I курстыҚ жобаны Ұйымдастыру

ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНДЕ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАСҚАРУ

ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ» ПӘНІНЕН

КУРСТЫҚ ЖОБАНЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

1203000- «Тасымалды ұйымдастыру және теміржол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығы үшін

Әдістемелік нұсқаулықты әзірлеген: Қарағанды политехникалық колледжінің Теміржол пәндері кафедрасының оқытушысы Е.А.Атькен

Пікір жазған:

Теміржол пәндері кафедрасының оқытушысы С.Ж.Абдығалиева

Әдістемелік нұсқаулық 1203000-«Тасымалды ұйымдастыру және теміржол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығының «Теміржол көлігінде қозғалысты басқару және ұйымдастыру» пәнінен курстық жоба жасауға арналған әдістемелік құрал. Осы әдістемелік нұсқаулықты негізге ала отырып студенттер жол бөлімінің телімдеріндегі пойыздардың қозғалысын және жалпы теміржол көлігінің пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруды меңгеріп, пойыздардың жүріс керегенін құрастырады.

Әдістемелік нұсқаулық пәннің теориялық дәрістерін тәжірибе жүзінде нақтылап бекітуге қажетті көмекші құралы болып саналады.

Әдістемелік нұсқаулық

Теміржол пәндері кафедрасының

отырысында қарастырылды және

бекітуге ұсынылды

Хаттама №8 «02» қыркүйек 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі_______ Ш.М.Таубаева

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары

_____________ М.М. Хасенов

«____» ______________ 20__ ж.

© Е.А.Атькен, 2015 ж.

© Қарағанды политехникалық колледжі, 2015 ж.

Басылымға жауапты:Ақпараттық баспа орталығы,

Қарағанды политехникалық

колледжі, 2015 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Курстық жобаны ұйымдастыру
2 Жобалау тәртібі мен әдістемесі
3 Курстық жобаны орындау ережесі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3

КІРІСПЕ

Курстық жобаның мақсаты жол бөлімінің жұмысын меңгеру, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып, жүріс кестесін сызуды үйрену.

Курстық жобаның негізгі тапсырмасы оқытылатын пәннің теориялық материалдарын бекіту және алған білімдерін жол бөлімінің телімдеріндегі пойыздардың қозғалысы мен жалпы теміржол көлігінің пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру, есептемелерге ЭВМ мен қазіргі заманғы экономикалық-математикалық әдістемелерді пайдалану болып саналады.

Курстық жобада тапсырмаға сәйкес жол бөлімінің телімдеріндегі пойыздық жұмыстарды ұйымдастыру міндеттемесі қойылады.

Ол үшін кезегімен келесі сұрақтар қарастырылады:

- жол бөліміне толық қанды техника-экономикалық сипаттама беріледі;

- телімнің нақты және қажетті өткізгіштік қабілеттілігі есептеледі;

- жол бөлімінің теліміндегі пойыздардың жүріс керегені құрастырылады және оның негізгі көрсеткіштері анықталады;

- жол бөлімінің пайдалану жұмыстарын бағалайтын есептемелер жасалады.

Сонымен бірге пайдалану жұмыстарының сұрақтарын қарастыру кезінде берілген қозғалыс мөлшерін толықтай қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып өткізу мүмкіндігінің талаптарын ескеретін еңбек қауіпсіздігінің шаралары келтірілген.

Курстық жобаның көлемі мен түсіндірме жазбаның мазмұны тапсырма мен курстық жобаға арналған әдістемелік нұсқаулық бойынша анықталады. Курстық жобаны орындау теориялық білімді барынша тереңірек меңгеріп, бекітуге жәрдемдеседі және теміржол көлігіндегі тасымалдау үдерісін басқаруды ұйымдастыру шеңберіндегі сұрақтарды өзі шешу үшін тәжірибелік дағдылар қалыптастырады.

I КУРСТЫҚ ЖОБАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жобалау жұмысы 4 курстың студенттерімен негізгі теориялық материалдарды тыңдағаннан кейін орындалады.

Бастапқы берілістер нұсқаға сәйкес беріледі (қосымша1):

- жол бөлімінің сұлбасы;

- бөлімнің техникалық сипаттамасы;

- стансалық интервалдарды есептеуге арналған берілістер

- жолаушы қозғалысы бойынша берілістер;

- пойыз ағынының кестесі;

- блок-телімдердің ұзындығы және арақашықтығы;

- жолаушы вагондарының стансаға келу кестесі;

- қаламаңдық пойыздарды стансадан жөнелту кестесі;

- жүк пойыздарының жоларалықты жүру уақыты және километрлік арақашықтығы.

Есептік-түсіндірме жазбаның көлемі қол жазбамен немесе компютермен тергенде 30–35 бетті құрауы керек және бекітілген стандарттарға сәйкес орындалып бекітілген мерзімде тапсырылуы керек.

Курстық жобалау оқу жұмысының жоспарына сәйкес 7 семестрде 12 аптаның ішінде орындалады. Курстық жобаның басталу және аяқталу уақыты оқу үдерісінің кестесіне сәйкес жасалады. Жоба жетекшісі теміржол пәндері кафедрасының меңгерушісі мен жетекшінің қолы қойылған жеке тапсырмаларын әр студентке табыстағаннан кейін студент берілген тапсырмаға сәйкес курстық жобаны орындауға кіріседі.

Курстық жобаны жазу кезінде жетекші студенттің курстық жобаны орындауын тексеріп отыру үшін пайызбен көрсетілетін апталық бақылау жүргізіп отырады. Курстық жобаны толық жасап бітірген студент оны қорғауға рұқсат алу үшін алдын ала тексеруге береді.

Қорытынды кезеңде курстық жобаны қорғау өткізіледі.

Курстық жобаны орындау және қорғау қорытындылары бойынша дифференциялды баға қойылады.

Курстық жоба «Жол бөлімінің теліміндегі пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру» тақырыбымен жазылады.

Курстық жобаның көлемі және мазмұны:

Курстық жоба түсіндірме жазбадан және сызбалық бөлімнен тұрады:

Сызбалық бөлім: Пойыздардың қозғалыс керегені (формат А1).

Наши рекомендации