Банктердің лизингтік операциялары, олардың түрлері және табыстылығы

Лизинг – lease («мүлікті уақытша пайдалануға алу және беру») етістігінен шығатын ағылшын сөзі. Лизинг бір ұйымның (пайдаланушы-лизинг алушы) басқа ұйымға (лизингтік компанияға) қажетті құрал-жабдықты сатып алу және оны оған пайдалануға беру өтінішімен барған кезде болатын мүліктік қатынастар деп аталады.

Лизинг – бұл қаржылық жалға беру келісім-шарты (лизинг) бойынша жалға беруші (лизинг беруші) келісім-шартта көзделген мүлікті белгілі бір сатушыдан меншікке сатып алуға және осы мүлікті жалгерге (лизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша пайдалануға төлемақыға беруге міндеттенуі кезінде уақытша бос немесе тартылған қарыз қаражаттарын инвестициялауға бағытталған инвестициялық қызметтің түрі.

Лизинг объектісі жіктелуі бойынша негізгі құралдарға, жер учаскелерінен және басқа табиғи ресурстардан басқа, кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сонымен бірге нарықта ерікті айналымға түсуге тыйым салынған объектілер болуы мүмкін. Лизингке берілген мүлік лизинг келісім-шартының бүкіл әрекет ету мерзімі кезінде лизинг берушінің, бюджеттік қаражаттар есебінен сатып алынатын мүліктен басқа меншігі болып табылады.

Лизингтік мүлікті лизинг беруші немесе лизинг алушының балансындағы шарттары лизинг келесім-шарты жақтарының арасындағы келісім бойынша анықталады. Лизинг келісім-шартында лизинг алушының келісім-шартының мерзімі біткеннен немесе біткенге дейінгі лизингтік мүлікті сатып алу құқығы қарастырылған. Лизинг беруші лизингтік мүлікті, егер лизинг келісім-шартында ескерілмесе, кепіл ретінде пайдалануға құқылы. Лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлікті сатып ала отырып, сатушыны осы мүліктің белгілі бір тұлғаға жалға (лизингке) беруге арналғаны туралы ескеруі қажет. Лизинг алушыға лизингтік мүлікті жеткізу сәтінен бастап сатушыға мүліктің сапасы, жинақтылығы, жеткізу мерзімі және сатушы мен лизинг алушы арасындағы сатып алу-сату келісім-шартын дұрыс орындамау жағдайларында шағым беруге құқылы болады. Егер лизинг келісім-шартында көзделмеген жағдайда, бірақ сатушыны таңдау жауапкершілігі лизинг алушыда болған жағдайларда лизинг беруші лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату келісім-шартынан шығатын шарттарын орындауына жауап бермейді. Соңғы жағдайда лизинг алушы өзінің таңдауы бойынша сатып алу-сату келісім-шартынан шығатын талаптарды мүлікті сатушыға сияқты лизинг берушіге де қоя алады. Лизингтік қызмет нарығы лизинг нысандарының көптүрлілігімен, лизингтік келісім-шарттар мен лизингтік операцияларды реттейтін заң нормаларының моделдерімен сипатталады.

Лизинг түрлерін бөлген кезде жалға алынатын мүлікті; лизингтік операцияны қаржыландыру типін; лизингтік мүліктің типін; лизингтік мәміленің қатысушыларының құрамын; лизингтік мүліктің өтелу дәрежесін; лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторын; салықтық, кедендік және амортизациялық жеңілдіктер преференцияларға қатынасты; лизингік төлемдердің тәртібін сипаттайтын жіктелу белгілерінен шығады.

Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:*Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);*Лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;*Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.*Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады;*Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар: *жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды; *ұйымдастырудың күрделілігі; *лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Наши рекомендации