Ндірістік-технологиялық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру
Астық сақтау саласының негізгі мақсаттары оны сақтауға жағдай жасап, ұзақ мерзім ішінде сандық және сапалық шығын жасамай, тұтынушылардың сұранысын дақылдарға және оның әр түрлі ассортиментті өнімдеріне деген қажеттігін орындау болып табылады.
Астық әр елдің байлығы мен дәулетінің өлшемі, жетістігі деп саналады. Дәндер өнімі - біріншіден, тамақ шикізаты, ол өзінің химиялық құрамы және тамақтық құндылығымен керемет жаратылыс. Екіншіден, малдардың құрама жемнің негізгі құраушысы, оның азық құндылығының жоғарғы дәрежесін анықтайды. Үшіншіден, ол көптеген тамақ өндірісінің бастапқы шикізаты болып табылады. Оның өнімін өсіру және жинап ору белгілі бір қысқа уақытта жүреді және келесі науқанына дейін ұзақ сақтауға дайындау қажет.
Өсімдік өңдеу мен сақтау үдерістерін ұйымдастырып жүргізуге қойылатын міндеттердің қатарына мыналар жатады:
· өсімдік өнімдерін белгіленген уақыт аралығында тасымалдау, транспорт жүйелерін қабылдау;
· өсімдік өнімдерінің саны мен сапасына байланысты белгілі мақсаттағы партияларды қалыптастыру;
· астықты сандық және сапалық жағдайына байланысты тазарту, кептіру, және салқындату үдерістерін тиімді жүгізу;
· астық және оның өнімдерінің шығынын болдырмау, өте аз деңгейге дейін төмендету;
· астықтың сапалық көрсеткіштерінің төмендеуін болдырмау;
· астықтың сапалық дәрежесін бақылау;
· тұқымдық қордың сандық және сапалық шығынына жол бермеу;
· тұқымның сапалылығын арттыру;
· астық және оның өнімдерін сақтауға кететін еңбектің, техникалық және ақшалық шығынын көбейтпеу, барынша үнемедеу.
Астықты бүкіл сақтау мерзімі барысында жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру керек. Астық сақтау барысында оның басты сапасына байланысты түрлі физиологиялық және биохимиялық байланыстар орын алады.Ойдағыдай бақылау болмай, дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаған жағдайда астықтың сапасы төмендеп, шығыны көбейе түседі.
Сақталып жатқан астық қорын ойдағыдай ұйымдастырылған бақылаудың және сол бақылаудың күнделікті нәтижесін шебер, дұрыс талдаудың арқасында барлық ыңғайсыз, қолайсыз құбылыстардың алдын алып, астықты сақтауға, өңдеуге мейлінше аз қаражат салып, шығынсыз тұтынушыларға босатуды қамтамасыз етеді. Астықтың әрбір партиясы бақылауға алынуға тиісті. Осы жағдайда және де қабылдау мекемелеріне сапасы әртүрлі, бірнешеге кететін астық партияларының келіп түсетінін ескере отырып, бақылауды қарапайымда ыңғайлы тәсілдермен жүзеге асыру керек.
Жүйелі бақылау барысында астық қорының күйін қалтқысыз, қатесіз анықтау үшін мына төмендегідей көрсеткіштерді білу керек. Олар астықтың температурасы, ылғалдылығы, қоспалардың мөлшері, зиянкестердің тигізетін залалы, балаусалық көрсеткіштері (түр – түсі және иісі).Тұқымдық дәннің партияларында қосымша қосу энергиясы мен өнгіштігі анықталады.
Астық температурасы – дәннің күйін сипаттайтын өте маңызды көрсеткіш. Астықтың барлық қабаттарында температура төмен мөлшерде болса, онда дәннің күйі дұрыс болады, ал астықтың консервіленгендігінің белгісі, куәсі. Астық қабаттарында температураның біркелкі болмауы қоршаған ортаның сыртқы ауа, қойманың қабырғалары және т.б. әсерінен болады. Сондықтан температураны астық жиымының әр түрлі қабаттарында анықтап тұру қажет. Астық температурасының жоғарылауы қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне сәйкес болмаса, онда ол физиологиялық процестердің өрбігенінің және дәннің өздігінен қызуының басталғанының куәсі. Сондықтан, астықты бақылау мен қатар сыртқы ауамен және қоймадағы ауаның температурасында есепке алып отыру қажет; қоймадағы ауаның температурасын кәдімгі спирт не сынап термометрлерін пайдаланып анықтайды. Қоймадан тыс сыртқы ауаның температурасын анықтау мақсатымен осындай термометрлер күн сәулесінен қалтқылау жерлерге, тасалы орындарға іліп қояды. Астық жиымының температурасын анықтау үшін әр түрлі құрылғы пайдаланылады. Мәселен, қоймада сақталып жатқан партиялар үшін ТМШ – ІІ деген құбырлы штангелі ұзындығы 1,6 – 3,2 метрлік, диаметрі 20 мм-лік термосүңгі қолданады. Кейде оған ПИП – 2 деген тасымал өлшеу аспабын қоса пайдаланады.
Қоймаларда металдан не пластмассадан жасалған ұшығында кәдімгі сынап не спирт термометрі орналастырылған термоштангілер пайдаланылады.
Элеватордың қораптарында сақталып жатқан астықтың температурасын термоасылғыларды қораптың ішіне жоғарыдан төмен қарай салбыратып орналастыру жолымен бақылайды. Термоасылғы дегеніміз ұзына бойына алты кедергі термометрлері орнатылған кабель-арқан. Термометрдің өлшегіш сымдары термоасылғының басжағында шығарылып бекітілген. Температура өлшеу +500С-тан -500С-қа дейінгі мөлшерде ДКТЭ – 4, ДКТЭ – 4М, ДКТЭ – 5, МАРС – 1500, М – 5 сияқты ортылық пультте жазылып отырады.
Қоймада сақталып жатқан астықтың температурасын бақылау ыңғайлы болу үшін, үйіндінің бетін шартты түрде ауаны 100 шаршы метр секцияларға бөліп қояды. Әрбір секция кемінде үш термоштангімен қамтамасыз етіледі. Оларды әр түрлі тереңдікте орналастырып, сосын үйіндінің әр түрлі қабаттарына жылжытып қозғалтып отырады.
Әсіресе, қойманың еденінен 30-50 см қашықтықта және үйіндінің бетінен 80-75 см орналасқан астық қабаттарының температурасын мұқият бақылап отыру керек. Себебі, көбінесе дәл осы қабаттарда жоғарғы және төменгі қабаттарында өздігінен қызу, қызыну орын алады.
Осы себептен қойма қабырғаларын бойлай орналасқан астық қабаттарында, әсіресе оңтүстік жағындағы қабырғаға баса көңіл аударады.
Астықты электр қондырғысымен жабдықталған элеваторларда сақтағанда, термоштангілерді 4-5 м тереңдікке ғана кіргізіп орналастыру мүмкін.
Бұл жағдайда астықтың одан кейінгі төмен жатқан қабаттарының температурасын бақылау мүмін емес.
Дәннің ылғалдылығы. Ылғалдық астықтың сақтау барысындағы күйін сипаттайтын басты көрсеткіштердің бірі болып табылады. Біркелкілігін білу мақсатымен дәннің ылғалдылығын қат-қабаттар бойынша анықтайды.
Сақтау барысында байқалған астықтың ылғалдылығының қат-қабат бойынша өзгеруі, ылғалдың бір қабаттан екінші қабатқа өтуі сорбция және десорбция процестерінің орын алуының салдары.
Мұндай жағдайда астықтың құрамында жоғарғы ылғалды қабаттардың пайда болуы қаупі туады. Сондықтан сақталып жатқан астықтың ылғалдығы қат-қабат бойынша өзгеруіне жол бермей, егер ондай құбылыс орын ала қалған жағдайда шұғыл шара қолданып оны жою керек.
Зақымдану деңгейі.Астық қорының сақталу барысында әр түрлі зиянкестермен зақымданып жұқпалы дертке шалдығуы мүмкін. Сондықтан, бұл көрсеткіш бойынша да мұқият бақылау өткізу қажет. Бақылау кене, құрт-құмырсқа сияқты зиянкестерді өркендетпей, оларды таратпай, тіпті толық құртып жіберуге мүмкіндік тудырады. Қоймада сақталыпжатқан астықтың зақымдану деңгейін әр қабаттарынан алынған сынамаларды бөлек-бөлек зерттеп, талдау арқылы тексеріп отырады. Астықты элеваторда сақтау барысында үйіндінің тек жоғарғы қабатын зерттеумен шектеледі.
Дәннің иісі мен түр-түсі.Астықтың балауса белгілері оның иісі мен
түр-түсі. Егер осы көрсеткіштер өзгере бастаса, онда сатық қорында қолайсыз құбылыстардың өрби бастағаны деп түсіну керек.
Мәселен, спирт иісіндей иістің пайда болуы, үдемелі оттекті тыныс алу, ал зеңнің сасық, шірік иісінің тууы шыбын-шіркей,құрт-құмырсқа тағы да басқа микроорганизмдердің өсіп-өрбіп келе жатқандығының куәсі.
Астық қорын сақтау барысында жоғарыда айтылған көрсеткіштердің барлығын дерлік міндетті түрде анықтау керек. Одан басқа оқтын-оқтын астықтың қышқылдығын анықтап қою өте-мөте орынды.
Қышқылдықтың өсуі астық өзінің және құрамындағы микроорганизмдердің тіршілігінің нәтижесінде дәннің органикалық заттарының ыдырап, бөліну процестерінің жүре бастағандығының салдары.
Астық ылғалдылығы мен температурасына байланысты басқа көрсеткіштерін бақылау бекітілген. Астықтың әрбір партиясын бақылау нәтижелерін хронологиялық тәртіппен бақылау кітабына жазылып отырады. Мұндай тәртіп астықтың күйін деркезінде талдап тұруға, мекемеде астық сақтауды ұйымдастыруды дұрыстап салқындату, кептіру, тазарту сияқты керекті технологиялық шараларды уақытылы қолдануға көмек жасайды.