Осалқы бөлшектерді қалыпқа келтіру әдістері.
Қосалқы бөлшектерді қалыпқа келтіру әдістерінің жіктелуі. Автокөліктің тұтыну құрылымын қалыптандыру бөлшектер мен материалдарға әсер етудегі түрлі әдістерге негізделген. Негізгі әсер ету әдістері:
-механикалық, яғни жүзді және абразивті құралдармен кесуге негізделген (тесіктерді жұқартып жону, бұрғылау, жону, ұңғылау, тесіктерін шұңқырлау, жонғышпен ішін ою, цекование, үңгіштеу, фрезерлеу, хонингтеу, шлифтеу, тегістеу, суперфиниширлеу, микрофиниширлеу және т.б), сонымен қатар беткі қабаттардың пластикалық бұзылыстарына тегістегіш құралдар қолданылады;
-Комбинирленген, яғни химиялық-механикалық өңдеулерге негізделген (жетілдіру-жағу), термомеханикалық өңдеулер (түзету-рихтовка) және бөлшектер бетін элеткромеханикалық өңдеу;
-металлдың пластикалық бұзылыстары оған ыстық және суық күйінде күш арқылы әсер еткенде орын алады (қысымды механикалық түзету, дөңгелету-жаймалау, таптау, тұнбаландыру, қысу, созу, тарату, сығу);
-жылу-демек ажырамас қосылыстар пайда болған кезде металлға жылу беру арқылы әсер етіледі (дәнекерлеу, жалғау, газды, доғалық дәнекерлену, соның ішінде қорғаныс газ ортасында, нүктелі-қосылысты, плазмалы, лазерлі), сонымен қатар балқытылған бөлшектредің өлшемдерін қалыпқа келтіру (көмірқышқыл газ ортасында флюс асты доғалық балқыту, аргонды ортада вольфрамды электродпен, дірілді доғалық, кең қабатты, плазмалық-доғалық, лазерлік) және лакты сырланған жабындарды түрлі кептіру әдістері;
-беткі –декоративті, тозуға төзімді және жемірленуге қарсы жабындар жабу (қорғаныс және декоративті лакты сырланған жабындар жабу, жөндеу, металл жабындарын, газды динамикалық және газды термикалық бүркулер, металлды элеткролитті тұнбаландыру, синтетикалық материалдарды төсеу, тұндыру және мырышты кузовтар, антикорлар төсеу);
-композитті жөндеу материалдарын қолдана отырып, бөлшектерге әсер ету әдістері, желімдеу құрамдары мен герметикалары (белгілеу, желімдеу, тығындау, тежегіш, салқын молекулярлық дәнекерлену және т.б).
Механикалық-дәнекерлеу арқылы бөлшектерді қалыпқа келтіру бірнеше әдістермен орындалады: слесарлық өңдеу, механикалық өңдеулер, жөндеу өлшемдері арқылы бөлшеткреді өңдеу, бөлшектерді қосымша өңдеу, пішінді қалыптар арқылы корпусты бөлшектердің жарлымдарыын жөндеу, шиыршықты бөліктермен ойық бетін толтыру, бұрғылаушы төлкелер арқылы тесіктерді қалыпқа келтіру.
Жөндеу өлшемдері арқылы бөлшек бетін өңдеу-механикалық өңдеулер кезінде өлшемдік өзгерістер бөлшек бетінің термикалық өңдеулерін ликвидацияламаған кезде орындалады. Сонда қымбат бөлшектердің бетіндегі дефектілерін қосу берілген өлшемге дейін механикалық өңдеулермен орындалады (мысалы, иінді білік мойындары). Ал екіншісін (аса қарапайым және шамалы құны жоғары бөлшек) сәйкес келетін өлшемдермен алмастырады. Бұл жағдайда қосылыстарға бастапқы отырғызулар қайтарылады (саңылау немесе созылымдар),н бірақ отырғызулары бар бөлшектің беткі қабатында бастапқы өлшемдерден басқа өлшемдерге ие болады. Жөндеу өлшемдеріне ішкі астарларды қолдану (0,5 мм ұлғайған) арқылы жөнделген цилиндр блоктары мен бұлғақтардың сапасын сақтай отырып, бір мезгілде жөндеу құны мен еңбек өнімділігін төмендетуге болады.
Жөндеу өлшемдері мен оларды алуды дайындаушы-зауыт белгілейді. Аталмыш әдістің кемшіліктеріне келетін болсақ: қосалқы бөлшек номенклатурасының көлему артып, қоймаларда бөлшектреді жинау, құрастыру, сақтау үрдістерін ұйымдастыру қиындайды.
Жөнделген бөлшектерді қосымша орнату (БҚЖ). БҚЖ әдісі корпусты бөлшектердегі ойылған және тегіс тесіктерді, білік мойындарын, тісті іліністерду, тозған қуыстарды қалыпқа келтіру үшін қолданылады. Бөлшектерді қалыпқа келтіру кезінде, ескірген беткі қабаттар үлкен немесе кіші өлшемдерге өңделеді, оларға арнайы ДРД орнатылады: атап айтсақ қайырғыш, төлке, саптама, компенсациялаушы шайба немесе планка. Негізгі бөлшектерге ДРД бекіту кепілдендіре отырып тарту арқылы баспаланады, дәнекерленіп, тежегіш бұрандалармен, желімдегіш композиттермен ойықтарға тағылған. Жұмыстың беткі қабаттарына ДРД орнатқаннан кейін номиналды өлшемдерге нақтылық пен кедір-бұдырлықтар өңделеді.
Пластикалық деформациялау әдістерімен бөлшектерді қалыпқа келтіру. Қысым арқылы металлдарды бөлу жолдарымен пішіндері мен өлшемдерін өзгертпей, бөлшектреді қалыпқа келтіруде аталмыш әдіс қолданылады, демек бөлшек металлының пластикалық құрамын қолданамыз. Әдістің ерекшелігіне келетін болсақ, бөлшектің жұмыс бетінен металлды көлемін сақтай отырып тозған жұмыс беттеріне ауыстыру болып табылады. Пластикалық деформациялануға баспалардың арнайы бейімдегіштеріндегі салқын және ыстық күйіндегі бөлшектер түседі.
Қаттылығы HRC 30 болат бөлшектер ()төмен көміртегілі болаттар), сонымен қатар түсті металл бөлшектері, қорытпалар әдетте алдын ала өңдеулерсіз салқын жағдайда деформацияланады. Орташа және жоғары көміртегілі болаттардан жасалған бөлшектер қыздырылған күйінде қалыпқа келтіріледі.
Бөлшектердің өлшемдерін қалыпқа келтіру үрдістері келесі шаралардан тұрады: дайындау-қыздырып деформациялау алдында өңделетін бетті салқын немесе ыстық күйінде босаңдатып, жұмсартады; деформациялау-түсіру, тарату, сығу, созу, түзету, элеткромеханикалық өңдеу және т.б; деформациялаудан кейінгі өңдеулер-қажетті өлшеміне дейінқалыпқа келтірілген бетті механикалық өңдеу,қажет болған кезде термикалық өңдеу, сапасын бақылау.
Дәнекерлеу және балқыту арқылы бөлшектреді қалыпқа келтіру. Қалыпқа келтірілген бөлшектердің 40-тан 80% жуығы дәнекерлену мен балқытуға ұшырайды.
Дәнекерлеу- ажырамас қосылыстардың пайда болуында кеңінен таралған әдістердің бірі. Мұндай қосылыстарға деген қажеттіліктер автокөліктердің кузовтарын жөндеу кезінде туындайды. Жөндеуге келіп түскен кузовтардың негізгі бұзылыстарына эксплуатациялық сипаттағы жарылымдар, металлдық ажыраулар,түрлі күрделі шабылулар және т.б деформациялар, ЖКА жағдайында алынған бұзылыстар болып табылады.
Кузовтық жұмыстардың күрделі болуына байланысты пісіру жұмыстарының көлемі 25-30% құрайды. Бұл жерде газды дәнекерлену үлесі 3,6%, қолмен доғалы 3,4%, қорғаныс газ ортасындағы жартылай автоматты доғалы 75,3%, нүктелі электробайланысты 89,6%, пісіру 13,2%. Автожөндеу жұмыстарының біршама көлемін дәнекерлеудің екі әдісімен орындайды-жартылай автоматты доғалы және нүктелі-қосылысты (соның ішінде электроқадағыштармен). Соңғы уақытта плазмалық және лазерлік дәнекерлену жиі қолданылып келеді. жартылай автоматты дәнекерлеуді орындау үшін дәнекерлейтін жартылай автоматтар қолданылады, ал қосылыстар үшін қосылысты дәнекерлегіштер құралы мен споттер қажет.
Ескірген беттердегі металл балқымалары бөлшек материалына жылумен әсер ету әдістерінің бірі. Автожөндеу өндірісінде балқытудың келесі әдістері қолданылады: флюс асты доғалық, көмірқышқыл газ ортасында, элекрлік доғалы вольфрамды элеткродпен, дірілді доғалық, кең қабатты, плазмалы-доғалық, лазерлі, таспаларды электрлік қосылыстарда пісіру (сымдар).
Флюс асты доғалы балқытулар цилиндрлік және тегіс бетті бөлшектерді қалыпқа келтіруде қолданылады. Бұл кезде балқытудың механизмденген әдістері бойынша екі негізгі электродтар қажет, демек біріншісі бөлшекке балқымаларды беру және дәнекерленген тігістер маңына орналастыру. Әдістің сипатына келетін болсақ, доғалық жану зонасына автоматты түрде шашыранды флюс пен электродты сымдар беріледі. Жоғары температураның әсерінен газды көпіршіктер пайда болады, яғни мұнда доға, балқыма металл болады. Флюстің жартысы балқып, доғаны айналдыра сұйық флюсті эластикалы қабықша құрайды, яғни балқытылған металлды қышқылданудан сақтап, шашырап кету мен иістен сақтайды. Сұйық металл кристаллданған кезде дәнекерлену тігістері пайда болады. Балқытылған металлдың қалыңдығы шамамен 1,5-5,0 мм.
Аргон ортасындағы вольфрамды электродты электро - доғалық балқыма аллюминий қорытпасы мен титаннан жасалған бөлшектерді қалыпқа келтіруде қолданылады. Бұл жағдайда жылу көзі электрлік доға болып табылады, демек бөлшек пен балқымайтын вольфрамды электрод арасында жанады. Қорғаныс газы ретінде аргон алынған, ал қоспа материалы ретінде сымдар алынады. Дірілді доғалық балқыма металл электродты доғалық балқыманың ір түрі ретінде суытқыш сұйықтықпен балқытылған бетке электрод вибрациясы кезінде беріледі.
Газды термикалық шаңдату арқылы бөлшектерді қалыпқа келтіру. Газды термикалық шаңдату әдісін тозуға төзімді, жемірленуге - төзімді, ыстыққа төзімді, жылу оқшаулатқыш жабындар алуда қолданылады. Бұл кезде жабындарды қалыптастыру үшін түсті металл мен қорытпалар, болаттар, полимерлер, тотықтар, боридтер, нитридтер және т.б қолданылады. Жабындар металлға, пластмассаларға, шыныға, ағышқа, матаға, қағазға, қышқа төселуі мүмкін, сондықтан шаңдату үрдісінде бұйымның температурасы айтарлықтай өзгермейді. Жабындардың қалыңдықтары әдетте 100-500 мкм барады.
Жабындарды қалыптастыруда газды термикалық әдіс қолданылады, яғни материалды қыздырған кезде жабындары сұйық немесе пластиналы жағдайда болып, ал тозаңдануы газды сорғылармен орындалады. тозаңданған материал сұйық тамшылар немесе пластифицирленген бөлшектер түрінде өңделген беткі қабатқа келіп түседі, демек соққыланған кезде бөлшек бетіне жабын ретінде бекінеді.
Бастапқы материалды балқыту әдісі бойынша газды - жалынды, газды электрлік және детонациялық түрлерге бөлінеді. Электрлік доғалық және плазмалық тозаңдату әдістері кеңінен таралған.
Бөлшектерді қалыпқа келтірудегі электрохимиялық әдістер.Металлдарды электролитті тұндыру (хром, темір, мырыш, мыс, никель) электролиз үрдісіне негізделген, демек қышқылдап-қалыптандыру үрдістері электролит пен электродтарда электролит арқылы өтетін тұрақты ток болған кезде орындалады. бұл кезде оң зарядталған иондар (катиондар) теріс электродтарға айналып (катодтарға), жетпеген электрондарын алып, металлдың бейтарап атомдарына айналады. Теріс зарядталған иондар (аниондар) оң зарядты электродтарға (анодтарға) орналасып, өздерінің электрлік зарядтарын жойып, бейтарап атомдарға айналады. Катодтардан металл мен сутегі бөлінеді, ал анодтан-оттегі мен қышқыл қалдықтары алынады. Қалыпқа келтірілген бөлшектер катодтар болып табылады, ал анод ретінде металл электродтары (еріген және ерімеген) қолданылады. Еритін анодтарды осы металлдан жасайды, өйткені бұлар катодта тұнбалануы қажет.
Автожөндеу өндірісіндегі электролитті және химиялық жабындар тозу төзімділігін арттыруда, бөлшектердің ескірген беткі қабатын қалыпқа келтіруде (хромдау, темірлендіру және т.б), жемірленуден бөлшектерді қорғауда (мырыштау, қоламен көмкеру, тотықтандыру, фосфаттау және т.б), декоративті - қорғаныс мақсатында (никельдеу, хромдау, мырыштау, тотықтау және т.б), арнайы мақсатта үйкеліске түскен бөлшек етін өңдеп жақсартуда (мыстандыру, қалайылау, қорғасындау және т.б) қолданылады.
Әдебиеттер (2 с, 13 ..14, 31..115; 5, с 144..282)
Бақылау сұрақтары:
1. Бөлшектерді қалыпқа келтіру әдістерінің жіктемелерін сипаттап беріңіз?
2. Жөндеу өлшемдері арқылы өңдеудің мәні қандай?
3. Механикалық - дәнекерлеу әдісімен өстерді, білік мойындарын, бөлшек корпустарындағы тегіс және ойық қуыстарды қалыпқа келтіру үшін қолданылатын ДРД қалай аталады?
4. Пластикалық деформациялауға негізделген металлға әсер ету әдістерін атаңыз?
5. Тұнбалар арқылы пластикалық деформациялаудың сызбасы қандай?
Автокөліктерді жөндеу технологиясы (мазмұны)
Автокөліктер мен агрегаттарын жөндеуге және сақтауға қабылдау (АРП).Қабылдау үрдісінің кезеңдері: алдын-ала жасалатын техникалық тексерулер мен жиынтығын анықтау; сыртқы жуып тазалау; қорытынды техникалық тексерулер; жөндеу үшін қоймаға жіберу (жөндеуге дейін сақтау). Автокөліктер мен агрегаттарын КР тапсырудағы техникалық жағдай: белгіленген ресурс қызметін атқарған нысандар қабылданады (мысалы, ЗиЛ жүк көлігінің бірінші КР ресурсына дейін қабылданады, толық жинақты -280 мың,км, қозғалтқыштар-200 мың.км, КП-280 мың, км және т.б); жөндеуге жіберілген нысандар жинақы толық болуы қажет (жүк көлігі мен олардың агрегаттары үшін бірінші және екінші жинақтылық белгіленген; автобустар мен жеңіл көліктер үшін тек бірінші, күш агрегаттары, демек беріліс қорапты қозғатқыштар мен ілінісулер үшін-бірінші); нысандар АКБ және шиналар игеруге жарамды болуы қажет, автокөліктердің техникалық жағдайы қозғалтқыштарды қосуда және 3 км жүргізулерде сынақтан өтуде жарамдылық беруі тиіс. Қабылдау кезінде қабылдап - беру актісі жасалады.
Автокөліктің сыртын жуу. Автокөлік техникасының топтары (барлығы 12) мен ластану түрлері. Жуу құралдары. Жуатын құралдардың механизмі. Жуу технологиясы: алдын-ала жуу, негізгі тазарту, қорғаныс полиролдарын жағу және кептіру. Жоғары қысым (гидродинамикалық тазарту) бере отырып, сораптардың, түрлі саптамалары кигізіп бүріккіш пистолеттері бар шлангілерін көмегімен сорғылату әдісі арқылы тазартып жуу (сұйықтық арындарының потенциалды күшін сорғылардың кинетикалық энергиясына түрлендіріп, тегіс, 15-1200 бұрышта желпуішті сорғылар). Жоғары қысымды тазартқыштармен жуу режимі мен техникасы (гидравликалық мониторлы жуатын машинамен, гидродинамикалық тазарту әдістерімен орындалатын қарапайым қондырғымен). Автоматы щеткалы тазартулар (щеткалар мен су сорғыларының көмегімен) порталды және туннельді көлік жуатын орындарда қолданылады. Қол тигізбей жуу.
Бөлшектенген бөлшектерді жөндеу үшін тазартулар мен жуу орны. Жуу мен тазартудың технологиялық үрдістері: жуатын камерада жуатын ерітінді сорғыларының гидранттарымен бағытталған тұрақты немесе үздіксіз жуып тазартулар; шомылғыларға батыру (жуатын ерітіндімен, қыздырғыш элементімен, дірілдетуші платформамен); сұйықтық немесе сұйықтықтардың бу қоспасы түріндегі жуатын құрал циркуляциясымен; құм сорғыларымен немесе ұнтақтармен тазарту; гидро абразивті тазарту;ультрадыбысты тазарту; болат сымнан жасалған щеткамен тазарту және т.б. Ластану түрлері: ұсталған бөлшектер - жуу мен тазарту әдістері (әдістерді таңдау мен режимдерін белгілеу).
Автокөлікті құрастыру және оның агрегаттары. Құрастыру ережелері. Құрастыру тәсілдері. Құрастыру жұмыстарының механизмдері. Технологиялық құрастыру орны металл құрылымының кеңістігі болып табылады, оған механизм құралдары орналасып, бейімделіп, жүк көтеретін құралдар орналасқан. Шарнирлі-балансирленген манипуляторлардың универсалды жұмыс орындарын қолдану қолмен басқарылады. Құрастыру жұмыстары мен құрастыратын жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Автокөлік бөлшектерін қосу және құрастыру талаптары. Бұрандалы қосылыстарды құрастыру ерекшеліктеріне келетін болсақ, осы кезде қолданылатын (кілт, аша сомын, ауыстырмалы бастиектері бар қапталды және қаптамалар, сонымен қатар ұрғылы кілттер, сомын кілттері) механизмденген (бұрандалы сомын, шпилькабұрағыштар) құралдар алынған. Қосылыстарды тарта отырып құрастыру (трбеліс мойынтіректері, төлкелер, тегершік, саусақшалар, сұққыш) остік күштерімен бірге жылу деформацияларын (қамтылған бөлшектерді қыздыру немесе суыту) қолдануға бағытталады, демек бұл кезде келесі құралдар қолданылады: баспалар, алынғыш, құралбіліктер, жұмсақ ұштары бар қаққы, газды қыздырғыштар, индукцялық қыздырғыш қондырғы.
Бөлшектердің дефектациясы.Дефектілер түрі мен сипаты: орнаасқан орны бойынша-локалды (жарылымдар, бұзылыстар және т.б), барлық беткі қабат немесе көлемі бойынша дефектілер (химиялық құрамының сәйкес келмеуі, механикалық өңдеулердің сапасы және т.б), бөлшек бетіндегі шекті зоналардағы бұзылыстардың көлемі (толықсуарылмаған зоналар, жемірленген жаралар, жергілікті тойтарылыған жерлер және т.б), ішкі (треңдетілген) және сыртқы (беткі және қабат үсті); түзетілу мүмкіндігі бойынша - түзелетін және түзелмейтін; нормативтік құжаттамалардағы көрінісі бойынша-жасырын және ашық; пайда болу себептері бойынша-құрылымды, өндірістік және эксплуатациялық. Құрастыру бірліктерінде пайда болған бұзылыстар: қосылыс қаттылығының жойылуы, беткі байланыстардың бұзылыстары, бөлшектерді орналастыру және өлшем тізбектерін орнату. Бөлшектерде пайда болған жалпы бұзылыстар: біртұтастылықтың бұзылыстары (жарылымдар, сынықтар, ажыраулар және т.б), бөлшек пішіндері (иілгіштік, бұралу, жұмсартылуы және т.б) мен өлшемдерінің сәйкес келмеуі. Жеке беткі қабаттарда пайда болған бұзылыстар: цилиндрлік емес, тегіс еместік, перпендикулярлық емес, өстік сәйкессіздік және т.б. Бақылау әдістері: визуалды тексеру (бөлшектің сыртқы жағдайы, деформацияларды табу, жарылымдар, сызаттар, тесіктер және т.б); бұзайтын құралдарды қолдана отырып тексерістер жүргізу (бөлшектердің жасырын бұзылыстарын анықтау), шкалалы өлшегіштер (калибрлер мен деңгей өлшегіштер) мен микрометриялық құралдар (сызғыштар, штангенин құрал, микрометрлер және т.б) бөлшектің беткі қабатын, пішіндерін, өлшемін алуда қажет. Бөлшектердің жасырын бұзылыстарын бұзбайтын құралдармен бақылап анықтауға болады, атап айтсақ: визуалды-оптикалық, магнитті-ұнтақты, электромагнитті, ультрадыбысты, капиллярлық және компрессорлау әдістері мен ағызу әдістері. Бөлшектерді жарамдылықтарына қарай, қалыпқа келетін немесе жарамсыз түрлеріне сұрыптау жүргізіледі. Жарамдылық коэффициенті, ауыстыру және қалыпқа келтіру. Бөлшектердің бұзылыстарына қойылатын техникалық талаптар картасы. Дефектілер тізімі.
Бөлшектерді жинақтау: даналап, топтап, араластырып. Жинақтау кезінде орындалатын жұмыстар кешені: жинақтау, жөндеуден өтпеген жарамды бөлшектерді сақтау, қалыпқа келтірілген түрлерін сақтау, есепке алу; көлемі мен номенклатура бойынша құрамдас бөліктерді алу; сәйкес өлшемдері бойынша жанасқан бөлшектерді алу, өлшемдік және жаппай топтарды алу. Базалық бөлшектерге жанасқан (поршень, гильза, иінді білік және т.б) бөлшектерді анықтау. Жинақтап құрастыру кезінде орындалатын дәнекерлеп-қиыстыру шарасы (астарларын қыру, клапандарды сүрту және т.б) орындалады. Жинақталған карталардың мазмұны (құрастырылған әрбір бұйым үшін). Құрастырып жинау аумағында құрастырғыштың жұмыс орнын белгілеу.
Құрастыру нақтылығын қамту әдісі:толық өзара алмасу әдісі, толық емес өзара алмасу әдісі, топтық өзара алмасу әдісі (селективті әдіс), реттеу әдісі мен қиыстыру әдісі. Өлшем тізбектері мен элементтері.
Автокөлік бөлшектерін құрастыру. Қосу түрлері мен құрастыру технологиясы: шешілетін және шешілмейтін құрастыру кезінде тұтастығын сақтау бойынша; қозғалыстағы және қозғалмайтын құрамдас бөлшектердің өзара орын алмасу мүмкіндігі бойынша; түзілу әдістері бойынша-бұрандалы, баспалы, оймакілтекті, кілтекті, дәнекерленген, тойтармалы және т.б; жанасқан беткі қабаттар бойынша- цилиндрлі, тегіс жазықты, конусты, бұрандалы, қималы және т.б. Бұрандалы қосылыстарды құрастыруда қойылатын талаптар: бұрандама өстерінің сәйкестігі, түйреуіш, бұрамалардың бұрандалы тесіктерге сәйкес келуі; бұрандалармен орнату тығыздығы, жанасқан бөлшектердің беткі қабатына байланысты бұрама бастиектері немесе сомын қапталдарындағы қиғаштанулардың болмауы; топтық бұрандалы қосылыстарда кезекпен, тұрақты бекіткіш бөлшектердің тартылуы. Баспалық қосылыстарда термо әсер етулерді қолдану (майлы шомылғыларда бөлшектерді қыздыру, электрлік пештерде, индукциялық қондырғыларда қыздыру және т.б, сұйық азотпен, мұзбен, қатты көмірқышқылдармен салқындату). Тербеліс мойынтіректермен қосып құрастыру: құрал біліктер көмегімен баспалау кезінде басу күштері сәйкес сақиналы шетжақтауларына беріледі: ішкі-білікке баспалау кезіне, сыртқы-корпусты баспалау кезінде орындалады. тесіктер бойынша тісті дөңгелектердің орналасуын, тісті берілістерді құрастыру кезінде ілінісулер мен қосылыстарды тексеру. Құрастыру түрлері: түйінді және жалпы құрастыру; кезекті, паралельді және кезекті-параллельді құрастыру; қолмен, механизмденген, автоматтандырылған, автоматты құрастыру; ағымдық, топтық, даналап құрастыру және т.б.
Автокөліктің қосалқы бөлшектерін құрастырудағы технологиялық үрдістер: қозғалтқыштар, КПП, артқы Арқалық, карданды берілістер, рульдік басқару және т.б. Қозғалтқыштың құрамдас бөліктері: сермерлі және іліністі ЦПГ, КШМ, майлы сорап және т.б. цилиндр бойынша поршен таңдау және ШПГ құрастыру үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру. Өлшем топтары бойынша цилиндр блоктарын сұрыптау (жанасқан бөлшектердің аралықтарын бірнеше интервалдарға бөле отырып) және таңбалау (санмен, әріппен немесе бояумен). Цилиндр бойынша поршенді (ір жаппай топта) алып, әрбір цилиндр тобының өлшемін поршен тобының өлшемдерімен сәйкестендіру қажет. Алынған поршен жинақтарынан поршен саусақшаларын алу (дөңесшелердегі тсік топтарының өлшемі бойынша ). Жоғарғы бастиектерінің тесіктеріне сәйкес келетін поршенді саусақшалар бойынша бұлғақтарды таңдау. Түйістердегі саңылау өлшемдерінен цилиндр бойынша поршен сақиналарын поршен жырашықтарына орналасуын тексеру. Шешкіштер көмегімен поршен сақиналарын кигізу (шешу). Бұлғақты поршен жинағын өлшегендегі салмақтық айырмашылықтарды анықтау. Құрастыру мен құрастыру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру.
Бөлшектерді және құрастыру бөлшектерін теңестіру.Айналмалы бөлшектердің теңсіздіктері (дисбаланс). Теңсіздік (бұйым өсінің орналасуы мен басты инерциялық өске байланысты): статикалық, моменттік, динамикалық. Теңестіру (бұйымның дисбалансын анықтау және салмақтың белгілі бір нүктелерін анықтауда түзетулерді енгізу немесе жою жолдарын кеміту/жою): статикалық және динамикалық. Иді болады. Ал универсалды теңестіргіштер білдекте теңестірілмеген салмақтарды анықтайды.
Автокөліктер мен агрегаттарын жөндеу сапасын бағалау және бақылау. Техникалық бақылау және оның түрлері. Бақылау әдістері: бұзатын және бұзбайтын; органолептикалық (визуалды бақылау және техникалық тексеру) және құралды (сынақпен, диагностикалау). Бақылау жүйесі. Сапаны басқару жүйесі мен автокөлік жөндеу өндірісіндегі ОТК міндеті. Жөндеу сапасының көрсеткіштері: бірлік, кешенді және интегралды (негізделген). Жөндеу сапасын бағалау әдістері: дифференциалды, кешенді және интегралды. Жөнделетін бөлшектерді сынақтан өткізу: үйкеліске, беріктікке, қаттылыққа, тозуға және т.б. жөнделген агрегаттарды сынақтан өткізу (сынақтар жөндеуден кейін болады): қабылдау, бақылау, қабылдау-өткізу, эксплуатациялық, инспекциялық. Ауыспалы токты дөңгелету-тежеу қабырғасында қозғалтқыштарды сынақтан өткізу және іске қосу (суытып және ыстық күйінде жүргізіп , бейімдеу). Қозғашлысты барабандары бар қабырғаларда автокөлікті сынақтан өткізу. Жөнделген көліктерді беру және сынақтан өткізу. Түрлі режимді жұмыстар мен жол жағдайында сынақтар өткізу.
Әдебиеттер: (2 с, 200..208, 311...323; 5, с 28..143)
Бақылау сұрақтары:
1. Ластануды жою үшін қандай АРП жуатын құралдары қолданылады?
2. Көліктерді жуу үшін АРП қандай қондырғылар қолданылады?
3. Автокөліктер мен агрегаттарын құрастыру үрдісінде қандай талаптарды сақтау қажет?
4. Бұзып-құрастыру жұмыстарын орындау кезінде қандай қосылыс топтары бөлінеді?
5. Цилиндрлік және конусты тісті берілістерді құрастырудың ерекшеліктері қандай?
6. Шлифтеу алдында иінді білікртер қалай бақыланады?