Мемлекеттің экономикалық қызметі

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам да-муының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптас-қан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономика-лық қызметі оның мына функцияларында көрінеді:

1) экономикалық дамудың қалыпты барысына мүмкіндік ту-ғызатын құқықтық базаны анықтау;

2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау;

3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;

4) экономиканы тұрақтандыру;

5) ресурстарды қайта бөлу.

Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.

Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айт-арлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) та-быстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жала-қыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.

Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды кіріктіреді.

Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта ры-ноктық жүйенің жетілмегендігінен барып туады: 1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;

2) ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғам-дық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.

Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бір-қатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс «жанама нәтиже-лер» немесе «құйылымдар» деп аталады және бұл шаруашылық үдерістердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтар-дың пайдалары немесе шығындары болып табылады.

Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өзде-рінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.

Құйылым щығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:

1) қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер бол-майтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормала-ры мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.

2) құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салық-тарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-теңдіктің жай-күйін қамтама-сыз етеді.

Екі жағдайда да өнімге немесе қызметтерге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.

Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактика-лық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек рыноктық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.

Құйылым пайдалары кезіндегі мемлекеттің реттеуші іс-қимылдары сұра-ным мен ұсынымды көбейтуге бағытталған. Сұраным тұтынушыларды құйы-лым пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметтерді сатып алу үшін қо-сымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады.

Ұсыным өндірушілерді қаражаттандыру жолымен арттырылады, бұл олардың шығындарын азайтады және өндірістерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Құйылым шығындарының іс-әрекет үдерісі сызбаларда көрсетілген. Бұл шығындардың болуының нәтижесінде (10.1 сызба) ұсыным сызығы S1 жағ-дайында болады, яғни қоғамға аударып салынған шығындардың бөлігінен кәсіпорын босатылады. Барлық шығындарды кіріктірген жағдайда ұсыным сызығы S2 жағдайында болады; бұл ретте тепе-тең көлем Q1-ден Q2-ге төмен-дейді, ал тепе-тең баға Р1-ден Р2-ге көбейеді. Ұсыным сызығының жылжуына

жоғарыда айтылған мемлекеттің іс-қимылымен қол жетеді.

Наши рекомендации