Азақстандағы тұтынушылық қарыз нарығы: проблемалары мен шешу жолдары

Тұтынушылық кредит банк секторында кредиттеудің өсуінің негізгі қозғаушы күші болып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің қазан айындағы «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» атты екінші деңгейдегі банктерге жүргізген зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі.

2013 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша қарыз алушылар тарапынан кредиттік ресурстарға сұраныс корпоративтік секторда баяулады, осы уақытта бизнес түрлері бойынша сұраныс динамикасы әртүрлі болды: шағын және орта бизнес секторында сұраныстың баяулауы байқалды, сол кезде ірі бизнес тарапынан өсу байқалды.

Банктер арасындағы сақталып отырған бәсекелестік қаржылық емес секторда кредит саясатының бұдан әрі жұмсаруына ықпал етті, бұл ретте кредиттеудің бөлшек сегментінде банктер кредит тәуекелін және өтімділік тәуекелін азайту мақсатында кредит саясатын қатаңдатты.

анктердің несие портфеліндегі стресстік кредиттердің жоғары деңгейі және ұзақ мерзімді қорландыруға шектеулі қол жеткізу, банктердің пікірі бойынша бұрынғысынша басым түрде анағұрлым «қысқа» бөлшек кредиттеуге бағытталған кредит саясатын айқындайтын негізгі факторлар болып табылады. Осыған байланысты банк секторында кредиттеудің өсуінің негізгі қозғаушы күші болып тұтынушылық кредиттеу қалып отыр, делінген ҚР Ұлттық банкінің шолуында.
Тұтынушылық кредиттеу нарығында кредитке сұраныстың өсуінің бәсеңдеуі байқалып отыр: тұтынушылық кредиттерге сұраныстың өсуін мәлімдеген банктердің үлесі 56%-дан 41%-ға азайды. Сұраныстың өсуінің кейбір бәсеңдеуіне қарамастан, ҚҚК деректері бойынша 3-тоқсанда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тұтынушылық кредиттер беру 51,6%-ға ұлғайды. Тұтынушылық кредиттерге әсер ететін негізгі факторлар өткен жылдардағыдай халықтың ұзақ пайдаланылатын тауарларға қажеттілігі және тұтынушылардың сенімділігі (борыштық ауыртпалықты қабылдау) болып отыр.
«Банктердің тұтынушылық кредиттеу нарығында шоғырлануының жоғары болуы және бірқатар банктің ипотекалық кредиттен тұтынушылық кредитке қайта бағдарлануы ұзақ мерзімді өтімділіктің тапшылығымен ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімде жоғары кірістілік алудағы жоғары мүдделілікпен түсіндіріледі. Клиенттер тарту үшін банктер кредиттеу нарығында неғұрлым тартымды өнімдер және қызмет көрсетулер жасауға мәжбүр. Тұтынушылық кредиттеу нарығында банктер өнімдер бойынша бағаға жатпайтын талаптарды жақсарту, оның ішінде көрсетілетін қызметтің сапасын жетілдіру және клиенттердің кредит өніміне қажеттілігін анықтау бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Банктер болашақта кредиттеудің неғұрлым перспективалық бағыттары ретінде кредит картасы және автокредиттеу сияқты кредит өнімдерін дамытуды жоспарлап отыр», - делінген зерттеуде.
3-тоқсанда тұтынушылық кредиттер бойынша кредиттік тәуекелді барынша азайту мақсатында банктер кредиттік саясаттарын күшейтті (15,6%), ал банктердің көпшілік бөлігі (75%) кредиттік саясаттарын өзгеріссіз қалтырды және банктердің бар жоғы 10% оны бәсеңдетті.

Бұл ретте 3-тоқсанда шетелдік қатысуы бар кейбір банктер тұтынушылық кредиттер бойынша кредиттік саясатты күшейтуге қомақты қысым жасады, ал қазақстандық капиталы бар жекелеген банктер кредиттік саясат аздап бәсеңдеуіне ғана әсер етті

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында Қазақстанның қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйіне және беделіне айтарлықтай зиян келтіретін заңды және жеке тұлғалардың қызметін жүзеге асыруды шектеу не тыйым салу мәселесін қарау көзделеді (Бұл мәселелер Үкіметтің «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысында; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда реттеледі).

Атап айтқанда, қаржы ұйымдары менеджмен­тінің жауапкершілігін арттыру мақсатында заңсыз іс-әрекеттері не әрекетсіздігі бұрын қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға немесе оны банкрот деп тануға алып келген тұлғалардың басшы лауазымын иелену мүмкіндігін шектеуге бағытталған ережелерді заңнамалық деңгейде бекіту ұйғарылып отыр.

Басқа елдерде мұндай практиканы қолдану­дың мысалы ретінде банктердің лицензияларын қайтарып алуға себепші болған банкирлер туралы мәліметтерді қамтитын базаны қалыптастыратын Ресей Федерациясы Орталық Банкінің тәжірибесін келтіруге болады. Осы арқылы Ресей Орталық Банкі жосықсыз банкирлердің банк секторының кез келген лауазымына жұмысқа орналасуын болдырмау шараларын қабылдайды.

Сонымен қоса, кредиттік ұйымдардың банкрот­тығы (тарату) рәсімдерін басқаруды жүзеге асыратын РФ Салымдарды сақтандыру агенттігі дәрменсіз (банкрот) деп танылған кредиттік ұйымдарды бақылаған, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың тізімін тұрақты негізде жүргізіп отырады.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк, Азия Даму Банкі сияқты бірқатар халықаралық қаржы ұйымдары алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысқанын куәландыратын фактілердің болуына қарай ондай тұлғаларға аталған ұйымдар тарапынан қаржы алуға құқығы жоқ заңды және жеке тұлғалардың тізімін жүргізеді.

2. Қаржылық делдалдардың типтері мен түрлері.Қаржы нарығының тауарлы сату-сатып алу, мәселен, белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарының келісілген сомасын қайтару секілді қаржылық міндеттемелермен жүзеге асады. Несие берушінің қаржы міндеттемесіне ие болуы үшін оның белгіленген мерзімде нақты ақша қаражаттарын алатын құқыққа ие болуы керек.Мұндай міндеттеме қаржылық талап деп аталады. Оны делдалдар түпкілікті инвесторға бұдан былай тартымды болмайтындай етіп қайта құрады. Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалды, ал оны толықтыру үшін делдалдар пайда болады. Олардың көмегі арқылы несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қиындықтар жойылады. Олар тікелей қаржылық талапты сатып алып, оны басқа сипаттамасы (өтеу мерзімі, номинал құны) бар тікелей болмайтын талапқа айналдырады да сатады. Түрлендірудің мұндай процесі делдалдық атауына ие, ал субъектілер қаржылық делдалдар немесе қаржы институттары деп аталады.Қаржылық делдалдар көптеген артықшылықтарға ие. Ең алдымен, олар өз ісін жетік білуге қарай мәмілелерді ауқымының тиімділігі есебінен үнемге қол жеткізуге болатын мөлшерде жүзеге асырады. Екіншіден, қаржылық делдалдар трансакциялық шығындарды оңай азайтады. Үшіншіден, олар ақпаратқа қол жеткізетін көптеген мүмкіндіктерге ие және олар оның шынайылығын оңай анықтай алады.Қаржылық делдалдарға уақытша бос ақша қаражаттары бар (несие берушілер) экономикалық субъектілер де, ақша қаражаттарына мұқтаж (қарыз алушылар) субъектілер де мүдделік танытады, өйткені олар қаржылық делдалдардан нақты артықшылықтары мен пайдасы бар қаржы өнімдерін алады.Төртіншіден, делдалдар иесие нарығының қауіпін азайтуға септігін тигізетіндіктен, олар уақытқа қарай немесе басқаша жолмен бірлестірілген несиені беру барысында несие берушілерге салым ақшаны қаржылық құралдардың түрлері бойынша бөлу арқылы қауіпті әртараптандырады. Қаржы делдалдары болмаса, несие қауіпі жоғарылап кетеді. Тек делдалдар ғана қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеретін жүйені жасайды және өз қызметін тарататын жүйені ұйымдастырады, оның бұл әрекеті де несие қауіпі мен несиелеу шығынын кемітеді.Бесіншіден, қаржы институттары өз клиенттерінің өтімділік деңгейінің тұрақты болуын және қолма-қол ақшаны алудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді, өйткені қаржы институттарының өздері қолма-қол ақша формасында өз активтерінің белгілі бір үлесін ұстау мүмкіндігіне ие. Екінші жағынан, мемлекет кейбір қаржы институттары үшін өтімділікті реттейтін заң нормаларын белгілейді. Мәселен, коммерциялық банктер үшін резервтеудің нормативтері арқылы орталық банктің және кассаның шоттарында ақша қаражаттарының ең аз шамасындағы қалдығын қолдау заңмен қамтамасыз етіледі.Тәжірибеде қаржылық делдалдардың мынадай топтары бөліп көрсетіледі:депозит типіндегі қаржы мекемелері;жинақ мекемелері;инвестициялық қорлар;басқа да қаржы ұйымдары.Осылардың ішінде депозит типіндегі қаржы мекемелері кеңінен тараған. Тартылған қаражат банктік, тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру үшін пайдаланылады. Бұл топтың негізгі институтына коммерциялық банктер, жинақ институттары және несиелік одақтар жатады.Қаржы нарығында бос ақша қаражаттарды уақытша тарту және әр түрлі несиелерді беру бойынша көптеген қызмет түрлерін ұсына алатын коммерциялық банктер маңызды рөл атқарады. Елдің ақша-несис жүйесінде маңызды орын алатындықтан оларды мемлекет қатаң бақылап отырады.Қаржы делдалдарының соңғы тобына әр түрлі типтегі қаржылық компаниялар жатады. Олар ақша қаражаттарының негізгі бөлігін қысқа мерзімді міндеттемелерді коммерциялық қағаз түрінде сатудан алады. Бұл компаниялардың қызметі заңдық және атқарушы үкімет органдарының нормативтік актілерімен реттеледі:Қаржы компанияларының мынадай түрлері бар:несиелік және лизингтік операцияларға мамандандырылған компания;бөліп-бөліп төлеу құқығымен тұтыну несиесін беруші компания;бөлшек сауда кәсіпорындарына несие беруші компаниялар.Қаржы делдалдарымен жүзеге асыратын операциялардың мөлшері артып келді. Бұл арада дамыған елдерде қызмет мөлшерінің салыстырмалы түрде өзгергені және бір мезгілде жекелеген қаржылық институгтардың актив мөлшерінің де салыстырмалы түрде өзгергені байқалады.

Наши рекомендации