалық, жағрафиялық мүдделері бір-біріне қарсы келмейді, әрқашан біз тіл табысамыз және бұл жолда мені қолдайтын америка халқы" деп келтірген президент сөзінде. Қорыта айтар болсақ, Рузвельт Америка және әлемнің тарихынан ойып тұрып орын алатын бірден бір тұлға. Себебі: Әлемдік экономикалық дағдарыс басталғанда Рузвельт бұған қарсы тұру мақсатында көптеген реформалар енгізді. Соның аркасында "Жаңа бағыт" іс-жоспары мен америка халқын тығырықтан алып шығуға көмектесті және сыртқы саяатта да ол өзінің шебер президент екенін дөлелдеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

I. Фостер 3. Очерк политической истории Америки. М.,1955, 244стр.

З.Ғ.Агтао£Іи. ХХуигуіі Іагіһі. 165 в.

4. Бұл да сонда 165. Хрестоматия по новейшей истории. В 3-х т.т. Т.З. 1939-1945. Под ред. Б.Г.Гафурова. стр 55. М.,1960

5. Бұлда сонда 59 бет

6. Бұлда сонда 65 бет

7. Бұлда сонда 77 бет

8. Бұл да сонда 56 стр

9. Практикум по новейшей истории. 1917-1945.С.А.Стегерь. М.,1975 23 стр

10. ИЛемин. Внешняя политика от Вераля до Локарно.1919-1925. М.,47 28с.

I1. Бұл да сонда 28 с.

12. Бұл да сонда 29 с.

Н.Ф.Волков. Тайны Уайтхолла и Даунинг-стрит (англо-советские отношения. 1917-1939). М.,1980. 65с.

Н.Версальский мирный договор. 70 стр М.,1925

15.Прицкер. Жорж Клемансо. 80 стр М.,86

іб.Бұл да сонда 81 стр

П.Драбкин Я.С. Становление Веймарской республики. 28 стр М.,1978

18.Ф.Сергеев. Тайные операции нацисткой разведки. 1933-1945.М.,81 79 стр

19.Бұл да сонда 80 стр

2О.М.Зейдевич. Германия между Одером и Рейчом. М.,1960 43 стр

21. Бұл да сонда 44 стр

23.В.Кульбанин. Германия. Социал-демократия. 1924-1932. 99 стр М.,1978

24Л.Безыменский. Разгаданные загадки Ш-го рейха. 1933-1934. 45 стр М.,82

25. Бұл да сонда 46 стр

26.Ф.Волков. Тайны Уайтхолла и Даунинг-стрит (англо-кеңесские

отношения. 1917-1939). 55 стрМ.,1980

27.Виноградов К.Б. Дэвид Ллойд Джордж. 63 стр М.,1970

28.Бұл да сонда 64 стр

29.Ундасынов И.Н. Коммунисты и лейбористкая партия. 1919-1923. 68 стр

М.,1979

ЗО.Бұл да сонда 69 стр

ЗІ.Ундасынов И.Н. Рабочее движение и лейбориетская партия

Великобритании в период мирового экономического кризиса. 77 стр М.,1961

32.Бұл да сонда 78 стр

ЗЗ.Бұл да сонда 78 стр

34.Новейшая история стран Западной Европы и Америки. 1918-1939. Под

ред. Н.Саморукова. 66 стр М.,59

35-Новейшая история зарубежных стран Европы и Америки. 1917-1939. Под

ред. В.Ревнункова и .др. 38 стр М.,75

Зб.В.П.Смирнов. Новейшая история Франции. 1918-1975. 55 стр М.,1979

37.История новейшего времени стран Европы и Америки. 1918-1945. 82 стр

М.,1989

38.3убок Л.И., Яковлев Н. Новейшая история СПІА. 60 стр М.,1972

39.Краткая история США. 22 стр М.,1993

4О.А.Уткин.Дишюматия Ф.Рузвельта. 77 стр М ,1990

41.Иванян. Э.А. Белый дом: президенты и политика. М.,1979

42.Америка үкіметі туралы очерктер. А.,1995

43.Тегеран, Ялта, Потсдам. А.,1993

44.У.Черчилль. Вторая мировая война. В Зт.т М.,1991

45.Вторая мровая война. 1939-1945. М.,1984

46.Кисседьгоф И.С. История Франции в годы второй мировой войны.

М.,1975

47.Шелудченко Н., Труборов А. Антифашистские движение сопротивления в

европейских странах. М.,1987

48.А.А.Кредер. Новейшая история. XX век. М.. 1995

49.А.Демин., С.Лавров. ФРГ сегодня. Л.,1990

50.Новейшая история стран Западной Европы и Америки. 1939-1975. Под

ред. С.Стецкевича. М.,78

51.Жигалов И. Современная история Великобритании. 1945-1975. М.,1975

52.Новейшая история стран Европы и Америки. 1945-1986. Под ред.

В.Александрова. М.,1989

53.Лемин И. Обострение кризиса Британской империипосле П-ой мировой

войны. М.,1952

54.МИЛИКОВСКИЙ, И.Лемин, Е.Хесен, М.Волков. Распад Британской

империи. М.,1964

55.Яковлев Н.Н. Франклин Рузвельт - человек и политик. М.,1969,

22 стр

56.Иванян Э.А. Белый дом: президенты и политика. М., 1975,-170

бет.

57.Яковлев Н.Н. Франклин Рузвельт - человек и политик. М.,1969,

24 бет

58.Иванян Э.А. Белый дом: президенты и политика. М.,1975, 136

бет.

59.Клод А. Куда идет американский империализм. М.,1961, 216 бет.

бО.Иванян Э.А. Белый дом: президенты и политика. М.,1975, 157

бет.

61. Кредер А.А. Новейшая история XX век. М., «Центр гуманитарного
образование» 1996, 312с.

62. АҚШ қысқаша тарихы /қазақ тіліне аударған т.ғ. д., профессор Салықов
Т.С./А., «Ғылым»1996.

Наши рекомендации