Атынастарын реттеу ерекшеліктері.

Сыртқы сауда қатынастарын реттеу. Қазақстанның ТМД елдерімен ӛндірістік, ғылыми-техникалық,қаржылық байланыстарын реттеу принциптері. Орталық- Азиялық әріптестікке интеграциялану болашағы. Тауарларды халықаралық сату- сатып алу келісімдерін реттейтін стандартизация нормаларының қажеттілігі.

Кедендік Одақ және интеграцияның терендеуі. "Ресей, Беларусь, Қазақстан,Қырғызстан" Кедендік келісімі. Тауарларды сату-сатып алу келісімдері туралы БҰҰ Конвенциясы.Қолдану сферасы және жалпы нұсқаулар. Халықаралық арбитраж заңды енгізу проблемасы. Факультативті қолдану туралы регламент. Келісім міндеттемелері бойынша ережелер, қолдану сферасы.

Халықаралық кепілдік келісімдерінің түрлері.

Сыртқы экономикалық саясат – бұл сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу тәртібін анықтау мен елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс -әрекеттері.

Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына мыналар кіреді:

- сыртқы сауда саясаты (экспорт және импорт саясаты);

- шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұшлттық капитал салымдарын ретеу саласындағы саясат;

- валюталық саясат.

Сондай-ақ, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттеремен,

аймақтармен, сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.

Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қызметті реттейді, оның белгілері келесідей:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы;

- матреиалдық, ақшалай, еңбек және интелелектуалдық ресурстардың

халықаралық қозғалысы.

Сыртқы экономикалық саясатты құру үшін оның негізгі қағидаларын нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық – құқықтық ретеуге берілген, оның себебі бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс. СЭС келесідей қағидаларын атаймыз:

1. мемлекеттік қайта өзгерту қағидасы. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты қалыптасады;

2. ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметтің тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;

3. үкімет тармақтары, ведомстволары мен субъектілері арасында сыртқы

экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде блу;

4. сыртқы экономикалық саясат – кез-келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.

Сондықтан, сыртқы экономикалық саясат сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.

Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына мыналар жатады:

- кедендік тарифтер;

- шеттен әкелу мен шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары;

- саудалық эмбарго;

- кедендік одақтар;

- еркін сауда аймағы.

Ал валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату

операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық

операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің жеңгейлері реттеледі.

Сондықтан, қазіргі кезде сыртқы экономикалық саясат құралдары мемлекетке ӛзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасына белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Кез-келген мемлекеттің қызмет етуі ұлттық және мемлекеттік мүдде

категорияларына сүйенеді. ҚР-ның халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің ұлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. ҚР-ның мүдделері, ең алдымен мынадай саяси және экономикалық факторлармен байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарқтың бар болуы, космостық база, ішкі саяси жағдайдың белгілі мөлшерде тұрақсыз болу қаупі, халық санының арту арқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын арттыру.

Республиканың алдына шетелдермен және таяу шетелдермеен қарым-

қатынастардың ұтымды жағын табу және күштердің қазіргі кездегі балансына байланысты Азия мен Орта Шығыс кеңістігіндегі Қазақстанның ғаламдық рӛлін белгілеу мәселесі қойылады. Ұлттық мүдделер мен басымдық таңдауды мемлекеттің саяси, әлеуметтік және қорғану салаларындағы қызметінен іздеу керек. Қазақстанның мүддесіне ең бастысы мыналар жатады: оның егемендігі және таңдаған даму моделін құрметтеу, шекара қауіпсіздігі, экономикада, мәдениетте өзара тиімді ынтымақтастық. Сондай-ақ, республиканың мүдделері сыртқы факторлармен байланысты және ол ішкі саясаттың макро және микро деңгейдегі бағыттарына әсер етеді.

Қазақстанның келешекпен байланысты мәселелеріне кең ауқымды қарағанда, олар мына факторларға байланысты болады:

- коммуникация құралдарымен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгеніне

қарамастан, ашық теңізге шығу жолдарының болмағандығы белгілі мөлшерде Қазақстанның дамуын шектейді. Қазақстан көп мемлекеттермен шекаралас болып келеді, соған сәйкес шекаралас мемлекеттердің тұрақтылығы қайта ұйымдастыру үлгісі жобасының дамуын қамтамасыз етпеді;

- Республиканың мүмкіндігі бейбітшілікті күшейтумен сипатталады.

Қазақстан ТМД көлемінде және шетелге қатысты саясатында да көптеген ынтымақтастық шараларының қолдаушысы болып табылады.

- Шетел эксперттерінің бағалауы бойынша республика ғаламдық

маңыздылығы жағынан ұзақ және қысқа мерзімдік болашақта халықаралық

бәсекеге қауіп төндіру мүмкіндігіне ие емес, мұның себебі қолда бар өндірістердің өзін қалпына келтіруге қаражатты тарту болып табылады.

Қазақстан ішкі затты экспорттаушы мемлекеттерге жататындығы бәрімізге белгілі. Шикізатты қазып шығаруға мамндану ең тәуелді қызметердің бірі. Мұндай экспортқа арқа сүйенген мемлекет әлемдік нарықтағы циклдылықтан әрдайым аса ірі валюталық шығынға түседі. Әлемдік нарықта шикізат материалдарына сұраныс болуы мынадай мәселелермен байланысты: өндіріске материалдарды үнемдейтін технологияларды енгізу және оларды дамыту. Бір мезгілде шикізат бағасы төмендеп, ал импортталып отырған тауарлардың бағасының өсу құбылысы байқалады. Мұндай айырбас ұлттық табыс мөлшерін азайтады, капитал қорлануына кедергі келтіреді. Бұл қызмет сферасы экспорттық түсімдерді көбейту мақсатында протекционистік кедергілерді төмендету саясатынан тұрады:

республиканың экономикалық - әлеуметтік дамуына зиянды валюталық түсімдер қарызын өтеуді реттеу келісіміне қол жеткізу, қарыз төлемдерді жою, мерзімін ұзарту барысында проценттер деңгейінің көтерілуіне шек қою.

Нарық қатынастарына кӛшу және республикадағы экономикалық жағдайдың өзгеруі экономикалық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық негіздерін жақсартуды талап етеді. Оларды іске асыруды мемлекеттік басқару органдары орындайтын болғандықтан, өзгермелі экономикалық жағдай ұйымдастырушылық құрылымның реформалануын қажет етеді, сонда экономикалық өркендеуге, экономикалық қауіпсіздікке және ҚР-ның қауіпсіздігіне тиімді түрде әсер етуге мүмкіндік туындайды.

ҚР-ның болашағын айтсақ, онда мынадай жағдайларға назар аудару қажет. Экономитканы реформалау нәтижесіндегі халықаралық аренада орын алуы мүмкін өзгерістер тек қана экономикалық потенциалдың артуы жағдайында ғана болды.

Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы тиіс. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуыв мүмкін.

КСРО күйрегеннен кейін Қазақстан Республикасында өндірістің құлдырауы, инфлция мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі типтес көптеген экономикалық мәселелер туындады. Елміздің экономикасын тұрақтандыру, оны терең құрылымдық, валюталық және әлеуметтік дағдарыстан шығару бойынша бірқатар реформаларды қолға алды.

Ең алғаш 1993 жылы 14 көкек айында «Валюталық реттеу жөніндегі» Заңы қабылданды. Бірақ бұл осы жүйенің талаптарына жауап бере алмады, сосын жаңа заң жобасын қайта жасау қажеттілігі туындады.

Қазақстан валютасының нарығын ары қарай ырықтандыру бойынша

жұмыстар жүргізілді. Осыған орай, 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан

Республикасының Валюталық реттеу жөніндегі жаңа Заңы қайта қабылданды.

Валюталық реттеуді заңды тұрғыда қамтамасыз ету – Қазақстанның валюталық ақша-жүйесін реформалау жағдайында үнемі өзгерістерге ұшырап отырды. Валюталық реттеу бірқатар әкімшілік шаралар валюталық түсімдерді арттыруға және де валютаның елден шығып кетуін қысқартуға бағытталған. Валюталық реттеудің негізгі басымдықтары мыналар:

- елдің тӛлем балансының теңгерілуіне қол жеткізу;

- теңгенің тұрақты бағамын сақтау;

- мемлекет қарамағындағы валюталық ресурстардың шоғырлануы.

Шетел валютасы, бағалы қағаздар және төлем құжаттары - құйма түріндегі алтын- валюталық реттеу объектілері болып табылады. Валюта дегеніміз – банкнот, монета түрінде, соның ішінде бағалы металдардан жасалған, заңды түрдегі төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері.

Шетел валютасы - шет мемлекеттер валютасы. Бұл заңда валюталық операциялардың 2 түрі кӛрсетілген:

1. ағымдағы операциялар

2. капитал қозғалысымен байланысқан операциялар.

Валюталық саясаттың дәстүрлі формаларының ішінде мынадай құралдар

қолданылады:

- валюта бағамы тәртібін реттеу,

- валюталық интервенциялар,

- алтын-валюталық резервтерді басқару

- теңгенің еркін айырбасталуы дәрежесін реттеу.

Валютаның айырбас бағамы саясаты – бұл валюталарды сатып алу қабілетін қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығында валюталық алып-сатушылық операциялардың белсенді дамуына жол бермеу шараларын ескере отырып құралады. Бұл саясаттың мақсаты – барлық басқа қаржылық нарықтардың дұрыс қызмет етуі мен теңгені нығайтуға жағдай жасау. АҚШ долларына қатысты теңгенің ресми айырбас бағамы биржалық және биржадан тыс валюта нарығының жағдайына, инфляция деңгейі мен басқа макроэкономикалық кӛрсеткіштер деңгейіне байланысты белгіленеді.

1996 жылы халықаралық валюталық қормен келісімдегі шартына сәйкес

Қазақстан өзіне төмендегідей міндеттемелерді алды:

- валюталық шектеулерді енгізбеу немесе күшейту міндеттемесі;

- көп валюталық бағамдарды қолдану тәжірибесін енгізбеу немесе өзгерту;

- төлемдік балансқа байланысты себептер бойынша импортқа шектеулерді енгізу немесе күшейту.

Қазақстанның Ұлттық банкі ұлттық валюта бағамын шетел валютасына

қатысты реттеп тұрады, яғни аптасына 1 рет, дүйсенбі күні Ұлттық банк жетекші әлемдік валюталарға қатысты теңге бағамын белгілеп отырады. Мұндай белгілеу есеп жүргізу және кедендік тӛлемдер үшін қажет.

Ұлттық банк мынадай қызметтерді жүзеге асыруға құқығы бар:

1. шетел валютасын сатып алу және сату.

2. қазынашылық вексельдер және басқа бағалы қағаздармен операцияларды жүргізу.

3. алтынның қабылдануын, сақталуын және өңдеуін қамтамасыз ету.

Ұлттық банк теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін алтыннан, шетел валютасынан тұратын, шетелде сақталатын банкнот, монета түрінде; валюталық құндылықтар; халықаралық резервтік активтер; вексельдер түрінде алтын-валюталық резервтерді құрады. Валюталық органдарға мыналар жатады: мемлекеттік Кеден комитеті, салық органдары, Қаржы министрлігі.

Инвестициялық саясаттың әлеуметтік – экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегідей:

1. тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;

2. донордың ӛндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;

3. елеулі кӛлемде қаржылық ресурстардың ағылып кеуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену мәселесіне әсер етпейді;

4. тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.

Мұның барлығы Үкіметтің инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді. Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

- біріккен төл кәсіпорындарды құру;

- шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;

- акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне

донорлардың қатысуын кеңейту;

- банктік мекемелерді инвестициялау.

Инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететіндер мыналар: бюджеттік

саясаттың қатаңдығы және шиеленіскен ақпараттық хал-ахуал. Айналым

капиталының инфляциялық құнсыздануы, экономикалық байланыстардың үзілуі, несиелерді берудегі шынайы емес шарттар, жекешелендіру саясаты нәтижесіндегі ауыр төлемдік дағдарыс жаппай банкротқа ұшырау және халық шаруашылығының барлық салаларының қаржылық жағдайының нашарлануына әкеледі.

Экономикалық жағдайдың ауырлығы халық шаруашылығының бірқатар

салаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығы, қазба өнеркәсібіне инвестицияларды тарту мәселелерін туындатты.

Соңғы он жылда әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық пен

ғылыми-техникалық дамуының негізгі бағыты инновациялық болып табылды. Мұның барлығы табысы жаңа ғылыми технологияларды қолдануды қамтамасыз ететін әлемдік нарықта бәсекенің күшеюімен байланысты.

Қазақстанда соңғы он жылда экономикалық қатынасқа нарықтық механизмдердің енуімен байланысты түбегейлі өзгерістер жүрді. Бірақ, алғашқы кезеңде реформалардың жедел жүргізілуі жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің экономикалық негізделген үлгісінің болмауынан елдің әлеуметтік- экономикалық дамуында күткен нәтижелерді бермеді. Отын – шикізаттық сала басым экономика құрылымы қалыптасты.

Әсіресе, инвестициялық белсенділіктің төмендеу факторы негізгі қорларды жаңалау, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, инновациялық қызмет мүмкіндіктеріне кері әсерін тигізді. Инновация ғылымда және елдің

экономикасында беделді орын алу үшін нарықтың талабы инновациялық

белсенділік пен жаңа ізденістерді кеңінен қолдану арқылы қолайлы жағдайды құру қажеттігін көрсетеді.

Елдің тұрақты дамуын, бәсекеге қабілетті өнім түрлері өндірісі үшін қолайлы жағдай құру мен экспорттың өсуін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен 2003-2015 жылдар аралығында ҚР-сының индустриалды- инновациялық даму Стратегиясы бекітілген.

Қазақстанның әлемдік экономикадағы маңызсыз интеграциясы, елдің ішіндегі әлсіз салааралық және аймақ аралық экономикалық интеграция жағдайында Стратегияның жүзеге асырылуы елдің шикізаттық бағыттан сервисті- технологиялық экономикаға өтуін қамтамасыз етеді.

Стратегия шеңберінде мәселені шешу мен мақсатқа жету үшін Даму банкі мен Қазақстанның Инвестициялық қоры, Ұлттық инновациялық қор және экспорттық несиені сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы сияқты арнайы институттар құрылды.

ОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор.Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады

Наши рекомендации