Официальный сайт Правительства РК www.Government.Kz

Астана 2012

Құрастырған: Раматуллаева Гүлзат Абибуллақызы – э.ғ.к., доцент

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғарғы мектебінің Оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған.

Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің 20__

жылғы №__ хаттамасымен бекітілген.

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы талаптар  
2. Қойылатын талаптар  
3. Жұмыс кезеңдері  
4. Курстық жұмыстың құрылымы  
5. Құрылымдық элементтер мен олардың безендірілуіне қойылатын талаптар  
6. Курстық жұмысты қорғау тәртібі    
7. Курстық жұмыс тақырыптары  
8. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі  
9. Қолданылған әдебиеттер тізімі  
10. Қосымша А  
11. Қосымша Б  
12. Қосымша В  

ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

1.1. Курстық жұмысоқыту қызметінің маңызды бір түрі болып табылады және университет студенттерінің өз бетінше таңдап алған немесе оған кафедраның мамандық бейіні бойынша Қазақстан Республикасының білім стандарттарына сәйкес, біліктілік сипаттамасы және мамандықтың оқу жоспарына сай ұсынатын тақырыптары бойынша ғылыми ізденісі болып саналады.

1.2. Курстық жұмысты орындау мақсаты болып келесілер жатады:

· Мамандық бойынша теориялық білім мен тәжірибелік біліктілікті жүйелендіру, қорытындылау және тереңдету, сонымен қатар, нақты ғылыми, экономикалық, өндірістік және басқа да міндеттерді шешу барысында қолдану;

· өз бетінше ғылыми жұмысты жүргізу дағдысына ие болу және зерттеудің заманауи әдістемесін, міндеттерді қоя білу, жоспарлау және ғылыми зерттеулер жүргізуге білімді қалыптастыру;

· патенттік зерттеулер әдістемесімен танысу, ғылыми әдебиеттерді сындарлы талдау жүргізуді қалыптастыру, материалды логикалық жеткізе білу, жұмыс нәтижесін шығармашылық тұрғыдан игеру және нәтижесін жалпылау, қорытындыларды негіздеу және тәжірибелік ұсыныстар жасау;

· Мақсатты бағыттар бойынша нарықтық экономика жағдайындағы ғылыми, қаржылық, экономикалық бейінге сәйкес заманауи кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде өз бетінше жұмыс жасауға кәсіби даярлық деңгейін анықтау.

1.3. Курстық жұмыстардың тақырыптарыөзекті бола отырып,ғылымның, өнеркәсіптің, транспорттың, сонымен қатар, қызмет саласының (қаржылық және банктық жүйе) қазіргі кездегі жағдайы мен болашағына сәйкес болуы тиіс.

1.4. Курстық жұмыс тақырыбымен ғылыми жетекшілер кафедрада бекітілуі тиіс.

Жұмыстың жетекшісі:

Ø курстық жұмысқа тапсырмалар береді;

Ø студентке қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалар мен тақырып бойынша басқа да көздерді ұсынады;

Ø мерзімді түрде кеңестер өткізіп, онда курстық жұмыстың жеке кезеңдерінің орындалуына ағымдағы бақылау жасайды;

Ø курстық жұмыстың барлық бөлімдері мен көлемін бекітіп, аяқталған, безендірілген жұмысты тексеріп, оған қол қояды.

1.5. Мамандықты шығаратын кафедракурстықжұмысты орындау алдында мамандық бойынша курстық жұмысқа қойылатынбілім беру стандартына сәйкесталаптар көлемі бекітілген,әдістемелік нұсқауды өңдеп, студенттерді қамтамасыз етуі тиіс.

1.6. Курстық жұмыс тақырыбын бекіткеннен соңстудентке курстық жұмысты орындауға жетекшісі құрастырған және кафедра меңгерушісі бекіткен тапсырманың 1 данасы беріліп, екінші данасы кафедрада сақталады және курстық жұмыспен бірге қоғауға жіберіледі. Тапсырманы құру мақсаты курстық жұмыстағы негізгі мәселелерді анықтау болып табылады. Курстық жұмысқа тапсырманы беру мысалы қосмыша А бетінде келтірілген.

2. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2.1. Курстық жұмыс келесілерді қамтуы тиіс:

Ø Мақсатты бағытты болуы;

Ø Нақты құрылымды болуы;

Ø Материалды баяндаудың логикалық тізбектілігі;

Ø Зерттеудің тереңдігі және сұрақтарды қамту толықтылығы;

Ø Аргументтердің сенімділігі;

Ø Сөйлемдердің нақты және дәл болуы;

Ø Жұмысты баяндаудың нақтылығы;

Ø Қорытындылардың дәледілігі мен ұсыныстардың негізделуі;

Ø Курстық жұмысты безендіру талаптарына сәйкестілігі.

3. ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ

Дебиетпен танысу

Жұмыстың бастамасы болып әдебиеттермен: оқулықтармен, монографиялармен, отандық және шет елдік мерзімді басылымдармен, нормативті-анықтамалық материалдармен танысуы саналады және курстық жұмыс тақырыбына байланысты барлық әдебиеттер көздері қаралып шығуы тиіс.

Әдебиеттерді жинақтауды жетекші ұсынған кітаптар мен басылымдардан бастаған жөн. Әдебиеттермен танысу негізгі мәселелер туралы жалпы мағлұмат беретін жұмыстан жаңа материал іздеуге көшкен кезде де жалғастыру қажет. Ғаламдық ақпарат жүйесі – ғаламтордан алынған мәліметтерді қолдануға да болады. Барлық жағдайда тек соңғы мәліметтерді, ең беделді көздерді таңдау қажет. Әдебиет көздерінен фактілерді жинау кезінде оларға сыни пікірмен қарау керек, себебі ғылым күн сайын дамып, кеше маңызды деп саналған мәселе бүгінгі таңда толық емес, кейде мүлдем дұрыс болмай қалуы мүмкін.

3.2. Зерттеу тәсілін таңдау

Студент әдеби көздер мәліметтерінен ғылыми жетекшінің жетекшілігімен нақты материалды іздестірудегі құрал болып саналатын, жұмыс мақсатын анықтайтын қажетті шарт болып табылатын зерттеу тәсілін таңдау туралы мәселені шешеді. Жұмыстың жетістікпен орындалуы көп жағдайда зерттеудің тәсілін таңдап алу біліктілігімен сипатталады.

3.3. Нақты мәліметтерді жинақтау

Студент зерттеу тәсілін таңдап, ғылыми жұмысты жүргізу әдістемесін меңгеруі тиіс (нақты мәліметтерді жинау тәсілі, талдау мен есептер жүргізу, шешілетін міндеттердің моделдеу түрлерін талдау және тағы басқа).

Жұмыс аяқталған соң, жигақталған материал ғылыми жетекшіге тапсырылып, мәлімет жинау кезеңінің аяқталуы туралы шешім қабылданады. Алынған материал содан соң, экономика-математикалық әдістер, компьютерлік технология әдісімен, арнайы жалпыланған және кесте, график, диаграмма, схема түрінде берілген әдістермен жан-жақты өңделуі тиіс. Мұнда алынған материалдарға статистикалық талдау жасау қажет. Курстық жұмыста шешім қабылдау мен барлық мәліметтердің туралығына курстық жұмыстың авторы – студент жауапкершілік алады.

4. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

4.1. Курстық жұмыста келесі элементтер қамтылуы тиіс:

Ø Титулды парақ;

Ø Мазмұны;

Ø Кіріспе;

Ø Негізгі бөлім;

Ø Қортытынды;

Ø Қолданылған әдебиеттер тізімі;

Ø Қосымшалар.

Курстық жұмыстың көлемі мамандық шығаратын кафедрамен мамандық ерекшелігіне байланысты анықталуы тиіс (25-35 баспа бет, қаріп көлемі Times New Roman 14, интервалы – 1,5).

5. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР МЕН ОЛАРДЫ БЕЗЕНДІРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАРАПТАР

5.1. Курстық жұмысты жазу мен оны безендіруқатаң стандартқа сәйкес жүргізілуі тиіс. Еңбек шығынын үнемдеу үшін ең алғашқы фрагментті жазу алдында жұмысты безендіру талаптарымен танысып алу қажет:

- мәтін беті, иллюстрациялар, таблицалар және тағы басқалар А4 форматына сәйкес келуі тиіс;

- баспа жұмыстары ЭВМ баспа құралдары мен графикалық құралдары пайдаланып немесе ақ парақ бетінің бір жағына машина жазбасымен басылуы тиіс;

- мәтінді келесі талаптарды ескере отырып жазу керек: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 15 мм, төменгі жағы – 20 мм;

- абзацты төртінші белгіден бастау қажет:

- жұмыстың бетттерін араб санымен белгілеп, жұмыстың титулды бетінен бастап, кесте, иллюстрация, қосымшаларды қоса алғанда соңғы бетіне дейін белгілеп шығу қажет. Парақ беттері бір жақты басылымда жоғарғы жақта оң бұрышында және брошюралық нұсқадағы екі жақты баспада беттің төменгі жағында ешқандай нүкте, дефиссіз белгіленуі керек;

- фамилия, мекеменің, ұйымның, фирманың, бұйым атауы және басқа да атаулар тұпнұсқа тілінде ұсынылуы тиіс. Атауларды және ұйым атауларын жұмыс жасау тіліне олардың тұпнұсқасынан аударуға рұқсат беріледі;

- араб цифрында көрсетілген рим цифрлары, дата, сандық бөлшектер атаулы болып саналса, онда соңында еш қандай жалғаусыз берілуі тиіс. Мысалы: 20 беттерде ( 20-шы беттерде емес);

- жұмыс мәтінінде жалпы танылған қысқартулар жасауға болады, мысалы олар:

§ тізбектеп өткен соң: және т.с. (ары қарай), после перечисления: и т.д. (и так далее), және т.б. (және соған ұқсас) және басқалар (сол сияқты);

§ сілтеме жасағанда: қара. (қараңыз), салыст. (салыстырыңыз);

§ цифрлар мен жылдарды белгілеу кезінде: ғ. (ғасыр), ғғ. (ғасырларда), ж. (жыл), жж. (жылдарда);

§ бірқатар басқа да жағдайда: ж.ст. (жаңа стиль), б.д. (біздің дәуіріміз), қ. (қала), обл. (облыс).

Сөйлемнің ішінде кездесетін «және басқалар», «осыған ұқсас», «тағы басқалар» деген сөздерді қысқартуға болмайды. «Деп аталатын», «себебі», «формула», «теңсіздік» және тағы басқа сөздерді қысқарту қабылданбайды.

5.2.Титулдық бет курстық жұмыстың бірінші беті болып табылады және қатаң түрде анықталған ережелер бойынша толықтырылады. Титулдық беттің жоғарғы жағында оқу орнының, институттың және кафедраның толық атауы (әрқайсысы бас әріппен) көрсетіледі. Содан кейін студенттің тегі, аты және әкесінің аты (атау септігінде) көрсетіледі. Беттің ортасында курстық жұмыстың атауы «тақырыбы» сөзінсіз және тырнақшаға алынбай түгелдей бас әріппен жазылады. Атауы мүмкіндігінше қысқа және жұмыстың мазмұнына нақты сай келуі тиіс. Төменірек жұмыстың түрі көрсетіледі: курстық жұмыс. Одан кейін титулдық беттің оң жағына жақынырақ ғылыми жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады. Төменде қала, оның астында жыл (санмен, «жыл» сөзінсіз) көрсетіледі. Титулдық бетті толтыру үлгісі Б қосымшасында берілген. Титул беті курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмірлеуіне кіреді, бірақ онда 1 саны қойылмайды. Титул бетінің сырт жағында курстық жұмыстың аңдатпасы (аннотациясы) жазылады, ол – зерттеу мақсаты мен объектісі, алынған нәтиже сипатталатын, бөлімдер, кестелер мен қолданылған әдебиеттер саны көрсетілетін, жұмыс көлемі туралы мәліметтер жинақталған жұмыстың қысқаша сипаттамасы. Титулдық беттің сырт жағы жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеуіне кіреді, бірақ онда «2» бет нөмірі қойылмайды.

5.3.Мазмұны

Мазмұны реттік нөмірлері құрылымдық элементтердің, бөлімдердің, бөлімшелердің атауы және олар басталатын беттерден тұрады. Мазмұнындағы барлық ааулар бас әріпен жазылады. «МАЗМҰНЫ» сөзі тақырып ретінде беттің жоғарғы жағы ортасында, барлығы бас әріппен жазылып, нөмерленбейді (В қосымшасын қараңыз).

5.4. Кіріспе

Кіріспе курстық жұмыстың бірінші бөлімі болып табылады және онда курстық жұмыс арналған шешілетін мәселенің қазіргі кездегі жағдайына, оның өзектілігі мен жаңалығына, зерттеу мақсаттары мен міндеттерінің анықталуына баға берілуі тиіс. Сондықтан кіріспе – курстық жұмыстың өте жауапты бөлімі. Міндетерді анықтау кезінде мұқият болу керек, себебі олардың шешімін сипаттау кейін курстық жұмыстың маңызын көрсетуі тиіс. Кіріспенің міндетті элементі болып зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау табылады. Объект – күрделі жағдайды тудыратын процесс немесе құбылыс. Пәні – ол объекті шегінде болатынның барлығы. «КІРІСПЕ» сөзі жаңа беттің жоғарғы жағында ортасында тақырып ретінде жазылады және бұл бетке нөмір қойылмайды. Кіріспе көлемі үлкен емес – 1-2 бет болуы тиіс.

5.5.Негізгі бөлім

Негізгі бөлім әдеттегідей 3 бөлімнен тұруы керек: әдебиетке шолу, зерттеу әдістемесі, зерттеу нәтижесі мен оны талқылау. Тақырып бойынша әдебиетке шолу студенттің арнайы әдебиеттермен түбегейлі танысқанын, дерекнама мәліметтерін жүйелеу қабілеттілігін, оны сын көзбен қарастырғанын, маңыздысын бөліп көрсеткенін, басқа зерттеушілердің ертеректе жасағанын бағалау нәтижесін көрсетуі керек. Мұнда зерттелетін мәселенің мәні баяндалады, оны шешудің әр түрлі жолдары қарастырылады, оларға баға беріледі, студенттің өзіндік ұстанымы негізделіп, баяндалады. Курстық жұмыстың бұл бөлімінің көлемі негізгі бөлім көлемінің үштен бірінен ауыспауы тиіс.

Екінші тарауда курстық жұмыста қолданылатын зерттеу әдістеріне, олардың объектілеріне, қолданылған экономикалық-математикалық модельдер мен компьютерлік бағдарламаларға нұсқаулар болуы керек.

Үшінші тарауда теориялық шешімдер мен компьютердегі есептеулердің нәтижесі, соның ішінде графиктер, кестелер, суреттер көрсетіледі. Курстық жұмыста алынған деректі материалдардың негізінде экономикалық қызметті, кәсіпорынды, ұйымды жетілдіру бойынша ұсыныстар негізделеді.

Негізгі бөлімнің барлық үш тарауы да бір-бірімен қисынды түрде байланысты болуы керек. Негізгі бөімнің мазмұны курстық жұмыстың тақырыбына нақты сай болып, тақырыбын толығымен ашатындай болуы керек, бұл ретте мазмұндаудың тілі мен стиліне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Орытынды

Курстық жұмыс қорытынды бөлімімен аяқталады. Бұл бөлімде жұмыста алынған нәтижелерді рет-ретімен қисынды түрде мазмұндауы және осы нәтижелердің кіріспеде қойылған жалпы мақсат пен нақты міндеттермен арақатынасы көрсетіледі. Кейбір жағдайда зерттелетін тақырыпты жалғастыру жолдры мен болашақ зерттеушілердің шешуі тиіс нақты мәселелерді көрсету қажеттілігі туындайды. Қорытынды зерттеу нәтижесін қолдану бойынша тәжірибелік ұсыныстар болуы мүмкін. Осылайша курстық жұмыстың қорытынды бөлімі бұл алынған нәтижелер тізімі ғана емес, сонымен қатар олардың қорытынды жинақталуы, яғни қарастырылған мәселені зерттеуде автормен енгізілген жаңалық тұжырымдалады.

«ҚОРЫТЫНДЫ» сөзі жаңа бетте тақырып ретінде барлығы бас әріппен жазылып, нөмерленбейді.

5.7.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Тізімде курстық жұмысты жазу кезінде пайдаланған әдебиеттер туралы мәліметтер болу керек; әр әдебиетке жұмыс мәтінінде сілтеме болуы тиіс.

Әдебиеттерге сілтемені әдебиеттер тізімі бойынша реттік нөмермен тік немесе қиғаш жақшаға алып белгілеу қажет.

Әдебиеттер туралы мәліметтерді жұмыс мәтінінде оларға сілтеменің пайда болуы бойынша ретпен орналастырып, нүктесі бар араб цифрларымен белгілеу қажет (әдебиеттің номері оның мәтінде кездесу ретіне сай келуі тиіс).

Пайдаланған әдебиеттер тізімі белгілі бір ережемен рәсімделеді.

Кітаптар (монографиялар, оқулықтар, анықтамалар және т.б.) туралы мәліметтерге келесілер кіру керек:

- автор жөнінде мәлімет;

- кітап атауы;

- басылым орны;

- баспа жөнінде мәлімет;

- басылым жылы;

- беттер саны.

Автордың фамилиясын атау септігінде жазып, одан кейін инициалын жазған дұрыс. Егер кітапты екі немесе үш автор болған болса, онда олардың фамилиялары мен инициалдарын кітапта жазылған реті бойынша үтір арқылы жазады.

«ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» сөздері жаңа бетте тақырып ретінде барлығы бас әріппен жазылады және нөмір қойылмайды.

Осымшалар

Қосымшаға негізгі бөлім мәтінін үйіп тастайтын көмекші және қосымша материалдарда енгізген жөн.

Қосымша жұмыстың соңғы беттерінде оның жалғасы ретінде рәсімделеді.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталады.

«ҚОСЫМША» сөзі беттің жоғарғы жағында жолдың ортасында тақырып ретінде барлығы бас әріппен жазылады, қосымшаның реті алфавитінің бас әріптерімен, А-дан бастап, З, И, О, У, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқасымен белгіленеді.

Әрбір қосымшаның тақырыбы болу керек, ол жолдың ортасында бас әріппен жазылады.

Негізгі мәтін мен қосымшалардың байланысы сілтеме арқылы жүзеге асырылады, әдетте «қараңыз» сөзі қолданылады және қосымша нөмірімен дөңгелек жақшаға алынады.

Қосымша мәтінде бар иллюстрациялар, кестелер, формулалар мен теңдеулерді әр қосымша шегінде нөмірлеген дұрыс, оны сан алдына қосымшаны білдіретін әріпті қою арқылы жүргізеді.

Кесте

Цифрлары бар материалдарды кестелерде толтыру керек.

Кестені жұмыста тікелей оған тұңғыш рет алынатын немесе келесі бет мәтіннен кейін орналастыру керек.

Барлық жұмыстағы кестелерге сілтеме болуы керек. Сілтеме жазған кезде «Кесте» деген сөздің жанында нөмірдің нұсқауын қою керек.

Кестелер, қосымша кестелерді қоспағанда, барлық жұмыс бойына реттік нөмірлеумен араб цифрларымен нөмірлеу керек. Нөмірді кестенің сол жақ басында «Кесте» деген сөзден кейін нүктесіз қою қажет.

Әр кестеге атау беріп, оны араб цифрасымен нөмерлейді.

Егер жұмыста бір кесте болса, онда оны «Кесте 1», егер кесте Б қосымшасында көрсетілсе «Кесте Б1» деп белгілеу керек.

Кестенің атауы оның мазмұнына сәйкес болуы керек. Ол кестенің соныңда орта жақ беткейінде соңында нүктесіз орналасады. Тармақ және тармақшаның атаулары бір мағына болса, оларды кіші әріптермен, әр түрлі мағына берсе бас әріппен жазылады.

«№ п/п» деген жолды кестеге қосуға ұсынылмайды.

Кестенің төменгі кесігі және мәтіннің арасы екі жол болуы керек. Кестенің рәсімдеуін Г қосымшасында мысал реттінде келтірілген.

6. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ

6.1.Курстық жұмысты рәсімдегеннен кейін соңғы парақтың сырт жағында студенттің қолы қойылады және жетекшісіне ұсынылады.

6.2.Курстық жұмыс оқытушы-жетекшімен тексеріліп, жазбаша қорытынды рецензия (соңғы беттін сырт жағында) береді, онда жұмыстың сапасын, оның оң жақтары мен кемшіліктерін көрсетеді, қажет болған жағдайда оны түзетуге нұсқау беріледі. Рецензия жұмыстың қорғалуға жіберуге мүмкіндігін көрсететін қорытындымен аяқталады.

6.3.Курстық жұмыс рецензиямен танысуға немесе оны тұралауға студентке беріледі. Егер жұмыс жарамсыз деп танылса, онда оны толықтырып жазуға студентке тапсырылады. Толықтырылып қайтадан тапсырылған жұмыс оның алдынғы қорытынды рецензиясымен бірге қайтадан тексеруге тапсырылады.

6.4.Курстық жұмыс арнайы екі-үш оқытушыдан тұратын, оның ішінде біреуі курстық жұмыстын жетекшісі болатын комиссия алдында қорғалады. Комиссия теориялық білімдер және студенттің жаттығу дағдыларын деңгей, көрсетілетін талаптарға жұмыстың сәйкестігін анықтайды.

6.5.Курстық жұмысты қорғау оқу жоспар анықталатын мерзімдерде жүргізілуі керек.

6.6.Қорғау кезінде студент курстық жұмыстың қысқаша мазмұнын 7-10 минут ішінде баяндап, комиссия мүшелерінің сұрақтарына нақты жауаптар беруі қажет.

6.7.Курстық жұмысқа соңғы бағаны сапа негізінде істелінген жұмыстың қорғалуы, оның ресімдеуінің қорытындылары бойынша комиссия, ғылыми жетекшінің пікірін ескере отырылып қойылады.

6.8.Қорғалудан кейін курстық жұмыс кафедрада студенттің оқуының соңына дейін сақталады, кейін есептен шығарылады.

7. «Экономикалық теория» пәні бойынша

курстық жұмыстың тақырыптары

1. Қоғамның даму кезеңдерін анықтап талдаудың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамалары.

2. Осы күнгі экономикалық теорияда экономикалық ресурстар ұғымын талдап анықтау бағыттары.

3. Өндіріс факторлары: біріктіру әдістері және тиімділік.

4. Табиғит ресурстарының ұдайы өндірісі және оларды пайдалану тиімділігі.

5. Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдамалары.

6. Қоғамдық ұдайы өндіріс заңдары.

7. Экономикалық өсу: үлгілері және факторлары.

8. Қоғамдық шаруашылықтың тарихи үлгілері.

9. Тауарлы шаруашылықтың тарихи үлгілері.

10. Көшпенділік: оның қазақ қоғамының дамуындағы орны мен маңызы.

11. Азиялық өндіріс әдісі, оның ерекшеліктері және осы күнгі әлемдегі орны.

12. Феодалдық өндіріс әдісі жағдайында тауар-ақша қатынастарының дамуы.

13. Алғашқы капитал қорын жинау мәселесі және оның әртүрлі елдердегі шешімі.

14. Постиндустриалды заманда капитализмнің түпкілікті өзгерістерге ұшырауы.

15. Рынок: мәні, құрылымы, ростсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі.

16. Тауар биржалары: мәні және даму бағыттары.

17. Нарық: алғышарттары, мәні және құрылымы.

18. Жетілген бәсеке нарығының теориясы.

19. Жетілмеген бәсеке нарығының теориясы.

20. Жетілген бәсеке жағдайында пайданы максимизациялау мәселелері.

21. Сұраныс және ұсыныс үлгілері, олардың нарықтық экономиканы талдаудағы рөлі.

22. Сұраныс және ұсыныстың икемділік теориясы, оның тәжірибелік маңызы.

23. Еңбек нарығы және сонымен байланысты Қазақстанда бүгінгі таңда негізгі мәселелері.

24. Жер рентасы теориясы және оның бүгінгі таңдағы талқылаулары.

25. Нарықтық экономика жағдайындағы пайда.

26. Фирма және оның нарықтық экономикадағы рөлі.

27. Фирманың шығындары, түрлері және оны азайту жолдары.

28. Қазақстандағы кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.

29. Макроэкономикалық тепе-теңдік мәселелері.

30. Қазақстанда ұлттық бағдарламалардағы мемлекеттің меншігінен шығару және жекешелендіру ерекшеліктері, оны жүзеге асырудағы барлық кезеңдерінде.

31. Нарықтық экономикаға өту жағдайында «тиімді» меншік иесінің қалыптасуындағы негізгі мәселелер.

32. Экономиканы модернизациялау теориясы және оның бүгінгі таңдағы варианттары.

33. Шаруашылықтың нарықтық жүйесін құрудағы қазақстандық үлгі, оның ерекшеліктері.

34. Жеке меншік және оның формалары.

35. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі.

36. Ұзақ мерзімде экномикалық өсудің негізгі факторлары және мәселелері.

37. Аралас экономика: үлгілері, нақты мүмкіншіліктері.

38. Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы рөлі.

39. Шетел инвестициялары және оларды тиімді пайдалану мәселелері.

40. Жеке меншіктің эволюциясы және оның бүгінгі таңдағы формалары.

41. Инфляция және Қазақстандағы инфляциялық процестер.

42. ЖҰӨ макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесіндегі рөлі.

43. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық және неокейнсиандық үлгілері.

44. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі.

45. ҚР мемлекеттік кәсіпорындар: жағдайы, мәселелері.

46. Қазақстанда бағаны реттеу мәселелері.

47. Қазақстанда өндіру саласын дамытудағы мемлекеттің инвестициялық саясатының рөлі.

48. Бүгінгі таңда мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастарындағы мәселелер.

49. Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудағы салықтардың ынталандыру қызметін жетілдіру мәселелері.

50. Астана қаласында шағын бизнесті дамыту және қолдау барысындағы мәселелер.

51. Жекешелендірудің қазақстандық үлгісі және оның ерекшеліктері.

52. Қазақстанда акционерлік қоғамдардың мағынасы және нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуында алатын орны.

53. Қоғам дамуын кезеңдерге бөлудегі (периодизациялау) негізгі көзқарастар: формациялық және өркениетті.

54. Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектісі.

55. Қоғамның экономикалық өмірін демократизациялау мәселелері.

56. Демократияның, жеке меншіктің және нарықтың даму мәселелері.

57. Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелері.

58. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы.

59. Ұлттық валюта: тарихы және оны нығайту мәселелері

60. Шекті пайдалылық теориясы және оның әдістемелік рөлі.

61. Қазақстанның бүгінгі таңдағы экономикасында коммерциялық банктердің рөлі.

62. Фискалды саясаттың монетарлық саясатпен үйлесу мәселесі.

63. Қазақстанның мелкеттік бюджеті: қалыптасу және жұмсалу мәселелері.

64. Табыс және оның нарықтық экономикада бөлінуі.

65. Қазақстанның салық саясаты: мақсаттылығы және жұмыс істеу механизмі.

66. Қазақстандағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері және эволюциясы.

67. Салық жүктемесі және оны бөлу мен төмендету мәселесі.

68. Қазақстандағы несие жүйесінің құрылымы және банктердің нарықты тұрақтандыру мен дамытудағы рөлі.

69. Ұлттық банк және Қазақстандағы нарықтық жүйесінің эволюциясы.

70. Қазақстан экономикасын демонополизациялау және монополияға қарсы саясаты.

71. Жекешелендіру: экономикалық табиғаты, мақсаты және үлгілері.

72. Жекешелендіру экономиканы мемлекет тарапынан реттеу тетігі ретінде.

73. Жеке меншік: Қазақстанда қалыптасуы және дамуы.

74. «2030-Стратегиясы» ұзақ мерзімде экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі нарықтық құрылымдардың дайындығы жөнінде.

75. Экономикалық теорияның жаңа нарықтық идеологияны қалыптастырудағы рөлі.

76. Нарықтық менталитет экономикалық өсу факторы ретінде.

77. Жастардың нарықтық экономикаға бейімделу мәселелері.

78. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен шығару: формалары, әдістері, мәселелері және оларды шешу жолдары.

79. Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға ену мәселелері.

80. Қазақстанда табиғи монополияның қызметін реттеу тәжірибесі.

81. Нарықтық экономика: қажеттілігі, мәні және өту кезеңдері.

82. Экономиканы бюрократизациялау: себептері, салдарлары және онымен күресу жолдары.

83. Нарықтың қоғамдық ұдайы өндірістегі рөлі мен атқаратын қызметі.

84. Нарық экономикадағы демократизациялаудың көрінісі ретінде.

85. Ақшаның пайда болуы, мәні және атқаратын қызметі.

86. Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

87. Қазақстан Республикасының экономикасындағы бүгінгі таңдағы инфляциялық процестер.

88. Бағалы қағаздар нарығы және пайыз мөлшері.

89. Қаржы нарығы, бағалы қағаздар және қор биржалары.

90. Несие ақшаларының эволюциясының негізгі бағыттары және критерийлері.

91. Нарық , оның құрылымы және инфрақұрылым.

92. Коммерциялық және шаруашылық тәуекелдікті сақтандыру нарық инфрақұрылымының маңызды буыны ретінде.

93. Тәуекелдіктік (венчурлық) кәсіпкерлік.

94. Коммерция нарықтық экономикадағы шаруашылық қызметінің формасы ретінде. Коммерциялық келісім-шарттар.

95. Меншік және оның формалары.

96. Нарықтық экономикадағы шаруашылықты жүргізу формалары.

97. Әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық.

98. Меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен шығару мәселелері, дүниежүзілік тәжірибе.

99. Жеке меншік: оның артықшылықтары мен кемшіліктері, Қазақстанда даму перспективалары.

100. Қазақстанда нарықтық байланыстардың дамуының жаңа кезеңі.

101. Меншіктің мемлекеттік және муниципалды формалары.

102. Меншіктің интеллектуалды және муниципалды формалары.

103. Жалға беру және лизинг шаруашылықты жүргізудің, капиталды тиімді пайдаланудың формасы ретінде.

104. Шаруашылықты жүргізудің жаңа үлгісіндегі акционерлік қоғамдар.

105. Фирма нарықтық қатынастардың субъектісі ретінде және оның жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.

106. Үй шаруашылықтары нарықтық қатынастардың субъектісі ретінде. Нарықтық экономикадағы тұтынушылардың рационалды әрекет етуі.

107. Қоғамның экономикалық дамуындағы шағын кәсіпорындардың орны мен рөлі.

108. Жанұя экономикасы және жинақ банктерінің тұрмыстық жағдайды жақсартудағы рөлі.

109. Жанұяның бюджеті, оның қалыптасу көздері.

110. Бүгінгі таңдағы еңбек ақыны модификациялау тенденциялары.

111. Маркетинг: қажеттілігі, мәні, негіздері.

112. Менеджмент нарықтық экономикада басқару формасы ретінде.

113. Бірлескен кәсіпорындар: артықшылықтары мен кемшіліктері.

114. Еркін экономикалық аймақтар: мәні және мүмкіншіліктері.

115. Қазақстан экономикасының аграрлық саласын нарықтық трансформациялау. Агробизнес.

116. Өндіріс факторларына бағаның қалыптасу ерекшеліктері.

117. Кәсіпорын шығындары және оның формалары.

118. Тұтынушылық сұраныс теориясының дамуы.

119. Кәсіпорын табысы және оның формалары.

120. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және бизнес.

121. Экономикалық өсу, оның элементтері және даму кезеңдері. Неоклассикалық және кейнсиандық үлгілері.

122. Ақпараттық экономика және экономикалық өсудің жаңа типінің қалыптасуы.

123. 90 жылдардағы ұлттық экономикадағы құрылымдық қайта құрулар.

124. Қоғамдық ұдайы өндірістің әлеуметтік-экономикалық мазмұны және формалары. Ұдайы өндірістің инновациялық және репродуктивті типтері.

125. Бүгінгі таңдағы ұдайы өндірістік цикл және оның фазалары.

126. Тапшылықтық экономика және циклдің деформациясы.

127. Артық өндірістің және жеткіліксіз өндірістің экономикалық дағдарыстары: мәні, себептері және салдарлары.

128. Құрылымдық дағдарыс, оның мәні мен салдарлары.

129. Қаржы-несиелік дағдарыс: мәні, себептері және салдарлары.

130. Қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесіндегі сұраныстың орны мен рөлі.

131. Экономикалық заңдар: олардың обьективті сипаты және пайдалану механизмі.

132. Сұраным мен ұсыным заңы.

133. Сұраныстың, ұсыныстың және нарықтық тепе-теңдіктің сандық және сапалық өлшемділігі.

134. Сұраныстың экономикалық түрлері, классификациясы.

135. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс жөнінде классикалық және кейнсиандық көзқарастар.

136. Тапшылықтың экономикалық табиғаты және оны реттеу әдістері.

137. Дамыған мемлекеттердегі нарықты реттеу әдістері мен формалары.

138. Ұлттық нарықты реттеудегі бағалардың, тарифтердің, жеңілдіктердің, субсидиялардың, компенсациялардың рөлі.

139. Ұлттық есеп экономиканы реттеу тетігі ретінде.

140. Макродеңгейдегі жалпы тепе-теңдік.

141. Инвестициялық сұраныс және тауар нарығындағы баға тепе-теңдігі.

142. Макро деңгейдегі тепе-теңдік және мемлекеттің ақша-несие саясаты.

143. Классикалық сандық теория.

144. ҚР банк жүйесі және нарықты реттеу.

145. Банк жүйесінің сенімділігі және тұрақтылығы.

146. Ашық экономика үлгісіндегі тепе-теңдік.

147. Еңбек нарығы және халықтың еңбекпен қамтылуы.

148. Нарықтық экономикадағы жұмыссыздықтың түрлері мен себептері.

149. Бүгінгі таңдағы шаруашылық механизміндегі бәсекелестік, оның түрлері, орны және рөлі.

150. Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік капитал.

151. Адам капиталын қалыптастыру және пайдаланумен байланысты капитал.

152. Еңбек рыногы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары.

153. Қаржылардың мәні және атқаратын қызметтері. Қаржы жүйесі.

154. Мемлекеттік бюджет және бюджеттік тапшылық мәселесі.

155. Мемлекеттің салық жүйесі.

156. Қоғамның фискалды саясаты.

157. Салық саясатының ынталандырушы және антиынталандырушы рөлі (Лаффер қисығы).

158. Несие және оның нарықтық қатынастарды құрудағы рөлі.

159. Несие қызметтерінің объективті даму жағдайлары.

160. ҚР нарықтық экономиканы құрудағы несие жүйесіндегі қайта құрулар.

161. Дүниежүзілік шаруашылық: даму перспективалары және тенденциялары, қарама-қайшылықтар.

162. Трансұлттық капитал және оның жұмыс істеу механизмі.

163. Халықаралық экономикалық қатынастарды қайта құру.

164. Бүгінгі таңдағы дүниежүзілік шаруашылығының валюталық жүйесі.

165. Халықаралық валюталық нарықтар және валюталық реттеу. Халықаралық валюталық қор (ХВҚ).

166. Европалық экономикалық қауымының валюталық-қаржы жүйесіндегі интеграциялық процестер.

167. Ғаламдық экономикалық мәселелердің мәні және динамикасы.

168. Бүгінгі таңда экономикалық теорияның ғылым ретінде дамуы және міндеттері.

169. Экономикалық жүйелердің үлгілеріне қазіргі кезеңдегі жаңа көзқарастар.

170. Өндірістік қатынастар жүйесі және оны жетілдіру жолдары.

171. Меншік формаларының экономиканы басқарумен өзара байланысы.

172. Қоғамдық өндіріс және оның ҚР ерекшелігі.

173. Жоспарлаудың объективті негіздері.

174. ҚР тауарлық өндіріс формаларының дамуы.

175. Ақша және ақша айналымының теориясы. Инфляция.

176. Экономикалық өсу: мәні, кезеңдері.

177. Өндірістің экономикалық тиімділігі және оны жоғарылату жолдары.

178. Ұдайы өндіріс: мәні, түрлері, типтері.

179. Нарықтық экономика экономикалық жүйенің үлгісі ретінде.

180. Нарық формаларының эволюциясы.

181. Құн заңы – тауарлық өндірістің негізгі заңы және оның атқаратын қызметтері.

182. Сұраныс пен ұсыныстың экономикалық заңы.

183. Маркетингтің нарықтық экономика жағдайындағы рөлі.

184. Нарық және баға. Дүниежүзілік бағалар.

185. Экономикалық бәсеке: мәні, функциялары, қоғамдық өндірістегі рөлі.

186. Нарықтық экономиканы мемлекет тарапынан реттеу.

187. Қазақстан Республикасындағы құрылымдық саясат.

188. Әлеуметтік саясат және оның мемлекеттің экономикалық саясатында алатын орны.

189. Қаржы экономикалық категория ретінде және оның экономикадағы рөлі.

190. Салықтардың мәні және атқаратын қызметтері.

191. Кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы ерекшелігі.

192. Қазақстан Республикасында шаруашылықты жүргізудің бүгінгі таңдағы формалары.

193. Нарықтық экономикадағы еңбек қатынастарының ерекшеліктері.

194. Экономикалық қатынастар жүйесіндегі бөлу қатынастарының орны мен рөлі.

195. Экономикалық өсу және қоршаған ортаны қорғау мәселесі.

196. Экономикалық интеграция категория ретінде: мәні және формалары.

197. Халықаралық еңбек бөлінісі: теория мен тәжірибе.

198. ҚР сыртқы экономикалық саясаты және сыртқы саудасы.

199. Валюталық қатынастар және валюталық жүйе.

200. Экономикалық заңдар және құқықтық актілер, олардың өзара байланысы.

201. Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және қайта құру мәселелері.

202. Нарық және оның инфрақұрылымы.

203. Экономика және бүгінгі таңдағы ғаламдық мәселелер.

204. Меншіктің алуан түрлілігі және кәсіпкерлік жүйесінің дамуы.

205. Нарықтық қатынастарға өту барысында өндірістік инфрақұрылымның мәні мен рөлі.

206. Нарықтың спецификасына сай келетін инфрақұрылымның қалыптасуы.

207. Мемлкеттік реттеу тетіктері және ффункциялары.

208. Шаруашылық субъектілері және олардың даму процесін реттеу.

209. Нарықтық қатынастарды қолдаудағы эконмоикалық әдістер.

210. Нарықтық қатынстарға өтпелі кезеңдегі бағалар мен салықтар.

211. Нарықтық қатынастарды қолдаудағы қаржы-несие құралдары.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Негізгі әдебиеттер:

1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет

2. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

3. Ким П. Г, Капекова Г. А. Экономическая теория Учебное пособие. Алматы. 2001 – 600стр

4. Габит Ж.Х. Экономикалық теория Астана 2006 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ.

5. Женсхан Д. Экономикалық теория Астана 2004 С. Сейфуллин Атындағы КазАТУ

6. Женсхан Д. Экономикалық теория Астана 2008 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ.

7. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117 бет

8. Макконнелл К.Р, Брюсс . Л Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995.

9. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет

10. Экономикс. Оқу құралы. Дайындағандар Я. Ә. Әубәкіров, А. Қ Қабдиев, В. Қ Досқалиева, С. Ә Досқалиев. Алматы «Экономика» 1995 - 144 бет

11. Экономическая теория. Учебник для вузов. под редакции. д.э.н Добрынина Л. И, д.э.н Тарасевича Л. С «Питер» 1999 - 542 стр

Қосымша әдебиеттер:

1. Московский А.И. О предмете и методе современной экономической науки. Вестник московского университета. Серия 6, экономика,2002 №3,стр.21

2. Елемесов Р.Е. Предмет, теория и методология экономической науки. Вестник КазНУ №5, 2006г

3. Жексембина. Экономика ілімдерінің даму эволюциясы. Экономика негіздері.№1-3, 2004ж.

4. Дүйсекова А.К. Экономикалық теорияның мектептеріндегі капитал теориясы туралы көзқарастар. ҚазҰУ Хабаршы №5, 2006ж.136 бет.

5. Хубиев К. Государственная собственность и условия ее эффективности. Экономист, 2003 г. №3, стр.45-57

6. А. Садыраликов М. Қазақстандағы нарық мәселелері. Экономика негіздері.№1,2010ж.

7. Абибуллаева Ж. Тұтынушы. Экономика негіздері.№1-3, 2004ж.

8. Елемесов Р.Е. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. - Алматы, 1998.

9. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. Под ред. Е.Б.Жатканбаева. Алматы, 2001.

10. Накипова Г.Н. Предпринимательство: эволюция теория, практика. Вестник КазНУ №1, 2006 г.

11. Ауылдық аймақтардағы шағын және орта бизнестің дамуы. ҚазҰУ Хабаршы №6,2005 ж.

12. Хамитов Е. Проблемы финансирования и кредитования малого бизнеса и их решение. Вестник КазНУ. №4, 2006г.стр.96.

13. Сәкібаева Қ.С. Компанияның бәсекелестік стратегияларын құру негіздемесі.ҚазҰУ Хабаршы №4, 2006ж, 87- бет.

14. Арзаева М.Ж. Лизинг шағын және орта бизнестің белсенділігін арттыру құралы ретінде. ҚазҰУ Хабаршы №5, 2006ж,

15. Ермекбаева А.К. Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау. ҚазҰУ Хабаршы № 4, 2006ж.,13-бет.

16. Джаншанло Р.Е. Инфляция и обменный курс в экономике Казахстана. Вестник КазНУ №3,2004г.

17. Аубакирова Я.А. Применимость моделей эконмического развития к Казахстанским условиям. Вестник КазНУ №5, 2002г. Стр5-10.

18. Абаева А.А. Концепция устойчивого социально-экономического развития национальной экономики. Вестник КазНУ, №4, 2006г.

19. Бимендиева Л.А., Жылжаксынова Ш.П. Экономикалық өсу- ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде. ҚазҰУ Хабаршы №6, 2004ж.

20. Кенжеғали Сағадиев. Проблемы конкурентоспособности национальной экономики. Алматы, 2004г,стр.77.

21. Дюсембекова С.Р. Взаимодействие государства и интегрированных структур в современной экономике. Вестник КазНУ №5, 2009г.стр.8.

22. Габдуалиева Р.С. Особенности развития сельского хозяйства РК и проблемыего регулирование. Вестник КазНУ №5, 2010г.,стр.70.

23. Мусаева Т. Меншікке салынатын салықтар туралы және оның экономикалық мәні. Экономика негіздері.№6,2005ж.

24. Салихова А.Р. Денежно-кредитная политика национального банка: регулирования и ограничение. Вестник КазНУ №5, 2006г.стр.28.

25. Альмерекова Н.А. Шетелдік валюталық-қаржылық ағыстар қозғалысы және оның конъюнктурасы.ҚазҰУ Хабаршы. №5,2006ж.

26. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 г.

27. Послание Президента народу Казахстана о вхождении Республики Казахстан в 50 наиболее конкурентоспособных стран мира. – Казахстанская правда, 2006, 3 марта.

28. Послание Президента народу Казахстана «Новый Казахстан в новом мире», Казахстанская правда, 28 февраля,2007.

29. Послание Президента народу Казахстана «Повышение благосостояния граждан Казахстана – главная цель государственной политики», Казахстанская правда, 7 февраля,2008.

30. О Стратегии индустриально-инновационного развития РК на 2003 – 2015 годы //Указ Президента РК от 17 мая 2003 г.

31. Закон РК “О республиканском бюджете на 2009-2011 годы”

32. Сайт Агентства Республики Казахстан по статистике www.stat.kz

33. Сайт Национального Банка Республики Казахстан www.nationalbank.kz

34. Официальный сайт Президента РК www.akorda.kz

Официальный сайт Правительства РК www.government.kz

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Уваров А.А. Дипломные и курсовые работы по экономическим специальностям: Практические советы по подготовке и защите. – М.: Дело и Сервис, 2000. – 80с.

2. Снеговских Н.М., Галиева А.Х. Требования к оформлению научно-исследовательских и учебно-методических работ. – Костанай: КГУ им.А.Байтурсынова 2000.-23с.

3. Под общей редакцией проф.Чепурина М.Н., проф.Киселевой Е.А. Курс экономической теории. – Издание 5-е, дополненное и переработанное. – Киров, «АСА», 2003.

4. Экономическая теория. Задачи, логические схемы, методические материалы / Под редакцией А. И. Добрынина, Л. С. Тарасевича: Учебник для вузов. – СПб: Издательство «Питер», 1999. – 448с.: ил.

5. Тастандиева Н.Б. «Макроэкономика» курсы бойынша қолданбалы бағдарламалар: оқу құралы, 94 б. Алматы, 2004 ж.

Қосымша А

Курстық жұмыс тапсырмасының үлгісі

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғары мектебі

«Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасы

«Экономикалық теория» пәні

Студент Алимбаева Айнұрдың

курстық жұмысына берілетін

ТАПСЫРМА

Курстық жұмыс тақырыбы: «Экономикалық өсу: мәні, циклдылығы»

Қарастыруға (зерттеуге) тиісті негізгі:

1. Экономикалық динамика мәселесі.

2. Экономикалық өсу және оның типтері мәні.

3. Экономикалық өсу және әлеуметтік прогрестің қарама-қайшылығы.

4. Экономикалық өсу мәселелерін шешу жолдары.

Негізгі әдебиет (әдістемелік нұсқауға қараңыз)

Курстық жұмысты тапсыру мерзім: «____»__________________________201_ ж.

Курстық жұмыс жетекшісі: _____________________ «___»______201__ж.

Қосымша Б

Титулды парақты безендіру үлгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғары мектебі

«Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасы

Алимбаева Айнұр Алимбайқызы

Курстық жұмыс

Курстық жұмыс тақырыбы: «Экономикалық өсу: мәні, циклдылығы»

  Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Раматуллаева Г.А.________    

Астана

2012

Қосымша В

МАЗМҰНЫ:

   
Кіріспе........................................................................................................................3-5   І бөлім. Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі .........................................5-10 1.1 Банк жүесінің даму тарихы .............................................................................5-8 1.2 Банк жүйесінің құрылымы .............................................................................8-10     ІІ бөлім. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары........................................................................11-16 2.1 Орталық банк және оның атқаратын қызметтері ......................................11-12 2.2 Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау................................12-16   III бөлім. Банк секторының даму көрсеткіші...................................................17-26 3.1 Ұлттық банктің даму секторы .....................................................................17-23 3.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі негізгі мәселелер және жетілдіру жолдары .................................................................24-26     Қорытынды .........................................................................................................27-28 Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................29-30 Қосымшалар................. ......................................................................................31-34  
   
   
   
   
   

Наши рекомендации