Класы | Сипаттамасы |
| |
Таза тұқымды биязы жүнді қойлар және биязы-қылшық жүнді |
Элита | Бірінші класқа бекітілген өнім көрсеткішінен жүн бойынша 15% , ал салмақ бойынша 10 %-дан асып түсетін қойларды элита класына жатқызады. |
І | Бірінші класқа конституциясы берік, өнімділік қасиеттері айтарлықтай, жүні қалың және жіңішкелігі, ұзындығы бойынша біркелкі, бауыр жүні жақсы өскен қойлар жатады. Онымен қоса дене құрылысы жақсы, денсаулығы мықты, стандарт бойынша І класқа сәйкес өнім көрсеткіштері болуы керек. |
ІІ | Барлық көрсеткіштері және қасиеттері жөнінен бірінші класқа жақын. Бұл қойлардың бағыты-тауарлық жүн және ет алу болып саналады. Өнім көрсеткіштері стандартқа сәйкес келмеуі де мүмкін. |
Таза тұқымды биязылау жүнді кластар |
Элита | Бірінші класқа бекітілген өнім көрсеткішінен жүн бойынша 15 %, ал салмақ бойынша 10 %-дан асып түсетін қойлар. Кей кезде бір қасиеті ерекше дамыған болса да элитаға жатқызады. |
І | Бірінші класқа жатқызылатын конституциясы берік, сүйегі жақсы дамыған дене құрылысы ұнамды, жүні қалың немесе аздап төмендеу, жабағы және штапелі біркелкі, бауыр жүні жақсы дамыған, өнім көрсеткіштері бекітілген стандартқа сәйкес болуы тиіс. |
ІІ | І класқа жатқызуға жарамайтын, біртекті биязылау жүнді қойларды екінші класқа жатқызады. Жүні ұзын, бірақ сиректеу болса да осы класқа жатқызады. |
Биязылау жүнді қой тұқымдарының будандары |
Элита, І,ІІ | Таза тұқымды биязылау жүнді қойдың талаптарына сай болуы керек. |
ІІІ | ІІІ класқа жүнді биязылау болған қойларды жатқызады. |
ІV | ІV класқа жүнінің қоюлығы нашар бірақ биязылау қойларды жатқызады. |
Етті-жүнді дегерес қойы |
Элита | Конституциясы және өнімділік сапасы жағынан бірінші кластағы қойлардан жоғары болуы тиіс. |
Кестенің жалғасы |
І | Конституциясы берік, денесі ірі, етті-майлы қасиеттері жақсы дамыған, дене сүйегі жақсы жетілген. Бас сүйегі қысқа, тұмсығы дөңестеу. Кеуде мен арқасы кең, аяқтары мықты, дұрыс қойылған. Құйрығының аумағы орташа, көтеріңкі немесе кроссбред типтес, талшықтарының жіңішкелігі 46-58 сапа аралығында. Жабағысы штапельдік немесе штапельді-тұлымынан құрылған. Жамбас, аяқ және бас жүндерінде тал қылшықтар кездесуі мүмкін. Шайырының мөлшері мен сапасы жақсы. |
ІІ | Денесі орташа, Конституциясы берік, жүні біркелкі биязылау, 46-58 сапа арасында. Денесі, салмағы, жүн өнімділігі бірінші класс қойларынан төмендеу. |
ІІІ | Денесі шағын, конституциясы нәзік, экстерьерінде айтарлықтай кемшіліктері жоқ. Біркелкі биязылау жүнді, жабағысында ішінара құрғақ, түрлі-түсті талшықтар кездеседі. |
Ұяң жүнді дегерес қойы |
Элита | Конституциясы және өнімділік сапасы жағынан бірінші кластағы қойлардан жоғары |
І | Денесі жақсы дамыған, Конституциясы берік, етті-майлық қасиеттері айтарлықтай. Жүнінің түсі ақ және ақшыл, тұлымданған ұяң жүнді. Жабағысы біркелкі, жылтыр, қылшығы өте аз. |
ІІ | Денесі ірі, конституциясы тұрпайы, салмағы жақсы, жүнінің сапасы нашарлау, ішінде құрғақ, өлі, түрлі-түсті талшықтар кездеседі. |
ІІІ | Денесі ұсақ, конституциясы нәзік, еттік-майлылық қасиеттері төмен. Экстерьерінде кемшіліктер бар, жүні ұяң және түрлі-түсті болып келеді. |
Ұяң жүнді құйрықты қойлар |
Элита | Конституциясы және өнімділік сапасы жағынан бірінші кластағы қойлардан асып түсетіндері жатқызылады |
І | Конституциясы берік, денесі айтарлықтай ірі, етті-майлы қасиеттері қанағаттанарлықтай, басының үлкендігі, мойнының ұзындығы орташа, шоқтығы, арқасы, сауырыны кең, құйрығы үлкен, жүні қалың, тұлымданып келген, өлі, құрғақ талшықтары аз, түстері қоңыр, қара, ақсары. |
Кестенің жалғасы |
ІI | Конституциясы берік, кейбіреулері тұрпайылау, орташа, етті-майлы қасиеттері орташа, жүні ақ, ақшыл. |
ІІІ | Конституциясы нәзік, экстерьерінде кемшіліктер бар, жүні түрлі-түсті, бірақ ұяң жүнді қойлар жатқызылады. |
Қылшық жүнді құйрықты қойлар |
Элита | Конститутциясы мен өнімділігі жөнінен бірінші кластың талаптарынан артық қойлар жатқызылады. |
І | Конституциясы берік, салмағы мен жүн өнімділігі стандартқа сәйкес, дене құрылысы жақсы, етті-майлы қасиеттері жоғары, құйрығы үлкен, жүні қалың, жабағысында өлі жүн аздап қана кездеседі. |
ІІ | Конституциясы тұрпайы, етті-майлы қасиеттері жақсы дамыған, жүні нашарлау, құрғақ молырақ. |