Практикалық сабақ.

Сабақ тақырыбыЕтістік.

Сабақ жоспары:

Етістік. Етістік сөз табының қазақ тіл білімінде зерттелу жайы. Негізгі түбір етістіктер, туынды түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер. Негізгі және көмекші етістіктер. Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары. Салттылық және сабақтылық категориясы. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттеу мен оқулықтардағы ой-пікірлер. Өздік етіс, жасалуы, жұрнақтары. Ырықсыз етіс, мағынасы, жасалуы, жұрнақтары. Оның басқа тұлғалармен ұқсастығы және айырмашылығы. Ортақ етіс, мағынасы, жасалуы, жұрнақтары. Оны басқа ұқсас тұлғалардан ажырату. Етістік жұрнақтардың бір сөзде қабаттаса қолданылу ерекшелігі. Етістіктің болымды-болымсыз категориясы. Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны. Модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер. Модаль сөздер.

Модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Модаль сөздердің қалыптасу көздері. Модаль сөздердің семантикалық сипаты. Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері.

Бақылау сұрақтары:

1. Етістіктің түбір тұлғасы дегеніміз не?

2. Бол, ет, қыл көмекші етістіктердің атқаратын қызметі қандай?

3. Етістіктің аналитикалық форманты дегеніміз не?

4. Аналитикалық форманттардың жасалу жолдары қандай?

5. Сабақты және салт етістіктердің бір-бірінен айырмашылығы неде?

6. Етіс категориясы дегеніміз не?

7. Есімшенің есімдерге және етістікке жақын белгілері мен өзгешелігі неде?

8. Көсемшенің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметі қандай?

9. Тұйық етістік дегеніміз не?

10. Етістіктің таза грамматикалық категориясына не жатады? Толық анықтамасын көрсетіңіз.

ГЛОССАРИЙ

Етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы гармматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың екінші жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, граматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы.

Етістіктің аналитикалық формант -қосымша мен көмекші етістіктен тұратын, белгілі бір категорияның мағынасын білдіретін біртұтас күрделі морфологиялық көрсеткіш.

Етіс категориясытілдің грамматикалық жүйесінде орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-гармматикалық категорияларының бірі.

Есімшенің етістікке тән басты белгісі – қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды.

Көсемшетұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болатындықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жсауға негіз болатын категория.

Тұйық етістікетістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерешеленетін функциялық форманың бір түрі.

Тапсырмалар:

1.«Абай жолы» романының бірінші бөлімі бойынша етістіктің лексика‑грамматикалық категориясына мысалдар теріп, кестеде ажыратып көрсетеңіз.

2.Төменде берілген сөйлемдерден есімше, көсемше формалы етістіктерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Көкшенің көлеміндегі сұлу жерден оның араламағаны болған жоқ. (С.М.). Көкшені анасындай сағынатын еді.(С.М.). Қайт, шырағым, ауылға ренжіткенімнің алды‑арты осы болар... –Тартыңдар қолдарыңды – деді Бүркітбай, айнала адырая қарап, сендерсіз менің өзім де жететінмін. Жөн бергенде талай қиын жерден қаралған кісіні ақтап, алып шығатынмын. Ботакөз араларына келгенге шейін, олардың көпшілігі қала ішінде жөнін тауып жүре алмайтын да еді.(С.М.),

3.Етістіктің рай категориясына Абайдың қарасөзінен мысалдар теріп, жасалу жолдарын көрсетіңіз.

4.Толық морфологиялық талдау жасаңыз

Жұман үйі ескі әдетінше көшіп, ескі әдетінше қонып, ескі әдетінше әбігер еді. Бар әбігерліктің айыпкері Жұман байдың өзі болса да, тағы сол ескі әдет бойынша, бар салмақ Көпей бәйбішеге түсіп жатыр...

Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті...

Жұман отыратын жерге бір ояң кез келіпті...

Адалбақан уықтың қырына дұрыс бекітілмегендіктен, Жұманға қарай құлап, бір ашасы шекесін тырнап кетті. Осының бәрі аз болып отырғандай, жиенімсіп, еркінсіп, қылжақтап Сейіт келе қалыпты.

Бүгін бұл үйдің жылқышыларына да бірдеме болған сияқты. Іңір түсе қалып еді, құрық үстіне құрық жаудырып жылқыны әлдеқайда қуып бара жатқандары естіледі.

Осының қайсысына бастап бәйбішеге байланысарын біле алмай отырғанда, Жұманның қолына Көпей бәйбішенің өзі келіп ілінді, қапысыз ілінді... (Ғ.М.).

Блиц тест

Наши рекомендации