Ылыми-техникалық жетістіктердің экономикалық теориясы. 4 страница

Көлік шаруашылығын ұйымдастыруТиеу-түсіру, тасымалдау жұмыстарын кәсіпорынның көлік шаруашылығы атқарады. Ал оны ұйымдастыру деңгейі өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді. көлік шаруашылығының ұйымдастырылуы дәрежесі өндірістік циклдың ұзақтығына және соның нәтижесінде аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттарының мөлшеріне тигізетін әсері жоғары.Кәсіпорынның көлік шаруашылығының міндетіне барлық тиеу-түсіру және тасымалдау жұмыстарын уақтылы, сапалы және үнемді жүргізу керек.Кәсіпорында пайдаланылатын көлік қызмет көрсету аумағына қарай: -сыртқы, кәсіпорынның сыртқы жабдықтаушыларымен және өнімді тұтынушылармен байланысын қамтамасыз ететін көлік түрлері жатады. Мұндай тасымалдаулар әдетте орталықтандырылған тасымал қызметтерінің күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады; -цехаралық, жүктерді цехтар арасында тасу және жүктерді бір қоймадан екінші қоймаға және кәсіпорын цехтарына тасуға арналған көлік болып бөлінеді; -цехішілік, бір цех ішінде ғана тасымалдау жұмыстарын орындайтын көліктерді айтады.Кәсіпорында өндірілетін өнім сипатына, оның дайындалу технологиясына қарай түрлі тасымалдау құралдары қолданылады: рельсті және рельссіз жүретін көлік, автомобильдер, ковейерлер және транспортерлер, түрлі арбалар, лифттер, лебедкалар, аспалы жолдар, крандар, тасу құралдары және т.б. Кәсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының көлемі көлік құралдарына деген қажеттілік және жүктерді масымалдауды ұйымдастыру үк айналымы мен жүк ағынының есебі негізінде жүргізіледі.Жүк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір бөлімше шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санын айтады.Жүк ағыны деп белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру пункттерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны. Жүк ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк айналымын атайды.Көлік шаруашылығын жетілдірудің басты бағыттар келесі; -барлық тиеу-түсіру жұмыстары; -тасымалдау жұмыстарын автоматтандыру және механикаландыру; -қол еңбегін мейлінше азайту; -жүктердің жеткізілу пункттерін автоматты түрде белгілеу жүйелерін қолдану; -теледидар арқылы басқарылатын көлік құралдарын қолану.Кәсіпорынның көлік шаруашылығын ұйымдастыру деңгейі мынадай жалпылама көрсеткіштермен сипатталады:А) көлік шаруашылығы жұмысшыларының жалпы өндірістік және қосалқы жұмысшылар санындағы орташа үлес салмағы;Б) көлік құралдарының кәсіпорынның жалпы құралдары құнындағы орташа үлес салмағы; В) көлік құралдарының жүк көтергіштік уақыты және тағы басқалары анықталады

Kөлік жүйесіндегі экологиялық мәселелер Көліктегі қауіпсіздікті арттыру Таяу перспективада болжанатын тасымалдар көлемінің және автомобильдендірілу деңгейінің артуын ескере отырып, қазірдің өзінде көліктегі авариялылықтың алдын алу және көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тиімді іс-шаралар қабылдаудың өткір қажеттілігі туындап отыр.Көлік қауіпсіздігі саясатын іске асыру мақсатында мемлекет, бір жағынан, ырықтандыруды, рәсімдердің оңайлатылуын, екінші жағынан, ашықтықты, бақылау мен алдын алуды қамтамасыз етуі тиіс.Көлік процестерінің қауіпсіздігін арттыру үшін:көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаудың тиімділігі мен жүйелілігін арттыру;-жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін сақтауды бақылаудың тиімділігін арттыру;-кадрлар даярлаудың бірыңғай жүйесін құру, көліктің барлық түрлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі -қызметтің сәйкестілігін растау және лицензиялау;-қазіргі заманғы, аса сенімді техника мен жабдықты, диагностикалау және жөндеу құралдарын белсенді енгізу;-көлік операторларын кәсіби даярлау деңгейін арттыру;-жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастыру және жүзеге асыру технологиялық процестерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;-көлік оқиғаларының себептерін дер кезінде анықтау және олардың алдын алу мен санын азайту жөнінде шаралар қабылдау мақсатында осындай оқиғалар туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;-Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ережелерін іске асыру және көлік қауіпсіздігі жүйесінің қызметін ресурстық қамтамасыз ету қажет.-Террорлық актілердің және қауіпсіз әрі үздіксіз көлік қызметіне өзге де заңға қайшы араласулардың жүзеге асырылу мүмкіндігін болдырмауға қабілетті көліктегі қауіпсіздіктің осы заманғы және тиімді жүйесі құрылуы тиіс. Осындай жүйені енгізу тиімді халықаралық практикаға сәйкес болуы, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуы және олардың конституциялық құқықтарын сақтауы тиіс.-Көліктің экологиялық қауіпсіздігін арттыру және көлік процестерінің қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайту үшін осы саладағы мемлекеттік саясат мыналарды қамтитын болады:-тиісті мониторинг жүйесін әзірлеу мен енгізу және экономикалық ынталандыруды қолдану арқылы экологиялық талаптарға жауап бермейтін автокөлік құралдарының импортын шектеу және біртіндеп тоқтату;-транзиттік қозғалысты қоса алғанда, көлік құралдарының халықаралық экологиялық қауіпсіздік стандарттарына көшу; СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКЦЕНТТЕР:-техникалық-технологиялық процестердің, әуе, жер үсті және су көлігі түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау жүйесін жетілдіру;-көлік инфрақұрылымы мен техникалық қызмет көрсету процестерінің сенімділік және қауіпсіздік деңгейін арттыру;-қоршаған ортаны ластаудың жылжымалы көздеріне қойылатын экологиялық талаптарды қатайту, мониторинг және құқық қолдану жүйесін жетілдіру, жауапкершілікті арттыру.

Көліктегі басқару ерекшеліктері және негізгі принциптері Автомобиль көлiгiнiң тиiмдi қызметiн бiрiншi кезекте автомобиль жолдарының желiсi жататын тиiстi инфрақұрылым қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарының ұзақтығы шамамен 128 мың километрдi құрайды, соның ішiнде 85 мың километрден астамы жалпы пайдаланымдағы жолдардың үлесiне келедi. Жалпы пайдаланымдағы жолдардың құрамында республикалық маңыздағы жолдардың ұзақтығы 18,9 мың километрдi және жергiлiктi маңыздағы жолдардың барудың ұзақтығы 66,3 мың километрдi құрайды. Республикалық автожол желiсiне халықаралық мәртебе берiлген шамамен 13 мың километр жол кiредi. Бұдан басқа 19,5 мың километр жалпы пайдаланымдағы жолға арнаулы (қорғаныстық) маңыз берiлген. Соңғы жылдар iшiнде автомобиль көлiгi мен автожол саласын басқару құрылымы бiрнеше мәрте қайта ұйымдастырылған.Қазiргi уақытта Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң құрамында Автомобиль жолдары комитетi мен автомобиль көлiгi басқармасы жұмыс iстейдi, оларға КК осы секторында мемлекеттiк саясатты іске асыру және барлық қызмет түрлерiн үйлестiру мiндет жүктелген. Комитет сонымен қатар республикалық автомобиль жолдары желiсiн қолдау мен дамыту жөнiндегi барлық бағдарламалардың әкiмгерi болып табылады. Автокөлiк тасымалдарын жүзеге асыратын операторларға, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi қызметтерiн ұсынатын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге, сондай-ақ отын-жағармай материалдары мен қосалқы бөлшектердi жабдықтаушыларға барынша iс-әрекет еркiндiгi берілген, ол Қазақстанда шаруашылық қызметiн жүргiзудiң жалпы қағидаттармен "жұмсақ" реттеледi. Мысалы, лицензиялау мен сертификаттар жүйесi арқылы іске асырылатын қандай да бiр арнаулы талаптар мен шектеулер жоқ. Халықаралық деңгейдегi қызмет, әлеуметтiк маңызы бар қалалық жолаушылар тасымалдары мен жұмылдыруға әзiрлiгiн қамтамасыз ету (жүк автокөлiгi үшiн) оған кiрмейдi. Халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасы қол қойған үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын ұлттық тасымалдаушыларға құқық беретiн реттеушi және шетелдiк тасымалдаушыларды ішкi рынокқа жiберудi шектейтiн құрал Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi айқындайтын рұқсаттар құрамы болып табылады. Ұлттық тасымалдаушыларға жәрдем көрсету мен халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағы (ҚазАТО) құрылды, ол 1994 жылы Халықаралық автомобиль көлiгi одағына (ХАКО) толық мүше болды.

Көліктегі кооперациялау мәні, оның нысандары мен негізгі көрсеткіштері Өндірісті кооперациялау – тасымалдау үрдісін бірлесіп жүзеге асыратын кәсіпорындар арасындағы жоспарлы-ұйымдастырылған өндірістік байланыстарды білдіреді.Кооперациялық байланыстарды құрған кәсіпорындар өздерінің шаруашылық дербестігін сақтайды. Кооперациялау тәртібінде кәсіпорындар дайын өнімге бірден енгізілетін немесе алдын – ала қосымша өңдеуден өтетін жинақтаушы өнімдер мен жартылай фабрикаттармен жабдықтайды. Өндірістегі кооперациялау екі бағытта жүзеге асырылады: 1) өзінің мамандану сипаты бойынша бір-бірінен өндірістік тікелей байланыста болатын кәсіпорындар арасында тығыз байланыстарды орнату. Мұнда дайын өнімді құрастырушы негізгі кәсіпорындар мен өнімнің белгілі бір бөліктерін дайындауға маманданған кәсіпорындар арқылы тұрақты және ұзақ байланыстар бекітіледі. 2) бір – бірімен тікелей өндірістік байланыста болмайтын маманданған кәсіпорынның бірінің бос өндірістік қуатын толық пайдалану мақсатымен өзара ұйымдастырылған кәсіпорындардың арасындағы байланыстарды бекіту. Мұнда кооперациялық байланыстар уақытша болып есептеледі және минимальді күрделі қаржы кірістіріп немесе кірістірмей жаңа өнім түрлерін тез игеру қажет болған жағдайда пайда болады. Мұндай кооперациялау тиімді деп есептеледі. Себебі ол кәсіпорынның бірінде уақытша бос тұрған қуаттарды толық жүктеуге көмегін тигізеді. Мамандандыру формаларымен қатар кооперациялаудың формалары бөлеміз. Олар: 1)заттай(агрегаттық)кооперациялау барысында негізгі кәсіпорын мен делдал кәсіпорын арасында белгілі бір агрегаттармен оны жабдықтау бойынша дайын өнімді толық комплектілеу үшін өндірістік байланыстар орнатылады. Бұл форма автомобиль, трактор және ауыл шаруашылығы машинасы саласында кеңінен дамыған;2)бөлшектей кооперациялау барысында белгілі бір бөлшектерді дайындауға маманданған делдал кәсіпорындар мен дайын өнімді шығаруға маманданған кәсіпорындар арасында өндірістік байланыстар орнатылады. 3)технологиялық кооперациялау барысында маманданған кәсіпорындар басқаларына белгілі бір жартылай фабрикаттарды немесе олар үшін белгілі бір технологиялық операцияларды орындайды. Кооперациялауды территориялық белгісі бойынша ішкі аудандық және ауданаралық деп бөлінеді. Ішкі аудандық кооперациялау бір экономикалық аудандағы орналасқан кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыстарды қамтиды. Ал ішкі аудандық кооперациялау әр түрлі аудандарда орналасқан кәсіпорындар арасында өндірістік байланыстарды қамтиды. Салалық белгісі бойынша салалық немесе салааралық кооперациялау деп бөлінеді.Салалық кооперациялау барысында өнеркәсіптің бір ғана саласындағы кәсіпорындар арасында өнеркәсіптік байланыстарды орнатуды сипаттайды. Салааралық кооперациялау әртүрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыстарды сипаттайды.Өндірістік кооперациялау деңгейі келесідей көрсеткіштермен сипатталады: -Кооперациялау коэффициентімен; -Шектес кәсіпорындар санымен; -Ішкіаудандық және ауданаралық, ішкісалалық және салааралық кооперацияланған жеткізілімдер көлемінің арақатысымен; -Жекелеген кәсіпорынды және бүтіндей сала бойынша кооперациялаудың орташа радиусымен.

Көліктегі мамандандыру, оның бағыттары Мамандандыру, оның бағыттары, нысандары мен көрсеткіштері.Көліктің сыртқы келбетінің уақыт өте келе өзгеріске ұшырауы объектілердің құрылымдары мен қызметтеріндегі терең сапалы өзгерістердің әсерімен түсіндіріледі. Кез келген күрделі объектінің (жүйенің) өсу үрдістері даму үрдістерінен ерекшеленеді. Көлік жүйесі де тек өсіп қана қоймай, күрделі сандық-сапалық өзгерістерге ұшырап, яғни дамып отырады. Өндірісті шоғырландырудан кейінгі қоғамдық еңбек бөлінісінің келесі бір нысаны – мамандандыру болып табылады. Мамандандыру – өндірістік бірліктердегі өнім номенклатурасының шектелуін білдіреді. Мамандандыру өнімнің біртектілігін жоғарылатады және оны өндірістің қоғамдық ұйымдастырудың дербес формасы ретінде ғана емес, шоғырландырудың бір түрі, яғни біртекті өндірісті шоғырландыру ретінде қарастырады. Өндірістің мамандануы – жеке еңбек бөлінісінің объективті нәтижесі ретінде ескілерінің майдаланып және жаңаларының құрылуын білдіреді. Өндірістің дифференциациясы – бұл жеке еңбек бөлінісінің алғашқы сәті және өндірісті мамандандырудың алғашқы кезеңі болып табылады. Мамандандыруды көлікті, кәсіпорынды мамандандыру, кәсіпорын ішіндегі мамандандыру деп бөледі. Көлікті мамандандыру біртекті өнімдері бар немесе біртекті қызметтер көрсетіп отырған салалаларды ыдырату мен жаңа өндірістерді құруды білдіреді, сондай-ақ осы саладағы кәсіпорындар арасындағы еңбек бөлінісін білдіреді. Теміржолдардың бастапқы салынуы барысында темір жолдар ұзындықтары бойынша (80-120 км-ден тұратын) біртекті тізбектерден және локомотивтердің айналу тораптары қызметтерінің біртекті сипатынан тұрды. Бекеттердің жолдық дамуы, локомотив паркі, сонымен қатар қызмет көрсетуші қызметкерлер де қызмет түрлеріне қарай маманданған жоқ. Дегенмен мамандандырудың кейбір белгілері көліктің кейбір буындарында сол кездері орын алды.Теміржол көлігі одан әрі қарай дамыған сайын оның элементтерінің де мамандануы айқынырақ көріне бастады, оларды пайдалану-техникалық саралау да одан әрі қарай жүргізіле бастады. Тораптық және аралық бекеттермен бірге маманданған жолаушылар, жүк және сорттау бекеттері бөліне бастады. Кәсіпорын ішіндегі мамандандыру (ішкі зауыттық мамандандыру) – бұл белгілі бір технологиялық операциялардың немесе операция топтарының орындалуымен айналысатын жұмыс орындарының, бөлімшелерінің, цехтардың мамандануын білдіреді.Белгілі бір территорияда өндірістік мамандандырудың дамуы негізінде территориялық мамандану дамиды, яғни өнеркәсіптік тізбектердің, орталықтардың мамандануы жүзеге асырылады. Өндірістік маманданудың тереңдетілген процесі – кооперациялауды ұлғайту болып табылады. Мамандандыру мен кооперациялау бұл өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастырудың біртұтас поцесінің өзара байланысты, өзара толықтырушы жақтары болып табылады.Көлік өндірісін мамандандырудың үш нысаны бар:1мамандандырудың заттай формасы өнеркәсіптік объектінің тек дайын, тұтынушыға тікелей барып түсетін аяқталған өнімді шығаруын сипаттайды; 2) мамандандырудың бөлшектей формасы өнеркәсіптік объектінің дайын өнімді комплектілеу үшін өндірісте әрі қарай пайдалану үшін қолданылатын дайын өнімнің жеке бөліктерін шығаруын сипаттайды; 3) мамандандырудың технологиялық формасы өнеркәсіптік объектісінің затын өңдеу кезеңдерінің бірін орындаумен айналысуын сипаттайды (технологиялық операциялар немесе өндірістік процестің кезеңдері); 4) функционалдық мамандандыру үшін көмекші немесе қызмет көрсету жұмыстарының белгілі бір түрінің орталықтандырылуы немесе олардың маманданданған кәсіпорындарда орындалуы сипаттас. Мұндай функционалдық мамандандырылған кәсіпорындарға жөндеу және тара дайындау зауыттары, транспорттық-экспедициялық шаруашылық, энергетикалық орталықтар, есептеу орталықтары т.б. жатады.

Көліктегі мамандандырудың нысандары мен көрсеткіштері Мамандандыру – өндірістік бірліктердегі өнім номенклатурасының шектелуін білдіреді. Мамандандыру өнімнің біртектілігін жоғарылатады және оны өндірістің қоғамдық ұйымдастырудың дербес формасы ретінде ғана емес, шоғырландырудың бір түрі, яғни біртекті өндірісті шоғырландыру ретінде қарастырады. Кооперациялау – кәсіпорындар арасында ұзақ өндірістік байланыстарды құруды білдіреді және ол жеткілікті жоғары шоғырландыру барысында және осы кәсіпорында өндірістің тұрақты мамандану жағдайында ғана мүмкін болады. Құрамдастыру – бұл технологиясы жағынан әртектес, бірақ өзара байланысқан бірнеше өндірістердің кәсіпорын көлемінде бірігуі болып табылады. Ол шоғырландыруды дамытудың бір жолы болып есептеледі. Сонымен мамандандырудың, кооперациялаудың, құрамдастырудың дамуы шоғырландырудың дамуымен байланысты. Өндірісті шоғырландырудың абсолюттік және салыстырмалы мәндері бар: 1.абсолюттік шоғырландыру – өндірістік бірліктердің өлшемдерін сипаттайды. 2.салыстырмалы шоғырландыру – әртүрлі ауқымдағы бірліктердің арасында өндірістің жалпы көлемін бөлуді білдіреді. Салыстырмалы шоғырландыру абсолюттік шоғырландыру әсерінен құралады.

Көліктік логистика түсінігі, міндеттері Логистика – клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.Логистиканың негізгі мақсаттарыЛогистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану.Логистика салалары:1.Қамтамыз ету логистикасы 2.Өндірістік логістика 3.Тарату логистикасы 4.Сатудан кейінгі (after sales) логістика 5.Шығарып тастау (disposal) логистикасы Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.

Көліктің жеке түрлерінің технико-экономикалық ерекшеліктері Көлік түрлері су (теңіз, өзен), жерүсті (теміржол, автомобиль, құбыр) және әуе көліктеріне бөлінеді. Құбырдан басқа барлық көлік түрлері жүктер мен жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады. Бұл көлік түрлері дәстүрлі көлік түрлеріне жатады. Көліктің дәстүрлік емес түрлеріне пульпа құбырлары (үйінді жүк ұсақталып, сумен бірге құбыр арқылы айдалынады), пневмокөлік, магнит жастықшасындағы көлік жатады.ТЕҢІЗ КӨЛІГІартықшылықтары:Төменгі жүк тарифтері; Жоғары өнімділік (кемелердің үлкен жүк көтергіштігі есебінен) Жұмыстың үздіксіздігі (күніне 24 сағаттан); Ауа-райы жағдайларына аз тәуелділігі ; Сұранысқа икемделе алушылық (теңіз кемелерін әлемнің кез келген нүктесіне бағыттауға болады); Теңіз қатынас жолының шексіз өткізу қабілеттілігі. кемшіліктері: Салыстырмалы төменгі жылдамдық (жүк кемелері үшін 18-20 тораптан); Қозғалыстың салыстырмалы түрде аз жиілігі (тек үлкен көлемдегі жүктерді және бірден тасымалдай алады); Жүктерді мұқият орау қажеттілігі ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІартықшылықтары: Үлкен қашықтықтарға тез жеткізу; Ауа-райы жағдайларына тәуелсізділігі; Үлкен жүк көтергіштік (3-4 мың т. – бір құрам); Салыстырмалы төменгі тарифтер;Жеткізу жолдары болған жағдайда жүк алушыда қосымша қолайлы жағдайлар туындайды (жеткізуді «есіктен есікке» ұйымдастыруға болады);Әр түрлі көлемдегі жүктерді тасымалдау қабілеттілігі. кемшіліктері:Жүктерді аударудың болуы (вагондарды қайта сұрыптау);Нықтап ораудың қажеттілігі;Ұрлық үшін қолайлы жағдайлардың болуы;Теміржолдардың географиялық орналасуына тәуелділігі;Жолда составтарды қайта құрудың қажеттілігі.АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІартықшылықтары:Маневрлік – көлікті талап етілетін жерге шоғырландыру мүмкіндігі;Жеткізудің жылдамдылығы мен қалыптылығы;Қазіргі заманғы жеткізу түрлерін ұйымдастыру мүмкіндігі (есіктен есікке);Жүктердің аса сақталымдылығы;Шағын қашықтықтарға тасымалдау кезінде үлкен үнемділіктің болуы;Автокөлікті қолдану жеткізілімдердің икемділігін тудырадыкемшіліктері:Жол жүйелеріне тәуелділігі;Аз жүк көтергіштік;Салыстырмалы жоғары тарифтерӘУЕ КӨЛІГІартықшылықтары:Жоғары жылдамдықта жеткізу;Жолдарды қысқарту;Жүктің жолда жоғары деңгейде сақталынуы;Ең жоғары деңгейде қызмет көрсету;Қарапайым түрдегі орау;Ең төменгі сақтандыру шығындары (аз уақытта тасымалдауға байланысты).кемшіліктері:Жоғары жүк тарифтері;Ауа-райы жағдайларына тәуелділік;Өлшем мен салмағына шектеу қою;Жерүсті қызметтеріне тәуелділік;Әуежайлардың кәсіпорындардан қашық орналасуы.ҚҰБЫР КӨЛІГІартықшылықтары:Ауа-райы жағдайларына тәуелді болмаушылық;Тасымалданатын жүкті берудің үздіксіздігі;Төменгі өзіндік құн;Жоғары деңгейде операцияларды автоматтандыру (құю, айдау, шығару).кемшіліктері:Біржақты тасымалдау;Басқа түрдегі жүкті тасымалдаудың мүмкін еместігі;Құрылғының жоғарғы өзіндік құны. .ӨЗЕН КӨЛІГІартықшылықтары:Өзендер арқылы жоғары өткізу қабілеттілігі;Тасымалдаудың төменгі өзіндік құны, әсіресе, үлкен жүктер мен жылдам жеткізуді талап етпейтін жүктерді тасымалдаудың төменгі өзіндік құны;Көп санды жүктерді тасымалдау мүмкіндігі;Автожол және теміржол жүйесі дамымаған аудандарда пайдалану мүмкіндігі. кемшіліктері: Гидротехникалық құрылыстарды салу қажеттілігі;Әлемнің көптеген өзендерінде жұмыстың мерзімді түрде жүргізілуі;Су жолдарының табиғи географиялық орналасуымен санасу қажеттілігі және олардың жиі түрде жүк ағындарымен сәйкес келмеуі. Автомобиль жолдары көлік инфрақұрылымының ең маңызды жүйесі, онсыз нарық жағдайында экономиканың ешбір саласы тиімді әрекет ете алмайды

Көліктің материалды-техникалық базасы Материалдық – техникалық ресурстар құрамына: шикізаттар, материалдар, комплектеуші бұйымдар, сатып алынатын технологиялық құрал – жабдықтар және технологиялық, жаңа көлік құралдары, жүк тиеу мен жүк түсіру жабдықтары, есептеуші техника және басқа жабдықтар, сонымен қатар сатып алынатын жанар – жағар май, энергия, су т.б. Материалды – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымы келесі кешенді қызметтен тұрады: 1.ресурстарды жеткізу маркетингі; 2.өндірісті ресурспен қамтамсыз етуді нормалау және жоспарлау; 3.запастарды басқару; 4. жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз ету; 5.ресурстарды тиімді пайдалануды басқару; Кәсіпорындағы материалды – техникалық ресурстар мен қамтамасыз етудің нақты формасы: ресурстардың еркешілігін, оны алудың ұзақтығына, ұсыныстардың санына, ресурс сапасы мен бағасымен анықталады. Транспорттық шаруашылық кәсіпорынның материалдық ағыммен байланыстырушы негізі болып табылады. Транспорттық қызмет көрсетудің сапасы кәсіпорынның қалыптылық тиімділігін көрсетеді. Жүк тасымалдауда жүк айналымын қысқартады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, еңбектің өнімділігін арттыруға әкеледі.Көлік базасы міндеті: 1.техниканың барлық түрлерінің авариясыз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету, оларды дұрыс пайдалану, уақытылы сапалы жөндеу және техникалық қызмет көрсету; 2.қызмет көрсету өнімділігін арттыру және оны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу; 3.техниканың, жабдықтардың барлық түрін есепке алуды ұйымдастыру, сонымен қатар ескірген және амортизациялық мерзімін өтеген техникаларды есептен шығаруға құжаттарды дайындау; 4Механизм тетіктері мен түйіндерін қалпына келтіру және жөндеудің үдемелі әдістерін енгізу және өңдеу, сонымен қатар техниканың қызметінің мерзімін көбейту бойынша шаралар қолдану, және оның бос тұрып қалуын қысқарту, өндірістік жарақаттанудың және аварияның алдын алу, жөндеудің сапасын жоғарылату. Көлік жұмыстарын жоспарлау техника-экономикалық, оперативті-өндірістік болып екіге бөлінеді.Техника-экономикалық жоспарлауға стратегиялық және жылдық жоспар құру жатады, яғни жүк айналым көлемін анықтау, көлік құралдарына, жағармайға, майлау және басқа да материалдарға қажеттілікті анықтау, көлік құралдарын жөндеу,көлік қызметінің штаттарын, жүктерді тасымалдау шығындарын және т.б көрсеткіштерді анықтау қарастырылады.Оперативтік-өндірістік көлік жұмыстарын жоспарлау және сату жұмыстарын жүргізу үшін көлік және тасымалдау операцияларымен қамтамасыз етуге бағытталады.

Көліктің экономиканы дамытудағы рөлі мен маңызы Көлік- экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол ендіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет керсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі. Көлік 4 қурамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік құралдары (автомобильдер, кемелер, ұшактар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуе, теңіз), ірйымдар (авиациялық теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-тусіру пункттері (теңіз және «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардың әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, әуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты жеке салаларға немесе көлік турлеріне бөлінеді. Көлік материалдық игілік өндірмейді. Бірақ көсіпорындар мен ұйымдардың өнімдерінің өзіндік құнына тасымалдау құны кіреді. Сондықтан кейде оны материалдық өндіріске жатқызады. Көліктің өзінің жұмысын екі көрсеткішпен елшейді. Бірінші көрсеткіш - тасымалданған жүктер және жолаушы. Ол тоннамен немесе адам санымен өлшенеді. Бұл көрсеткіш істелген жұмысты толық керсетпейді. Оны түсіну үшін есеп шығару керек.

Қазақстан көлігі мен түрлеріЕл инфрақұрылымының маңызды құраушыларының бірі көлік жүйесі болып табылады. Көлік еліміздің және біздің аймағымыздың шаруашылық салаларының бір бөлігі ғана болып табылмай, бүкіл экономикамыздың ойдағыдай жұмыс істеуінің маңызды шарттарының бірі болып саналады. Ол еліміздің және аймақтардың өндірістерін дамытуға территориялық пропорцияларды қалыптастыруға белсенді әсер етеді. Материалдық өндіріс барысында көлік халық шаруашылығы салаларының түрлі типтегі тасымалдауларға: аймақ ішіндегі ішкі өндірістік, салааралық; аймақаралық тасымалдауларға, жұмыскерлерді тасымалдауларға және т.с.с. қажеттіліктерін қанағаттандырады. Көлік түрлері су (теңіз, өзен), жерүсті (теміржол, автомобиль, құбыр) және әуе көліктеріне бөлінеді. Құбырдан басқа барлық көлік түрлері жүктер мен жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады. Бұл көлік түрлері дәстүрлі көлік түрлеріне жатады. Көліктің дәстүрлік емес түрлеріне пульпа құбырлары (үйінді жүк ұсақталып, сумен бірге құбыр арқылы айдалынады), пневмокөлік, магнит жастықшасындағы көлік жатады. Әрбір көлік түрінің жүктерді тасымалдау үшін пайдалануға қатысты өз ерекшелігі бар. Құрлық көлігінің құрамына теміржол, автомобиль және құбыр жолы кіреді. Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында. Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарұынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі. Өзен-көл көлігі көбінесе жеке елдердің, сондай-ақ халықаралық жүк тасымалының да бір бөлігін қамтиды. Еуропада Рейн, Дунай, Эльба, Одер, Америкада Әулие Лаврентий, Парана өзендері мен Ұлы көлдер ірі халықаралық су жолдары болып саналады. Біздің еліміздегі Каспий теңізінің де осындай маңызы бар. Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франдия — Ұлыбритания) ұшақтары бар. Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар: "О' Хара" (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, "Хитроу" (Лондон), "Ханеда" (Токио) және т.б.

Қазақстанның көлік экономикасының даму тарихы Көлік - экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі. Көліктің негізгі міндеті - жүк пен жолаушы тасымалдау. Көлік- экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол ендіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет керсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі. Көлік 4 қурамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік құралдары (автомобильдер, кемелер, ұшактар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуе, теңіз), ірйымдар (авиациялық теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-тусіру пункттері (теңіз және «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардың әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, әуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты жеке салаларға немесе көлік турлеріне бөлінеді.Көлік материалдық игілік өндірмейді. Қазақстанның ірі көлік кешені бар. Бірақ онын, шешілмеген мәселелері де көп. Қатынас жолдары жеткіліксіз. Оның жұмысын жақсарту үшін, жасалған қатынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк кетергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру қажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ықпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын қысқартып, тауар жеткізуді жылдамдатады. Келікте өзіндік еңбек бөлінісі қалыптасқан. Мысалы, авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жұмыс істейді. Кешеннің әр саласының еңбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар.Құрлық көлігі - біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар - Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес. Олар еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдамдықтары да едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны да көп емес. Темір жолдар - алыс қашықтықтардың ең қолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез келген бағытта жүргізуге болады. Темір жолдар Қазақстанда XIX ғасыр аяғында пайда болды. Оның аумағынан тұңғыш ірі жол - Орынбор-Ташкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізін елдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистральдар құрайды. Қазақстан темір жолының «келбетін» меридиан бойымен бағытталған 3 магистраль: Орынбор-Ташкент,Түркістан-Сібір, Трансқазақстан және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір мен Оңтүстік Сібір бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның «үлкен темір жол сақинасын» құрайды. Оған басқа да «болат артериялар» келіп тоғысады. Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 3/4 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібір және Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамы салалардың үлесіне тиеді. Темір жол көлігінің дамуы: 1)жаңа жолдар салуды; 2) өткізу қабілетін екі есе арттыру үшін оларды электрлендіруді;3) жоғары жылдамдықты магистральдар салуды; 4) контейнерлік жүк тасымалын қалыптастыруды қарастырады.

Наши рекомендации