I-тарау. бірінші дҮниежҮзілік соҒыстан

Мәшімбаев С. М.

ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА

ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ

(1918–1945 жж.)

Оқулық

Алматы

ББК 63.(4)+63.3(7)я73

М 34

Пiкiр жазғандар:

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Көкебаева Г.К.Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мақашева К.Н.

М 34 Мәшiмбаев С.М.

Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (19171945ж.ж): Оқулық.– Алматы: Нұр-пресс, 2007.– 194 бет.

ISBN 9965-12-997-5

Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы – бiрiншi кезеңiне арналған оқулықта соңғы жылдарда жарық көрген зерттеулерге сүйене отырып, ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы болған тарихи процесстердегi экономикалық-әлеуметтiк және саяси өзгерiстерге тоқталады. Жеке капиталистiк елдердiң тарихына талдау жасалып, капитализмнiң дамуындағы өзгерiстерге тоқталды. 1917-1945 жылдардағы КСРО-дағы социализмнiң орнауы және оның даму ерекшелiктерi мен 1937-1938 жылдардағы Сталиннiң қуғын-сүргiн саясатындағы шындық айтылады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардағы өзгерiстер, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы, 1939 жылғы кеңес-герман келiсiмi, Еуропаны бөлiсу саясаты. µлы Отан соғысы жылдарындағы КСРО халықтарының ерлiк күресi, соғыстың аяқталуы мен қорытындысы. Автордың жаңа көзқарастары өзiнiң жеке ойы екенiн ескертедi.

Оқулық мұғалiмдерге, тарих факультеттерiнiң студенттерiне және жалпы тарих мамандарына арналған.

ББК 63.3(4)+63.3(7)я73 © Мәшімбаев С. М., 2007.

© Нұр-пресс, 2007.

ISBN 9965-12-997-5

КIРIСПЕ

Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы оқу құралы автордың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң тарих факультетiнде көп жылдық дәрiс оқуының нәтижесiнде жазылды.

Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңi 1918-1945 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең ХХ ғасырдың бас кезiндегi капиталистiк қоғамның негiзгi өзектi мәселелерiн қарастырады. Қазiргi заман кезеңiндегi iргелi өзгерiстердiң мазмұнына, оның iшiнде экономикалық-әлеуметтiк және саяси дамуға тоқталады. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi халықаралық қатынастардың, Германиядағы қараша революциясы мен Ресейдегi 1917 жылғы қазан төңкерiсiнiң дүниежүзiлiк әлемге тигiзген әсерi және жаңа қоғамдық-саяси дамулары қарастырылады. 1918 жылғы капитализмнiң тұрақтануы, экономикалық дағдарыс жылдарындағы iрi капиталистiк елдердегi экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер анықталады. Қазiргi заман кезеңiндегi басты оқиғалар – капитализмнiң мемлекеттiк реттеу механизмi, АҚШ-тағы «жаңа бағыт» саясаты, Италиядағы корпоративтiк-мемлекеттiк жүйе дәрiс барысында кең қамтылады. Франция мен Испания тарихындағы халық майдан кезеңi, Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропа елдерiндегi жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң құрылуы, буржуазиялық саяси партиялардың саясаты көрсетiледi.

Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңiне арналған бұл оқу құралында соңғы жылдарда жарық көрген зерттеулерге сүйене отырып, жалпы тарихтың өзектi мәселелерiне көңiл аударылды. Автор ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында болған тарихи процестердегi экономикалық-әлеуметтiк және саяси өзгерiстерге тоқталады. Оқу құралында 1918-1945 жылдар аралығындағы революциялық өрлеу кезеңi, 1918 жылғы Германиядағы қараша революциясы, оның сипаты, екi соғыс аралығындағы халықаралық қатынас, КСРОның сыртқы саясатының принциптерi, халықаралық қатынастардың жаңа стратегиясы мен тактикасындағы өзгерiстер, ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы капиталистiк қоғамдағы дағдарыс, оның шығу себептерi, буржуазиялық реформа, мемлекеттiк реттеу, жаңа даму моделi, мемлекеттiк-монополиялық капитализмнiң жаңа даму үлгiсi фашистiк Италия мен Германиядағы корпоративтiк-монополияның дамуы, АҚШ-тағы Ф.Рузвельттiң «жаңа бағыт» саясаты қарастырылды. Франциядағы халық майдан кезеңi, фашизмге қарсы күрестегi жаңа бағыт, бiртұтас антифашистiк майдан құру мәселелерi соңғы жылдардағы тарихнамадағы жаңа көзқарастар негiзiнде жазылды.

Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңiндегi iрi оқиғалардың бiрi - 1917 жылғы Ресейдегi Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк Ресейдiң тарихы тұңғыш рет енгiзiлiп отыр.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары КСРО халықтарының тарихында елеулi оқиғаларға толы болды. Осыған орай, автор Қазан төңкерiсiнен кейiнгi социализм құру жолындағы күрес, В.И.Лениннiң социализм құрудағы жоспары, жаңа экономикалық саясат, өкiметтiк билiк үшiн болған тап күресiнiң тарихи процесс ретіндегі мазмұны мен мәнiне тоқталады. КСРО-дағы азамат соғысы, социализмнiң негiзiн қалау жолындағы БКП(б) күресi мен басшылығы атап көрсетіледі. КСРО-ның құрылуы, бiрiншi және екiншi бесжылдықтардың қорытындылары жаңа тарихи көзқараста айтылады.

КСРО тарихындағы 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргiн саясаты, И.В.Сталиннiң жеке саяси көзқарасы мен оның саясатына деген жаңа көзқарастарға соңғы жылдардағы жасырын болып келген мұрағат құжаттарына және зерттеулерге сүйене отырып баға берiлдi.

Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастағы болған өзгерiстер, жаңа соғыс қаупi, фашизмнiң кең түрде таралуы, КСРО үкiметiнiң сыртқы саясатындағы ұжымдық қауiпсiздiк принципi реакция мен фашистiк топтардың уақытша болса да бәсеңдеуіне әкелдi. 1939 жылдардағы саяси дағдарыс, Мюнхен келiсiмi, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы, соғыстың мәнi мен қорытындысы жаңа тарихи көзқараста жазылды.

Сонымен қатар, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашистiк Германия мен Жапонияны талқандаудағы рөлi, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуы, соғыстан кейiн дүниежүзiлiк қайта құрулар айтылды.

Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (19181945 жж.) тұңғыш рет қазақ тiлiнде жазылып отыр. Сондықтан ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазiргi заман тарихындағы болған тарихи процестерге жазылған ой мен көзқарастар автордың жеке ойы деп түсiну керек. Автор өз ойын түпкiлiктi деп ойламайды, басқа зерттеушiлер мен мамандар осы оқу құралындағы көзқарастарға өз ойлары мен пiкiрлерiн қосып жатса, қазiргi заман тарихының өзектi мәселелерiн шешуге зор үлес қосылған болар едi.

I-тарау. БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН

Наши рекомендации