Ішкі өрт сөндіру шүмегі

Ішкі өрт сөндіру крандарын іске қосу:

- шкаф есігін ашу;

- кранмен және оқпанмен қосылған жеңді өртке қарай бағыттап тарту керек;

- тегершікті сағат тілінің жүрісіне қарсы бұру арқылы бұранданы ашу;

- суды оқпаннан бағыттау.

Ішкі өрт сөндіру шүмегі - student2.ru

4.5-ші сурет -Ішкі өрт сөндіру шүмегі

Өрт сөндіргіштің түрін таңдау (жылжымалы немесе қолға ұстайтын) болатын ошағының мөлшеріне қарай алынады. Едәуір мөлшердегісіне жылжымалы өрт сөндіргіштер пайдаланылады. [3]

Электр тоғының қысқа тұйықталуы және электр желілерінің артық жүктемесі электрден тұтанудың негізгі себептері болып табылады. Оқшаулаудың қараюы, жанып жатқан резеңке мен пластмассаның иісі, ұшқынның шашырауы - электр желілерінің бықсу немесе жану белгілері болып табылады. Осы белгілер байқалған жағдайда дереу электр құралын тоқтан ажырату керек, тұтану ошағына оттегінің жетуін тоқтату үшін оны қалың матамен жауып тастап, 101 телефонына хабарлау керек.

Электр құралдарын немесе тоғы бар электр желісін сумен өшіру өмірге қауіпті.

Электрден болатын өрттің шығуына жол бермеу үшін:

- розеткаға бір мезгілде бірнеше электр құралдарын (компьютер, және т.б. электр құрылғыларын) қосуға;

- электр желісіне түсті қағаз жабыстыруға, оларды шегеге іліп қоюға, түйіндеп байлауға, оларға тақап әр түрлі заттарды қоюға;

- электр шамдарына қағаздан жасалған заттарды ілуге;

- тоқтан ажыратылмаған электр құралдарын қараусыз қалдыруға;

- бұзылған электр құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

- өрт шыққан кезде көршілерден немесе ұялы телефон арқылы өртке қарсы қызметіне қоңырау шалып, кезекші диспетчерге мыналарды хабарлау қажет:

- ненің жанып жатқанын (жиһаз, электр аспабы)

- диспетчердің сұрақтарына тез әрі нақты жауап беру қажет, ол сіздің қай қабатта тұратыныңызды, подъездегі есіктің кодын, қанша қабат екенін, қалай тезірек жетуге болатынын сұрауы мүмкін.

Ғимараттан адамдарды шығару кезінде:

1. Барлық электр- және газ аспаптарын өшіру қажет.

2. Жеделсатыларға қолдануға болмайды.

3. Түтінденген аймақтардан тыныс алу қорғау құралдары арқылы өтіп, мақталы дәкелерді (шарф, орамал) суға малып пайдаланған жөн.

4. Жалын және қатты түтінденген аймақ арқылы мүмкін болмаған жағдайда —балконға шығып, өрт сөндіру қызметінен көмек күту керек.

5. Науқастар мен өздігінен жүре алмайтын қарт адамдар туралы, әсіресе, ғимараттарда қалған балалар туралы ө.рт сө.ндіру қызметіне немесе құтқару қызметіне дереу хабарлау керек.

Ішкі өрт сөндіру шүмегі - student2.ru

4.6.-Сурет. Эвакуация жоспары

Ғимарат түтінденген кезде:

- саты то.рында о.рналасқан түтін жо.ю құрылғысын қо.су керек;

- кіре беріс қою түтінге оранған кезде жо.рғары және тө.менгі қабаттарды қо.сатын арнайы сатылар арқылы көтерілуі немесе көршілес кіре берістердің ғимараттағы лоджиясы арқылы шығу қажет;

- егер түтін ортақ саты арқылы өтуге сізге мүмкіндік бермесе, түтінденбейтін саты арқылы түсуге болады, ол болмаған жағдайда – ғимараттағы есікті жауып, есіктің тесік жерлеріне ылғалды шүберек тығып қою қажет;

- ғимаратта түтін кірген жағдайда — қылтимаға, лоджияға шығып, артыңыздан есікті жауып, өзіңізге назар аудартып, көмек шақыру қажет.[5]

Наши рекомендации